Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция
Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар
СӨЖ-ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және шаруашылық есеп түрлері, бухгалтерлік есеп объектілері туралы теориялық білімін нақтылау.
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:
1. «Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).
2. Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын реттейтін нормативті – құқықтық актілердің тізімін құрыңыз
3. Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз, анықтаманы талдаңыз.
4. Ұлттық экономикада
5. Бухгалтерлік есептің әлемдік үлгілерін толықтырыңыз.
2-шолу дәрісі: «Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары»
Дәріс сұрақтары:
1. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар.
2. Қаржылық және басқару есебі.
3. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары мен қағидалары.
4. Қаржылық есептілік элементтері. Оларды тану мен бағалау
Дәрістің мақсаты: Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізін құрайтын ережелер мен қағидалары, бухгалтерлік есептің түрлері мен қаржылық есептілік элементтері және ақпаратты пайдаланушылар туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: сыртқы пайдаланушылар, ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп, басқару есебі, халықаралық стандарттар, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс, шығыс, пайда, зиян.
Дәрістің негізгі мазмұны
Бухгалтерлік есептің ақпаратының негізінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржылық есептілік құрылады. Ол:
Қаржылық есептіолікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствлар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады.
Қаржылық есептілікті
пайдаланушылардың әр түрлі
Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады.
Қаржылық есептілік
компанияның жалпы
Қаржылық есептіліктің халықаралық №1-«Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.
Қаржылық есептілік тұжырымдамалары мыналардан тұрады:
Оны сызба түрінде көрсетуге болады:
Арнайы сұрақтар шеңбері | |
Компанияның қаржылық есептілігін жүргізу мақсаты
Қаржылық есептің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Қаржылық есептілік ұйғарымдары
Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары Қаржылық есеп берулердегі ақпаратты бағалау үшін бухгалтерлік есептің сипаттамасын анықтайды Қаржылық есептілік элементтері Қаржылық есептілік элементтерін анықтайды және бухгалтерлік ақпаратты жіктеу өлшемдерін бекітеді
Тану және өлшеу Қаржылық есептіліктің ұсынылуы қажетті жағдайларды анықтау үшін өлшемдерді бекіту
Өзге қағидалары: |
Есептілікті пайдаланушылар шеңберін, инвесторлар мен кредиторларды және т.б. анықтайды. Пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қаржылық есеп берулердің мақсатын тізіп береді. Ұйғарымдар: Есептеу қағидасы Қызметтің үздіксіздігі Сипаттамалар Түсініктілік Мәнділік Анықтылық Салыстырмалық Қаржылық есептілік элементтері Активтер Міндеттемелер Капитал / таза активтер Кіріс Шығыс Пайда Зиян Тану өлшемдері Өлшеу өлшемдері Элементті анықтау, өлшемділігі Өзектілігі, сенімділігі Орта қағидалары: Бағалау Кезеңділік Өткізу қағидалары: Өзіндік құн Есептеу Сәйкес келу Толық ашу Шектеу қағидалары Шығындар-кірістер Маңыздылық Сала ерекшелігі Консерватизм |
2-Сызба. Қаржылық есептілік тұжырымдамалары.
Қорытынды
Қаржылық есептілік өзінің концептуалдық негізіне сай құрылуы тиіс. Оның концептуалдық негізін бухгалтерлік есептің жалпы ережелері- стандарттары мен қағидалары құрайды. Қаржылық есептілік субъектінің міндеттемелерін өтеу және инвестициясын қайтаруы үшін болашақта табыс алу және қолма-қол ақша ағымын алу қабылеттілігін болжауға көмек көрсететін ақпаратттан тұруы керек.
Дәріске әдістемелік нұсқау:
Дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Бухгалтерлік есеп
2. Бухгалтерлік есеп
3. Есеп саясаты деген не?
4. Халықаралық стандарттардың
5. Қаржылық есеп беру
6. Бухгалтерлік есеп қағидалары деген не?
7. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп стандарттарында қандай ұйғарымдар анықталған?
8. Қазақстан Республикасында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы Заңында» қандай негізгі қағидалар анықталған?
9. Ақпаратты пайдаланушылар түрлері
Өзін-өзі бақылау арналған тестілік тапсырмалар:
1. Есептеу қағидасы деген не?
а) кіріс пен шығысты туындауы бойынша емес, ақша төлегенде немесе ақша алғанда есепке алу;
ә) есепке кіріс пен шығысты ақшаның түсуі
немесе шығындалуы бойынша емес, туындағанда
алу;
б) ақпаратты шынайы көрсету;
в) ақпаратты уақтылы есепке алу;
2. Клиент автокөлігін тех қызмет көрсету орталығына жөндеуге 31.08.06-де берді. ТҚКО көлікті 01.09.05 күні жөндеп, клиент қызмет көрсетушіге ақшаны 02.09.06 аударды. ТҚКО ақшаның келіп түскендігі туралы хабарламаны 03.09.06 күні алады. Есептеу қағидасы бойынша ТҚКО кірісін қай күні есепке алады?
а) 31.08.06
ә) 01.09.06
б) 02.09.06
в)03.09.06
3. Бухгалтерлік есеп түрлеріне не жатады?
а) қаржылық
ә) оперативті
б) дербес
в) статистикалық
г) дұрыс жауап жоқ.
4. Ақпаратты пайдаланушылар қандай топтарға бөлінеді?
а) активті және пассивті
ә) сыртқы және ішкі
б) сыртқы
в) ішкі
г) орта пайдаланушылар.
5. Қаржылық есептілік элементтерін атаңыз:
а) актив, капитал
ә) міндеттемелер
б) кіріс пен шығыс
в) пайда мен зиян
г) жауаптардың барлығы дұрыс.
«Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен қағидалары» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..
Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп қағидалары, есептеу қағидасы, үздіксіздік қағидасы, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс пен шығыс, пайда мен зиян, сыртқы және ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп және басқару есебі, есептілік түрлері.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп қағидаларына талдау жасау, ақпаратты пайдаланушылар үшін қаржылық есептіліктің мәні мен маңызын түсіну, қаржылық есептілік элементтері туралы түсінікті ашып көрсету.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
Студент білуі тиіс:
Студент меңгеруі тиіс:
Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:
Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің қағидаларын сақтаудың практикалық дағдысын көрсете білу.
1-Тапсырма
САҚТЫҚ (КОНСЕРВАТИЗМ)
Есептің берілгенін оқып шығыңыз. Компанияның әрбір операцияның нәтижесі бойынша, табысы мен зиянын, сақтық қағидасын сақтай отырып, бухгалтерлік есепте қалай танитындығына түсінік беріңіз.
СӨЖ-на арналған тапсырмалар
СӨЖ-ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және қаржылық есептілік мақсаты, бухгалтерлік есеп қағидалары мен қаржылық есептілік элементтері туралы теориялық білімін нақтылау.