Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 08:03, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.

Вложенные файлы: 1 файл

Бексұлтан диплом.docx

— 175.23 Кб (Скачать файл)

Аталмыш міндеттерді шешу тұрғын үйдегі қызметтік үдерістерді талдаумен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері тұрақты, кейбіреулері қоғамдық қызмет көрсету саласына шығуы ықтимал, келесілері  тұрмыстың жаңа формаларымен, техниканың дамуымен, қоғамдағы әлеуметтік үдерістермен қайтадан пайда болады және т.б.

Аталмыш жобада пайдаланушылардың жеке қызығушылықтары мен қалауын ескере отырып, жайлы өмір сүруі үшін барлық аймақтар ескерілген.

Үйде 3 адам тұрады –  яғни жас отбасы, бір қызы бар. Баласының жасы Үш  шамасымен. Ал ата анасының жасы шамамен жиырма тоғыз, отыз үшке таяу. Әйелінің жасы жиырма тоғыз,жұбайының жасы отыз үште, Яғни жас отбасы, Жұбайы инженер, әйелі әшекей дизайнері, болып жұмыс жасайды.

Отбасының сандық құрамы – әлеуметтік тұрғын үйдегі пәтердің негізгі түр түзу белгісі болып табылады. Отбасының өлшемі бойынша халық құрылымы туралы мәліметтер уйдегі, кешендегі немесе тұрғын үй тобындағы пәтерлердің сәйкес құрамын анықтауға арналған бастапқы мағлұмат болып табылады.

Аталмыш жағдайда тапсырыс берушілер, пәтердің иелірінің тапсырысы бойынша пәтер толығымен озгертілді деп айтса да болады.

Жұмыс кестелерінде жүктеме көп болғандықтан олар үйде аз уақыт өткізеді.

Пәтер қожайындары өз жұмысына берілген адамдар, сол себепті кейде үйде де жұмыс жасайды. Бұл пәтердің бір сипатын – міндетті түрде жұмысқа арналған орынның болуын анықтады.

Ең алдымен бөлмелер тізімін жасаймыз және оларды қызметтік белгісі бойынша қонақ бөлме немесе жеке бейресми аймаққа жіктейміз.

Негізгі аймақты анықтаймыз – аталмыш пәтер үшін бұл – қонақ бөлмесі, себебі отбасы ақсүйектерге тән өмір салтын ұстанады, белсенді түрде қонақ қабылдайды. Қонақ бөлмесі қонақтарды қабылдауға және отбасылық қарым-қатынасқа арналған ортақ бөлме болғандықтан отбасының барлық мүшелерінің бірлескен тіршілігіне арналған кеңістікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кеңістікті кіре беріс аймақтан негізгі аймаққа бөлуді және оны сауатты ұйымдастыруда да ойлану қажет.

Кешкі уақытта пәтер өте қараңғы болатындығын ескере отырып қызметтік түрде жасанды жарықтандыруды қалай орналастыруға болатындығын шешу керек.

Отбасы бұл үйге жақында көшіп келген. Әрлеушінің алдына бірнеше міндет қойылды – бір мезгілде көп адамдарды қабылдауға есептелген үлкен қонақжай әрі асхана жасау және кеңейту, себебі жас семья болғандықтан, демалыс күндері көптеген туысқандары, ата-анасы, көптеген достары,  қонаққа келеді, ал қонақжай әрі асханана болып қеңейгені өте қолайлы орын тудырады.

Келесі міндет  барлық бөлмелердің жиғазын таңдау, өзгерту, қайта сатып алу, интерердің толығымен стилін өзгерту. Балалар бөлмесін балаларға  ыңғайлы етіп дұрыс жабдықтау болды, осы мақсатта, ең ыңғайлы деген жабдыңтар қолданылды. Қонақжай әрі асхана бөлмесіне де жаңа, барлық бөлмелерге жаңа жиғаз қойылды. Сонымен бірге, қонақ қабылдау – ол үнемі мереке, сәйкесінше қажетті көңіл күй қалыптастыру керек болды. Терезелердің көпшілігі оңтүстік жаққа қарайтын болғандықтан басым түрде суық түс үйлесімі қолданылды. Пәтерге сәйкес болатын, тапсырыс беруші, үйдің иелерімен әрі жобалаушының ұсынысы бойынша контемпарари, өте ыңғайлы, жайлы, пәтерді өз талғамымен еркін орналастыруға мүмкіндік беретін стиль таңдалды. Яғни бұл жобада жобалаушымен, пәтердің иелерінің стильдік қалауы толығымен сәйкес болды.

Сонымен қатар, жоба міндеттерінің бірі қымбат емес, заманауи, алайда сапалы әрлеу материалдарын пайдалану болды. Дегенмен бұл ішкі көріністің өзін қабылдауға әсер етпеуі тиіс. Осылардың барлығы біздің арманымыздағы пәтердің ішкі көрінісін максимальді ойластыру үшін қажет.

Осы әрлеушілік тәсіл көмегімен пәтерді жаңартып қана қоймай, тұрғын үйдің жайлылық деңгейін арттырып, пәтердің кеңістігін қеңейтіп, барлық кеңістік қолданылды, пәтердің кемшіліктерін жасырып, артықшылықтарын тиімді пайдалану міндет болды.

Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі элементтеріне: бөлменің құрылымына, оның ішіндегі жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына, түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-терезе перделеріне, тіпті сәндік бұйымдары Интерердегі стильге байланысты.  

Өзімнің осы дипломдық жобаны жасау барысында, мені біршама қызықтырған стильдер болды. Осы стильдердің бірін қолдануды жоспарлағаным да болды,  олар: Экостиль, Арт поп. Бірақ ойлана келе, акырында Конструктивизм стилін таңдап алдым, өйткені бұл стиль басқа стильдерге қарағанда менің назарымды аударды, жобама сәйкес келді, әрі қалған стильдерге қарағанда маған да, жобаланытын пәтердің иелеріне де тартымды көрінді.

Конструктивизм

Конструктивизм: бейтараптықты сақтау.Функционалдық – бірінші орынға, функционалдық – Үшнші орынға, функционалдық – үшінші орынға, ал десертке – бейтараптық қойылады.

Конструктивизм стилінде бөлмені безендіру кезінде сақталуы тиіс маңызды сапалардың бірі – қолайлылық, жайлылық екендігін атап өту керек. Аталмыш бөлмеде барлық ішкі көрініс заттары, әрлеу материалдары бір-біріне түсі, өлшемдері, құрылымы және пішіні бойынша сәйкес келеді. Әр алуан түс сызбалары пайдаланылды.

Конструктивизм стилінің өзгешелігі оның ойланып жасалған дизайнерлік идея нәтижесінде емес, интерьерде аяқ-асты пайда болуында. Оның эклектикалығы мен ұзақ сақталғыштығы осыда жатыр.

Сонымен, Конструктивизм стилін қысқаша сипаттай кететін болсақ, ол – түрлі стилистикалық бағыттардың түйісуінде дүниеге келіп, бірақ олардың ең жарқын ерекшеліктерін алмай, керісінше бейтарап түрде тең тұрған стиль. Конструктивизмді ең алдымен тиімділігі үшін, Үшншіден тіпті шағын орындарда да толық стилистикалық шешімді жүзеге асыру мүмкіндігі үшін (бұл шағын пәтер тұрғындары үшін өте көкейтесті),  үшіншіден бұл стиль кез-келген дизайнерлік идеяларды жүзеге асыруға жақсы фон бола алатындығы үшін ұнатады.

Пәтердегі қызметтік тағайындалуы бойынша жіктелген әрбір бөлме жеке әрленуі керек. Мысалы, балалар бөлмесін әрлеу тұсқағаз түсі мен суретінен бастап жиһаздардың пішіні мен орналасуына дейін кеңістік келбетін қалыптастырып, бала ойы мен қиялын дамытуы керек. Ас бөлмедегі жұмыс аймағы еден тақташаларымен, тамақтану аймағы – ағаш құрылымды ламинатпен белгіленуі тиіс, ал жатын бөлмесіне жұмсақ және жайлы иірілген жіптен жасалған «саксони» немесе «пүліш» түкті жабын тән болып келеді.

Бірақ әрбір адамда дерлік айналасын әсем заттармен қоршауға ынтасы бар. Сондықтан заттың құндылығын Үш нәрсе қамтиды - тиімділік және әдемілік. Әрбір затта әрқашан тұрақсыз және тарихи ауыспалы техникалық және эстетикалық бастау қаланған.

Әрлеушінің алдына бірнеше міндет қойылды – бір уақытта көп адамды қабылдауға есептелген үлкен Қонақжай әрі асхана қалыптастыру (сонымен қатар, қонақтардың киімдерін орналастыруға арналған орын ойластыру); ванна бөлмесін жаңарту ; кішкентай ас бөлме қажет емес болғандықтан, біршама өзгеріске түсті, қажет жағдайда көп адамды сыйдыруға болатын кең асханаға айналдыру; ата-аналардың жатын бөлмесінде үлкен және кең жататын орын жасау; тағы да, балалар бөлмесінде жұмыс кеңістігін – яғни сабақ оқуға арналған орын жасау ды ұмытпай, және демалыс аймағынан қандай да бір түрде келтіру.

Қонақжай әрі асхананы тек қана қонақтарға ғана емес отбасының барлық мүшелері ерекше демалыс бөлмесін жасау –бұл бөлмеге барды да, үй кинотеатрын да, үлкен , кең , жайлы диван қою, демелып отыратын. Әрине қонақтарға арналған, қонақ қабылдауға, үлкен стол қою.

Ванна бөлмесі мен әжетхана арасындағы қалқа арасындағы қабырғасол орнында қалды, алынған жоқ. Санитарлық бөлме мен ванна біріктілген жоқ сол қалпында қалтырылды, бірақ барлық жабдықтар өзгертілді, өңделді. Кеңістікті кеңейту үшін мен ас бөлмесі мен балалар бөлмесін  қостым, бұлқонақжай әрі ас бөлмесіне айналды, үлкен диван, үлкен тағам үстелін қоюға мүмкіндік берді. Үш кіші бөлменің бірігіп үлкеюі есебінен қонақ қабылдауға, ас қабылдайтын кең ас бөлме- қонақжай бөлме пайда болды. Қабырғалар конфигурациясы кең болып көріне түсті.

 

 

1.3 Пәтер интерьерін жобалау аналогтарына сипаттама

 

 

Осы аналогтарды менің жобаммен салыстырып қарасақ бұл жобалар  бір біріне  ұқсас келген,  әрине пәтерлердің өлшемдері басқа,  бөлмелердің  саны, орналасуы да өзгеше, өзгерістер де басқаша жасалған, бұл жоба жасау кезеңінде мысалы ретінде қарауға арналды, өз көмегін тигізген менің жобама. Әрине менің жобам өзгешелеу, бұл пәтердің өлшеміне, тапсырыс берген, пәтердің иелерінің талғамына қарай жасалған. Ұқсастығы бұл жобалар менің жобамдай қайта жобалауға бағытталған, пәтерге айтарлықтай өзгертулер, өңдеулер  жүргізілген.

Пәтердің бастапқы сипаттамалары. И-1724 сериялы тақталы 17 қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан ауданы 69,5 ш. м Үш бөлмелі пәтер.  Бұл пәтерде сақтауға арналған орындар жеткілікті және кіреберіс өте кең. Бірақ душ бөлімінің Үш  жағынан шығыңқы жерлердің есебінен өтпелердің тар болуы пәтер ішіндегі қозғалысқа кедергі келтіреді.

Жоспарлы шешімді сипаттау және негіздеу. Эркері бар бөлмені ата-аналарға арнайды. Оны Үш аймаққа бөледі: жатын (эркерде) және қонақ бөлме (кіреберіске жақын). Бөлме өлшемдері кіші болғандықтан шиырмамен немесе қалқамен шектемейді, бұл оның тұтас алғандағы жақсы жарықтануын сақтауға мүмкіндік береді. Әрлеуші аймақтарға бөлу элементі ретінде төсекке негіз болатын подиумның ірі құрылымын қолданады. Оның бас жағы қабырғадан 200 мм алшақ болады, төбенің төмендеген жеріне бірқалыпты «ауысады» (бас жағынан 400 мм) және қарама-қарсы қабырғада мүлде жоғалады. Бұл құрылымды төменгі жағынан ашық түсті енсіз жұқа тақтайлармен қаптайды. Осындай төсемені еденге де төсейді. Ағаш ішкі көрініске жайлылық пен жылу береді. Еуропалық үйеңкі сүрегі реңкі (уақыт өте келе ол аздап сарғаяды) кеңістікті күн сәулесімен толықтырғандай болады.

Көше жақ аймақта еденге қиял ғажайып суреті бар кілем төсемесімен бөледі. Оны кіреберіске де төсейді (тікелей сыртқы есіктің алдындағы және киім ілгіш маңайындағы үлесіден басқа). Қабырғаларға және фанерден жасалған төсек негіздемесіне сәнді сылақ жағады. Жұмыс орнын жылытылған лоджияда жабдықтайды. Қыз бала үшін «Қоғамдық» аймағын төбені төмендету және тегіс ақ түске бояу арқылы ерекшелейді. Ал жатын бөлмесіндегі биік төбені сәнді сылақпен әрлейді (қабырғалардың бірі сияқты). Мұндай тәсіл әр түрлі жазықтықтарды біріктіреді және кішігірім бөлме бұрышы кең болып көрінеді. Жабынның біркелкі фактурасына қарамастан жарықтандыру есебінен беттер әр түрлі әсер береді.

Hukla (Германия) төсегі және Asko (Финляндия) диваны дүкеннен сатып  алынған, ал стеллаж тапсырыспен  жасалған. Алайда қазіргі кезде  әрлеушілік корпусты жиһаздар  өте көп, ерекше және қызметтік  дайын бұйымды таңдап алуға  болады. Шығармашылық пен қарым  қатынасқа көбірек кеңістік қалдыру  үшін бөлмені саналы түрде  бөлшектермен толтырмайды. Бұл жерде  таныстарды жинауға және тіпті  қонақтарды қонуға қалдыруға  болады.

Ванна бөлмесі кеңістігін дәліз есебінен кеңейтіп, ваннаны алмастырып тұрған душ бөліміне шығыңқы жер жасайды. Санитарлық бөлме кеңейеді, алайды қыздың бөлмесі мен ас бөлмесі алдында ені 85 см қолайсыз тар өтпе қалыптасады. Осы бөлікте Үш бөлмеге ену қауіпсіз болуы үшін арнайы тіріктірелген пеналға жиналатын жылжымалы есіктер орнатады. «Ылғалды аймақтағы» еденді метлах тақтасымен, душ бөлмесіндегі қабырғаларды – мозаикамен қаптайды. Қалған бөліктердегі бөлме қабырғаларын ылғалдын қолғау қасиеттері бар сәнді сылақпен сылайды.

Негізгі стильді сипаттау. Ішкі көріністегі заманауи стиль тыныш және жайлы жалғыздық түрінде болуы мүмкін. Сәндеу стилін қарапайымдылық, әлсіз нәзіктік, құрылым және айқын жолақтар анықтауға мүмкіндік береді. Ішкі көріністе негізгі рольге заттар емес кеңістік ие болады. Назар түске, кеңістікке және пішінге аударылады.

 Заманауи ішкі көрініс  стиліндегі түс. Ішкі көрініс стиліндегі негізгі түстер бейтарап түстер болып табылады. Палитра ашық және батыл түстермен сұйылтылады. Қабырғалар базалық бейтарап түске боялған, бұл ең батыл түсті бөлшектер үшін тамаша фон болып табылады.

Ішкі көрініс стиліндегі сызықтар және кеңістік. Ішкі көріністегі ең айқын және ерекше элемент сызықтар болып табылады. Ол сәулеткерлік бөлшектерде, батыл түсті блоктарды, биік төбелерді пайдалануда, бүркемеленбеген терезелерде, қабырғалардағы геометриялық формаларда және мүсіндеуде қолданыс тапқан. Әр зат дербес және бірегей болып табылады.

Заманауи жиһаз стилі. Жиһаз заттары үшін тегіс, айқын геометриялық формалардың маңызы зор. Жұмсақ жиһаз фактуралық табиғи талшықтардан қара, ақ немесе басқа да бейтарап түсті жабынмен жабылған. Маталар табиғи жүн, мақта, зығыр, жібек, кендір түрі бар және олар ішкі көрініске сән қосады. Жастықшалар таза геометриялық формаларға құрылым мен түс береді.

Түс шешімі. Ағаш ішкі көрініске жайлылық пен жылу береді. Еуропалық үйеңкі сүрегі реңкі (уақыт өте келе ол аздап сарғаяды) кеңістікті күн сәулесімен толықтырғандай болады.

Кілемнің көп түстілігі қонақ бөлмені безендіруде қолданылатын әр түрлі реңдерді қолдайды және біріктіреді.

Нүктелі төбе құрылғылары қыздыру шамы және галогенді шамшырақтарына жіктеледі.

Қыздыру шамы бар нүктелі шамшырақтар галогендерге қарағанда өлшемі бойынша үлкен болады. Олардың шамдары әдеттегі қыздыру шамдары сияқты орналасқан, тек оларда қарапайым емес, айналы-тегіс колбалар пайдаланылады. Колбалардың айналы қабатпен қапталған бөлігі шам құрылымын қызып кетуден қорғайды және шамның өзі де молырақ жарық шығарады. Колбаның Үшнші бөлігі тегіс болып қалады, одан шығатын жарық бірқалыпты шашыраңқы болады. Мұндай шамдар 600-1000 сағаттан асатын ұзақ уақыт жанып тұрмауы керек. Бұл санитарлық бөлмеде сіз шамамен күніне бір сағат уақыт өткізетін болсаңыз шамды Үш жылда бір рет ауыстыру керектігін білдіреді.

Қыздыру шамдарына арналған шамшырақ құрылымы Үш түрлі болады: П-тәрізді, ашық және жабық қорғаныш қаптамасы бар. Қаптама шамшырақты конденсаттан қорғайды, сол себепті оны ылғалды бөлмелерде де пайдалануға болады.

Қыздыру шамы бар шамшырақтардың бір кемшілігі бар. Аспалы тақталарға жасырылатын арқаулардың өлшемдері 8-12 см болады. Бұл осы сантиметрлер есебінен онсыз да биік емес төбе тағы төмендей түседі деген сөз. Үшнші жағынан қыздыру шамы жанып кеткен жағдайда оны ауыстыру галоген шаммен салыстырғанда оңайлау болады. Әдетте шамды бұрап алып, орнына жаңасын бұрап қояды. Ал галоген шамдарда алдымен бҮштілген сақинасын шешіп, содан соң ғана жаңасын қоюға болады.

Галогенді қыздыру шамы бар нүктелі шамшырақтарқарапайым қыздыру шамынан ерекше болады, біріншіден, шыны колбаның өлшемі кіші болады. Ал Үшншіден ішкі толықтырылуы бойынша ажыратылады. Қарапайым шам ішінде ауа жоқ, вольфрам жіп – вакуумда тұрады. Галоген шамдарда қыздыру жібі галогені бар инертті газ қоспасымен толтырылған колбаға орналастырылған (әдетте йод немесе бром). Осы қоспа арқасында галоген шамдар кәдімгі Ильич шамдарымен салыстырғанда жарықты көбірек шығарады. Галоген шамдар ассортименті кәдімгі шамдармен салыстырғанда көбірек. Мысалы нүктелі шамшырақтарға шағылыстырғышы бар галоген шамдар орнатылады. Шағылыстырғыш - бұл айналы қабатпен қапталған кішкентай конус тәрізді плафон. Плафон ашық немесе шамды шаң мен лас заттардан қорғауға арналған шыны қақпақты болуы мүмкін.

Жанып кеткен галоген шамды алмастырғанда жаңасын міндетті түрде майлықпен немесе қағазбен ұстау керек, әйтпесе ол жылдам жанып кетеді. Бұл былайша түсіндіріледі: шам колбасы балқыған кварцтан жасалған, егер колбаны қолмен ұстайтын болса, міндетті түрде майлы дақ қалады. Май кварцтың кристалдануын тудырады, осының есебінен колба сынып, шам жанып кетеді.

Информация о работе Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер