Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар

Вложенные файлы: 1 файл

Бух учет жинактар.doc

— 1.19 Мб (Скачать файл)

     Дебиторлық борыш танылғанда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

     Дебет  1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

     Кредит  6010 «Өнімді  өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс»

     Сатып алушыларды  өзіне тарту үшін ұйымдар әр  түрлі женілдіктер жасайды, оларды  екі топқа бөлуге болады.

  • Ақшалай жеңілдіктер;
  • Сауда женілдіктері.

Жұмыс жоспар шотына байланысты жеңілдік есебі 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шотында жүргізіледі. Бұл шот контрпассивті, өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс сомасын өзгертеді.

  Төлемді белгілі бір кезең ішінде жасаған сатып алушыларға ақша жеңілдігі беріледі, яғни шот-фактурада көрсетілген сома жеңілдік сомасына азаюы тиіс.  Мұндай шаралар өткізу көлемін ұлғайту үшін жасалады, сатып алушыны уақытылы немесе ерте төлем жасауға ынталандырады және төлеу мерзімі өтіп кеткен және күмәнді қарыздарды азайту үшін жасалады.

     Мысалы, егер клиент сатып алған тауар үшін 10 күн ішінде есеп айырысса, онда «Алға» ЖШС өз клиенті «Рамстор» дүкеніне 5 % ақшалай жеңілдік береді. Есеп айырысудың ең ұзақ мерзімі 30 күн (жалпы қабылданған белгісі – 5/10, n30).  Шот-фактурадағы сома 100000 теңге, тауардың өзіндік құны 85000 тг. Тауар 1-қазанда тиеп жөнелтілген.

     Сату кезінде уақытылы  төлегені үшін клиентке берілген  жеңілдікті есепке алудың  екі әдісін қолдануға болады:

  • Жалпы;
  • Таза.

  Жалпы әдіске байланысты, жеңілдік сатып алушы оны алғанға дейін, яғни тауар үшін төлем жасағанға дейін танылмайды. Сатудан түскен түсім мен дебиторлық борыш алынуға тиісті шоттың толық (жалпы) сомасында көрсетіледі:

    1. Дебет  1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»                                                                  100000

               Кредит   6010 «Өнімді өткізуден түскен кіріс»                    100000

 

           Дебет  7010 «Өткізілген өнімнің өзіндік құны»                          85000

              Кредит    1330  «Тауарлар»                                                        85000

 

  1. Сатып алушы жеңілдікті пайдаланып, шотты 9 қазанда төледі. Яғни оған 5000 теңге жеңілдік берілуі тиіс (100000*5%/100%), бұл келесі жазумен көрсетіледі:

Дебет 1040 «Ағымдағы банктік шоттағы теңгемен ақша қаражаты»   95000

Дебет 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер»                                     5000

         Кредит 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»                                                                                                            100000

 Таза әдісті қолдану барысында  жеңілдік бірден есепке алынады. Дебиторлық борыш сомасы мен  өткізуден түскен пайда жеңілдік  сомасына шегеріледі.

 Ұйым әкімшілік және шаруашылық шығыстардың бір бөлігін, сонымен қатар іс-сапар шығындары мен қолма-қол ақшаны аралық звено арқылы өткізеді. Осындай аралық звено болып есеп беруге тиісті тұлға табылады. Қолма – қол ақша тиісті лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың есебіне беріледі.

     Есеп беруге тиісті тұлғалардың есебі  1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына ашылған «Есеп беруге тиісті тұлғалардың берешегі» аралық шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде есеп беруге тиісті тұлғалардың айдың басы мен аяғындағы қарызының қалдығы және есеп беруге тиісті тұлғаның есепті ай ішіндегі дебиторлық берешегі бейнеленеді. Кредит бойынша қарыздың өтелуі көрсетіледі.

Есеп беруге тиісті тұлға басшыға орындаған жұмыстар туралы рапорт береді, ал бухгалтерияға іс-сапар куәлігі мен іс-сапар кезіндегі шығыстар туралы аванстық есеп береді. Іс-сапар шығындарына байланысты аванс сомасы бухгалтерия жасаған есебі негізінде жүргізіледі.

Іс-сапар шығындарының аванстық есебін тексергенде бухгалтер 24.12.2001ж. №1676 «Кіріске салық салынғанда есепке алынатын іс-сапар шығындарының нормалары» туралы ҚР Үкімет қаулысын басшылыққа алады. Үкімет қаулысында іс-сапар шығындарын өтеу нормалары көрсетілген. Мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық және іс-сапар шығындары салық салғанға дейінгі кірістен шегеріледі. Жоғарыда айтылған шығындардың барлығына растаушы құжаттар болуы тиіс.

Ұйымның дебиторлық борышы келесі жағдайларда күмәнді талаптар болып саналады:

  • Келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе;
  • Қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе.

     Дебиторлық борыштың сенімсіз талаптары деп, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен борышты айтады. ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес бұл мерзімге 3 жыл берілген.

     Күмәнді талаптар  бойынша резерв құрудың мәні сатып алушының қарызын төлеумеуден кәсіпорынды сақтандыратын тәуекелдік қорын құру болып табылады. Мұндай резервтің құрылуы кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздықта жұмыс істеуімен байланысты. Жаппай төлем қабілетін жоғалту жағдайында кәсіпорындар жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдын-ала төлем алуға мүдделі. Алайда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің әр кез төлемдік қабылеті және алдын-ала төлем жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Осы қалыптасқан жағдайларда сату көлемін арттыру, соған байланысты пайда мөлшерін ұлғайту мақсатында кәсіпорындар тауарды төлеу мерзімін кейінге қалдырып, несиеге беруге мәжбүр. Бірақ кәсіпорын өнімді өткізумен байланысты шығындар шығарғанда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер әр түрлі себептер бойынша қарызын өтей алмауы мүмкін.  Дәл осы жағдайда кәсіпорындар күмәнді талаптар бойынша резерв құру тәжірибесін қолдануы керек. Бұл резерв кәсіпорынға қаржылық есептілік құруда негізгі ережелердің бірі – сәйкес келу қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді. Ендеше, бір мәміле немесе оқиға нәтижесінде пайда болған кірістер мен шығыстар бір уақытта танылады, ал күмәнді талап сомалары өткізілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес келуі керек   және тауар өткізілген, жұмыс орындалған және қызмет көрсетілген есерпті мерзімнің шығындарына жату керек.

Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында жүргізіледі. Бұл шот контрактивті, өйткені сатып алушы мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышының бағасын түзетеді.

Есепте күмәнді талаптар бойынша резервтің жәй-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат баланста және пайда мен зиян туралы есете келесідей көрсетіледі:

     - баланстағы дебиторлық борыш 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында есептелетін күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына азайтылып көрсетіледі;

     - пайда мен зиян туралы есепте құрылған резерв сомасы кезең шығыстары ретінде танылады.

Егер сенімсіз дебиторлық борыш сомасы белгілі болса онда оны шығыстарға жатқызамыз:

    Дебет  7440 «Күмәнді талаптар  бойынша шығыстар»

            Кредит  1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

Сенімсіз дебиторлық борыштың сомасын, яғни іздену мерзімі өтіп кеткен борышты баланстан шығару мына бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

Д-т 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Күмәнді талап бойынша резервті бағалаудың екі тәсілі бар:

  • Таза өнімді өткізуден, жұмыс орындағаннан, қызмет көрсетуден пайыз әдісі;

  -  Дебиторлық борышты төлеу  мерзіміне байланысты есепке  алу әдісі

Көптеген кәсіпорындар өз міндеттемесінің төлем мерзімін ұзарту үшін борышын шартсыз жазбаша міндеттемемен, яғни вексельмен қамтамасыз етеді. Қарапайым вексельді есепке алғанда келесі көрсеткіштердің маңызын жақсы ұғыну қажет:

  1. өтелу күні
  2. вексель мерзімі
  3. пайыздық ставка
  4. өтелетін сомасы.

Вексельдер пайыздық және пайызсыз болып екіге бөлінеді. Пайыздық вексельдер бойынша пайыз келесі формуламаен есептелінеді:

      Негізгі борыш сомасы х Пайыздық ставка х Вексель мерзімі                            (3)

 

Қорытынды:

     Басқа заңды және  жеке тұлғалардың кәсіпорынға  қарызы дебиторлық борыш болып  табылады.

     Алынуға тиісті шоттар  төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай ұзақ және қысқа мерзімді болып екі түрге бөлінеді. Олардың есебі сәйкесінше, жұмыс шоттар тізбегінің 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш» бөлімшелерінде жүргізіледі. Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады.

            Егер дебиторлық борыш келісім-шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе және қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе күмәнді талап болып саналады.

 

Әдістемелік нұсқау:

 

      1. «Дебиторлық борыш есебі» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
      2. Тақырып бойынша алған білім базсының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
      3. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
      4. Тестіні орындаңыз.
      5. Ситуациялық есепті шығарыңыз.
      6. СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -28.02.2007
  2. ҚР «Ақша төлемдері мен аударымдары» туралы» Заңы
  3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. ҚЕХС бойынша дебиторлық борыш түсінігі.
  2. Дебиторлық борыш түрлері.
  3. Дебиторлық борыш қалай танылады?
  4. Тауардың базалық бағасынан сауда жеңілдігін жасау әдісіне сипаттама беріңіз.
  5. Мерзімінде төлегені үшін жасалатын жеңілдік түріне сипаттама беріңіз.
  6. Жалпы әдіс бойынша жеңілдік есебі.
  7. Таза әдіс бойынша жеңілдік есебі.
  8. Шағымдар бойынша есеп айырысу есебі.
  9. Күмәнді талаптарға сипаттама беріңіз.
  10. Күмәнді талаптар бойынша резервтер құру әдістері.

11. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі қандай шотта есепке алынады?

12. Алдағы кезең шығыстарына не жатады?

13. Алдағы кезең шығыстары өандай  шота есепке алынады?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:

  1. Төменде берілгендердің қайсысы дебиторлық борыштарға жатпайды?

А) Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі.

B) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі.

С) Есеп беруге тиіс тұлғалардың берешегі.

Д) Алынған вексельдер.

Е) Жабдықтаушылар алдындағы қарыз.

  1. Дебиторлық борыш төлеу мерзіміне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

А) Қысқа мерзімді және ағымдық.

B) Ұзақ мерзімді және орта мерзімдік.

С) Қысқа мерзімді және орта мерзімдік.

Д) Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.

Е) Ағымдық.

  1. Алынған вексельдер:

А) Ресми емес борыштық міндеттемелермен.

B) Ресми борыштық міндеттемелермен.

С) Шот-фактуралармен.

Д) Жүк құжаттарымен.

Е) Фискальді чектермен.

  1. Алынуға тиісті шоттар қандай құжаттармен рәсімделеді:

А) Ресми емес борыштық міндеттемелермен.

B) Ресми борыштық міндеттемелермен.

С) Шот-фактуралармен.

Д) Жүк құжаттарымен.

Е) Кіріс ордерімен.

  1. Тапсырыс берушіге қызметкөрсетілгенде қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

А) Дт-1210 Кт-1310

В) Дт-1210 Кт-6280

С) Дт-1210 Кт-6010

Д) Дт-6010 Кт-1210

Е) Дт-1030 Кт-1210

6. Тапсырыс берушіден көрсетілген қызмет үшін ақша келіп түскенде қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

А) Дт-1210 Кт-1310

В) Дт-1210 Кт-6280

С) Дт-1210 Кт-6010

Д) Дт-6010 Кт-1210

Е) Дт-1030 Кт-1210

7. Төменде берілгендердің қайсысы күмәнді талаптарды бағалау әдісі болып табылады?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

Е) Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі.

8. Қай әдісте күмәнді талап пайызы борышты төлеу мерзімі бойынша анықтаалды?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) Шоттарды төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

Д) Орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

9. Қай әдіс бойынша сатудың жалпы көлемінен сенімсіз борыштардың пайызы анықталады?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) Шоттарды төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

Д) Орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

10. Төменде берілгендердің қайсысы іс-сапар шығыстарына жатпайды?

А) тұрғын бөлмені жалға алу шығыстары.

В) тәуліктік ақы төлеу шығыстары.

С) іс-сапар орнына барып келу жол ақы шығыстары.

Д) қонақ үйде орынды броньдау төлемі.

Е) өкілеттік шығыстар.

  1. «Іс сапар шығыстары бекітілген норма шегінде  өндіріс шығындарына апарылды» операциясы қандай бухгалтерлік өткізбемен рәсімделеді?

А) Дт-1250 Кт-1010

В) Дт-7210 Кт-1250

С) Дт-1310 Кт-1250

Д) Дт-1420 Кт-1250

Е) Дт-1320 Кт-1250

«Дебиторлық борыш есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: дебиторлық борыш, күмәнді талап, үмітсіз борыш, есеп беруге тиісті тұлға және есепті сома, алдағы кезең шығындары

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: ақша қаражаттары есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялар бойынша есеп шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

  1. Дебиторлық борыш туралы түсінік және оның түрлері.
  2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі.
  3. Сатып алушыларға берілетін жеңілдік түрлері және олардың есебі.
  4. Қайтарылған тауарлар есебі.
  5. Алынған вексельдер есебі.
  6. Есеп беруге тиісті тұлғамен есеп айырысу есебі
  7. Күмәнді талаптар резервінің есебі және оны бағалау түрлері.
  8. Алдағы кезең шығыстарының есебі.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі