Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 08:03, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.

Вложенные файлы: 1 файл

Бексұлтан диплом.docx

— 175.23 Кб (Скачать файл)

Түстерді таңдау - қиын нәрсе. Бұл - жауапты міндет. Әсіресе тұрғын үй мәселесіне келгенде адамдардың түстерді таңдау талғамы өте жоғары болуы тиіс. «Өзіңнің тағдырың өз қолыңда» дегендей қалайда түстерді өз қалауың бойынша таңдаған дұрыс. Бірақ маманмен (суретші-дизайнермен) ақылдасқан артық етпейді.

Балалар бөлмесіне түс таңдағанның маңызы зор. Әсіресе интерьердегі түстердін алатын орны айрықша. Түс-интерьер кеңістігінде шешуші роль атқарады. Осы түстер аркылы интерьерді кеңейтуге, тарылтуға тіпті тұйықтауға да болады. Бұлардың барлығы ғылыми негізге сүйеніп жасалынады. Яғни түстер -балалардың физиологиясы мен психологиясына жағымды әсер етіп, олардың оқуға, еңбекке деген ынта-жігерімен белсенділіктерін арттыруы тиіс. Сонымен қатар дем алуларына қолайлы жағдай туғызуы керек.

Барлық балалар, жасөспірімдер таза, ашық түстерді ұнатады. Мысалы төменгі сынып оқушылары жылы түстерді жақсы қабылдайды да, суық түстерді бөлмелерде (сыныптарда) өздерін қолайсыз сезінеді.

Ал орта жастағылар суық түстерді ұнататын болса, керісінше жоғарғы сыныптағылар жылы түстерді дұрыс көреді.

Сонымен түстердің арақатынасына келетін болсақ төменгі сынып оқушылары контрасты түстерді, малынған бай түстерді жаратса, орта және жоғары сынып оқушылары бір-бірімен астасқан, күрделі үйлесімді түстерді ұнатады. [1]

 

 

2.5 Интерьердегі жиһаз. Оларды орналастыруды ұйымдастыру

 

 

Конструктивизм стилінің қағидаларының бірі, ол – интерьер элементтерін жаппай өндіру. Көбінесе бұл стильдегі жиһаздар арзан ағаштан, ақ метеллдан және шыныдан, түсті пластиктен жасалған болады. Баухаустың кезінен бастап өнімдердің жоғары сапалылығын талап ету өзектілігін жоғалқан емес, сондықтан жиһаз сенімді, ұзақ сақталатын әрі экологиялық қауіпсіз болуы үшін аталған қарапайым материалдар мұқият өңделуден өтуі тиіс.

Жиһаз ыңғайлы, қымбат емес және эстетикадық болуы үшін өндірушілер оған талғамсыз пішіндер береді. Әсемдік асқан декор мен материалдың фактуралық ерекшелігінің арқасында емес, дөңгеленген әрі сүйір сырбаз кескіндер нәтижесінде жүзеге асырылады. [2]

Айта кетерліктей, дәл осы себеппен Конструктивизм жиһазы күрделі өрнекпен әшекейленбейді. Дегенмен онда металл жарқылы және қарапайым қара, ақ, қызыл, сары, көк сияқты қанық түстер акценті жиі қолданылады.

Жалпы, Конструктивизм стиліндегі заттар тым «сәулетті» немесе «арзан», «көне» немесе «тым заманауи» болып көрінбес үшін «бейтарап» күйде болуы тиіс.

Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекей мен болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.Ерекше идеялардың көмегімен тіпті ескі жоспардағы пәтерді де танымастай етіп өзгертуге болады.Әр адам өзінің пәтерін әдемі, ыңғайлы еткісі келетіні рас. Өкінішке орай, бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін нәрсе. Әрине бірінші кезекте әр адамның ойына келетін нәрсе ол жиһаздарың орындарын ауыстыру, жарықтандырғыш люстралардың соңғы үлгідегі, соңғы дизайндағыларын сатып алу.

Уақыт өзгере келе, заман талабынан қалмау –өз үйін сәнді әрі ыңғайлы, қолайлы ету, әр адамның көкейтесті мәселелерінің бірі. Кешқұрым өз үйіңде, ауыр , қиын жұмыстан келіп, үй ішіндегі жағылған ошаққа қарап, не жетсін ойға шомып отырып, ыстық шәйдің дәмін татып немесе ыңғайлы диванға отырып теледидар коріп, демалғанға не жетсін?! Бұл мәселелердің бәрі Пәтердің ыңғайлылығына қолайлылығына, жизаздың орналасуна байланысты.

Заманауи интерьердің қазіргі ерекшелігі де осы қарапайымдылығында.Озық үлгідегі интерьерлер бөлмелерді әсіресе әшекейлеуден, шектен тыс жылтырақ нәрселерден аулақ болуды ұсынады. Керісінше керек заттар, жиһаздар, бұйымдар, тіпті картиналар тағы басқалар кажетті орындарында тұрған болса ол адам жанына жылылық ұялатады, жаныңды сергітеді.[24]

Төсінішті орналастыру, үйімізге өзінің ерекшелігі мен әсемдігін беретін кілемшелер туралы болмақ. Ал жақсы кілемшелердің арқасында тіпті үйіңізді ертегідегідей безендіруге де болады. Ол үшін парсы кілемдерін қымбат бағаға сатып алудың қажеті шамалы, қол жетімді бағаға керемет кілемшелерді кездестіресіз.   

Кілемдерді еденде жайғастыру дәстүр ретінде қалыптасқан десек жаңылыспаймыз. Өзінің көркімен көзді алып тұрып, аяққа жылу беріп, бөлменің ажарын аша түседі. Егер үлкен көлемді кілемді өзіңіздің жатын бөлмеңізде жайғастыратын болсаңыз үстіне кішкене кілемшелер қойып, одан да әрлендіруге болады. Кез-келген жағдайда, таңдау көп, сіздің талғамыңыз ғана қажет.

Кілемдерді тек қана еденге орналастыру керек деген еуропалықтардың қате пікірі елге жайылған. Мүмкін ол дұрыс та шығар, бірақ, адамның идеялары шексіз келеді. Үй қабырғалары жылы емес келсе, әсіресе жатын бөлме мен балалар бөлмесінде, әдемі кілемшені ілсек, бөлменің әсемдігін ашып, бір жағынан жыли түсетін еді. Егер, кілем қолдан тоқылған болса, тіпті керемет. Осылайша Үш қоянды бірдей атуға болады.

Ас үйге жихазды орналастыруға да үлкен мән беру керек, Ас үй барлық отбасы мүшелерінің жиналатын орны болып саналады. Ал, ас үйдің қонақ күтетін орнының кең болуы сәйкесінше көп қонақ күтуге мүмкіндік береді. Безендіру жағына келетін болсақ, бұл сұрақты отбасы мүшелері өзара мұқият шешіп, жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ас үй өте ыңғайлы да көп мүмкіндігі бар болуы тиіс, ең бастысы қол жетімді бағада.

Ас үй жабдықтағанда ең басты көңілді жиһазға бөлу керек. Түстер үйлесімді, бөлмеге өзінше көрік беріп тұруы тиіс. Жаңа да заманауи тенденцияларға сүйенетін болсақ - ас үйдің безендірілуінде бірінші кезекте ашық түстер тұрады. Егер де ол сіздің бөлмеңіздің ажарын аша түспеген болса, ойланбастан басқа түстерді таңдасаңыз болады. Ең бастысы, үйлесімділікті өзіңіздің жетінші түйсігіңізбен сезіп, талғамнан таңқарылмасаңыз болғаны.

Егер де  ас үйге дайын, бірақ кішкене жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болса, оны кейінге қалдырмаңыз. Себебі, ас үй жиһазын қайта қайта сатып ала беру көптің қалтасын қақтыратыны анық. Ал, жаңадан жабдықтаймын деген ойыңыз болса, берер кеңесіміз, арзанға аңтарыла беру керек. Арзан жиһазда тез сынғыш келетін заттар қолданылады.

Балалар бөлмесін жихазын орналастырып дұрыс безендірудің маңызы зор. Бөлме жабдықталуы баланың сабақтағы үлгерімі мен жан-жақты дамуына әсер етеді. Егер бала бөлмесінде өзін жақсы сезінетін болса оны өзінің достарына көрсетуге асығады.

Бөлмені қалай безендіру керек? Көп ата-ана дайын, әрленген, бағасы қол жетімді жиһазды сатып алғанды жөн көреді. Бірақ ол ең дұрыс шешімдердің бірі емес. Ең алдымен әрбір ата-ана бөлменің балаға ұнауын ойлауы тиіс. Келесі кезекте 3 маңызды нәрсе естен шықпауы тиіс, олар: ойыншықтар тұрағы, жатын орны және сабақ оқуға арналған үстел немесе парта.

Жоғарыда айтып өткеніміздей балалар бөлмесін безендіруге үлкен жауапкершілікпен кіріскеніміз абзал. Егер ешқандай идеялар келмейтін болса, арнайы интернет-сайттардан көріп, үлгілерін алу,а болады. Балалар бөлмесі, жарық, түрлі түстерге бай болуы тиіс. Бөлмені безендіруде жануарлардың бейнесін, немесе басқа да қызықты суреттерді пайдалануға

Тағы да бір керемет нәрсе, дөңгелегі бар жазба үстелі, оны жылжытумен бала ойын үшін бөлмесінен орын еш қиындықсыз орын босата алады.Қиын ешнәрсе жоқ. Адамның талғамы мен қалауының болса болғаны. Қазақтар айтпақшы “Балалы үй базар, баласыз үй мазар!”

Интерьердің кез келген элементі - мейлі ол картина, тіпті ілінген сағат болсын, немесе сынып бөлмесіндегі жиһаз болмаса қабырғаға жағылған бояу болсын жаманды жақсылы балалардың психикасына әсер етеді. Яғни баланың жеке басының қалыптасуына, қоршаған әлемді танып білуіне, сұлулықты сезініп тұщынуына осылардың бәрі зор ықпал етеді. Әр баланың мінезі әртүрлі, олардың өмірге деген көзқарастары да бір-біріне ұқсамайды, сол сияқты бейіміділіктері мен белсенділіктерінің өзі бірінде жоғары, бірінде орташа, ал келесісінде төмен. Сондықтан әр бала өзіне ұнатқанинтерьері болуы керек.

Ал біле білсеңіз ванна бөлмесін жиғаздармен жабдықтау, Әсемдеу аса ұқыптылықты қажет етеді. Бірінші кезекте, ол ерекше материалдарды пайдалануды қажет етеді, мысалы үшін жатын бөлмесіндегі немесе ас үйдегі безендіру құралдарын сіз ванна бөлмесінде қоя алмайсыз. Себебі ваннаға ылғалдылыққа шыдайтын заттар қажет.

Ванна бөлмесінің едені және дуалдары пластик пен плиткадан жасалатыны даусыз. Ең дұрыс шешім дуал мен еденге қатты жабысатын қымбат емес плитканы дұрыс таңдау және де ванна бөлмесінің төбесіне пластик жабыстыру.

Ванна бөлмесін дұрыс жөндеуден өткізу сантехникті шақырудан бастау алатыны сөзсіз. Себебі, құбырларды тексеріп, ауыстыру керегін алмастырып, біркелкі техникалық жағынан ваннаны қауіпсіз етеді. Демек, суға қорықпай түсе берсеңіз болады, бірақ асықпаңыз. Енді вентиляция жағына назар аударсаңыз, булардың да шығып, ваннаны таза ауамен алмастыратуы қажет.

Егерде сіз еденді жөндеуді кірісіп, плитканы жабыстыруға кіріссеңіз айта кететін кеңесіміз бар. Жаңа технологиялар бойынша тайғанақ-емес кафельдер қазір сатылымға енген. Мамандар estima атты керамогранитты сатып алуға кеңес береді. Ванна бөлмесінің есігіне көбіне ДСП материалынан жасалған есік тура келеді, ал таза ағаштан жасалған есіктер ылғалдылыққа төзбей кейіннен шиқылдап қалатыны бар.

Ванна бөлмесінің жарықтандыруына да үлкен ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал. Себебі сіз ванна бөлмесінде айнаның алдында көп тұратыныңыз рас.

Заттар әрқашан стол немесе бөлменің аясында орналаспаған: біз «заттық орта» деген кең түсінік бар екенін білеміз. Біз көруіміз кеңістік пен осы кеңістікте орналасқан заттарды қамтиды.

Гармониялық орта тек қана заттардың ансаблі мен (жиһаздер не станоктар, бақша орындары мен аттракциондар), мінезделіп қана қоймай, сонымен бірге кеңістікті біріктіретін ұйымдастырумен ерекшеленеді.

Әрбір зат белгілі бір ерекшеленетін және бізге әйгілі материалдан жасалған. Тек кейбір синтетикалық өнімдердің сыртқы келбетінен қандай материал және қандай қасиеттерге ие Үшнші анықтау қиянға түседі. Әртүрлі бүркеулер жиі қолданылады - мысалы, ертеректе ағаштан жасалған өнім кейіннен алтынмен жалатылған. Арзан ағаш бағалы ағаштың қабатымен бүркелген (фанераланған) және т.б. Әрбір заттың беті өзіндік қасиетпен ерекшеленеді, ол тегіс немесе бұлдырлы, рельефті немесе жалтыраған болуы мүмкін. Уақыт әсеріне байланысты, өндірістің дамуына сай жаңа және жетілген материалдар сәнге оракал, банера ене бастады. [8]

Адам заттық ортаны өзгертуге, қарапайымдылыққа, ықшамдылыққа, ыңғайлылықпен жабдықтауға үздіксіз ұмтылады, сонымен қатар жаңа материалдарды ендіру арқылы өз еңбегін жеңілдетуге ұмтылады.

Интерьерді (қабырғаларды) безендіргенде пайдаланылған материалдар (стенд, планшеттер) сол қабырғаның 50-60% (пайыздан) астам аумағын жауып тұрмау керек. Ондай болмаған жағдайда безендірудің көрініс құны төмендейді.

Материал неғұрлым жоғары ілінсе соғұрлым масштабы да үлкен болуы керек. Безендіру жұмыстарының барысында біз бұл ережені есепке алып отырдық.

Интерьерді безендіру, жиғазды таңдау, орналастыру барысында шектен тыс ірі өлшемді материалдарды немесе өте кішкентай ұсақ бөлшектерді көп пайдалану, немесе әсіресе әшекейлер адамдарды тез жалықтарап, әсер алу қабілетін кемітеді, яғни олардың көркем өнерге деген қызығушылығын төмендетеді.

Интерьер дизайны көрер көзге ауыр немесе жеңіл, сымбатты, қимылсыз не қозғалыста болуы мүмкін. Оларды нақтылы бір жүйемен қоя отырып суретші белгілі бір әсерлерге - өскелең немесе кеми түсетін, біртектес және байсалды немесе серпіледі де ұшқыр әсерлерге қол жеткізеді. Қысқасы дизайн талғамын дамыта, ұшқыр ойларға жетелейді.

 

 

 

3 Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалау есептері

 

 

3.1 Пәтер интерьерін жобалаудағы  экономикалық бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Жобалау кезіндегі еңбекті  қорғау шарттары

 

 

Қоршаған құрылыстың  композициялық-көркемдік ерекшеліктері. Жаңа ғимараттар жобалағанда маңайындағы құрылыстың стильдік ерекшеліктері, пропорциялық және масштабтылық жүйелері, метроритмикалық заңдылықтары, бөлшектерінің суреті, қоршау конструкцияларының фактурасы, түсі т.б. нақтылы сипаттары ескерілуі қажет. Сонымен қоса қаланың түрі туралы қоғамдық бағаға, тұрғындардың пікірлері мен тілектеріне, қала ортасының  оның тұрғындары үшін өте маңызды сапаларына, сол қала туралы адамдар санасында қалыптасқан бейнелік түсінікті анықтауға да үлкен көңіл бөлінеді. Сондай ақпараттар жобалық міндеттерді нақтылауға көмектесіп, оны іске асыру құралдарын негіздеп таңдауға көмектеседі.

Жоғарыда көрсетілген сәулеттік және кеңістіктік факторлар тұрғын үйді қалалық ортаға дұрыс енгізуге мүмкіндік береді.

Бұқаралық тұрғын үй құрылысында пәтерлерді жобалаудың әрбір жанұяны жеке пәтермен қамтамасыз ету міндетін шешуден шығатын қағидалармен анықталатын өзіндік ерекшеліктер бар.  Осыдан шығатын жобалаудың бірінші қағидасы - жанұяның әрбір түріне өзіндік жеке пәтер беру.

Елдің жанұялық мөлшері бойынша құрылымы мен олардың сұраныстары туралы мәліметтер жобалауға арналған тапсырмада көрсетілетін, тұрғын үйдегі, кешендегі пәтерлер типтерінің құрамын анықтайтын бастапқы берілгендер  болып қызмет етеді. Сондықтан, әрбір жағдайда әртүрлі тұрғыни бөлмелері бар әртүрлі пәтерлер типтері алдын-ала анықталуы қажет. Сөйтіп, жанұяның сандық құрамы пәтердің типін анықтайтын негізгі белгі болып атбылады. Пәтер есептелген адамдар саны оның өлшемдерін, жалпы және тұрғыни ауданын анықтайды.

Пәтердің тұрғыни ауданы барлық тұрғыни бөлмелердің ауданының қосындысынан, ал жалпы ауданы пәтердің барлық ішкіжайларының қосындысынан құралады.

Жанұяның сандық құрамы пәтерлердің қалыптасуындағы негізгі себеп болғанымен, ол жеткіліксіз. Әрбір пәтердегі жанұяның өмір сүру әрекетімен байланысты талаптарды да ескеру қажет. Онда жанұя мүшелерінің жас ерекшеліктері, туыстық байланыстары, әлеуметтік статусы, материалдық жағдайлары, сонымен қоса тұрмысты ұйымдастырудағы кейбір дәстүрлер мен ұлттық ерекшеліктер де есепке алынуы керек.

Информация о работе Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер