Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар

Вложенные файлы: 1 файл

Бух учет жинактар.doc

— 1.19 Мб (Скачать файл)

 

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007
  2. Қаржылық есептіліктің №2 «Қорлар» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006
  3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тауарлық- материалдық құндылықтарға не жатады?
  2. ТМҚ-ға жатпайтын түрлерін аатңыз.
  3. Консигнациядағы тауар деп нені айтады?
  4. ТМҚ есебін қандай стандарт реттейді?
  5. Материалдар қандай түрлерге бөлінеді?
  6. Негізгі материалдарға не жатады?
  7. Қосымша материалдарға не жатады?
  8. Аяқталмаған өндіріс деген не?
  9. Шала фабрикаттардың аяқталмаған өндірістен айырмашылығы неде?
  10. ТМҚ есебі үшін шоттар тізбегінің қай бөлімшесінің шоттары қолданылады?
  11. Қорлардың өзіндік құнына не кіреді?
  12. ТМҚ бағалаудың қандай әдістері бар?
  13. ФИФО әдісінің мәні неде?
  14. Қорлардың орташа салмақтандырылған құны қалай анықталады?
  15. ҚЕХС-мен ұсынылған ТМҚ есептеу жүйелерін атаңыз?
  16. Таза өткізу құны дегеніміз не және қандай жағдайларда қолданылады?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:

    1. Материалдардың өзіндік құны неден құралады?

А) есепті баға бойынша қорлар құнынан.

В) келісілген бағадан.

С) сатып алу бағасы мен субъектінің осы материалды дайындау және жеткізу шығыстарынан.

Д) көліктік-дайындау шығыстарынан.

 

2. Нақты келіп түскен ТМҚ саны жабдықтаушыдан келген құжаттың мәліметтерімен сандық және сапалық жағынан ауытқыған жағдайда қандай құжат толтырылады?

А) Материалды қабылдау актісі.

В) Накладной.

С) материалдардың ішкі қозғалысы бойынша накладной.

Д) Лимиттік - жинақтау картасы.

Е) Кіріс ордері.

 

3. Өнімді дайындау кезінде тұрақты түрде қолданылатын материалдарды өндіріске босату үшін және қорларды өндірістік қажеттіліктерге бекітілген лимит бойынша жіберу мақсатында қандай құжат толтырылады?

А) Материалды қабылдау актісі.

В) Накладной.

С) материалдардың ішкі қозғалысы бойынша накладной.

Д) Лимиттік - жинақтау картасы.

Е) Кіріс ордері.

 

4. ФИФО әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

     С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша      өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.

 

5. Орташа құн әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша      өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.

 

6. Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру  әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша      өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.

 

  1. Жабдықтаушылардан материалдар келіп түскенде қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?

А) Дт-1320 Кт-3310

В) Дт-1310 кт-3310

С) Дт-3310 Кт-1310

Д) Дт-1310 Кт-8110

Е) Дт-1310 КТ-8210

 

  1. Алынған материалдар үшін жабдықтаушыларға төлем жасалғанда қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?

А) Дт-3010 Кт-1310

В) Дт-1310 Кт-3310

С) Дт-3310 Кт-1040

Д) Дт-1030 Кт-3310

Е) Дт-1310 Кт-3010

 

«Тауарлық-материалдық құндылықтар есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: тауар, материал, шикізат, дайын өнім, негізгі материалдар, қосымша материалдар, аяқталмаған өндіріс, шала фабрикаттар, ыдыс материалдары, қайтарымды өндіріс қалдықтары, өзіндік құн, ФИФО, орташа салмақтау, ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру, кезеңдік жүйе, үздіксіз жүйе, таза өткізу құны, сальдолық әдіс, сандық-сомалық әдіс. Тәжірибелік сабақтың мақсаты: қорлар есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, олардың өзіндік құнын анықтау бойынша, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

  1. ТМҚ туралы түсінік және оның түрлері.
  2. ТМҚ бағалау әдістері
  3. ТМҚ өзіндік құнын анықтау әдістері
  4. Есеп жүйелері.
  5. ТМҚ қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
  6. Дайын өнім есебі

 

Студент білуі тиіс:

    • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
    • ТМҚ шығыстарын тану және бағалау шарттарын;
    • ТМҚ синтетикалық есебін;

 

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  2. ТМҚ бағалау әдістерін.
  3. ТМҚ есепке алу шоттарын

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, тауарлық-матриалдық қорлар және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Есеп 1.

Компания компакт дискілерді сатумен айналысады. Ағымдық жылдың қаңтар айының басында (01.01…) компанияда дискілердің қалдығы (1000 дана  700 теңгеден)- 700000 теңгені құрады.

Бір ай ішінде сатып алынды:

03. 01....- 500 дана 600 теңгеден

07. 01....- 200 дана 500 теңгеден

23.01.... - 250 дана 550 теңгеден

30.01....- 300  дана 650 теңгеден.

Сатуға дайын тауарлардың саны 2250 дана. Бір ай ішінде компакт дискілердің 2000 данасы сатылды. Сатып өткізілген тауарлардың өзіндік құнын ФИФО, орташа құн әдістері бойынша есептеп шығарыңыз.

 

Есеп 2.

   «Өркен» компаниясы ТМҚ есебін өзіндік құн мен таза өткізу құнының ең аз мөлшерімен, негізгі тауарлық топтар әдісін қолдана отырып жүргізеді. Бас бухгалтердің көмекшісі келесі талдауды жүргізді:

ТМҚ категориялары                           Бастапқы құн                                           Таза өткізу құны

                     А                                              22000                                                           20000

                     Ә                                              45000                                                           95000

                     Б                                               18000                                                           36000

                     В                                               56000                                                           55000

                 Барлығы:                                    141000                                                         206000

Бухгалтерлік баланста ТМҚ-ның қандай сомасы көрсетілуі тиіс?

 

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

    СӨЖ-ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және тауарлық-материалдық қорлар есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

 

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. ТМҚ қозғалысын құжаттау.
    2. ТМҚ бухгалтериядағы және қоймадағы есебіне және онда қолданылатын әдістерге сипаттама беріңіздер.

1-Есеп.

Компания  да ТМҚ бойынша мерзім басында қалдық болмаған:

ТМҚ                                                        Сатып алынды                         Бір бірлігінің

сатып алу күні                                        саны                                          өзіндік құны

15.01                                                         2000                                          2,00                                   

20.07                                                         3000                                          2,20                   

03.09                                                         1000                                          2,30

29.10                                                         5000                                          2,50

12.12                                                         1000                                          2,60

ТМҚ соңғы қалдығы-2500 дана. ФИФО әдісі бойынша сатып өткізілген ТМҚ мен мерзім соңындағы қалдығының өзіндік құнын анықтаңыздыр.

     2-Есеп

     2002 жылы сауда фирмасы  кілем фабрикасынан 600000  теңгеге 100 кілем сатып алды. Оларды тасымалдауға 60000 теңге жұмсалған. Бір кілемнің өзіндік құны – 6600 тг болды. Фирма жыл ішінде 7500 теігеден 80 кілем сатып өткізді. Жылдың соңында фирмада 20 кілем қалған, оның 5-уі бүлінген. Бүлінген кілемдердің әрқайсысын 3500 теңгеден сатып жіберуге болады. Қалған 15 дана кілемнің әрқайсысын 7500 теңгеге сатуға болады. Жылдың соңында тауар қалдығы баланста қандай құнымен есепке алынады?

 

 

9-Тақырып: «Ұзақ мерзімді активтер есебі»

Тақырыптың мақсаты: негізгі құралдар және материалдық емес активтер туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін  меңгеріп, есептей білу.

Дәріс сұрақтары:

1.   Негізгі құралдар туралы  түсінік және оларды бағалау.

2.   Негізгі құралдар қозғалысының есебі.

3.   Негізгі құралдардың тозу  есебі.

4.   Негізгі құралдарды жөндеу  шығынының есебі.

5.   Жал есебі.

6.   Материалдық емес активтер туралы түсінік, олардың жіктелуі және бағалануы.

7.   Материалдық емес активтер қозғалысының есебі.

8.  Материалдық емес активтерге амортизация есептеу есебі.

 

Негізгі түсініктер: ұзақ мерзімді активтер, негізгі құалдар, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.

 

Дәріс мазмұны:

         Негізгі құралдар есебі №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартқа сәйкес негізгі құрал деп кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І  жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтерді айтады.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі