Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Аудит мәні мен маңызы
Аудиттің пайда болуы
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

Вложенные файлы: 1 файл

Аудит лекциялар.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Тұрақты аудиторлық папкада: Жарғының және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицензиялар. партнерлармен жасалынған келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, ұсыныс хаттары.

Ағымдағы құжаттардың картотекасы:

жоспарланған  жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі;

жүзеге  асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі.

Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша болу дұрыс:

қаржылық  қорытынды есепке шолу жасау құжаттары;

аудиторлық  тексерудің жоспары мен бағдарламалары;

нақты тексеру  жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар;

арнайы  мақсаттағы құжаттар.

Жұмыс құжаттарын пайдалану.

Меншік құқығы, 230 "Құжаттау" деп  аталатын халықаралық аудит стандартында жұмыс құжаттарының аудитордың жеке меншігі болып табылатындығы қарастырылған. Жұмыс құжаттарының жекелеген бөліктері субъектіге аудитордың өз білгені бойынша тапсырылуы мүмкін, бірақ олар субъектінің есеп жазуларын алмастыра алмайды.

Құпиялықты сақтау. Өзінің практикалық қызметінде аудитор клиенттің құпиялығы бар құжаттарын оның арнайы рұқсатынсыз ашпайды. Біздің шындық өмірімізде, егер ақпарат тек аудиторға қарсы шағымдану болған кезде оның өзін-өзі қорғау мақсатында жария етілген болса, онда аудитордың клиентен рұқсат алуға міндетті еместігі өте қисынды.

Жұмыс құжаттарын сақтау. Аудитордың жұмыс  құжаттарын қанша уақыт сақтауға болатындығы жөніндегі сұраққа ресми жауап нормативтік-құқықтық актілерде немесе қандай да бір ресми құжаттарда жоқ. Көптеген аудиторлар, егер олар сот процессіне шақырылған жағдайда, өздерінің жұмыс құжаттарының болғанын дұрыс көреді. Жұмыс құжаттары "ескерту" қызметін атқарады. Сонымен бірге жұмыс құжаттарын шексіз уақыт сақтау жалпы алғанда қымбат, әрі оның керегі де жоқ. Жұмыс құжаттарының екі жағының да жүзі бар қылыш болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Бір жағынан құжаттар, аудитордың кәсіби стандарттарға сәйкес әрекет жасағандығын растайтын дәлелдеулер береді. Басқа жағынан қарағанда кінәліні қорғаушы жақ аудитордың жұмысына сенімсіздік тудыруға әрдайым әрекет жасайды, яғни жұмыс құжаттарын пайдаланады және аудиторға қарсы пайдаланылуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе дұрыс емес жәйттерді табуы мүмкін.

Егер  жұмыс құжаттары жойылатын болса, онда ол аудиторлық фирманың және аудитордың практикалық қызметінің құжаттарын архивтеудің белгіленген жүйесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. Өзінің архивтеу жүйесін жасау кезінде аудиторлық фирма заңгерлерінен және сақтандыру компанияларынан ақыл-кеңес алуға тиісті.

 

4. Аудиторлық қызметтің сапасын  бақылау

Бағалау мен тексеруге аудиторлардың  жұмыс құжаттары бар файлдар, фирмаішілік стандарттар, ереже-нұсқаулар мен процедуралар, нақты орындалған жұмыстардың осы ереже-нұсқаулар мен процедураларға сәйкестігі жатқызылды. Тексеру бағдарламасы және тексерілетін құжаттардың шеңбері жұмыс басталғанға дейін тексерілетін субъектілерге хабарланған жоқ. Бағалау нәтижесі Бүкіләлемдік банктің мәскеудегі өкілдігі атынан жазылған хатта хабарланды. Бұл хатта алғашқы бағалаудан тек екі қазақстандық компаниялардың: Тәуелсіз аудиторлық компания "Центраудит-Қазақстан" және "Ержанова и К"-өткендігі хабарланған.

Тексеру жүргізу  әдістемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін  аудитордың өзі таңдауға құқықты  екендігін атап айту керек. Клиент аудиторларға жұмыстардың арнайы бір түрлерін орындауды, мысалы, корпоративтік табыс салығын есептеудің дұрыстығын тексеруді немесе тауарлы-материалдық босалқылар есебіне аудит жүргізуді тапсыруы мүмкін. Бірақ, клиентгің осындай арнайы тапсырмалардьщ нәтижелері бойынша жалпы қаржылық қорытынды есеп жөнінде толық аудиторлық қорытынды есеп күтуі дүрыс емес.

Ірі аудиторлық фирмалардың басқару  құрылымы төмендегілерден тұруы мүмкін:

  • директорлар кеңесі;
  • директор;
  • аудит объектілері бойынша департаменттер  (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнет ақы қорларының және басқа қаржылық институттардың);
  • кеңес беру департаменті (салық салу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша);
  • маркетинг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық, заңгерлік бөлімдер және т.б.

Орташа  аудиторлық фирмалардың ұйымдық  құрылымында төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:

  • фирманың директоры;
  • фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);
  • кеңес беру (консултациялық) бөлімі;
  • мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылық және т.б. бөлімдер.

 

7-Тақырып. Аудиторлық қорытынды: жасау, тапсыру тәртібі

1. Аудиторлық қорытынды және оны  құру тәртібі

2. Аудиторлық қорытынды құрылымы

3. Аудиторлық  қорытынды түрлері

 

1. Аудиторлық қорытынды және  оны құру тәртібі

Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор  аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге материалдық қателер мен бұзушылықтарды анықтау құралы ретінде бағдарламаның өзінің орындылығын айқындайды.

Аудиторлық  тексерудің аяғында процедуралардың  ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық кызметтің белгіленген стандарттарының талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.

Қорытынды есептің жекелеген баптары  немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікі ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізуге тиісті:

  • операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың білімінің өзара сәйкес келетіндігін;
  • қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;
  • қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
  • жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл корытынды есеп туралы өзінің ой-пікірін тұжырымдай алатындығын.

Енді аудиторлық қорытынды жасауға  болатын шығар. Бірақ тексеру  нәтижелері бойынша клиент басшылығына  ақпарат (хат) тапсыру орынды болар еді.

2. Аудиторлық қорытынды құрылымы

"Аудиторлық  қызмет туралы" заңында атап  көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.

Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды  есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 "Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп", 710 "Салыстырмалы көрсеткіштер", 800 "Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп" деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.

Аудиторлық  қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

  • ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;
  • ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;
  • аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;
  • теріс аудиторлық қорытывды.

Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орыңдалғандығы туралы пайымдаулар болуға тиісті.

Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі  болуға тиісті:

• қаржылық қорытынды есепте ашыльш көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;

  • қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;
  • қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде    басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;

• жалпы қаржылық қорытыңды есепті дайындап тапсыруды бағалау.

Қорытынды есепке аудиттің қорытындыы жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы (пікірі) кіруге тиісті.

Қорытынды жасау бөлімі. Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дұрыс дайындалғандығы") жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.

Аудиторлық қорытындыны білдіру  үшін пайдаланылатын "дұрыс және дәл көрініс" немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген" терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.

Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге "дұрыстық" түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды "дұрыстық" түсінігі пайдаланылатын контекст (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды "Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес" деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайынадап тапсыру негізін көрсетуге тиісті.

Дұрыс және дәл көрініс (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілгендігі") жөніндегі қорытындыға қосымша ретінде аудитордан аудиторлық қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен және зандармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қорытындыны кіргізу талап етілуі мүмкін.

Есеп беру мерзімі. Аудитордың қорытынды есебінде қойылатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл—аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғаңдығы туралы оқырмандарды хабардар етеді.

Аудитордың  адресі (мекен жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі (кеңсесі) орналасқан пункт көрсетілуге тиісті.

Аудитордың  қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді

 

3. Аудиторлық қорытынды түрлері

Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды (есеп)

Халықаралық аудит стандарттары бойынша  терминдер глоссарийлерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қорытынды (есеп) жалпы каржылық қорытынды есеп бойьшша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.

Аудиторлық қорытынды аудитор  мен қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады. Аудиторлық қорытынды есептің негізін қалаушы кейбір концепциялар бұрын қарастырылған болатын. Бұл тарауда 700 "Қаржылық қорытынды есепке қатысты аудиторлық қорытынды есеп" деп аталатын Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес стандартты аудиторлық қорытынды есептің толық тексті келтірілді.

Ескертусіз аудиторлық қорытынды  аудитор қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне  сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген") деген қорытындыға келген жағдайда жасалынады. Ескертусіз қорытындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кез-келген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қорытынды есепте ашылатындығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.

Фактіні бөліп көрсету—бұл ақпарат пайдаланушылардың  назарын қаржылық қорытыңды есепке әсер етушы фактілерге,сонымен бірге осы пазиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескертуі бар (шартты) аудиторлық қорытынды болып табылмайды. Әдетте ол қорытынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қорытындының шартты емес (ескертуі жоқ) екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады;

1. Кәсіпорынның үздіксіз қызмет   ету мәселесіне көңіл аудару үшін. Егер қаржылық   қорытынды   есепте тексеру нәтижелерімен бірдей ашып көрсетулер бар болса, онда аудитор ескертуі жоқ (шартсыз) қортынды   жасауға және аудиторлық қорытынды есепті, оған қаржылық қорытынды есепке түсіндірме ескертпелерге назар аудару арқылы кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға (түрін өзгертуге) тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі: "Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып біз сіздердін, назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке  _____ескертпеге аударамыз.

Информация о работе Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы