Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:21, реферат
Аудит мәні мен маңызы
Аудиттің пайда болуы
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы
13-Тақырып. Ақша қаражаттарының аудиті
1. Кассадағы ақша қаржыларының аудиті
2. Банк операцияларының аудиті
3. Төлеу цикілінің және ақша қаржыларының аудиті
Ақша қаражаттарымен операциялар жүргізу жеткілікті түрде заңдық, ведомствалық және басқа нормативтік құжаттармен реттелген. Сонымен бірге, оларға елеулі қателер жіберуге алып келуі мүмкін басқа да циклдар әсерін тигізеді. Себебі, шаруашылық операциялары циклдарында барлық уақытта дерлік шоттарды төлеу жүзеге асырылып отырады. Баланстағы ақша қаражаттарының шоттары бойынша сальдо үлкен болмайды, бірақ олардың келіп түсуі мен шығуы бойынша үлкен айналымдар орын алады. Ақша қаражаттары өтімді (ликвидті) активтерге жататын болғандықтан, олардың ұрлану ықтималдығы жоғарырақ болады (ішкі тәуекелдік). Демек, бухгалтерлік есептің "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша", "Ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша", "Ағымдағы корреспонденттік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша" шоттары объектіге қатысты тексеру жүргізілетін категорияға жатады.
Ақпарат көздері қаржылық қорытынды есеп баптары дұрыстығының белгіленген категориялары бойынша аудиторлық дәлелдеулер алу мақсатында зерттелуге тиісті. Төменде ақша қаражаттары аудитін жүргізу процессінде тексерілуге жататын негізгі пайымдаулар келтірілді.
Құқық және міндеттемелер категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
- ақша қаражаттарының төленуі
және келіп түсуі заң
- шет елдік валюта түріндегі ақшаның қозғалысы ҚР "Валюталық реттеу туралы" заңын сақтау жолымен жүзеге асырылады;
- кассирмен толық материалдық
жауапкершілік туралы келісім-
- ішкі
ереже-нұсқауларға сәйкес
- жеке
тұлғалармен есеп айырысу
- касса
операцияларын жүргізу есеп
- ақшамен орындалған операциялар құжаттармен расталған және белгіленген нормативтік актілердің талаптарына сай;
- банк және касса құжаттарында түзетулер жоқ.
Толықтык категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
* қаржылық қорытынды есепте кәсіпорындағы бар барлық ақша қаражаттары көрсетілген;
* ақша қаражаттарының келіп түсуі жоне шығысқа шығарылуы (жұмсалуы) бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілген;
* ақша қаражаттарының
Дәлдік категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
* операциялар бастапқы есеп құжаттарында, бухгалтерлік есеп регистрлерінде көрсетілген және қаржылық қорытынды есепке дәл көшірілген;
* теңгеге айналдыру үшін
Нақты бар болу категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
* бухгалтерлік баланста
* кассадағы және банкте ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтары жүргізілген түгелдеудің нәтижесімен расталған;
* ақшаның келіп түсуі және
шығысқа шығарылуы бойынша
Тапсыру және ашып керсету категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
* ақша
қаражаттары жіктелген және
* ақша қаражаттары туралы
Бағалау категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
* ақша қаражаттары қаржылық
қорытынды есепте тиісті
* шет елдік валюта түріндегі ақша қаражаттарын қайта бағалау өз уақытында және дұрыс орындалады.
Ақша қаражаттарына ұтымды тексеру жүргізу мақсатында оларды кәсіпорындағы ақшаның пайдаланылуын сипаттаушы негізгі шоттарға бөліп қарастырамыз:
* кассадағы нақты ақша;
*
ағымдағы корреспонденттік
*
есеп берілуге тиісті
Касса операцияларының аудиті
Касса операцияларына аудиторлық тексеруді объектіге қатысты төмендегі реттілікпен жүргізуге болады:
* кассаға түгелдеу жүргізу және
ақша қаражаттарының сақталу жа
*
операциялардың құжаттық
*
ақшаның толық және өз
* ақшаның шығысқа есептеп
* операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.
Тексеру жүргізу жоспарын құру кезінде ақша қаражаттарының және кәсіпорын кассасындағы басқа құндылықтардың қозғалысы мен сақталуына ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау керек. Тестілеудің көмегімен аудитор кәсіпорынның касса операцияларын жүргізуіне алдын-ала баға береді, осалырақ участоктарды анықтайды, негізгі бақылау процедураларының құрамын жоспарлайды, есеп жүргізу ерекшеліктерін анықтайды. Аудиторға мүмкіндігіне қарай касса операцияларына ішкі бақылаудың жағдайы туралы толық ақпарат алуы қажет. Ол үшін ең бірінші оған алдын-ала дайындалған сұраунама бойынша тест жүргізу керек.
Касса операцияларының аудиті бойынша ішкі бащіау құралдарының тиімділігін сипаттаушы тест сұрақтары
1 . Кәсіпорында жасалынған және басшылар бекіткен касса операцияларын жүргізу_Ережесі бар ма?
2. Кассирмен жасалынған толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт бар ма?
3. Касса операцияларын жүргізу Ережелерімен кассир таныстырылған ба?
4. Кассирлерді ауыстыру кезінде түгелдеу жүргізіле ме?
5.
Тұрақты жұмыс істейтін
түгелдеу комиссияеын
6.
Кассаға күтпеген жерден
7. Кассада ақшаның кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алына ма?
8. Касса
бөлмесі күзеттік сигнал беру ж
9. Кәсіпорында қанша бақылау-кассалық, бақылау-салық машиналар бар?
10. Бақылау-кассалық машиналар салық органдарында тіркелген бе?
11. Кассалық кіріс және шығыс ордерлерін бухгалтер осы мақсаттар үшін пайдаланылатын журналда тіркеп отыра ма?
12. Кәсіпорында ақшаны ұрлау және жұмсап қою жағдайлары болды ма?
13. Касса кітабын толтыру оған қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?
Кассаға түгелдеу жүргізу және ақша қаражаттарын сақтау жағдайларын тексеру. Тексеру орнына келгеннен кейін, аудитор кассада сақтаулы ақша қаражаттарына түгелдеу жүргізеді.
Кассир түгелдеу жүргізу сәтіне кассаның есебін жасауға және касса кітабы бойынша ақшаның қалдығын шығаруға тиісті. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есепке кіргізілгендігі және кіріске алынбаған, есептен шығарылмаған сомалардың кассада жоқ екендігі жөнінде қолхат алынады. Аудитор кассадағы ақшаның қайта саналуына бақылау жасайды, ал содан кейін кассадағы нақты бар ақша сомасы бухгалтерлік есепке тіркелген олардың қаддықтары жөніндегі мәліметтермен салыстырылады.
Түгелдеу нәтижесі кассир мен кәсіпорынның бас бухгалтері қол қоятын актімен рәсімделеді. Акт жазбаша аудиторлық дәлелдеу болып табылады және оның мәліметтері ары қарайғы тексерулер үшін қажет.
Түгелдеу жүргізу уақытында ақша қаражаттарының сақталу жағдайына тексеру жүргізіледі. Тексеру жүргізу барысында аудитор төмендегілерді анықтайды:
* банкген жеткізу кезінде және еңбек ақы төлеу уақытында ақшаның сақталуының қамтамасыз етілуін;
* кассада ақшаны және
басқа құндылықтарды сақтау
• кәсіпорын кассасының сақтандырылуын, сейфтің (жанбайтын шкафтың) кілттерін сақтау ережелерінің орындалуын.
Операцияларды құжаттық рәсімдеудің дұрыстығын тексеру кезінде төмендегілерге мұқият тексеру жүргізіледі:
* төлем ведомостарында — ақша алушылардың қойған қолдарының сенімділігіне, себебі бір ақша алушы ведомоста бірнеше адам үшін қол қоятын жағдайлар орын алады;
• кассалық кіріс және шығыс ордерлерін тіркеу журналында -реттік номерлеу мерзімі мен сомалардың кіріс және шығыс ордерлеріндегі, касса кітабындағы сондай мәліметгермен сәйкестігіне;
* кассалық шығыс ордерлеріне
— алынған сомалардың жазылуыны
* барлық құжаттарда - басшылардың қолдарының бар екендігіне.
Кәсіпорын басшысы барлық кассалық шығыс кұжаттарына өзі қол қоятындығына назар аударылады. Тек басшының кәсіпорында болмаған және өзінің міндетті қызметін бұйрық арқылы басқа тұлғаға (уақытша орнында қалатын тұлғаға) берген кезеңді (іс-сапар, кезекті еңбек демалысы, ауырып калған кез) қоспағанда;
* касса кітабында — оның жүргізілуіне, енгізілген түзетулердің дұрыстығына.
Жиынтық айналымдардың есептелінуінің және күннің аяғында нақты ақша қалдықтарының есептен шығарылуының дұрыстығына ерекше назар аударылады.
Аудитор әрбір чек бойынша банктен алынған ақшаның толық және өз уақытында кіріске алынуын чек түбіршектеріндегі және банк үзінділеріндегі бірдей сомалармен салыстыру жолымен тексереді. Чек кітапшалары, пайдаланылған чектердің түбіршектері, сонымен бірге пайдаланылмаған чектер кәсіпорынның бас бухгалтерінде олардың жоғалып кетуі мүмкіндігін болдырмау мақсатында сақталады. Бүлінген чектер "жойылды" деген жазу арқылы жойылуға және чектердің түбіршектеріне желімдене отырып сақталуға тиісті. Уақытында алынбаған еңбек ақы және басқа есептеулер бойынша депоненттелген сомалардың төленуін тексеруге ерекше назар аудару керек. Мұндай кезде ең болмағанда берілген сомаларды депоненттелген сомаларды есепке алу кітабында (картотекасында) есепте тұрған тура сондай сомалармен ішінара салыстыру қажет.
Ақшаның есептен шығарылуының (жұмсалуының) дұрыстығына аудиторлық тексеру жүргізу. Ақшаның есептен шығарылуы бойынша касса операциялары мүмкіндігінше тексерілуге жататын барлық кезең ішіндегі касса есебіне тіркелген құжаттар арқылы тексеріледі. Мұндай кезде касса құжаттарының рәсімделуіне де назар аудару қажет, яғни, әрбір құжатта алушылардың қолхаттарының болуы, касса құжаттарының жабылуы: кіріс құжаттары "алынды" деген, ал шығыс құжаттары — "төленді" деген штамптармен мерзімін көрсете отырып, расталуға тиісті. Сонымен бірге құжаттардағы өшірулердің немесе түзетулердің бар-жоқтығы тексеріледі.
Ақша қаражаттарының кассаға қабылдануы және есептен шығарылуы бойынша барлық операцияларды кассир барлық беттері номерленуге, баулықталуға және мөрмен расталуға тиісті касса кітабына жазады. Ондағы парақтардың саны кәсіпорын басшасы мен бас бухгалтердің қойған қолдарымен расталуға тиісті. Иеленіп кету мақсатында кассадан ақшаның артық есептен шығарылуы әдетте арамдық жасау жолымен жүзеге асырылады. Бір құжатпен касса бойынша ақша сомасын қайталап есептен шығару пайдаланып кетудің аса қауіпті нысаны болып табылады.
Аудитор тәжірибесі көрсеткендей, касса бойынша пайдаланып кетудің көбісі еңбек акы төлеу кезінде және есеп берілуге тиісті сомалармен болады. Бұл жерде ведомостардың қайта пайдаланылуы оған "жалған" тұлғалардьщ енгізілуі, сомалардың жиынтығының тым көтеріліп кетуі орын алуы мүмкін.
Клиенттің шоттарды салыстыру тиімділігін аудитордың бағалауы кассадағы нақты (колма-қол) ақшаға қатысты жүргізілген көптеген тексерулердің сипатын, уақыт бойынша бөлінуін және дәрежесін анықтайды. Есеп жүйесінің бірдейлігі, салыстыруды орындаушы жұмыскерлердің терең білімділігі және міндеттердің бөлінуі негізгі факторлар болып табылады. Клиенттің шоттарды салыстыруының тиімділігі жоғары болған сайын, яғни, бақылау тәуекелдігінің бағалану деңгейі төмен болған сайын, аудитордың шоттарды салыстыру процедураларының толықтығы да аздау болады. Бұл процедуралар жылдың аяғында шоттардың салыстырылуын қарапайым қарап шығудан, кассадағы ақша қаражаттарының нақты барын дәлелдеудің тиісті нысанын пайдалана отырып, жыл бойғы шоттарды тәуелсіз салыстыруды орындауға дейін (жаппай тексеру жүргізу) өзгеруі мұмкін. Ол ерекше жағдайларда, яғни аудитор ақшаның ұрлануы, ысырап болуы мүмкін деген болжам жасаған кезде ғана қажет. Сондай-ақ, еңбек ақы беру кезіндегі, өндірістік шығыстарды төлеу кезіндегі, есеп берілетін сомаларды беру және пайдалану кезіндегі қолма-қол ақшамен орындалатын операциялардың міндетті жаппай тексеруді талап ететіндігін атап айту керек.