Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 08:03, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.

Вложенные файлы: 1 файл

Бексұлтан диплом.docx

— 175.23 Кб (Скачать файл)

Handmade аксессуарлары

Экостильдің ең маңызды құрауыштарының бірі - ол өз қолыңнан шыққан туындылар. Шет тілінен аударғанда Handmade "қол жұмысы" деген мағына береді және де әлемдік дережеде жоғары бағаланатын . Ең қарапайым дүниенің өзі үйіңізге сән беруі мүмкін. Өз қолыңнан шыққан шырақтартардың өзі үстел үстіне сән береді.

Ыдыс-аяқ және асхана дүниесі

Ыдыс-аяқ таңдағанда біз экостиль ережелеріне сүйенеміз - қарапайымдылық пен бірқалыпты, жылы түс. Дөнгелек формалы ыдыстарды таңдағаныңыз дұрыс. Психологтардың айтуына қарағанда дөңгелек формалы ыдыстар адамға тыныштық пен сабырлылық береді екен. Нәзік хрусталь ыдыстарын сенімді және берік керамика ыдыстарына алмастырыңыз.

Экостилдегі жиһаздар

Өз үйіңізге жиһаз таңдағанда жеңіл, қарапайым және материалының табиғи болғанын есте сақтау керек. Үйіңізге ауыр, үлкен жиһаз қажет бола қоймас. Жиһаздарыңыз жеңіл, ыңғайлы, көзге қарапайым, сапалы және берік болсын.

Үйді өсімдіктерге толтырамыз

Үйіңізге өсімдіктерді таңдаудың маңызы жоғары. Өсімдіктер үйіңіздің сәні болумен қатар үй атмосферасына экологиялық жайлылық береді. Өз қалауыңыз бойынша өсімдіктерді таңдай аласыз. Ірі өсімдіктеді қаласаңыз фикус және юкку(ежелден келе жатқан ірі жапырақты өсімдіктер) өсімдіктерін офис немесе үйіңізге таңдасаңыз болады.

 

 Қабырға мен еден

Эко стиліндегі үйде көзге жат болатындай дүниенің болмауы керек, әрбір зат пен түстер жылулық пен қарапайымдылық атмосферасын қамту керек. Қабырғаларыңызға бір түсті тұсқағаз таңдауға болады. Немесе қабырғаңызға ақ түсті штукатурка мен ағаш рамкалы суреттермен үйлестіруге болады.

Еденге паркет немесе ағаш тектес керамикалық плита таңдауға болады. Егер сіздің еденіңіз экостильге сай келмесе, онда түр-түсімен үйіңіздің интерьеріне сай келетін кілеммен толтырыңыз. [5]

Интерьердегі поп-арт

Қаныққан түстер мен бояулардың молшылығы, ең көрнҮш үйлесімділіктер, заттарға деген әдеттегідей емес көзқарастар, қол жетімділік, қолайлылық пен түпнұсқалық – поп-арт үлгісі өткен ғасырдың 50-60 жылдары наразылық білдіріп, содан бері шарттылықтан еркіндікті ресми мәлімдеп келеді. Заманауи интерьерде поп-артты соншалықты танымал деп атауға болмайды – дегенмен де ол жайдан-жай сәйкес келе бермейтін белгілі бір өмір салтына әдемі көркем көрініс береді.[2]

Поп-арттағы интерьер рухы мен атмосферасынан басталық. Егер Сіз белсенді еңбек еткен күннен кейін тыныққанды ұнатсаңыз, онда бұл үлгі Сіз үшін арналмаған. Бүгінгі таңда поп-арттың жастар дәмханасы мен клубтарын көркемдеуде кең танымал болуы жайдан-жай емес. Ол каминдегі ұшқын шашқан оттың жылуымен, кітап оқитын тыныш кештер үшін емес, үнемі қозғалыстағы, шулы компаниялар үшін ұсынылады. Алайда, тіпті жарқылы көп ортаның өзінде тыныш әрі жанға жайлы уақытты өткізуге болады. Әрбір түстің белгілі бір атмосфераны құрып қана қоймай, белгілі бір көңіл-күйдің қалыптасуына мүмкіндік беретіндігі белгілі. Ал, поп-арт ұсынатын барынша жарқын, қышқылды түстердің үйлесімділігіне әрбір адамның шыдауы қиын. Сондықтан егер Сіз өз үйіңіз үшін осы үлгіні таңдаған болсаңыз, Сіздің айналаңызда үнемі қозғалыстың болатындығына дайын болыңыз. Және егер бұл қонақ бөлмесі мен дәліз үшін кейбір сәттермен дәл келер болса, онда жатын бөлме үшін қиындыққа айналуы мүмкін. Мұнда бойды еркін ұстап, демалу қиынға соғады. Сондықтан өз үйіңіз үшін поп-артты таңдай отырып, жатын бөлмеде поп-арт үлгісіндегі акценттермен, аксессуарлармен ғана шектеліңіз.

Қабырғалардың, жиһаздың немесе еденнің бәсеңдетілген түстерін ашық түсті жастықтармен немесе, мысалы, белгілі бір танымал тұлға бейнеленген суретпен үйлестіруге болады. Алайда, бұл суреттің поп-арт үлгісін көрсетуі үшін, бейне бірнеше ретке көбейтілуі тиіс. Бейнесі қандай да бір түспен ерекшеленетін, өзіндік триптих жасауға болады. Сонымен бірге бір суреттің әртүрлі үлгілерде бірнеше рет көбейтілуі осы үлгіге тән. Поп-арт өнеріндегі мұндай тәсілдің жарқын үлгісі ретінде «Біреуге қарағанда отызы артық» атаулы суреті қызмет етеді. Онда Мэрилин Монроның боялған бейнесі отыз рет қайталанады. Осыған қоса плакат көлемдеріне дейін ұлғайтылған комикстерден тұратын суреттері керемет көрінетін болады.«Еркектер не туралы айтады» фильмінде бейне кейіпкерлерінің Киевтегі өнер галереясында бір қарағанда – ғимараттың қажетті бөлігі ме немесе өнер туындысы ма екендігін айыру мүмкін емес, заманауи өнер, Энди Уорхолла, бастамалар туралы талқылайды. Фильмнің осы көрінісіне сүйене отырып, өз үйіңізде поп-арт үлгісінде интерьер жасауға болады. Себебі, бұл үлгінің басты белгісі - өнердің қиыр шыңына ең қарапайым заттарды шығару болып табылады. Сіз ванна бөлмесінде қол жуғышты қандай да бір қарапайым емес плиткамен және стандартты емес түстермен көркемдесеңіз – таңертеңгі дәретхана орны интерьердің толыққанды стильді бөлшегіне айналады. [11]

Поп-арт үлгісінде жібектерге, барқытқа және ағаштардың бағалы түрлеріне орын жоқ. Пластик – интерьердің ең басты қаһарманы: түсті, ақ, жартылай мөлдір. Онда үстелдер, орындықтар, кереует жанына қойылатын сөрелер жасалынуы тиіс. Алайда егер Сіз жатын бөлмеде поп-арт үлгісінен кейбір бөлшектерді алғыңыз келсе, бөлмені пластик жиһазға толтырудың қажеті жоқ. Ол өте қуатты стилистикалық жүктемеге ие және интерьердің бейтарап, қарапайым бөлшектерімен ол диссонансқа ұшырайды.

Поп-арттағы түстердің жарқындығы мен алуандылығы тек төбелерге жоламауы тиіс. Акценттер мен дизайнерлік шешімдерді реңдестіру үшін төбе ақ түсті болуы тиіс. Бұл керілген жалтырақ болуы мүмкін немесе гипсокартоннан көп деңгейлі композицияны құрыңыз, алайда не болса да, ақ түсті болсын. Төбелерге келгенде түспен ойнаудың қажеті жоқ. Тағы да, егер сіз өз қалауыңызды көп деңгейлі гипсокартонды төбеге тоқтатқан болсаңыз, кеңістікті аздап шектеуге, аумақтарды бөлуге көмектеседі. Поп-арт үшін жай шекараларының жылыстауы сипатты. Әрине, қабырғалар мен есіктер өз орындарында қалайды, алайда бұған қарамастан бөлмелер бір-біріне өтетіндей көрінеді.[11]

Міндетті түрде жайды түсті пластиктен даярланған аксессуарлармен толтырыңыз. Олар пластик жиһазбен және түсті пластиктен даярланған стеллаждармен үйлесетін болады. Дизайнерлік ұсақ-түйектерді таңдау кезінде өз қиялыңызға ерік беріңіз. Бұл белгілі бір мүсіншілер (оларды таңдау кезінде поп-арт ережесі туралы естен шығармаңыз: өнер – бұл сіздің айналаңыздағы заттар), сағаттар, бокалдар, құмыралар, фото-жиектемелер (осыған қоса, оларға не атақты адамдардың негативтерін, немесе коллажға жинақталған, өз фотосуреттеріңізді қоюға болады) және осылайша жалғаса береді.

Үлкен кеңестіктерді талап ететіндігіне қарамастан, поп-арт ең қолжетімді әрі демократиялық үлгі болып қалып отыр. Алайда оны тинейджерлік деп атау қате болар. Себебі, ересек, сәтті адамдардың өзі одан өз керегін тауып жатады. Поп-арттың күмәнсіз жетістіктері қатарына мұндай интерьер өз иесін ұстап тұратын, тонусты жатқызуға болады. Поп-арт үлгісінде көркемделген үйдің өзіңізді қайтадан жас сезінуге мүмкіндік беретіндігі, ал жастарға интерьер арқылы өмірдің жарқын сәттерін көрсетуге мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Осылайша, поп-арттың бюджеттігіне қайта орала отырып... Бұл үлгінің өнер шыңына үйлесімді интерьер жасау үшін тұрмыстың қарапайым заттарын шығаратындықтан, оларды жай жөндеп, барынша көп түс қоссаңыз жетіп жатыр. Картина, жастықтар, коллаждар немесе паннондар сатып алып немесе өз қолдарыңызбен жасай отырып, қарапайым заттар мен бұйымдарды поп-арт үлгісінде өзіңіз жаңартсаңыз жетіп артады.

Сондықтан егер әрдайым өзгерістер мен тұрақты қозғалыстарға даяр болсаңыз, поп-арт үлгісіне өз интерьеріңізді түрлендіріңіз. Дегенмен, жарқын, белсенді, қаныққан түстерден де жылдам шаршайсыз. Бұған қарамастан, поп-арт үлгісіндегі интерьер заттардың қалыпты және жалыққан тәртіптерін ауыстыруға, қабырғаларды басқа түске бояуға, жиһаздардың орнын ауыстыруға мүмкіндік беретіндігімен жақсы. Жалпы алғанда, оны әр адам бүгінгі таңдағы талғам мен көңіл-күйіне қарай өзгерте алады.

 

 

2.2 Масштаб және интерьердің масштабтық байланыстары

 

 

Масштабтау – бұл интерьерде жайлы үй атмосферасын немесе керісінше, көтеріңкі көңіл-күйді құрудың дизайнерлік тәсілі. Кейде әдеттегі емес әсерлерге қол жеткізу үшін адамның қарқынымен бірге үйлеспейтін заттарды саналы түрде қолданылады.

Үй төбесінің биіктігі – 3 м. 

Салмақ түсетін қабырғалар – 350мм. Материал – керамикалық кірпіш.

Орталық тіреу қабырға – 200мм.

Материал – керамикалық кірпіш.

Аралық қалқалар – қалыңдығы160мм, керамикалық кірпіш.

Пәтердің интерьерінде декоративті-конструктивті элементтер де жасалды.

Болашақ нысандарының көлемдерін таңдау кезінде дизайнерлер әдетте үлес және масштаб түсініктерін басшылыққа алады. Үлестер деп бөлшектер мен тұтас өлшемділігі түсіндіріледі; үлестер сандық қатынастар түрінде көрінеді және дұрыс немесе дұрыс емес ретінде қабылданады. Масштаб бір элементтің шамасының өзгелер шамасына қатынасы туралы айтады, ол сәулет имараты (немесе оның интерьері) және барлық тұтастың жеке элементтерінің өлшемділігін білдіреді.

Сауатты қарқындастыру көмегімен жай ішінде жайлы үй ішін құруға немесе керісінше қарапайым бөлмеден сәулетті қонақ бөлмені жасауға болады.

Жиі жағдайда дизайнерлік шешімдер әртүрлі шамалардың Үш немесе одан да көп заттардың қатынасына негізделеді! Мысалы, үлкен емес сурет қандай жерде орналасқандығына қарамастан кең әрі биік қабырғада сенімсіз жоғалып кетеді. Алайда, интерьердің ірі элементтері де бөлмедегі немесе тұтасымен алғанда қалған заттарға қатынасы бойынша аумақта көзге көрінбеуі мүмкін.

Нақты масштабты бағалау жайдың стандартты пішіндеріне және көптеген өзге факторларға байланысты емес, интерьердегі заттардың санының көптігіне байланысты қиыншылық туғызуы мүмкін.

Масштаб үлестермен тығыз байланысты дизайн қағидасы болып табылады. Үлес дегеніміз композицияның бөлшектері арасындағы қатынас болып табылатындықтан, масштаб бір нысанның Үшншісіне немесе бүкіл кеңістікке өлшемінің қатынасымен айқындалады.

Теңсіздік тиімді дизайнды құрудағы ең күрделі мәселелердің бірі және осыған қарамастан түс немесе материал болсын, өзгелердің өлшемдестігі жалпы әсер алуды өзгертеді. Егер интерьердегі барлық дүние бір масштабта ұсталынатын болса, нәтижесі болжауға оңай әрі қызықтан құр қалған болады. Басқаша айтқанда, көзге ұрынар ештеңе болмайды. Әртүрлі көлемдегі заттарды қолдану жайға белгілі бір сипат беріп, тартымды етеді. Белгілі бір жақты масштабтығын бұзу – жүздеген жылдар бойы қолданып келе жатқан тәсіл.

Мәселе масштабқа келіп тіркелгенде, қарапайым ережені басшылыққа алу қажет: бөлмеге жақсы үйлесетін, ең үлкен затты табыңыз. Дұрысы оны диван, кереует, шкаф, үстел немесе есіктер жанына орналастыру қажет. Алайда, масштабты өзге түрде де қолдануға болады. Мысалы, орасан үлкен камин плиталарынан төселген еденді немесе еденнен төбеге дейін кеңістікті алып жатқан есікті елестетіп көруге болады. [17]

Жайдағы заттардың әртүрлі көлемді: ұсақ және ірі болуы өте маңызды. Орта көлемді заттармен шектелмей, материал немесе түсті гамманың біріктіруін ойластыру қажет. Ірі заттармен жұмыс жасау ұсақтармен қарағанда оңай, сондықтан ортақ ережелерді қолданыңыз: пішіні және материалдары ұқсас ұсақ заттарды іріктеңіз; оларды өте көп көлемде қолданбаңыз; қатарға немесе топтастырып орналастырыңыз; егер барынша үлкен әсер туғызғыңыз келсе, оларды үлкен заттардың қасына орналастырған жөн.

Көлемі бойынша барынша ірілердің қасына орналастырылған нысан кішкентай көрінеді. Барынша кіші көлемді заттар өзге нысандар арасында үлкен көрінеді. Сонымен бірге, «орташа» немесе «қалыптыға» қарағанда нысан көлемі барынша үлкен ретінде қолданылады. 
Мысалы, кішкентай үстелдер жанындағы үлкен креслолар сҮшлді, жұқа әсем орындық жалпақ үстелмен жұпта ауқымнан тыс көрінер еді. 
Масштабты сонымен бірге адам денесіне қатынаста қарастыруға болады. Осылайша, тең емес үлкен интерьерде сіз өзіңізді өте кішкентай сезінер едіңіз және адамзаттық масштабтың жетіспейтіндігін айтуға болады. 

Әдетте ірі масштабты күшті, ресмилікті, қауіпсіздікті білдіреді және бұл жиі жағдайда бұл сапаларды күшейтетін әсер қалдырғыш ғимараттарды құру үшін қолданылады. Алайда ірі ауқымды ғимаратқа келудің жөні мен мұндай ғимаратта өмір сүрудің жөні Үш басқа. Мүлтіксіз үй туралы ұғым өзіңізді жайлы әрі ешқандай күштеусіз - өте үлкен емесе, не өте тар емес тең, қызметтік кеңістіктен тұрады.

Адамзаттық масштабты біз көріп әрі қолдануға әдеттенген кейбір элементтер – есік саңылаулары, терезелер, баспалдақтар, үстелдер және әртүрлі тіреу орындары (кресло, дивандар, кереуеттер) арқылы қабылдаймыз. Бұл элементтер адамзаттық масштабты үлкен жайларда сақтайды.

Масштабтар мен пропорциялардың дұрыс арақатынасы – бұл интерьер дизайнерінің алдынан шығатын ең негізгі міндеттердің бірі.

Масштабтар мен пропорциялардың дұрыс арақатынасына интерьерді визуалды түрде қабылдау мен адам өзін онда қаншалықты ыңғайлы сезінуі байланысты.

Интерьер дизайнерлері бөлменің көлемі мен ондағы заттардың көлемі туралы айтқанда «масштаб» терминін қолданады. Жиһаз, шамшырақтар және декор элекменттерін таңдау кезінде пропорционалдық қағидасын сақтана отырып, олардың көлемдерін ескеру қажет. Бұл қағида барлық элементтердің бір бірімен үндестікпен үйлесуі. Алайда элементтер тек көлемі жағынан ғана емес, түс, ұзындығы және де пішіні бойынша да үндестікте болуы керектігін есте сақтаған дұрыс.[25]

Масштаб үйлесімі қағидасы сонау Ежелгі Грекияда да қолданылған. Гректер ғибадатханаларының пропорциялары мен көлемдерін адаммен арақатынасты етіп салуға ұмтылған. Сондықтан олар адамзат дене пішімін мүшелердің пропорционалды арақатынасы ережесі бойынша мұқият зерттеген. Дәл осындай ережелер кейін ғимараттар құрылысына да қолданылған. Осының арқасында антикалық құрылыстар қазіргі таңда әсемдік пен үйлесімділіктің мұраты болып табылады. Тіпті ең зор грек сарайлары, өз ғаламаттығымен адамды еңселемей, оған көлемі жағынан үйлесімді келеді. [17]

Осы қағидалар қазір интерьелерді жобалауда қолданылып, олардың функционалдығын қамтамасыз етіп келеді. Мысалы, жиһаздар мен архитектуралық элементтердің барлығын көлемі кәдімгі орташа адамның дене бітімін сәйкес келуі тиіс. Төсектердің ені, үстелдер мен жұмыс жазықтықтарының биіктігі, саты өлшемдері – барлығы бізге күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы етіп анықталады.

Сонымен қатар пропорционалдылық тек функционалды ғана емес, және де эстетикалық құрамдастыққа әсер етеді. Сондықтан үйлесімді әрі әсем интерьер құру үшін бірнеше қарапайым ережелерді ұстанған абзал:

  1. Бөлме аумағына сай келетін жиһаз таңдау. Үлкен бөлмеге көлемді жиһаз, ірі шамшырақтар мен декор элементтерін қоюға болады. Үлкен көлемді жерде шағын, кішкентай заттар көзге ілінбей қалады да, ойыншық сҮшлді көрінуі мүмкін. Ал шағын интерьерлерде бөлмені көрер көзге ыбырсытып көрсетпейтін, ықшам әрі жинақы заттарды таңдаған жөн.
  2. Барлық элементтерді композициялық орталықпен сәйкестендіру, үйлестіру. Жиһаз бен декор элементтері интерьердің негізгі басты элементіне пропорционалды болуы тиіс. Ірі көлемді диванның үстіне жіңішке графиканы ілуге болмайды. Үлкен үстелдің айналасына тым шағын орындықтар қою да ерсі көрінуі мүмкін.
  3. Биіктіктердің пропорционалдығы. Жиһаз алған кезде, оның биіктігіне мән беру керек. Егер қоятын бөлменің үстіңгі қабырғалары аласа болса, оған сәйкес биік емес жиһаз таңдаған дұрс болады, және де керісінше.
  4. Алайда заманауи интерьерлерде бұл ереже сақталмайды. Оларда аталған пропорция әдейі бұзылады. Конструктивизм стилінде аласа жиһаз биік қабырғалы бөлмелерге анағұрлым бейнелілік пен драмалық әсер беру үшін қойылады.
  5. Пішіндердің пропорционалдығы. Интерьер элементтерінің пішіндері де бір-бірімен үйлесіп тұрғаны жақсы. Мысалы, тік төртбұрыш диван, үстел, қабырғадағы жиектемелер мен есік ойықтарының арасынан осы элементтердің барлығы бір ырғақты композицияға жиналатындай пропорционалды үйлесімділік табуға тырысу керек.
  6. Бос орын қалдыру. Бөлмедегі әрбір метрді толтыруға тырыспай, ірі жиһаздың маңайында көбірек бос орын қалдыру қажет. Бос кеңістіктер көзқарасты демалту үшін керек. Олар да дизайнның элементі және айналадағы заттарға үйлесуі керек.
  7. Мысалға, қандай да бір заттың маңыздылығын оның маңайында біраз бос орын қалдырумен айқындап көрсетуге болады. Алайда пропорциялар сақтауы керек, себебі үлкен қабырғада ілініп тұрған жалғыз кішкентай сурет өте жалғызсырап, жеңіл-желпі ғана көрінуі мүмкін.
  8. Ал Үшнші жағынан, тіпті ірі алауошақтың өзі жиһазға лық толы бөлмеде көзге түспей қалады. Сонымен қатар лықа толтырылған бөлмелер тарлық сезімін туғызып, жайсыз күйге түсіреді.
  9. Түстер мен оюлардың мөлшері бөлмеге пропорционалды болуы тиіс. Шағын бөлмелер үшін монохромды түс гаммасын таңдап, ал акцент ретінде ғана бір жарқын түс алған дұрыс болады. Ал ашық түстерді едәуір үлкен жерлерде қолданған жөн. Мұндайда ірі өрнектер мен оюлар кішкентайларына қарағанда үйлесімдірек көрінеді.
  10. Ережелерді бұзу. Дизайнерлердің пропорционалды біртоға интерьерлер жасауға ұмтылатындықтары белгілі. Алайда кейде олар әдейі диспропорциялыққа, яғни үйлеспеушілікке жүгінеді. Бөлмеде бір элементті ерекшелеу үшін, басқа заттарға үйлесімді емес масштаб қолдануға болады. Мысалы, үстел төбесінде ілінген ірі шамшырақтар тамақтану аймағын интерьерде айқындап көзге түсіретін болады.

Информация о работе Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер