Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 20:35, дипломная работа
Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Кіріспе..................................................................................................2-4
1 тарау. Соттық дәлелдеу .....................................................................5
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.........................................11
1.2 Дәлелдеу пәні ............................................................................12-23
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері ..........................23-30
2 тарау. Дәлелдемелер ..........................................................................31
2.1 Дәлелдемелердің түсінігі ..........................................................31-38
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау.......................................39-41
2.3 Дәлелдемелердің жіктелуі .........................................................41-44
3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері....................................45
3.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ......45-49
3.2 Куәнің көрсетпелері ...................................................................49-52
3.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер ........................................53-55
3.4 Сарапшының қорытындысы ......................................................55-61
Қорытынды .......................................................................................62-63
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі..............64-66
Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен белгіленген жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.
Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамдарға қарсы куәлік беруге міндетті емес.
Куәлардың көрсетпелері заңмен белгіленген тәртіппен алынады. Бұл тәртіп сақталмаған жағдайда соттық дәлелдеме ретінде қабылданбайды. Ереже бойынша куәдан жауап алу сот мәжілісінде жүргізіледі.
Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап бас тартқан үшін және көрінеу жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертпе. Куәға – сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне және жақын туыстарына қарай айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өзіне тәубә қылған. Сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден құқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оныңі құқықтарымен міндеттері туралы түсіндіргені туралы қол хат алады.
Қол хат сот отырысының хаттасмасына қоса тігіледі.
Он алты жасқа толмаған куәға судия оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді. Бірақ оған жауап бергеннен бас тартқаны үшін және көрінеу жауап бергені үшін қылмескерлік жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.
Әр бір куәдан жауап жеке жеке алынды. Әлі айғақ берһмеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.
Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.
Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы адамдармен өкілдер сұрақ қояды. Судия куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.
Қажетті болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала-алады. Сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасындағы беттестіру жүргізеді.
Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.
Жауап әлде қайда цифрлармен немесе есте сақтау басқа деректермен байланысты болған жағдайлардан, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдаланады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі. Және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркеуі мүмкін. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алудан сотқа шақырылатын пелдагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда, кәмілетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Істің мән жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайлардан кәмілетке толмаған куәдан жауап алынған уақыттан сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қаптысушы бір адам қандайда бір адам шақырылуы мүмкін.
Бұл адам сот отырысы залынан қайта келгенде оған кәмілетке толмаған куәнәің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қойылуы мүмкіндігі берілуі тиіс. Он алты жасқа толмаған куә, сот бқұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.
3.3. Жазбаша және заттық дәлелдемелер.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын әкілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.
Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша, сот талап етуі мүмкін. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәләндырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса дәлелдемелер болып табылады. Құжаттарға соның ішінде осы Кодекстің 66 бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.
Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтініш жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, осы дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс. Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан, талап ететін жазбаша дәлелдемелерді тікелей сотқа жібереді.
Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтініш берген тұолғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.
Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырған көшірмелерді және үзінділерді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойған жерде қарай алады және зерттей алады.
Түп нұсқа жазбаша дәлелдемелер сондай-ақ, істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заң күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда, істе жазбаша дәлелдемелердің судия куәландырған көшірмесі қалады. Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін, егер, сот мүмкін деп тапса, оларды тбыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.
Егер заттар өзінің сыртқы түрімен қасиеттерімен немесе өзге де белгілдерімен іс үшін маңызы бар мән жайды анықтау құралы бола алады деп, ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдеме болып аталады. Заттай дәлелдемелер істе сақталады, немесе айрықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камереасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада екжей текжелі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге мөрмен бекітілуге тиіс.
Заттай дәлеледемелер жөқніндегі шығындар осы Кодекстің 110 бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.
Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді сот дереу қарап, шығарады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығаруға әкелген адамға қайтарады.
Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса хабарланады. Хабарланған іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірсмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.
Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу оның нәтижелерін жазу осы Кодекстің 87 бабымен екінші және үшінгші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Заттай дәлеледемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенннен кейін олар алынған адамдарға қайтарылады. Немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға береді немесе сот белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын тиісті ұйымдарға беріледі.
Заттай дәлелдемелер оларды сот қарап шығып, зерттегеннен кейін егер олар алынған тұлғалар өтінім жасаса және мұндай өтінімді қанағаттандыру істі дұрыс шешу үшін кедергі келтірмесе, іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылуы мүмкін.
Заттай дәлелдемелрге билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады.
3.4.Сарапшының қорытындысы.
Сараптама сарапшы арнайы білімдер негізінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайлардан сараптама тағайындау қажеттілігінен босатпайды.
Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомствалық инспекциялардың қорытындыларынан ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Сот сраптаманы тараптың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды. Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар заңмен белгіленеді.
Іске қатысушы тұлғалар соттан сараптама ісін жүргізуді арнайы қажетті білімі бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай алады.
Сараптама жүргізу сот сараптама органдарының қызметкерлеріне не осы бабтың төртінші бөлімінде аталған талаптарына сай келетін өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін. Соттың сараптама жүргізу тарсырылған адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.
Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуы тиіс мәселелерді сотқа қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс мәселелердіә түпкілікті шеңберін сот айқындайды. Ұсынылған мәселелерді қабылдамауды сот дәлеледеуге міндетті. Соттың сараптама тағайындауы туралы ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдіруі мүмкін.
Егер тарап сараптама жүргізуден қатысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі жасаса, ал істің мән-жайлары бойынша мұндай тараптың қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаса сот қай тараптың жалтарғанына, сондай-ақ ол үшін оның қаншалықты маңызы барлығына қарай анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні анықталған немесе жоққа шығарылған деп тануға құқылы.
Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығаралды.
Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда соттың арқауын, сараптама түрін, сараптама тағайындау негіздерін, сарапшының алдына қойылған мәселелерді, сот сараптамасы органының атауын немесе сараптама жүргізуге негізделген объектілерді немесе істің өзге де материалдарын көрсетеді. Ұйғарымда көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы қылмыстықұ кодексінің 550 бабында көзделген қыллмыстық жауаптылық туралы ескерілетіні де көрсетіледі.
Сарапшының: істің сараптама нысанына қатысты матиериалдармен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінім жасауға; соттың рұқсатымен сот отырысына және оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға; тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекетімен жауаптарының толық әрі дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттама енгізілуге тиісті ескертулер жасауға өзінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі болған. Іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге; өзінің ана тілінде немесе білетін тілде қорытынды ұсынуға және қорытынды айғақ беруге аудармашының тегін көмегін пайдалауға сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға; өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәселелер бойынша сондай-ақ өзіне берілген материалдар қорытнды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларды қорытнды беруден бас тартуға сараптама жүргізу кезінде келтірілген шағымдарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің қызмет міндеттеріне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сый ақы алуға құқығы бар.
Сарапшының: соттан басқа іске қатысуышы адамның сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін өз бетінше матиералдар жинвуға; егер сараптама дайындаған соттың арнаулы рұқсаты болмаса объектілердлі толық және шынара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін. Зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.
Сарапшы соттың шақыруы бойынша келуге өзінің алдына қойған мәселелер бойынша негізделоген және объективті қорытынды беруге жүргізілетін зерттеулер мен берліген қорытындылар бойынша байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге міндетті.
Сараптама зерттеу сипатына ие сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізу мүмкіндігі жоқтығынан немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.
Сараптамалық зерттеу объектілердің дұрыстығына жол берілгендігіне сот кепілдік береді.
Сараптамалық зерттеудің объектілері егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буылып, түйіліп және мөрлеп бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындалған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге құқылы.
Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының қатысуын сот белгілейді.
Сараптаманы жүргізу сот сараптамашы органының тапсырылған кездесуі сараптама тағайындау туралы ұйғарымдар және қажетті материалдар өнім басшысын жібереді. Сараптаманы сол органының көрсетілген қызметкер жүргізеді. Егер сараптама тағйындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмесе срапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы срапатама тағайындаған сотқа хабарлайды.
Сараптама жүргізуді срапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүргізе алады. Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандағы бірнеше сарапшы жүргізеді.
Сараптамалық комиссиялар алған нәтижені бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды. Не қорытынды біреудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды.
Срапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әр қайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді немесе пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысы мен сәйкес келетін сарапшының қорытындысын жеке тұжырымдайды.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері