Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.
І-жүргізуші:
Ендеше, 16-желтоқсан күніне арнайы орайластырылған
оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына
қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен
ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен
таныстыруға рұқсат етіңіздер.
ІІ-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
І жүргізуші:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
І жүргізуші:
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
ІІ жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
І жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
І жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.
ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
І жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
ІІ жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
ІІ-жүргізуші:
Бүгінгі таңда облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Мирас» ұйымы мүшелері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.
І-жүргізуші:
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
ІІ-жүргізуші:
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар
мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:
І-жүргізуші:
Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.
ІІ-жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук
тағуға дайындалыңыздар.
І-жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант
тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына
қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары
«Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп
3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Біз , ____________________, Республикалық бірыңғай
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан»
балалар ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының
патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!
ІІ- жүргізуші:
Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады).
І жүргізуші: Құттықтау сөз гимназия директорының орынбасары Изтулеуова Сән Далбаевнаға беріледі.
Қошемет көрсетіледі.
ІІ жүргізуші:
Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан»
ұйымына қабылдануларыңызбен
І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Қорытынды
«Оқушылар бойындағы патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы мәдени-тынығу жұмысының рөлі» атты бітіруші шығармашылық жұмысында негізігі қарастырған мәселелердің маңызды, қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің бірі. Жақында Мемлекет басшысы бекіткен 2006 – 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында жеке адамды тәрбиелеудегі маңызды бағыттар айқындалды. Бұл ретте, әсіресе жастардың отансүйгіштік сана – сезімін қалыптастыруда, Отан мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға тәрбиелеуде үлкендердің (аға буынның, педагогтардың, тәрбиешілердің және т.б.) атқарар рөлі де, жауапкершілігі де орасан.
Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы №216 Жарлығымен мақұлданған), орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.
Осы тұжырымдамадағы патриотизмді дамытудың шаралары:
Отанды қастерлеудің озық үлгісін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабын оқып көз жеткізуімізге болады. Автор кітаптары түйін сөздің оқу – білім мәселесіне арнап, сонымен бірге адамның бойында Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтің әрбір жасқа таным нәрін егетін, тиімді еңбек ету машығын үйрететін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне де байланысты екенін айтады.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизмі азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патротизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана – сезімін қамтитын интернационализм идеясымен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы – Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзінді республика халқының ажырамас бөлігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынан қарау керек.
Отанға деген сүйіспеншілік – патриотизим ата – ананы, жасы үлкенді құрметтеуден басталып, өркендейді. Бала ата – анасы өнегесіне, өмір мен өнердегі әйгілі қаһармандарға, көш бастайтын ерлерге қарап есйеді, тәжірибе жинақтайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл кітабы патриотизм, Отанды сүю пәнінен дәріс беретін тағылымы мол оқулық десе де, әркімнің күнделікті серігі болатын, жаны сергек жастарды уақыттың алдыңғы шебінде жүруге дайындайтын, еліңе деген махаббат арқылы ұлы болашағыңызға деген сеніміңізді жанып, ширататын, нақты - әрекеттеріңізге күш – қуат қосатын аса бағалы туынды.
Патриотизм дегеніміз – ол сіз бен біздің Отанға деген қарым – қатынасымыз.
Жалпы «Патриотизм» (грек. Patriotes – отандас, patris – отан, туған жер) – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш – қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап – ақ қалыптаса бастайды» деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерін қорғау, елінің салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый – құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу, Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.
Бүгінде жалпы білім беретін мектептің оқу – тәрбие үрдісінде жас ұрпақтың бойында патриоттық мезім қалыптастырудың жүйесін жасау мәселесі қарастырылуда. Бастауыш мектептің жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары және оқу - әдістемелік кешендерінде қазақстандық патриотизмнің негізгі мұраттарына мән берілді.
Солардың ішінде әдебиеттік оқу пәні – оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді басты мақсат етті.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктіліктерге көңіл аударылды:
Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі. Ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді.
Әрқайсымыз ұлтжанды, бауырмал болсақ, мемлекетіміздің тірегі нығайып, болашағымыз жарқын болары анық. Жастарды отаншылдыққа, имандылыққа, салауатты өмір сүруге, адамгершілікке тәрбиелеу абыройлы іс. Оны іске асырудың жүгі де жеңіл емес.
Қазақстан Республикасының заңының 2-тарауында қысқаша түйіндегенде бастауыш сынып оқушыларына қоғам жаңалықтарының отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы қарастырылды. Әлем назарын өзіне қаратқан 2006-жыдың 11-қаңтарында болып өткен ұлықтау рәсімі 2-тараудың 1-бөлімінде айтылған.
Қазақ халқының өте ертеден келе жатқан бұл салтанатты рәсімнің тарихын түсіндіре отырып, бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін ояту жолдары қарастырылды.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері