Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Аудит мәні мен маңызы
Аудиттің пайда болуы
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

Вложенные файлы: 1 файл

Аудит лекциялар.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Бұл тест арқылы бақылау тиімсіздігі тәуекелін  анықтау және ұзақ мерзімді активтерді есептеу жүйесі аяқталады. Тексеру процессінде шыққан бақылаудың әлсіз жақтарын аудиторлар басшысы тереңірек шолу керектігін анықтау мақсатыңда бағалау керек. Сондықтан әлсіз ішкі бақылау болған кезде шаруашылық операциялар мен ұзақ мерзімді активтерде әртүрлі өзгерістердің болуына қарамай, әр шаруашылық операцияны тексеріп отырған жөн. Ол үшін аудит мақсаттарына жауап беретін шыншыл ақпарат жинау керек

Бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді активтердің мүмкін бұрмалаушылықтары. Ішкі бақылау құралдары арқылы шаруашылық операциялар жасалу барысында барлық мүмкін бұрмалаушылықтардан айырылу мүмкін болмағандықтан, аудитор өз тәжірибесі мен ұйым бизнесі жайлы білімдарлығына сүйеніп, тиісті процедураларды қолдануы керек. Бухгалтерлік есепте ҰМА-дің бұрмалаушылығы болып мыналар табылады:

  • Негізгі құралдарды уақытынан тыс кірістеу;
  • НҚ объектілерінің бастапқы құнын дұрыс анықтамау;
  • Амортизация толық есептелген НҚ объектілеріне тозу есептеу;
  • Капиталға жөндеу жүргізу үшін ақау актілері мен сметалардың жоқтығы;
  • НҚ объектілерінің нарықтық құнын дәлелдеу құжаттарысыз қайта бағалау;
  • ҰМА-ді өз меншігіне алу мақсатымен есептен шығару;
  • Есептеу негіздеріне дұрыс емес пайдалану мерзімі көрсетілгенде;
  • Бастапқы құжаттарының жетіспеушілігі;
  • Дұрыс емес есеп жүргізу;
  • ҰМА- ді түгелдеуді тек формальді түрде жүргізу;

Аудит мақсаттарына жету үшін мына мәселелерге  көңіл бөлі керек:

  • ҰМА-ді сақтау және пайдалану шарттарын зерттеу;
  • ҰМА қозғалысы бойынша операциялардың есептегі дұрыс рәсімделуіне көз жеткізу;
  • ҰМА бойынша есептелген амортизацияны растау;
  • НҚ-ға жасалған жөндеу жұмыстарының көлемін және таңдалған әдісіне байланысты есепте көрсету заңдылығын анықтау;
  • Қаржылық есеп беруді құру алдындағы ҰМА—ге жүргізілген түгелдеудің сапасын бағалау.

Шот-фактура, келісім-шарт, жалдау туралы келісім, сақтандыру полистары, белгілер, салық комитетінің актілері сияқты құжаттарды қатыстыру аудиторға объект туралы маңызды ақпарат алуға көмектеседі. Егер аудиторларға одан да дәйекті ақпарат алу қажет болса, онда ол жалға берушілерге бағытталған, сақтандыру компанияларына бағытталған және мемлекеттік мекемелерге бағытталған хаттармен танысуы керек. Бухгалтерияда негізгі құралдардың талдамалық есебі әр түгелдеу объектілеріне ашылатын түгелдеу карточкаларында жүргізіледі. Ұқсас (бір) типті құралдарды бір түгелдеу карточкаларында есептейді.

Ұзақ мерзімді акгивтердің сақгалуына, пайдаланылуына тексеру жүргізу

Ұзақ мерзімді активтердін пайдаланылуна, сақталуына тексеру жүргізу, олардың бөлек объектілердің кімге бекітілгені, олардың пайдаланылуы мен күзетуі қалай ұйымдастырылғаны туралы мәлімет алуды көздейді. Ол үшін өндірістік ғимараттарды қарап шығу керек немесе кәсіпорын жұмысшыларына сұрау жүргізу қажет.

Аудитор, есеп мәліметтерін зерттеу процессінде  негізгі құралдар объектілерінің барын және оларды бөлек топтар бойынша жіктелуін анықтайды (өндірістік, өндірістік емес меншікті, жалдағы т.б.) орналасқан орындарына қарай (бөлімшелер, материалды жауапкершілігі бар тұлғалар).

Ұзақ мерзімді активтердің талдамалық есебін дұрыс ұйымдастыруын анықтағаннан кейін, олардың инвентарлық нөмірі барлығын, және техникалық құжаттарының түсу мерзіміне тексеру жүргізу.

Осы алынған  мәліметтердің барлығы, типтік шоттар жоспарының 10,12 бөлімшелерінің жазуларымен және инвентарлық карточкалардың мәліметтерімен салыстырылады. Талдамалық және жинақтық есептердің мәліметтері бірдей болмаған жағдайда, олардың себебін, және айыпты тұлғалар мен оның экономикалық салдары анықталады.

Ұзақ  мерзімді активтердің қозғалысы  бойынша операцияларды тексеру

Негіз құралдар объектілерінің түсуін есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстығы тұрғысынан тексерілуі қажет. Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор операциялардың қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі, салық салу қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен операцияларын типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде дербес анықтайды.

Типтік  операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.

Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит  кезінде негізгі құралдар объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі. Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін мамандар енуі керек. Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (Ф. N00-1) толтырылғаннан кейін, осы объектіге катысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы немесе өкілетті тұлға бекітеді.

Аудитор міндетіне кіріс құжаттарына  барлық деректемелердің, инвентарлық объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың номері, күші), оның толықтығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру енеді. Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен жағдайда аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың дұрыстығын, қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.

Аудит процессінде кәсіпорын балансынан сапалық ескірген, тозған және ары  қарай пайдалануға, қалпына келтіруге  болмайтын немесе экономикалық тиімсіз болатын құрал-жабдықтарды көлік құралдарын, аспаптарды алып тастауға аса мұқият бақылау жүргізіледі.

Негізгі құралдар объектілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы нұсқаудың орындалуын анықтайды.

Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль инспекциясы, техникалық қадағалау).

 

Кесте 1 - Негізгі   құралдардың   тексеру  жоспары

Аудит  процедурасы

Ақпарат  көздері

1.Негізгі  құралдардың   тозуын   есептеу  мен   көрсетудің   дұрыстығын   тексеру

Есеп   саясаты  жөніндегі  бұйрық , әзірлеме  кестелер , 10-журнал  ордер

2.Негізгі  құралдардың   бағалау  мен қайта  бағалаудың  дұрыстығын  тексеру

Келісімшартық  баға  хаттамалары,сатып  алу-сату  келісім  шартары

3.Негізгі   құралдарға  қатысты   салықтар  есебі   мен  есептеудің  рыстығын  тексеру

НҚ-1,НҚ-3,НҚ-4,НҚ-6,ағымдағы  түгендеу  қорытындылары

4.Негізгі  құралдарды  жөндеуге  кеткен  шығындардың   негізділігін   және  оларды  бухгалтерлік   есеп  шоттарында   көрсетудің   дұрыстығын  тексеру

Есеп  саясаты  жөніндегі   бұйрық  ,жобалық  сметалық  құжаттама, орындалған  жұмысты  қабылдау –тапсыру  актілері ,мердігерлер  мен  келісім-шартар,басқада  алғашқы  құжаттр 

5.Негізгі  құралдардың   істен  шығуын  есепте  дұрыс   көрсетілуін  тексеру

НҚ-1,НҚ-3,НҚ-4,НҚ-6,келісім  шарттар, ағымдағы  түгендеу  қорытындылары, 12-журнал  ордер, Бас  кітап


 

Кесте-2 Негізгі   құралдар   аудит  бағдарламасы

Аудит  процедурасы

Ақпарат  көздері

1.Баланс  көрсеткіштерінің  Бас  кітаптың  негізгі  құралдар  баптары  бойынша  мәліметерімен   сәйкестілігін  тексеру

Бухгалтерлік  баланс,Бас  кітаптағы  121-126,131-134  шотар

2.Негізгі  құралдардың   синтетикалық және   аналитикалық  есебін   жүргізудің  дұрыстығын  тексеру

Бас  кітап,алғашқы  құжатар,әзірлеме  кестелер

3.Негізгі  құралдардың   қойылған  және  пайдаланылған   орындарында   бар  болуы   мен   сақталуын   бақылауды   қамтамасыз   етуді   тексеру  

МЖА- мен келісім  -шартар,түгендеу  актілері , салыстыру  ведомстілері    

4.Негізгі  құралдардың   қозғалысы  бойынша   алғашқы   құжатарды  рәсімдеудің  дұрыстығын  тексеру

Қабылдау  актісі  (НҚ-1),(НҚ-2),(НҚ-3),(НҚ-4),(НҚ-10),(НҚ-12).


 

 

12-Тақырып. Тауарлы-материалдық құндылықтар аудиті

1 Берешек қарыздар аудиті

2. Тауарлы материалдық құндылықтар  аудиті

3. Берешек  қарыздар аудиті

 

Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған  елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің  жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит  пен қаржылық есептілік аудит  және оның басқа да маңызда түрлері  посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша  ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен  мүдделілік танытатын пайдаланушылардың  қажеттіліктерн қамтамасыз етеді.

Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке  қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға  ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау  және реттеу сияқты басқару қызметтерімен  тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен  ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында  жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді  анықтауға және оны қайтадан болдырмауға  мүмкіндік береді.

Бизнестің тиімділігін  талдау мен  кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама  дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай-ақ белгілі бір экономикалық секторының әр түрлі салаларындағы  дағдарыс жиілігінде, нарық коньюнктурасыөзгергенде  және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында  оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап  етеді.

ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жагдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

Материалдардың  қозғалысын есепке алған кезде мынадай  типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. № М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде келтірілген.

Берілген  сенімхатты Есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.

Сенімхатты  беру үшін лауазымды тұлғамен келісім  шарт жасалады, ондай келісім шарт жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері кол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатып тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.

Егер де алынатын тауарлар саны жағынан  кем болмаса және түрлері де бір тектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.

Бір қоймаға  жататын ТМҚ алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше коймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.

Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне  қарамастан, тауарлы-материалдық құндылықтарды алғаш кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймага өткізу керек, олардың сол құндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да.

Егер  де ТМҚ-ды алу құқы жойылса, онда одан сенімхатты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.

Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін  келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны "Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне "пайдаланбаған" деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.

Жабдықтаушылар (жіберушілер) ТМҚ босатқап кезде, әрбір  жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттын нөмірі, күні көрсетіледі. Оның бірінішісі ТМҚ алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ-ды бакылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:

  • сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;
  • көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
  • сенімхаттың мерзімі біткен болса;
  • субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
  • сенімхат   берген   субъекті   оз   қызметін  тоқтатса   (жойылса,   қайта құрылымдық өзгерістер жасаса).

Информация о работе Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы