"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

2) топтық  саяси сана нақты  таптың, топтың, элитаның саяси мінез-құлқын, ұстанымдарын білдіреді; 

3) дербес, жеке саяси сана саясаттағы  жеке тұлғаның өзіндік құндылықтарын,  көзқарастарын білдіреді.

Саяси сана өмірде психологиялық және идеологиялық деңгейде көп кездесіп, көрініс табады. Психологиялық деңгейде саяси сана адамдардың  күнделікті өмірдегі тәжірибесіне қарай әр алуан  белгілердің, яғни, сезімдік, жүйесіздік, қарама-қайшылықтардың неізінде жүзеге асады.

 

Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері.

Саяси талдау - өзіндік мәні мен ерекшеліктері бар қолданбалы пән. Кең мағынада саяси талдау ұғымы саясатты ғылыми зерттеу, ал тар мағынада саяси талдау ұғымы қолданбалы пән ретінде пайдаланылады. Саяси талдау қолданбалы пән ретінде нақты мәселелерді зерттеудің негізгі талаптарын, ыңғайлы шешімдерді іздеу мен сол үшін қажетті технологиялық құралдар мен тәсілдерді қалыптастырады. Саяси талдау нақты мәселелерді зерттеуге бағытталады. Саяси талдау құрылымы мен мазмұны "тапсырыс берушінің" ықпалымен қалыптасады.

Саяси талдау амалдарын екі топқа  бөлуге болады, олар – жалпы және жеке. Жалпы амалдар талдаудың  әр қадамының бағытын, қарастырылу  жағын және тәсілдермен қамтамасыз етілуін білдіреді. Бұл топқа  ивент-талдауды (ағылшын event-оқиға), ситуациялық  талдауды және т.б. жатқызуға болады. Жеке амалдарына статистика, социология, экономика және т.с.с. пәндерден алынған  стандартты амалдар жатады;

Жағдайды бағалау және интерпретациялауды қалыптастыруға көмектесетін жалпы  амалдардың арасынан ивент-талдау ең маңызды  амал болып табылады. Бұл амалдың  арқасында саяси процесс саяси  лидерлердің сөздері, жалпы көтерілістер, нормативтік актілерді қабылдау және т.б. оқиғалар қатары түрінде көрсетіледі.авент- талдау әдісі келесі сызба түрін  көрсетеді: саяси жағдай – оқиға  – орта – қатысушылар (оның ресурстары, қызығушылықтар, бір-бірінебайланысы) – шектейлі қызмет – мақсаттар  мен тапсырмалар – альтенативті шешім – сценарий менболжам –  іс-әрекет стратегиясы.

Мәселенің құрылуы мен концептуализация зерттеуді таңдау әдістерін қажет  етеді контент – талдау, сұхбат, тестілеу, экспериментальді әдіс, саяси  талдау барысында ақпараттық базаны кеңейтеді. Осының негізінде бейнелік, сапалы және тағы да басқа әдістер  пайдаланылады. Тарихи, нормативті, құрылымдық-қызметті, жүйелі, институтты және басқа да тарихи контекстті айқындайтын мәселелер  «қатарлау» қарастырылады.

Саяси талдау моделін төмендегідей үш топқа негіздеуге болады:

1) детерминирлі (каузалды) модельдер,  жүйені оқуға байланысты себепті-бақылау  математика түсінде;

2) ықтималдық әдістер, рационалды  таңдауға методологияға негізделген  (яғни субъект пайда мен ұстаным  қатынасында мүмкіндікке қарайды);

3) оптимизация моделі, жобалауға  құрылған, кейбір өзгерістер немесе  жағдайлар зерттеліп отырған  процесс үлкейтілген немесе кішірейтілген. 

Саяси таңдау аясында әр түрлі математикалық  әдістемелер жүргізіледі, соның  ішінде компьютерлі бағдарлама ол берілген формалды қатаңдылықты қажет етеді.

 

Саяси технологиялар ұғымы, мәні, құрылымы, типтері, әдістері.

Саяси технология дегеніміз билік  институтының іс жүзіндегі қызметін үйымдастыру, оны болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау ісімен айналысады.саяси  технологиялар саяси жүйемен  нақты әрекет етуші субъектінің  белгілі бір мақсаттарға қол  жеткізуін қамтамасыз етудің техникасы  және нәтижесі. Саяси технологияның  құрамы үш түрлі компоненттен тұрады.1айрыкша  технологиялык білім;2 әрекет етудің нақты әдісі мен процедурасы;3Әр түрлі технологиялық ресурстық  компоненттер.С.Т түрлері:стратегиялық;тактикалық;циклдік;тираждық жіне бірегей;қатаң және жайлы;нормативті жіне девманттық;айқын және көлеңкелі;

Функциялдық түрлері: шешім қабылдау;мүдделерді ойластыру; келіссөздер жүргізу.

 

Саяси технологияларды  қалыптастыру және олардың қазіргі  дүние жүзінде рөлінің артуы.

С.Т ның қалыптасуының негізгі  екі әдісі бар : бірінші субъективтік.мәселеге субъективтік тұрғыдан келу;субъективтік, тәжірибелік интуиция.екінші аналитикалық.мақсатқа жетудің негізгі параметрлері мен  шарттарын анықтайтын арнайы аналитикалық әдістермен процедураны пайдаланумен тікелей байланысты.

С.Т қалыптастыру қажеттілігі:

Қайталанып отыратын ситуациялар ,әрекеттер орын алады;

Саяси басқару тиімділігін арттыру  үшін;

Саяси үрдістерді реттеу үшін;

Саяси кеңістікті тұрақтандыру үшін қажет;

 

Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.

Қазіргі элита теориясы біртұтас белгідегі  элитаның бағытын емес, көп жақты  элиталар позициясын көрсетеді. Мысалы: саяси, ғылыми, шығармашылық, экономикалық, әскери және т.б. элита. Бұл элитаның басқару саласына қатысты түрі болып  саналады. Сондай-ақ, «контр-элита» деген  элитаның басқаруға кірмей қалған бөлігін  түсіндіретін термин қолданылады. Бұл  психологиялық сапалар өзгешелігіне ие, бірақ жетекшілік қызметін атқармайтын  адамдарды құрайтын элита түрі. Контр-элитаның кейбіреулері оппозициялық қозғалыс өкілдері болуы мүмкін. Келесісі, «субэлита» - билік жүйесінің төменгі деңгейінде тұратын элита тобын білдіреді.Элиталық  теорияның негізінен саяси элитаның парламент корпусымен, атқарушы биліктің жоғарғы және орта бөліктерімен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси қозғалыстар жетекшілерімен, сондай-ақ, саяси емес элитаның өкілдерімен (бизнес, мәдениет, рухани т.б.) байланыстылығын көреміз. Элита өз ішінен тікелей, мемлекеттік және оппозициялық (контр-элита), сонымен қатар жоғарғы және орташа элитаға жіктеледі. Жоғарғы элита мемлекеттегі барлық маңызды шешімдерді қабылдауға тікелей қатысады. Орташа элита - кіріс мөлшері, мамандық деңгейі мен біліміне байланысты бөлінетін жергілікті халық өкілдері. Саяси элитаның келесі тобына саяси шешімдерді қабылдауға тікелей қатысатын, саясатта үлкен ықпалға ие болып, атқарушы қызметке тағайындалған әкімшілік элитасы қосылады.Басқарудың элиталық жүйесі нәтижелі болу үшін қоғамдағы саяси (билік жүргізуші), экономикалық  (бизнес-элита), ғылыми (интеллектуалды) элиталар арасында үйлесімді қызмет бөлінісі болуы керек. Негізінен, саяси элитаның қызметі шешімдер қабылдаудан, экономикалық  элитаның қызметі – оларды жүзеге асырудан, ал интеллектуалды элитаның қызметі –  аталған шешімдерді дайындау мен жасаудан тұрады.

 

Саяси элитаның  түсінігі мен қызметі.

Элита – (француз тілінен ең жақсы, ерекше, таңдаулы деп аударылады) басқарудың жоғары сапасына ие, таңдаулы топ деген  мағынаны білдіреді. Элита – халық  бұқарасынан белгілі бір ерекшеліктерімен және қабілетімен дараланатын, қоғамның әлеуметтік құрылым иерархиясының  биігінде тұратын, саяси билікке  маңызды ықпал ете алатын немесе оны жүзеге асыратын индивидтер тобы.

Элита – кез келген әлеуметтік құрылымның құрамдас бөлігінде жоғары деңгейде тұратын топ немесе басқару  қызметін, ғылым мен мәдениеттің  дамуын, көпшілік бұқарасын басқаруды  жүзеге асырушы топтың болуы қажеттігін пайымдайтын элитарлық теорияның  ортақ түсінігі. Ал, саяси элита  – саяси биліктің маңызды бөлігін  қолына шоғырландырған, интеграцияны қамтамасыз ететін, саяси маңызды  ойларды жүзеге асыру механизмін анықтайтын азғантай әлеуметтік топ  болып табылады

Басқарудың элиталық жүйесі нәтижелі болу үшін қоғамдағы саяси (билік  жүргізуші), экономикалық  (бизнес-элита), ғылыми (интеллектуалды) элиталар арасында үйлесімді қызмет бөлінісі болуы  керек. Негізінен, саяси элитаның қызметі  шешімдер қабылдаудан, экономикалық  элитаның қызметі – оларды жүзеге асырудан, ал интеллектуалды элитаның қызметі –  аталған шешімдерді дайындау мен жасаудан тұрады.

 

Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтык, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар.

Қоғам мен саясатты әр түрлі қоғамдық ғылымдар зерттейді. Саясаттану философиямен тығыз байланысты. Философия –  табиғат, қоғам және таным дамуының ортақ заңдары туралы ғылым. Ол дүниеге  тұтас көзқарас туғызады. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді, саяси  құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану болса қоғам өмірінің саяси саласындағы  жалпы заңдылықтарды нақтылайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси  көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану саяси экономиямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді  экономикалық тұрғыдан дәлелдеп, олардың  негізінде экономикалық мүддені  көздейді. Саясаттану экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру, экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу ұстанымдарын ғылыми түрде негіздейді.

 Саясаттану құқықтанумен тығыз  байланысты. Үкіметтегі билік органдары  қызметінсіз құқықтық ережелер  мен қатынастар жалпыға міндетті  сипат алып орындалмайды. Сонымен  қатар құқықтық тұрғыдан қалыптаспай,  үкіметтегі билік органдары да  өз қызметін атқара алмайды.Саясаттануға  ең жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану  (социология). Саясаттану саясатқа  белгілі бір заңдылықтарға бағынып,  іс жүзінде нақтылы принциптерді  жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп  отыратын процесс ретінде қарайды.  Ал, әлеуметтану саясатты адамдық  өлшем негізінде зерттейді. Яғни, саясаттанудың негізгі назары  саясатта болса, әлеуметтанудың  назары саясатты жасаушы адамда  болады.

 

Социал-демократиялық идеология.

Социал-демократизм идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын ұсынды. Оның негізін салған Э. Бернштейн. Басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Негізгі принциптері: адам құқығы, сөз, баспасөз, ой-пікір бостандығы, діни, білім алу, ұйымдар құру, яғни, саяси өмірді демократияландыру, аралас экономиканы құру бостандықтары, экологиялық қауіпсіздік.

 

Тәуке хан заңдары. «Жеті  жарғы»- маңызды саяси-құқықтық құжат.

Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда казақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономикалык жағдайы ауыр еді. Ру басылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. Мүның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан "Жеті жаргы" деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық, айып-жаза, алым-салық, және т. б. қаралады. "Жеті жарғы" нормалары қаулаған дау-дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсендетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.

Тәуке хан "Халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган  ретінде қалыптастырып, рөлін арттырды. Өз кенесінде халықтың өзекжарды  мәселелерін: көші-қон, ел тыныштығы  мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану  және т. с. с. жүйелі түрде талқылап отырды.

Қорытып келгенде, Тәуке хан қазақ  қоғамына түбегейлі

өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.

 

Тоталитаризм саяси феномен  ретінде.

Саяси жүйе түрі тұрғысында тоталитаризм ХХ ғ. орныққанымен, тоталитаризм ұғымы, оның идеялық бастаулары көне дәуірде пайда болған. «Тоталитаризм» ұғымы латын тілінен аударғанда totalis - толық, бүтін, тұтас деген түсінікті білдіреді. Оны ХХ ғасырдың басында айналымға енгізген итальян фашизмінің идеологі Дж. Джентиле. Бұл түсінік алғаш рет ж. итальян парламентінде айтылды. Ал, саяси сөздікте бұл ұғымды бірінші болып өзінің қозғалысын жүйелеп, баяндау мақсатымен 1925 ж. Б. Муссолини қолданған [171]. Осы орайда тоталитаризм идеядан тәжірибеге айналған кезде, яғни ХХ ғ. 40-50 жж. тоталитаризм теориясы одан әрі дамытылды. Аталған кезеңде тоталитарлық жүйенің пайда болу себептерін, оның салдары мен ерекшеліктерін зерттеген Ф. Хайектің «Дорога к рабству» (1944 ж.), Х. Арендтің «Истоки тоталитаризма» (1951 ж.),  К. Фридрихтың «Тоталитаризм» ( 1954 ж.), К. Фридрих пен З. Бжезинскийдің бірлескен «Тоталитарная диктатура и автократия» (1956 ж.), Р. Аронның «Демократия и тоталитаризм» (1958 ж.) еңбектері жарық көрді.

Енді тоталитарлық саяси жүйелерге  тән келесі негізгі белгілерді атап көрсетер болсақ: яғни, қоғамдық-саяси  құрылымның бүкіл салаларындағы  іс-қимылдар жүйесін қатаң бақылауда  ұстаған ортақ идеологияның болуы; мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланысты бір бұқаралық  партияның билікті өз қолына шоғырландыруы; пікір алуандылығының, көп партиялылықтың, оппозициялық топтардың өрістеуіне жол бермейтін қарулы күрес құралына монополия орнатылуы; бұқаралық  террор жүйелерінің, нәубеттің ішкі саясаттың құралы ретінде тұрақты  пайдаланылуы; БАҚ-тың қатал мемлекеттік  бақылауда болуы; экономикалық саланың  мемлекет тарапынан қатаң бақылауда  болып, мемлекеттік емес барлық меншік түрінің жойылуы.

 

Тоталитарлық режимнін саяси практикасы.

«Тоталитаризм» ұғымы латын  тілінен аударғанда totalis - толық, бүтін, тұтас деген түсінікті білдіреді. Тоталитарлық  режимге қоғамның барлық саласында мемлекеттің толық бақылау орнатуы, адамдардың мемлекеттегі саяси билік пен үстемдік етіп отырған идеологияға бүтіндей бағынуы тән.

Тоталитарлық  режим көптеген белгілермен  сипатталады. Олар:

- мемлекеттің қоғамның барлық  саласында билік құруы;

- экономикалық, БАҚ-та, мәдени, діни  және т.б. бүкіл салаларда мемлекеттік  монополиялық бақылаудың болуы;

- билік құрылымдарының бюрократиялық  негізде құрылып, халықтық бақылаудан  тыс болуы;

- басқаруда күштеудің, зорлықтың,  террордың орнығуы;

- партия монополиясының өмір  сүруі, оппозцияға жол берілмеуі;

- адамдар мен азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарының тек қана  сөз жүзінде жүзеге асырылуы;

- ресми бір идеологияның үстем  болуы, плюрализмге жол берілмеуі;

- мемлекеттік биліктің басқарушы  мен оның қарамағындағылардың  қолына жинақталуы;

- репрессиялық мемлекеттік органдардың  қоғам тарапынан бақылаусыз болуы;

- құқықтық мемлекет пен азаматтық  қоғам элементтерінің болмуы;

-қоғамдық, монополиялық, мемлекеттік  тәрізді ірі меншік түрлерінің  экономикасының негізі болуы;

- мемлекеттік биліктің көпшіліктің  пікіріне, демократиялық механизмдерге,  нормалар мен институттарға қарама-қайшы  тұрғыда жүзеге асырылуы;

Уақыт өте келе тоталитарлық режим  өзгеріп отыратындығын көрсетті. Мәселен, біздің еліміздегі бұрынғы  социализм тәжірибесіне сүйенсек, КСРО-дағы сталиндік кезеңдегі режим мен  Л.И. Брежневтің басқаруы кезіндегі  режимге бір түрлі баға беруге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда тоталитарлық режимнің посттоталитаризмге ауысқандығын көреміз. Посттоталитарлық режимнің негізгі  белгілері:

Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы