Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Аудит мәні мен маңызы
Аудиттің пайда болуы
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

Вложенные файлы: 1 файл

Аудит лекциялар.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Резервтік капиталдың өзгеруі құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы, резервтік капитал  меншікті акцияларды қайтарып сатып  алуға жұмсалуы мүмкін. Компанияның  акцияларды қайтарып сатып алуы оның қаржылық қызметінде келеңсіз жағдайлар  болған кезде ақшаның едәуір шығып  кетуін болдырмау мақсатында, акциялардың санын және олардың бағамын жасанды түрде реттеп отыру үшін қолданылуы мүмкін.

Меншікті капиталдың келесі негізгі  элементі қосымша төленген капитал  болып табылады. Ол меншікті акциялардың  сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы. Ол жөнінде  ақпараттарды жинақтау үшін  "Қосымша  төленген капитал" шоты пайдаланылады. Акциялар бойынша сыйақы, яғни, меншікті капиталдың сатып-өткізу құнының олардың  номиналдық құнынан артық сомасы  "Қосымша төленген капитал" шотының  кредиті және ақша қаражаттары шоттарының  немесе  "Басқа да дебиторлық борыш" бөлімшесінің  "Басқалары" шотының  дебетінде көрсетіледі. Аудиторға  қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру, баланстағы осы бап бойынша қалдық сомасын  "Қосымша төленген капитал" шотының  кредиті бойынша есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру кажет.

Қосымша төленбеген капитал — негізгі  құралдарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды  қайта бағалау нәтижесінде олардың  бастапқы құндарының өсу сомасы. Негізгі  құралдар мен инвестицияларды қайта  бағалау сомаларының нақты бары мен олардың қозғалысы жөніндегі  ақпараттарды жинақтау үшін  "Негізгі  құралдарды қайта бағалаудан алынған  қосымша төленбеген капитал",  "Инвестицияларды кайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал",  "Басқа да активтерді қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал" шоттары пайдаланылады.

Аудиторға осы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау операцияларының  жоғарыда аталған шоттарда көрсетілуінің  дұрыстығын тексеру керек.

Бөлінбеген  табыстың (жабылмаған зиянның) аудиті

Меншікті  капиталдың бұл элементіне тексеру  жүргізу кезінде аудиторға жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарды  Бас кітаптың  "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)",  "Өткен  жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоттарының мәліметтерімен және бухгалтерлік есептің осы шоттардың  кредиттік айналымы көрсетілетін регистрлерімен салыстыру қажет. Содан кейін  шаруашылық операцияларының осы  шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек. Бухгалтерлік есептің  Типтік шоттар жоспарына сәйкес есепті кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық  сомасы  "Жиынтық табыс (зиян)" шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті  бойынша  "Табыстар" бөлімі шоттарымен корреспонденциялана отырып, алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебеті бойынша "Шығыстар" бөлімінің шоттарымен корреспонденциялана отырып, шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.  "Жиынтық табыс (зиян)" шотының дебеттік және кредиттік айналым сомаларын салыстыру нәтижесінде "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотына көшірілетін таза табыстың (зиянның) сомасын анықтайды. Егер есепті кезеңде табыс алынған болса, онда  "Жиынтық табыс (зиян)" шоты дебеттеліл,  "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты кредиттеледі, ал егер де зиян болса, онда керісінше бухгалтерлік жазу орындалады, яғни,  "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты дебеттеліп,  "Жиынтық табыс (зиян)" шоты кредиттеледі.

Жоғарыда заң және құрылтай құжаттарына  сәйкес есепті жылдың бөлінбеген табысының  есебінен резервтік капиталға аударым  жасалынатындығы айтылған болатын. Есепті жылдың зиянын жабуға бағытталған  резервтік капиталдың қаражаттары  сомасына  "Резервтік капитал" белімшесінің тиісті шоттары дебеттеліп,  "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының елеулі бөлігі дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептеу үшін жұмсалынады, қалған сома  "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотынан  "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотына көшіріледі.

Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау  қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын  көру және өзгеру тенденциясын анықтау  үшін оны өткен есепті кезеңдермен  салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тек есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезеңдердің де мәліметтері алынады.

 

15-Тақырып.  Міндеттемелер аудиті

1. Жабдықтаушылармен есеп айырысу  аудиті

2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу  аудиті

бюджетпен есеп айырысу аудиті

 

1 Қоюшы және  мердігерлермен есеп айырысу  аудиті 

 

Мекеме өз өндірісінің  тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске  қажет қорларын құрайды. Мекемені жабдықтау  экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Мекеме өзінің ұдайы  өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы мекемелерімен немесе делдалдық  ұйымдармен келісімшартқа отырады.

Демек, мекеме қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу үшін   3310 «Берушілер мен мердігерлерге  берілетін қысқа мерзімді берешек» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына  қарамастан, жабдықтаушылардан алынған  материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстары мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310 шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың  акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша – есеп айырысу, валюталық  және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен  есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы  журналда, машинограммада немесе тізімдемеде  әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап  тапсырмалары жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша  есеп айырысуларды бақылап отыруға  мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактуралардың  алдымен «Келіп түскен жүктер есебі  журналына» тіркейді. Журналға тек  акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің  акцептелген шоттары бухгалтерияға  беріледі. Осында олардың деректерін қоюшы және мердігерлердің есеп айырысу  жөніндегі  есебі журналға жазылады, ол үш кезең бойынша жүргізіледі.

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа  да есеп айырысу құжаттары келіп  түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем  тапсырмалары нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезеңде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері  келіп түскен құндылықтардың есептік  немесе келісімшартта көрсетілген  бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құдылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша  жекелеген шоттар шегінде төлем  талап тапсырмаларына сәйкес алынған  нақты құны бойынша көрсетіледі.

Үшінші кезеңде журналда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша  үзінділері бойынша расталады. Бұл  орайда, шоттың қай күні төленгені  және төлемнің қай шоттан жасалғаны  көрсетіледі.

Айдың аяғында журналдың  жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

Журналдың қорытындысы төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы жол  үстіндегі материалдар шегеріліп  тасталынады; айдың аяғындағы жол  үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы  рет-ретімен  көрініс табады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 3310 шоты бойынша талданған қалдықтар  көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар  туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету  үшін және есеп айырысуын жедел бақылау  үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың  құжаттарынан; фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша  жабдықтаушылардан.

 

  1. Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті

 

Ағымдағы міндеттемелерге  банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған  қарыз және кредиторлық берешек  жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу  операциялары 4010 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген  берешек сомасын, дебет бойынша  айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым –қарызға алынған соманы көрсетеді.

Алынған қарыздар сомасы  «Банктердегі аккредитив чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша» бөлімшесінің «Шетел валютасындағы  ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша»,  «Ұлттық валютада ағымдағы  корреспонденттік шоттардағы ақша», «Еншілес  (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық  берешек»,  «Қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу» және т.б. шоттарымен корреспонденцияда  көрсетіледі.

Өтелген кредиттер сомасына  «Қарыздар» бөлімшесінің (ақшалай қаражаттың есебі бойынша шоттармен корреспонденцияда  «Банктердің қысқа мерзімді қарыздары» аралық шоты) тиісті шоттары дебеттеледі.

Қысқа мерзімді қарыздардың  аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар  бойынша жүргізіледі.

а) қарыз проценттерін төлеу  мен оларды кезең шығыстарына  жатқызуының дұрыстығы;

ә) «Қарыздар» («Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты) шоттары бойынша  синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы;

б) баланста «Ағымдағы мінтеттемелер» бөлімшесінде « Ұзақ мерзімді қарыздардың  ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі;

в) қарыздарды өтеу мерзімі  осы бап бойынша соманы негізділігін анықтау қажет;

г) овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы қалдықтан тыс  берілетін қысқа мерзімді қарыз  түрін білдіреді, сондай-ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.

 «Банктік операциялардың  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдардың қарыздары» (4010 «Қысқа  мерзімді банктік қарыздар») шотына  аналитикалық есеп, қарыз берушілер  мен қарызды өтеу мерзімдері  бойынша жүргізіледі. 

Банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімдік қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге «серіктестік»  кредит түрінде болады.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі  міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан  ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде  бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып  3350 «Еңбекақы  төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділікті  есебі және еңбекақы төлеуді есептеу  жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтары) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы»заңы. Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.

Қызметкерлермен еңбеке төлеу  бойынша есеп айырысуларды тексеруді  әр айдың бірінші күніндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір  уақыттағы Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің ведомостының жиынтық  сомасының мекеме балансындағысымен  салыстыру қажет.

Айырмашылық табылғанда олардың  себептерін анықтау керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеикіштерімен салыстыру  керек. Сосын бастапқы құжаттардың  анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің  басқа түрлерін есептеу мен төлеу  бойынша нормативтік құжат талаптарына  сәйкестігі тексеріледі.

Еңбектақыны уақыт бойынша  төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалармен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.

Еңбек пен оны төлеу  есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі  үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар-жоғын т.б. анықтайды.

Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай еңбекті төлеуді  есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар-жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының  есебі табельдеріндегі жұмысшылардың  аты-жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтермен  салыстыру керек.

Бастапқы құжатармен есептік  тізімдемелерді тексергенде арифметикалық  санаудың дұрыстығына ерекше көңіл  бөлу керек.

Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:

  • Төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру
  • Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны рәсімдеу тәртібі.
  • Құжаттау рәсімі мен іркіліс төлемі.
  • Өнімнің ақауын құжатпен ресімдеу мен оны төлеу
  • Түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы.
  • Жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу.
  • Мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу.
  • Іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу және т.с.с.) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;
  • Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;
  • Жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.

Информация о работе Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы