Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар

Вложенные файлы: 1 файл

Бух учет жинактар.doc

— 1.19 Мб (Скачать файл)

 

Тестілер мен есептер:

1.Ұйымның ағымдық шотына сатып алушылардан ақша келіп түсті:

а. Д 1030     К3310

в. Д 1030     К1210

с. Д 3310     К1030

д. Д 1070     К3310

е. Д 1210     К1030 

2. Ағымдық шоттан банк несиесі қайтарылды:

а. Д 1010     К1030

в. Д 1030     К3010

с. Д 3010    К1030

д. Д 3010     К1010

е. Д 1010     К3010

3.Ұйымның ағымдық шотына сатып алушылардан келіп түскен ақша қандай құжат негізінде рәсімделеді:

а. төлем тапсырмасы

в. төлем хабарламасы

с. кіріс ордері

д. шот-фактура

е. кіріс кассалық ордері

4. Ағымдық шоттағы қаржы есебінен аккредетив ашылды.

а. Д 1060     К1030

в. Д 1030     К1210

с. Д 1060     К1210

д. Д 1210     К1060

е. Д 1030     К1060 

5.Банк несиесі (3010) арқылы қызметкерлерге еңбек ақы төленді (3350)?

а. Д 7210      К3310

в. Д 3010      К1030

с. Д 3310      К3010

д. Д 3310      К3010

е. Д 3310      К1030 

6. Ұйымның кассасынаа ақша қандаі  құжат негізінде кірістеледі:

а. кіріс ордері

в. кассалық кіріс ордері

с. чек

д. кіріс наклоднойы

е. төлем хабарламасы

7. Ұйымның ағымдық шотынан ақша қаражатының шығуының синтетикалық есебі қандай құжатта жүргізіледі:

а. Бас кітапта

в. 2-ші Журнале-ордерде

с. 1-ші Журнал-ордерде

д. Кассалық кітапта

е. 2-ші Журнале-ордерге ашылған 2-ші ведомосте.

8. Қандай жағдайларда заңды тұлғалар арасында есеп айырысулар нақты ақшасыз есеп айырысу нысандарыменжүргізіледі:

а. Егер ақшаны алушы басқа қалада болса;

в. Төлем 4000 теңгеден асса;

с. Төлем 4000 АЕК-тен асса;

д. Төлем 40000 тенгеден аз болса;

е. Тқлем 40000 АЕК-тен асса.

9. Чектер қандай түрлерге бөлінеді:

а. өтелген және өтелмеген

в. Ақшалай және ақшалай емес

с. бір ретті және көпретті қолданылатын

д. төлемдік және өтелген 

е. Бөлшектік және толық

10. Банкке ағымдық шот ашу үшін тапсырылатын құжаттардың бірі:

а. Төлем тапсырмасы

в. Ұйым жарғысының көшірмесі

с. есеп айырысу чегі

д. төлем карточкасы

е. технико-экономикалық негіздеме

 

 

«Ағымдағы активтердің есебі:

Ақша құралдары және олардың эквиваленттері» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: ақша эквиваленттері, каасалық операциялар, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, банк үзіндісі, төлем тапсырмасы, аккредетив, инкассалық өкім, бағамдық айырма.  

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: ақша қаражаттары есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялар бойынша есеп шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

  1. Ақша және оның эквиваленттері.
  2. Кассадағы кіріс операцияларының есебі.
  3. Кассадағы шығыс операцияларының есебі.
  4. Кассалық операцияларды құжаттау.
  5. Ағымдық және басқа да банктік шоттардағы ақша есебі.
  6. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандары.

Студент білуі тиіс:

    • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
    • Кассадағы және банк шотындағы ақша операцияларын шоттарда бейнелеу
    • Шетел валютасында жүргізілетін операцияларды бухгалтерлік есепте бейнелей білу және бағамдық айырмалардың шоттарда бейнеленуін;

Студент меңгеруі тиіс:

  • Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  • Кассалық операцияларда қолданылатын алғашқы құжатар мен есеп  тіркелімдерін толтыруды;

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер. 

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, ақша құралдары мен олардың эквиваленттерінің мәнін түсіну және олардың есебін меңгеріп, іс жүзінде қолдана білу.

 

Есеп 1. – Ақша құралдары мен олардың эквиваленттерін жіктеу

Келесі баптар қай шоттарда есепке алынады:

а) монеталар мен валюталар;

б) Қазына облигациялары;

в) депозиттік сертификаттар;

г) Шоттағы қаражатпен жабылмаған чектер (банк үзіндісімен бірге қайтарылған чектер);

д) шетел банкісіндегі депозит;

е) алдағы мерзіммен берілген чек (көрсетілген мерзімге дейін ақша алға болмайды);

ж) ұзақ мерзімді міндеттемелерді өеуге пайдаланылатын ақша қаражаты;

з) жолдағы депозиттер;

и) басқа компанияның 100 акциясы (бір жыл немесе одан да аз мерзім ішінде сатып жіберуге ниеті бар);

к) жинақ шоты;

л) пошта маркалары;

м) іссапар шығындарына берілген аванстар.

 

Есеп 2. Чек бойынша төлем

  1. Компания 20/12/ 04 жылы несиеге 20,000 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алады. Операцияны шоттарда бейнелеңіз.
  2. 28. 12.04 ж. жабдықтаушының квитанциясын төлеуге чек жазылып берілді. Операцияны бейнелеңіз.
  3. Жабдықтаушыға чек тек 05.01.05ж. ғана жеткені анықталды. Қаржылық қорытынды есептілікте 2004 жылдың 31- желтоқсанына қалдықтарды дұрыс бейнелеуге қажетті кері бухгалтерлік өткізбе беріңіз.
  4. Енді, шын мәнінде жабдықтаушы чекті 2004 жылдың 29- желтоқсанында алғаны анықталды. Бірақ ол чекті банкке 2005 жылдың 3-қаңтары күні жеткізіп, ақша алғаны мәлім болды. Корректуралық жазу қажет деп ойлайсыз ба? Неге екенін түсіндіріңіз. 

 

Есеп 3. Ақша құралдарын жіктеу

2004 жылдың 31- желтоқсанында компанияның  меншігінде келесі активтер болған:

  • Банктегі ақша қаражаты – жинақтық шот                          63000
  • Кассадағы ақша                                                                      9300
  • Салық инспекциясынан қайтарылған ақша                        31000
  • Арнайы шоттағы қалдық                                                      17000
  • Болашақ датамен бекітілген чектер                                        750
  • Депозиттік сертификаттар (180 күн)                                   90000

 

Ақша құралдарының сомасын анықтаңыз?

 

Есеп 4. Ақша құралдары бойынша қалдықты анықтау

      Төменде бір-біріне  тәуелсіз ситуациялар берілген. Әрбір жағдай бойынша ақша  құралдары шотындағы қалдық соманы  анықтаңыз. Егер, бір тармақта ақша  құралдары шотында бейнеленетін  ешқандай бап жоқ деп санасаңыз, түсініктеме беріңіз:

 

  1. Ағымдық шоттағы қалдық – 925000 тг., депозиттік сертификаттар – 1400000 тг., еншілес компаниядан алынған аванс – 980000 тг, газға төленген алдын-ала төлем – 180 тг.
  2. Ағымдық шоттағы ақша – 600000тг, овердрафт- 17000 тг, облигацияны өтеу қорындағы ақша – 200000, кіші касса-300, монеталар мен купюралар-1350тг.
  3. Ағымдық шоттағы қалдық – 590000 тг, сатып алушыдан алынған, болашақ күнмен жазылған чек – 11000тг, компенсациялық қалдыққа қалдырылған ақша – 100000тг, сатып алушымен куәландырылған чек – 9800тг, поштп маркілері – 620 тг.
  4. Ағымдық шоттағы қалдық –37000 тг, қысқа мерзімді инвестициялық инструменттер (салымды есеп айырысу мақсатында жұмсауға тыйым салынады) – 48000 тг, сатып алушыдан алынған қамтамасыз етілмеген чек – 800 тг.
  5. Ағымдық шоттағы қалдық –700000 тг, жұмсалуына шек қойылған, жаңа өндірістік жабдықтар құрылысын қаржыландыруға арналған ақша қаражаты – 500000 тг, қысқа мерзімді казначейлік облигациялар-180000 тг, ағымдық шоттағы қалдыққа қосылмаған, сатып алушылардан алынған аванс – 900 тг, компанияның қызметкеріне берілген, бірінші талап бойынша қайтарылатын аванс- 7000 тг,

 

 

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Ағымдағы активтердің жіктелуіне.

2.  Шетел валютасында жүргізілетін операциялар бойынша ақшалай және ақшалай емес баптардың айырмашылығына аса назар аудару керек.

 

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

    СӨЖ-ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және ақша құралдары есебі   туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

 

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандары және олардың сызбасын жасаңыз.

  1. Банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебін толықтырыңыз

 

1. Есеп

Қолма-қол ақшаға импортты ТМҚ алу бойынша бухгалтерлік өткізбе құрыңыздар:

 

1. Кәсіпорынның өкілетті банкінің  валюталық несиесі есебінен шетелде 3000 шетел валютасына аккредетив  ашылды.

2. Шетел банкінен жабдықтаушыға  аккредетивтен 3000 шетел валютасы төленгендігі туралы хабарлама келіп түсті.

 

 

 

Тақырып 7. Дебиторлық борыш есебі.

 

Сабақтың мақсаты:

Дебиторлық борыштың түсінігі мен түрлерін қарастыру, дебиторлық  борыш бойынша есеп айырысуды зерттеу, және оларды тану мен бағалауды меңгеру.

Дәріс сұрақтары:

1. Дебиторлық борыш туралы түсінік және оның түрлері.

2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі.

3. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі.

4. Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі.

5. Алынған вексельдерді есепте бейнелеу және өлшеу.

 

Негізгі түсініктер: дебитор, алынуға тиісті шоттар, саудалық дебиторлық борыш, саудалық емес дебиторлық борыш, ақшалай жеңілдік, сауда жеңілдігі, сатылған тауарлың қайтарылуы, күмәнді борыш,  несиеге таза сатып өткізуден пайыз әдісі, дебиторлық борышты төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі, есеп беруге тиісті тұлға, вексель, алдағы кезең шығыстары. 

Дәріс мазмұны:

Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы мерзімді өтімді активтерінің маңызды түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға тиісті шоттар) және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).

Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

  • ұзақ мерзімді;
  • қысқа мерзімді (ағымдағы);

     Қысқа мерзімді қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі  қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып  саналады.

     Дебиторлық борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл мерзімнен асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып саналады.

 

    


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-Сызба. Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері

 

     Халықаралық және  қазақстандық стандарттар арасында дебиторлық борыш есебін жүргізу тәртібі мен есептілікте бейнеленуін тікелей реттейтін стандарт жоқ. Дебиторлық борыштың баланста қөрсетілуі №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ҚЕХС анықталады, бұл жерде саудалық және басқа да дебиторлық борыштың баланста бейнеленуі талап етіледі. (66 тармақ, f тармақша). Сонымен қатар 72 тармақта бас, еншілес, қауымдастырылған ұйымның және басқа да байланыс жақтардың бөлек баптарында дебиторлық борыштың бөлек ашылуы тиіс екендігі айтылдады.

      Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген мәселелері №39 «Қаржылық құралдар:  тану мен бағалау» ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.

     Сонымен дебиторлық борыш жасалған саудалық, саудалық емес операциялар нәтижесінде пайда болады. Саудалық дебиторлық борыш дегеніміз кәсіпорынның қалыпты қызметі нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушының  міндеттеме сомасын айтамыз. Саудалық емес дебиторлық борышқа қызметкерлердің дебиторлық борышы, алынуға тиісті дивидендтер мен пайыздар, сақтандыру жағдайлары туындағанда сақтандыру компаниясына қойылатын талаптар, мемлекеттік органдарға салықты қайтару бойынша қойылатын талаптар және т.с.с жатады.

     Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне,  сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.

Дебиторлық борыш есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома,  кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі