Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 08:03, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.

Вложенные файлы: 1 файл

Бексұлтан диплом.docx

— 175.23 Кб (Скачать файл)

Галогенді шамдары бар шамшырақтардың бір сөзсіз артықшылығы бар: оларды құрастыру кезінде аспалы төбе бар болғаны 3,5-6 см ғана төмендейді, сол себепті олар әдеттегі шамы бар шамшырақтардан аз. Оларды төбесі аласа бөлмелерде қолдану тиімді әрі қолайлы екендігі түсінікті. Егер галоген шамдар сапалы болса және сіз оны тиісті түрде пайдалансаңыз шамшырақтарыңыз әдеттегі қыздыру шамдарымен салыстырған ұзақ уақыт – 2000-4000 сағат қызмет етеді. Яғни сіз он жылға дейін шамды алмастыру туралы ойланбайсыз. Алайда бұл тек «шам өндірісі алыптары»: «Осрам» (Osram) неміс және «Дженерал Электрик» (GeneralElectric) америкалық компаниялардың өнімдеріне ғана қатысты.

Галогенді шамдары бар нүктелі шамшырақтар тұтас алғанда қарапайым қыздыру шамы бар шамшырақтармен салыстырғанда қымбат болады. Алғашқы сатып алу және орнату қымбатқа түседі, дегенмен одан кейін алаңсыз және шығынсыз жүруге болады.

Сонымен қатар, галоген шамдар бағытталған жарық шоғырын береді, сіз шашырау бұрышы 8 - 60° дейін шамды таңдай аласыз. Мұндай «тар» бағыттыық ішкі көріністің қандай да бір жеке затын жарықтандыру қажет болған жағдайда әсіресе жақсы болады. Галоген шамдар 220 және 12 вольтқа есептелген. Алғашқыларының жарамдылық мерзімі – 2000 сағат, Үшншілерінікі – 4000 сағат. 12 вольттық шамды сатып алып, орнатқан қолайлы сҮшлді көрінеді, дегенмен біздің үйлерде сым 220 вольтқа есептелген – сол себепті міндетті түрде 220 вольтты 12 вольтқа түрлендіретін трансформатор болуы тиіс.

 Жиһаз және жабдықтар. Қазіргі кезде «заманауи классика» атауына ие болған бағыт кең таралып  отыр. Өзінің мәні жағынан  заманауи классика  дәстүрліге жақын – негізгі мақсаты тұрақтылық пен тиімділік ахуалын қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда дәстүрлі классицизм үшін міндетті әрлеу элементтерінен көптеген әрлеушілер бас тартуға тырысады. Заманауи классика  төбелердегі архаикалық мүсіндемелер мен бағаналарсыз жеңілдетілген түрде болып келеді. Сонымен қатар, сапалы табиғи материалдарға – ағаш сүрегінен жасалған ағаштарға, мәрмәрдан жасалған тақталарға немесе классикалық формадағы керамикаға баса назар аударылады. Құрылғылар мен жиһаздар тізімін сипаттама түрінде беремін [кесте 1].

Сантехника және тұрмыстық  техника. Заманауи тұрғын үйдің жайлылық деңгейі көптеген параметрлермен анықталады, олардың ішінде маңыздылары санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету болып табылады. Санитарлық бөлмелердің болуы, саны мен өлшемдері олардың жайлылығы дәрежесін айтарлықтай дәрежеде анықтайды.

Сонымен қатар, жайлылық деңгейін пәтердің тұрмыстық техникамен жабдықталуы анықтайды, оларсыз пәтер заманауи деп аталмайды.

Қайта жоспарлағаннан кейін біздің пәтерде дәліз орнында ванна және унитаз орналасқан қосымша санитарлық бөлме пайда болды. Сонымен бірге барлық мүмкін шкафтар мен сөрелерге жеткілікті орын пайда болды. Келесі санитарлық бөлмеде унитаз, шұңғылша және душ кабинасы орналасты. Техникалық жабдықтау құралдарының толық тізімі сипаттамада берілген.

 

 

 

2 Пәтер интерьерін жобалаудағы  конструктивизм стилі

 

 

2.1 Конструктивизм стилінің ерекшеліктері мен түсініктемелері

 

 

Жанұя жылуына, үйдің ішкі сұлулығына қазақ халқы өте ыждағаттылықпен қараған ал бұл талап интерердің стиліне тікелей қатысты.

