Пәннің міндеттері мен мақсаты. Оның ғылым жүйесінде алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 14:25, лекция

Краткое описание

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» оқу пәні – ол дегеніміз адамға табиғи және техногенді, әлеументтік сипаттағы құбылыстардың жағымсыз әсер етуі мүмкін болатын оқиғаларға арналған, оларды алдын алу немесе болдырмау бойынша шараларды ұйымдастыру.
«Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсының мақсаты болашақ мамандарды:
- өмір сүрүдін қауіпсіз және қатерсіз жағдайын құру үшін;

Содержание

1. Пәннің міндеттері мен мақсаты. Оның ғылым жүйесінде алатын орны.
2. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі мемлекеттің атқаратын рөлі.
3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы ҚР заңы.
4 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері» туралы ҚР үкіметінің қаулысы.
5 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға алып келетін авария, зілзала, апат себептерін зерттеудің ережелері» туралы ҚР үкіметінің қаулысы.

Вложенные файлы: 1 файл

1 Конспект лекций по ОБЖ каз.doc

— 267.00 Кб (Скачать файл)

Өзінің физиологиялық  әсер етуіне қарай тұман адам ағзасынның тыныс алу жолдары мен қан-тамыр  жүйелеріне өте қауіпті және денсаулығы әлсіз қала тұрғындарының ерте дүниеден кетуіне себеп болады. 

Автокөліктерден шығатын  түтінді газдардың құрамында  кездесетін қорғасын қосылыстары адам ағзасына кері әсерін тигізеді.  Адам қанында қорғасынның болуы оның ауа құрамында көбеюімен жоғарылайды, ол қанды оттегімен қамтамасыз ететін ферменттердің белсенділігін төмендетеді және зат алмасу процестерінің бұзылуына алып келеді.

Атмосфераға зиянды қалдықтарды  тастауды төмендетудің тиімді жолы –  қалдықсыз және аз қалдықты өндірістер мен технологиялық процесстерді енгізу, ауаны тазартуды қамтамасыз етіп тұрған құрылғылардың тиімділігін  жоғарылату, ауаны рециркуляциялайтын тұйықталған ауа циклдарын енгізу.  Өнеркәсіптік, әсіресе қайта енгізілетін агрегаттар шаң мен гады ұстап қалатын құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс. 

Көптеген мемлекеттердің апаттары сулы объектілердің химиялық және микробиологиялық ластануымен  тікелей байланысты.  Су қоймаларының өнеркәсіптік сулармен ластануының нәтижесінде оларға әртүрлі химиялық заттардың мыңдаған түрлері келіп түседі. Олардың ішінде ең көп тарағаны мұнай өнімдері, ауыр металлдардың тұздары, фенол, еріткіштер мен басқа да зиянды қосылыстары.

 Таза ауыз суының  тапшылығы көптеген аурулардың, тіпті адам өлімінің басты  себебіне айналуда.  Ластанған  судан пайда болған аурулардан, әр сегіз секунд сайын сәби  өлуде. 

Судың ластану факторларына мыналар жатады:

    • су қоймаларына тазартылмаған ағынды суларды жіберу;
    • улы химикаттарды жауын шашындармен жуу;
    • газ-түтінді тастандылар;
    • мұнай мен мұнай өнімдерінің ағуы.

Су қоймалары мен  су ағындыларына - өнеркәсіптік, коммуналды-тұрмыстық, коллекторлы-дренаджы және тағы да басқа  тазартылмаған ағынды суларды жіберуі ең көп зиян келтіреді. 

Жер асты суының белсенді түрде тасымалдануы нәтижесінде  ірі су бекеттері мен шахтаның су жинауының арқасында жер асты суының күрт деңгейінің төмендеуі байқалды, жер қыртысының отыруының дамуы  сезілді. Жер асты суының ресурстары мықты антропогенді ластануға соқтығады. Мемлекетімізде жер асты сулары ластануының  456 ошағы табылды, оның ішнде 103 нысанда жүйелік ауытқулар байқалды. Жер асты суларының ластану аудандары бірнеше квадрат шақырымнан ондық, жүздік шақырымдарға дейін жетті.

Ластанушы жер асты суларының  ішінде мынандай заттарға ие: сульфаттар, азот қосылыстары, фенолдар, ауыр металдар. Жер асты суларының металлургия  өндірісіндегі орналасқан шекарада кадмий, селен, сынап сияқты заттар кездеседі.

Бүгінгі таңда таза су бассейіні мәселесін мына келесі әдістер, тәсілдер бойынша шешу қажет:

- Жоғарғыластаушы өндірісінің  жұмыс көлемін азайту;

- жоғарғы тиімді техникалық  құралдары пайдалану;

- пайдалынылатын су  көлемінің ластануын азайту.

Қалдықтар, олар өндірісте  пайда болады және олар ұнтақталып, жойылып үлгермейді, ортаға сіңіспейді, олар жиналу арқылы адамға тиісті табиғи ортаны өзгертеді.

    Индустриалдану  мен ғылыми-техникалық үрдіспен  урбандалу ғымы тығыз байланысты  болады. Ол дегеніміз табиғи жүйенің  жасандымен алмасуына әкеледі, қоршаған ортаның ластануына, адам ағзасына психикалық, физикалық, химиялық қысымдардың көбейюіне әкеледі. Ірі қаланың барлық табиғи компоненттері  - атмосфераны, өсімдіктерді, жер қыртысын, жер асты сулары мен жер үстін, құм, мен климат барлығы өзгереді. Қалада электрлік және магнитті жер өрістері өзгереді.

Ірі аса қауіпті жойғыш  биосфера әсер ететін нәрсе ол ядерлі сынақ өткізу немесе басқа да қазіргі  заманғы қару түрлерін сынақтан өткізу нәтижесінде  адамзат өміріне  кәдімгідей  өте үлкен қауіп туғызатыны айқын.

Табиғатқа антропогенді әсердің маштабының ұлғаюы Жердің экологиялық  тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ жиі табиғи және техногенді жағдайлардың орын алуы белен алады: табиғи апат, катастрофа  мен авариялар, өмір тіршілігінің нормалды жағдайы бұзылуы. Бұның барлығы әлемдік қауымдастықтың белсенді түрде жедел түрде керекті шараларды қолға алып өмір тіршілігінің қауіпсіздігі үшін оларды орындап, іздеп, қамтамассыз етуі керек,  ол жеке қауіпсіздік, жеке денсаулықты сақтау, қоршаған ортаны сауықтырумен ұштасып жатыр.

 

Ұсынылған әдебиеттер

1. Русак О. Н., Малаян К. Р., Занько  Н. Г. Безопасность жизнедеятельности. / Под ред. О. Н. Русака. –  СПб.: Издательство «Лань», Москва: ООО  «Омега-Л» 2004 ж. – 448б.

2. Крючек Н. А., Латчук В. Н, Мирнов С. К. Безопасность и защита населения в чрезвычайных ситуациях: Учебник для населения / Под общ. Ред. Г. Н. Кириллова. – Москва: баспа НЦ ЭНАС, 2003.-264 б.

3. Безопасность жизнедеятельности.  Безопасность в чрезвычайных  ситуациях природного и техногенного характера: Учеб. пособие/В.А.Акимов, Ю.Л. Воробьев, М.И. Фадеев и др. баспа, перераб. - М.: Высш.шк.,2007.-592 с.:ил.

4. Безопасность жизнедеятельности:  Учебник для вузов/ С.В. Белов,  А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков және т.б..: Под общ. ред. С.В. Белова.4-ші баспа.-М.: жоғарғы мектеп,2004.-606б.

 

Тақырып 6. Қоршаған орта мен адамды табиғи және техногенді сипаттағы зиянды және қауіпті факторлерден

 

Дәріс жоспары

1. Қауіпті тіршілік  ету ортасы.

2. Зиянды факторлерден  Қоршаған ортаны қорғау жері (экобиоқорғаныс техникасы).

3.  Жеке қорғану  құралдарының сипаттамасы мен  пайдаланылуы.

 

1. Халықты және аумақты  техногендiк сипаттағы ТЖ-дан  қорғау мақсатында бағдарламада мыналар көзделедi:

      мониторинг жүйесiн дамыту және техногендiк аварияларды болжау;

      өнеркәсiптiк  қауіпсiздiктi қамтамасыз етуде өндiрiстiк  бақылаудың рөлiн арттыру, мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру және дамыту;

      өнеркәсiптiк  қауiпсiздiктi басқаруда машиналар  мен жабдықтардың республиканың нормалары мен талаптарына сәйкестiгiн растау тетiктерiн, басшылар мен персоналдарды даярлау мен аттестаттауды тиiмдi пайдалану;

      қауiптi өндiрiстiк объектiлер қауiпсiздiгiн  декларациялау рәсiмдерiнiң мiндеттiлiгiн  қамтамасыз ету, бұл жұмысқа  жергiлiктi атқарушы органдарды белсендi түрде тарту;

      өндiрiстердi  жаңғыртуға, қауiптi өндiрiстiк объектiлердi дамытуға және техникалық қайта жарақтандыруға жәрдемдесу;

      бiрiншi кезекте Каспий теңiзiнiң жағалауындағы  су астында қалған учаскелердегi ұңғымаларды жою және консервациялау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылау;

      өрт  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында  мемлекеттiң бiрыңғай ғылыми-техникалық  саясатын және қоғамдық сананың  жаңа деңгейiн әзiрлеу;

      өртке  қарсы қызметтiң ұйымдастырушылық  қағидаттары мен техникалық құралдарын жетiлдiру.

      ТЖ саласындағы  уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдар мен кәсiпорындар басшыларының:

      ықтимал  техногендiк ТЖ-ның сценарийлерiн  болжау және техникалық қатерлердiң республикалық, аумақтық, объектiлiк болжау карталарын жасау;

      экономика  салаларында және аумақтық белгiсi  бойынша мониторинг және техникалық қауiп-қатерлердi басқару жүйелерiн құру;

      басқару  процестерiн бағдарламалық қамтамасыз  етудi қалыптастыру және ақпараттық қамтамасыз етудi дамыту, ТЖ саласындағы техникалық қатерлердi болжау және олардың мониторингi;

      трансшекаралық  салдарымен техногендiк ТЖ-ның  алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк реттеу жүйесiн дамыту;

      техикалық  реттеу және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк  саласындағы нормативтiк құқықтық  актiлердiң мемлекеттiк қорын қалыптастыру;

      өнеркәсiптiк  және өрт қауiпсiздiгi саласында  техникалық реттеу жүйесiн құру және дамыту;

      көлiктегi қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейiне қол  жеткiзу бойынша кешендi шаралар  жүргiзу;

      өнеркәсiптiк  және өрт қауiпсiздiгi саласындағы  мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру  жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi iс-шараларды үйлестiредi.

      Республикадағы  өрт жағдайын тұрақтандыру, олардың  санын азайту, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн ұстау мақсатында Бағдарламада мыналар көзделедi:

      жобалау,  құрылыс салуға жер учаскелерiн бөлу кезiнде, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету;

      республиканың  өрт сөндiру қызметiнiң кадрлық  құрамын және материалдық-техникалық  базасын күшейту.

      Республиканың  мемлекеттiк орман қорының өртке  қарсы жай-күйiн жақсарту мақсатында  алдын алу iс-шаралары кешенi iске  асырылады. Орман алқаптарына  жақын тұратын жергiлiктi халықтың  қатарынан ерiктi өрт сөндiру құрамалары  ұйымдастырылады, қашықтықтан барлаудың ғарыштық жүйесiн пайдалана отырып, ормандардың өрт қауiпсiздiгiнiң мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылды.

      Дала  өрттерiнiң санын азайту үшiн  егiс жұмыстарын жүргiзу кезiнде  шаруа қожалықтарының өрт қауiпсiздiгi  ережелерiн орындауларын бақылауды қатайту жөнiнде шаралар қабылданады.

      Техногендiк  сипаттағы ТЖ-дан халық пен  аумақты қорғау саласындағы негiзгi мақсаттарға қол жеткiзу мен  басты мiндеттердi шешудiң мынадай  дәйектiлiгi көзделедi:

      1-кезеңде  (2007 - 2009 жылдар):

     өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны дамыту және жетiлдiру;

      қазiргi заманғы техникалық және технологиялық  талаптарды ескере отырып, өнеркәсiптiк  қауiпсiздiк, техногендiк ТЖ-ның  алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен ережелердi әзiрлеу;

      сертификаттау,  аккредиттеу, басшылар мен қызметшiлердi даярлау мен аттестаттау, қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру рөлiн арттыру;

      өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде өндiрiстiк бақылау мен қоғамдық үкiметтiк емес ұйымдардың рөлiн арттыру;

      қауiптi өндiрiс объектiлерiнiң жұмыс iстеу  қауiпсiздiгiн декларациялау рәсiмдерiн жетiлдiру.

      2-кезенде  (2010 - 2012 жылдар):

      техникалық қатерлердi басқару, болжау және мониторингiлеу процестерiн бағдарламалық әзiрлеу және ақпараттық қамтамасыз етудi дамыту;

      өнеркәсiптiк  және өрт қауiпсiздiгi саласындағы  техникалық реттеу жүйесiн одан  әрi дамыту;

      техногендiк,  оның iшiнде трансшекаралық салдары бар ТЖ-ның алдын алу мен олардан қорғану мәселелерiн халықаралық реттеу жүйесiне бiрiктiру;

      3-кезеңде  (2013 - 2015 жылдар):

      ықтимал  техногендiк ТЖ сценарийлерiн  ғылыми негiзде болжау және  техникалық қатерлердiң республикалық, аумақтық, объектiлiк болжау карталарын жасау;

      техногендiк,  оның iшiнде трансшекаралық салдары  бар ТЖ-ның алдын алу мен  олардан қорғану мәселелерiн халықаралық  реттеу жүйесiне бiрiктiру бойынша  iс-шаралар жүргiзiлетiн болады. 

 

Ұсынылған әдебиеттер

1. Русак О. Н., Малаян К. Р., Занько  Н. Г. Безопасность жизнедеятельности. / Под ред. О. Н. Русака. –  СПб.: Баспа «Лань», Москва: ООО «Омега-Л» 2004 ж. – 448 б.

2. Крючек Н. А., Латчук В. Н,  Мирнов С. К. Безопасность и  защита населения в чрезвычайных ситуациях: Учебник для населения / Под общ. Ред. Г. Н. Кириллова. – Москва: Баспа НЦ ЭНАС, 2003.-264 б.

3. Безопасность жизнедеятельности.  Безопасность в чрезвычайных  ситуациях природного и техногенного характера: Учеб. пособие/В.А.Акимов, Ю.Л. Воробьев, М.И. Фадеев и др. Изд.2-е, перераб. - М.: Высш.шк.,2007.-592 б.:ил.

4. Безопасность жизнедеятельности:  Учебник для вузов/ С.В. Белов,  А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков  и др.: Под общ. ред. С.В. Белова.4-е баспа.-М.: Высшая школа,2004.-606б.

 

Тақырып 7. Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері

Дәріс жоспары

1. ТЖ пайда болуының негізгі принциптері.

2. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ.

Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс  а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлектінің орналасқан жері - орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.

Зілзала - бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық  қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында  мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар  мен қирауларды айтады.

Информация о работе Пәннің міндеттері мен мақсаты. Оның ғылым жүйесінде алатын орны