Стиль – бұл дизайн-жобасының негізгі идеясын жеткізу тілі болып табылады. Интерьер стильдері әр түрлі болып келеді, дегенмен олардың барлығы дерлік сіздің көзқарастарыңызға, мінез-құлығыңызға және әдет-қылықтарыңызға байланысты. Қоршаған кеңістікке енгізілгелі отырған қандай да бір элементтің үйлесімділігі мен қолайлылығы өте үлкен маңызға ие. Сізің интерьеріңіздің стилі өзіңіздің жеке даралығызды ерекшелеп тұруға тиіс, сондықтан интерьер стилінің таңдауына аса маңыздылықпен қараған жөн.

Көбінесе әр орын немесе пәтердің дизайны: қонақжай дизайнының қайталанбас нұсқасы немесе ас үй дизайнының лайықты шешімі болмасын, ас бөлмесінің дизайны, балалар бөлмесінің ерекше дизайны немесе жұмыс бөлмесінің іскер стилі болмасын, жатын бөлмесінің жекеше дизайны немесе жуынатын бөлменің функционалды дизайны болмасын, кіре берістің қонақжай дизайны немесе киім бөлмесінің заманауи дизайны болмасын – барлығы  интерьер стилі сҮшлді жеке жасалады.

Әр орынның интерьер дизайнында интерьер стильдері болады, оларды тағы стильдік бағыттар деп те атайды. Стиль дегеніміз, бұл – белгілі бір уақыт немесе архитектуралық бағытқа ғана тән емес, сонымен қатар қандай да бір адамға немесе оның тұрын үйіне тән белгілер жиынтығы, ерекше амал-тәсілдер мен құралдар бірлігі, көркем және идеялық жалпылық. Интерьердің қандай да болмасын стилі бұл – ерекше белгілер жиынтығы, көркем бағыттың бірлігі.

Интерьер элементтерінің біртұтастығына, интерьердің стильдік ерекшеліктеріне негізделеді.Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі элементтеріне: бөлменің құрылымына, оның ішіндегі жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына, түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-терезе перделеріне, тіпті сәндік бұйымдары Интерердегі стильге байланысты,  Ал осы жоғарыда аты аталған нәрселер шамадан тыс артық болса, ол адамның көңіл күйіне кері әсерін тигізеді. Адамды жалықтырып. шаршатуы мүмкін. [4]

Мен осы дипломдық жобада интерьерге стильді таңдауда  Конструктивизм стилін қолдандым, бұл стиль туралы, және осы стилді таңдау себебім төменде айтылады.

Заманауи интерьерде стильдер жетіп артылады. Тапсырыс берушінің барлық тілектерін ескере отырып, қайталанбас дизайн жасау мүмкіндігі пайда болған. Стильдердің көптүрлілілігі үнемі даму үстіндегі құрылыс пен дизайн саласымен бҮштіліп, солар үшін функционалды ерекшеліктері жағынан ғана сәйкес келетіндей емес, эстетикалық жағын да айқындайтын материалдар шығарылады.

Өзімнің осы дипломдық жобаны жасау барысында, мені біршама қызықтырған стильдер болды. Осы стильдердің бірін қолдануды жоспарлағаным да болды,  олар: Экостиль, Арт поп. Бірақ ойлана келе, акырында Конструктивизм стилін таңдап алдым, өйткені бұл стиль басқа стильдерге қарағанда менің назарымды аударды, жобама сәйкес келді, әрі қалған стильдерге қарағанда маған да, жобаланытын пәтердің иелеріне де тартымды көрінді.

Конструктивизм стилі

Конструктивизм: бейтараптықты сақтау. Функционалдық – бірінші орынға, функционалдық – Үшнші орынға, функционалдық – үшінші орынға, ал десертке – бейтараптық қойылады.

Конструктивизм (ағылшын тілінен аударғанда – «заманауи» деген мағынада) интерьер стилі ретінде хай-тек пен минимализм стильдерінің қатаң анықтамаларына жатпайтын қазіргі кездегі дизайнның жаңалықтарын өзіне иеленеді.

Конструктивизм стилінің жалпы сипаттамасы:

Конструктивизм – қандай да бір стилистиканы анықтау қиынға түсетін интерьер стилі. Мысал ретінде Конструктивизм стилінде жобаланған бөлмелерді төмендегі 1,2,3,4 - суреттерден байқауға болады.

 

 

Сурет 1 – Жатын бөлменің Конструктивизм стиліндегі нұсқасы

 

 

Сурет 2 – Ас бөлмесінің нұсқасы

 

 

Сурет 3 – ванна, әжетхана бөлмесінің нұсқасы

 

 

Сурет 4 – жатын бөлмесінің Конструктивизм стиліндегі нұсқасы

 

Көрсетілген суреттерден Конструктивизм стилінің ерекшеліктерін байқауға болады, барлық бөлмелердің өзіндік үйлсетірілімдерін көруге болады.

Конструктивизм стилінің интерьерлерін тарихи дәуірден дәйексөз  келтіретін дәстүрлі стильдерге жтқызуға болмайды, алайда олар жайлылық, қарапайымдылық, функционалдық пен қол жетімділіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді. Итальяндықтар оны жаңа идеялар мен технологиялардың жолын ұстаушы ретінде «Конструктивизмо» деп атайды.

Конструктивизм – жалпыға қол жетімді стиль. Ол қарапайымдылық, жайлылық пен тиімділікті қалайтын және де пәтер жиһаздарын жекелей немесе толығымен 5-7 жылда бір ауыстырғанды ұнататындардың барлығының көңіліне қонады. Ол көпке түсінікті әрі орындауға қолайлы. Конструктивизм стилінің негізгі қағидасы - жайлылық, қарапайымдылық, функционалдық пен қол жетімділік.[9]

Конструктивизм стилінің өзгешелігі оның ойланып жасалған дизайнерлік идея нәтижесінде емес, интерьерде аяқ-асты пайда болуында. Оның эклектикалығы мен ұзақ сақталғыштығы осыда жатыр.

Сонымен, Конструктивизм стилін қысқаша сипаттай кететін болсақ, ол – түрлі стилистикалық бағыттардың түйісуінде дүниеге келіп, бірақ олардың ең жарқын ерекшеліктерін алмай, керісінше бейтарап түрде тең тұрған стиль. Конструктивизмді ең алдымен тиімділігі үшін, Үшншіден тіпті шағын орындарда да толық стилистикалық шешімді жүзеге асыру мүмкіндігі үшін (бұл шағын пәтер тұрғындары үшін өте көкейтесті),  үшіншіден бұл стиль кез-келген дизайнерлік идеяларды жүзеге асыруға жақсы фон бола алатындығы үшін ұнатады.

Конструктивизм тілек пен мүмкіндіктерді қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Мысалға, классикалық интерьерді қалап, алайда пәтер көлемі онда жиһаздың классикалық элементтерін қисынды етіп орналастыруға мүмкіндік бермесе, Конструктивизмді таңдау жөн болады. Ол дегеніміз – бейтарап интерьер және қосымша бірнеше классикалық детальдар (гүлсауыт, суреттер, диван және кресло), яғни тарихқа сілтемесі бар пәтер. Егер минимализм керек болса, бірақ ол таза түрінде тым суық болып сезілсе, нағыз шешім – Конструктивизм. Минималистикалық детальдар бейтарап фонда ерекше жарқын көрінеді. аталған стиль негізінде тарихи оқиғалардан емес, көбінесе қатаң қажеттіліктен туындаған. Үйдің интерьерін Конструктивизм стилімен жасап, аз шығынмен көп нәтижеге жетуге болады. [7]

Мұнда түс таңдау мен жиһазды орналастыруға қатысты ережелер жоқ. Әркім өз талғамы мен әдеттеріне сүйене отырып, интерьер жасауына болады. Мысалы, жарқын түстер ұнамаса, интерьерге бірнеше жарқын элементтер қосып, сурет іліп немесе диванға ашық түсті текстильді жастықтар қойып, интерьерді пастельді өшкін түстермен безендіруге болады. Және де интерьер жалықтыратындай біркелкі болып көрінбейді, онымен қоса талғамға да зияны келмейді. Айта кетерліктей, ол басқа ерекше стилистикалық ағайындарына қарағанда өзінің бейтараптығының арқасында бірнеше жылдан соң да жалықтырмайтын болады. Тіпті егер қоршаған айнала аздап көзге үйір болып қалса, бірнеше детальді ауыстырғанның өзінен-ақ орын жаңа түстермен көз тартатын болады. Интерьер бөліктерінің өзара алмасымдылығы – бұл Конструктивизм стилін таңдауға деген тағы бір маңызды қосымша. Интерьерді жаңа заттар сатып алмай, жиһаздардың орнын аздап ауыстыру арқылы-ақ жаңартуға болады. Конструктивизм – мәжбүрлемейтін, әрі көп ештеңе талап етпейтін өте демократиялық стиль. Тек өз әдетіңді ғана басшылыққа алып, ыңғайлылыққа негізделеді. 

Конструктивизм ықшамдылық пен жинақылыққа үйір, және бұл түсінікті жайт. Өйткені бұл стильді көбінесе артық декоративті элементтер бос кеңістікті жоғалтатын шағын пәтерлердің иелері таңдайды. Ал Конструктивизм үшін жарық та ауа да қажет. Ал олардың екеуін де көз алдынан бөлмені қалқалап тұратын қандай да болмасын ұсақ-түйектерді алып тастап, кеңістікті мүмкіншілігінше кеңейту арқылы қамтамасыз етуге болады.

Шкаф-купелер мен сөрелерге кірістірілген ұяшықтарға көңіл аудару қажет. Дәл осылар арқылы шағын пәтерді едәуір ұлғайтып, кеңдік пен еркіндіктің күйін сезіндіреді. Күндіз қабирғаға қарай жиналатын диван-төсек таңдаған жөн, мұндай жиһаз Конструктивизм стиліне үйлесімді болады. Сонымен қатар бірнеше бөлмені біріктіруге де болады, мысалы, ас үй мен қонақжайды бөліп тұрған қабырғаны алып тастап, бір жағынан толық қанды тамақтану аймағын жасап, Үшнші жағынан қонақжай бөлме өзінің негізгі функциясында қалады. Және пәтер иесі де қонақтармен тар жерде қыстырылыспай, еркін тыныс алуына болады.

Еркін кеңістіктің әсеріне таңдаған жиһаз да үлесін тигізеді. Ол минимум орын алып, максимум функционалды болуы қажет. Антикварлық буфеттер мен бай әшекейленген консольдарды қоюдың керегі жоқ екендігі сөзсіз. Конструктивизм стиліндегі интерьерде олар бөлмені тек ыбырсытып, диссонанстан басқа ештеңе бермейді. Жиһаз таңдаған кезде тік, ықшам да жинақы модельдер мен жұмырланған бұрышы бар жиһаздарға көңіл аударған жөн. Ал олардың жасалған материалының қандай болуы аса маңызды емес. Конструктивизм соңғы кездерде қаржылық шығыннның көлемі қаншалықты болса да, оңай жасалатын интерьер стилі ретінде танымал. Бөлмелерді жөндеуге жай стандартты тақтайшаны да немесе эксклюзивті коллекциялық керамика тақтайша алуға болады, жай ағаш жоңқа тақтайшадан жасалған шкафқа тапсырыс беруге болады немесе ағаштың басқа да қымбаттау түрін таңдауға болады – ең бастысы, барлығы интерьерде үйлесімді бола береді.

Жалпы мұндай интерьерде өңдеу материалдары болмасын, жиһаз бөліктері болмасын, көбінесе жаппай өндірістің заттары жиі қолданылғанмен, Конструктивизм стилін жауапкершіліксіз немесе ерекше қасиетсіз деп айтуға болмайды. Конструктивизм, басқаша айтқанда, таза бет сияқты, онда әркім өзіне жақын көріністі жүзеге асыра алады. Жинақылық пен қарапайымдылықты негізге ала отырып, әркім өз тұрағын қанша уақыт болмасын, қанша шығармашылықпен болмасын үнемі толықтырып отыруына мүмкіндігі бар. Қолданымға түрлі декоративті әшекей элементтер, сүйкімді уақ-түйек бұйымшалар, гүлсауыттар, сувенир естеліктер, жастықтар, ерекше перделер, шымылдықтар немесе қолдан тігілген дастархандар, өзгеше бір шамдар немесе антикварлық шам қойғыштар ... Жалпы айтқанда, көңілге не қонымды, соның бәрі жарайды. Қиялдап, ойлап, әркім өзіне ғана тән, өз әдеттері мен қылықтарына ғана бағынышты, еркін дем алып, құштарлықпен жұмыс істей алатын  интерьер жасап ала алады. Түрлі тарихи стильдерге де жүгінуден тартынбай – классиканың бір сарынын қосып, минимализмнің де үнін енгізіп, функционализмнің салқындығын немесе хай-тектің жоғары технологиясын қосуға болады. Ал егер нәтиже көңілге қонбаса, интерьердің бірнеше детальдерін өзгертіп-ақ, оны жап-жаңа кеңістікке айналдыру оңай.

Ал енді осы дипломдық жобаны жасау барысында, мені біршама қызықтырған стильдерге тоқтала кетсем, олар:экостиль жәнепоп-арт.

Үйдегі экостиль

Қазіргі заманғы жоғарғы құрылғылардың арқасында біз өз айналамыздағы кез келген затқа түр-түс беріп түрлендіре аламыз. Үйге қазіргі жетістіктер мен қоса жайлылықты үйлестіру экостиль еншісінде немесе француздар айпақшы "натюрель" стилі.[5]

Қазіргі таңда экостиль дизайн әлеміндегі ең танымал бағыттардың бірі. Егер сіз өзіңізді қоршаған металл, шыны, пластик, офисыңыздағы артық дүниелерден шаршасаңыз, экостиль көмегімен үйіңізге жайлылық пен жылу атмосферасын орната аласыз.

Информация о работе Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер