Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 09:48, курсовая работа

Краткое описание

Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаттары........................5
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................12

II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу
кезеңдері...........................................................................................16
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары ...............19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру.................................................................................................22

III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары....... ...............................................................................36
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту перспективалары.........................40

Қорытынды............................................................................................................43

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................46

Вложенные файлы: 1 файл

Ақша несие саясаты.doc

— 313.00 Кб (Скачать файл)

 

    Қорытындылай  келсек,  Қазақстан  Ұлттық  банкі  ақша-несие  саясатын  қалыптастырады  және  жүзеге  асырады,  коммерциялық  банктерінің іс-әрекетін  қадағалайды және  ұйымдастырады. Ақша-несие саясатын  анықтайтын  және  жүзеге  асыратын  орган ретінде ақша-несие саясатын  келесі құралдарының  көмегімен реттейді:

- қайта   қаржыландыру  мөлшерлемесі:  ресми  мүдделендіру  мөлшерлемесі  деңгейін  белгілеу

- Қазақстан Ұлттық банкте  жинақталатын  ең  төменгі  міндетті  резервтер  нормасын  белгілеу,  оның  ішінде  сырттан  тартылған  қаражаттарды  мерзіміне,  көлеміне  және  түрлеріне  байланысты  жіктеу

- мемлекеттің бағалы  қағаздарын  сатып алу және  сату  бойынша ақша  нарығындағы операцияларды жүргізу

- банктерге   және үкіметке  несие  беру

- ресми   есепке  алу  (дисконттық)  мөлшерлемесі

- валюталық   нарықты  интервенциялау

- кейбір  жағдайларда  несиелік  операциялардың  жекелеген түрлерінің  деңгейі мен көлеміне  тікелей сандық  шектеулер енгізу.

  Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болып кірер қарсаңында Ұлттық банк жүйесін одан әрі қарай дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемалары аса өзекті мәселе болып есептелуі тиіс. Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру арқылы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының маңызды мәселелерін шешуге болады. Қазақстанға аралас вариантты қолданған жөн болады. Ол – валюталық бағамның үздіксіз өзгеруі кезінде реттелетін «айналымның» өте бірқалыпты саясатын жүргізу және түзету енгізетін ел экономикасын тұрақтандыру жөніндегі ішкі шараларды қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  АҚША-НЕСИЕ  САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ

3.1  Қазақстандағы ақша-несие  саясатының  стратегиялық  мақсаттары

 

Қазіргі  таңда  көп нәрсеге қол жеткізіп,  біз тағы  бір стратегиялық  міндетті – таяудағы  10  жылда Қазақстанды әлемдегі  бәсекеге  барынша қабілетті 50  елдің қатарына  шығару  міндетін  қойдық.  Ұсынылып  отырған  бағыт  Қазақстанды  2030  жылға  дейін  дамыту  қағидаттарына  негізделеді, оларды  бүгінгі  күннің  нақтылығын ескере  отырып,  тереңдетеді.  Жаңа  үкімет  үшін  басымдықтар  мен  міндеттер  мынадай.

Қазақстан  экономикалық  жаңарту  және  оған  серпінді  сипат  беру,  өзара  байланысты  міндеттер  кешенін  шешуді  көздейді. 

Ақша-несие  саясаты  қаржы секторын  дамыту  саласында инфляция  үрдістерін  реттеу  тиімділігін арттыру,  валюталық реттеуді  кезең-кезеңмен  ырықтандыру,  банктердің  сыртқы  қарыз  алуын  жанама  реттеу  құралын  жетілдіру,  сондай-ақ  қаржы  жүйесіндегі  бәсекелестікті  ырықтандыру  мен  артттыру  негізгі  міндеті  болып табылады.

Сыртқы  экономикалық  операциялар  жөніндегі  ақпараттың  база жетілдіретін  болады.  Бұл ретте валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі одан  арғы  шаралар 2007  жыл  1  қаңтардан валюталық операцияларды лицензиялауды жоюды,  сондай-ақ  сыртқы  сауда келісім-шарттарында белгіленген мерзімге  қарай валюталық  түсімінің  қайтарылуын  талап  етуді  белгілеуді  көздейді.

Банктердің  сыртқы  қарыз  алуын  шектеу  жөніндегі  жұмыс  та  жалғасады.  Валюталық  тәуекелді  басқару  мақсатында  болашақта  әрбір  шетелдік  валюта  бойынша  банктердің  анық  валюталық  ұстанымның  лимиттері  төмендейді.

Европалық  Одақ  талаптарына  сәйкес  шетелдік  банктердің  тарапынан  бәсекелестікті  дамыту  үшін  отандық  рынокқа  олардың  кіруі  туралы  шешім  қабылдау  кезінде  бағалауы  ескерілетін  рейтингтік  агенттердің  тізбесі  кеңейтілетін  болады. /13, 6 б./

2006  жылы  18  қаңтарда  Үкіметтің  кезекті  отырысы   өтті,  онда  мемлекет  басшысының  үстіміздегі  жылдың  18  қаңтарында  Парламент  палаталарының   бірлескен  отырысында  сөйлеген  сөзінен туындайтын Үкімет алдында тұрған бірінші кезекті мідеттер туралы мәселелер қаралды.

Сонымен жаңадан жасақталған  Үкіметтің өз алдына қандай міндеттер  белгілейді? Президент Нұрсұлтан  Назарбаев осы жылғы жолдауында атап айтқанда, Қазақстанның таяудағы он жыл ішінде бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруді көздейтін стратегиялық бағыт оған негіз болуға тиіс. Сонымен бірге соңғы екі жарым жыл көлемінде қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыру да міндеттер қатарына кіреді.

Алғашқы кезекте салық, бюджет және ақша-несие жүйелерін реформалау қажеттігі көрсетілді. Бұл ретте салықтың жиналуын ұлғайтуға, салық салу мен салық салу әкімшілігін қарапайымдандыруға баса назар аударылды. Президент атап көрсеткендей, Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығының кесінді ставкасын енгізу мүмкіндігін де зерттеу қажет.

Ақша-несие саясаты  саласында инфляциялық үрдістерді реттеу тиімділігін, бағамдық саясаттың  икемділігін арттыру, валюталық  реттеуді сатылап ырықтандыру міндеттері алға қойылмақшы.

Валюталық  реттеудің  мақсаты – тұрақты  экономикалық  өсуге  қол  жеткізу  және  экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  мемелекет  саясатына  жәрдемдесу. Валюталық  ретеудің  міндеттері  мынадай:

    1. Республикада  валюталық  құндылықтардың  айналысының  тәртібін  белгілеу
    2. Қазақстанның  дүниежүзілік  экономикаға  одан  әрі  кірігуі  үшін  жағдайлар  жасау
    3. Валюталық  операциялар  мен  капитал  легі  жөнідегі  ақпараттық  базаны  қамтамасыз  ету

Қазақстан  Республикада  валюталық  реттеудің  негізгі  органы  Ұлттық  банк  болып  табылады.

Валюталық  бақылауды  Ұлттық  банк  заңмен  белгіленген  заңдар  шегінде  өзге  де  мемлекеттік  органдар  (валюталық  бақылау  органдары)  және  валюталық  бақылау  агенттері  жүзеге  асырады.

Валюталық  бақылаудың  мақсаты  экспорттық  түсімнің  толық  және  уақтылы  түсуін,  сондай-ақ  шетел  валютасымен  және  теңгемен  қаражатты  импорт  мақсатына  пайдаланудың  заңдылығы  және  негізділігін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.

Валюталық  бақылаудың  негізгі  бағыттары:

    • жүргізілетін  экспорт-импорт  валюта  операцияларының  заңға  сәйкес  келуін  және  қажет  болған  жағдайда  Ұлттық  банктің  тиісті  лицензиялары  немесе  тіркеу  куәліктерінің  болуын  анықтау;
    • төлемдердің  негізділігін  тексеру;
    • экспорт-импорттық  валюта  операциялары  жөніндегі  есептің  толық  және  дұрыс  болуын  тексеру.

Резидент  және  резидент  емес  арасында  мәмілелер  паспорттары  рәсімделетін  шетел  валютасымен  және  теңгемен  жүргізілетін  операциялар  бойынша  жасалаған  төлемдер  мен  ақша  аударымдары  тек  олардың  банктік  есепшоттары  арқылы  жүзеге  асырылады.

Мемлекет банк қызметтері нарығындағы монополияны жоюға  тиіс, өйткені активтердің басым  бөлігінің елдің үш ірі банкілерінде шоғырлануы сапалық төмендеуге қарамастан қызметтер құнының өсіп  кетуіне жағдай жасап отыр. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда шетелдік озық тәжірбиелерді алмасуға, менеджменттің сапасын жақсартуға, соған сәйкес банк жүйесінің даму деңгейін арттыруға жол ашатын болады. /14/

Инфляциямен  күрес – ақша-несие  саясатының  басты  мақсаты.  Біз  өзіміздің  шетелдік  әріптестеріміздің  бұған  дейінгі  байқап  көрілген  ұсыныстары  мен  кеңестеріне  арқа  сүйей  отырып,  валюта  саясатын  басқарылатын  ырықтандыру  есебімен  инфляция  өсуінің  келеңсіз  салдарын  барынша  төмендету  мақсатында  нақты  айырбас  бағамының  қажетті икемділігінің  қамтамасыз  етуге  тиіспіз.

Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  жыл  сайынғы  жолдауында  Ұлттық  банктің  алдына:

    • инфляция  қарқынын  бәсеңдету  және  инфляциялық  өсудің  теріс  салдарын  азайту  үшін  нақты  айырбас  бағамының  тиісті  икемділігін  қолдауға  және  сонымен  бірге  экономикалық  өсуді  ынталандыруға;
    • ең  төменгі  резервтік  талаптарды  есептеу  әдістемесін  жетілдіруге;
    • компаниялардың  жарғылық  капиталындағы  үлесті  шамалы  инвесторлардың,  акционерлердің  және  құрылтайшылардың  құқықтарын  қорғауға  бағытталған  заң  жобасын  әзірлеуге;
    • мемлекеттік  және  жалпы  сыртқы  борышты  басқарудың  тиімді  жүйесін  құруға  бағытталған  міндеттер  қойылды.

Инфляция  6-7%  шегінде болған    біршама тұрақты болған  2001-2004  жылдарға  қарағанда,  2005   және  2006  жылдары инфляция  қарқыны біршама жоғары  болды.  Өткен жылы  инфляция  7,5%  деңгейінде  қалыптасты.  Ал  2006  жылығы  сәуір айы қорытындысы бойынша  жылдық  инфляция,  2005 жыл сәуірімен   салыстырғанда 8,9%-ға  дейін көтерілді.

Бұл  үрдіске  себепші  болған  көптеген  факторлар  бар.  Ал  оның  негізгі  себебі  жиынтық  сұраныстың  ұлғаюы  болып  отыр.  Экономикадағы  жалақы  еңбек  өнімділігінен  жылдамырақ  өсуде.  Тұтынушы  және  инвестициялық сұранысты «қыздыратын»  бюджет  шығыстары өсуде.  Ал  ақша  ұсынысының  тиісінше  ұлғаюы  банктердің  экономиканы несиелеу  ұлғаюы  мен шетелдік  капиталдың  келумен қамтамасыз  етілді,  бұл нәтижесінде  ақша  агрегаттарының  өсуіне  әкеледі.

Қазақстанға  шетел  валютасының  әкелуіне  және,  тиісінше,  экономикадағы  ақшаның  өсуіне  екінші  деңгейдегі  банктердің  сыртқы  нарықта  қарыз  алу  көлемдерінің  өсуі,  сондай-ақ  әлемдік  бағалардың,  әсіресе  мұнай  бағасының  өсуі  себепші  болады. /15, 5 б./

Осы  факторлардың  қайсысы  инфляцияға  көбірек,  ағымдағы  сәтке  қайсысы  азырақ  ықпал  ететіндігін  дәл  анықтау  мүмкін  емес. Бюджеттің  әлеуметтік  шығыстарының  көбеюі  өмір  сүру  деңгейін,  демек,  халықтың  тауарларға  және  көрсетілетін  қызметтерге сұранысын арттырады.  Бірақ,  бұл жағдайды  әсірелеудің қажеттігі жоқ,  өткен тәжірибе  көрсеткендей,  тұтыну  бағаларының өсуі  бюджеттің әлеуметтік  шығыстарының  ұлғаюынан емес,  оның  төңірегіндегі  даурығудан  туындап  отыр.  Сатушылар  өз  кірістерін  арттыру  мақсатында  бағаны  «көтере»  бастайды,  ал  сатып  алушылар  болашақта  кірістерін  арттыру  үшін  сатып  алуын  көбейте  бастайды.  «Инфляцияны  күту»  жағдайы  туындайды.  Бұл  табиғи  үрдіс.

Ұлттық  банк  инфляция  деңгейін  болжамды  шекте  ұстап  тұру  үшін    шараларды  жасап  жатыр. Инфляцияны  реттеу  жөнінде  қолданылатын  шаралар  Ұлттық  банктің  Ақша-несие  саясатының  2006-2008  жылдарға  арналған  негізгі  бағыттарында  айқындалған.  Бұл  шарларды  шартты  түрде  қаржы  нарығындағы  ставкаларды  көтеру  жөніндегі  шараларға  және  қаржы  нарығынан  артық  өнімді  шығару  жөніндегі  шараларға  бөлуге  болады.

Үстіміздегі  жылдың  1  сәуірден  бастап  Ұлттық  банктің  мынадай  операциялар  бойынша  ставкалары:  ресми  қайта  қаржыландыру  ставкасы – 8,0%-дан 8,5%-ға  дейін,  тартылатын  депозиттер  бойынша ставка – 3,5%-дан 3,75%-ға  дейін жоғарылады.  Осы ставкалардың  одан  әрі жоғарылауы  да  мүмкін. 

Банктердің  артық  өтімділігін  реттеу  көлемі  ұлғайды.  Айналыстағы  ноталар  көлемі  2005  жылдың  аяғында  161  млрд.  теңгеден  2006  жылы  сәуірде  230  млрд.  теңгеге  дейін  өсті  және  бұдан  әрі  өсе  бермек.  15  мамырдан  бастап  Ұлттық  банктің  ноталар шығару  бойынша әрбір аукциондағы ұсынысының  ауқымы  60-тан 100  млрд.  теңгеге шейін өсті.  Шілдеден  бастап  ең  төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау жөнінде банктерге қойылатын талаптар  қатаңдалады,  мұның өзі банктердің  артық өтімдігін «байлауға»  мүмкіндік береді. /16, 5-6 б./

Ішкі  валюта  нарығында  Ұлттық  банк  өз  қатысуын  барынша  қысқартпақ.

Сыртқы  қарыз  алулалардың  өсуі  банк  секторының  айтарлықтай  валюталықтәуекелгеұшырау  деңгейінің  артуына  әкелетінін  атап  өткен  жөн,  оның  теріс  ықпалы  банктердің,  қысқа  валюталық  позициясын  сақтайтын  валюталық  міндеттемелерін  қайта  бағалаудан  туындауы  мүмкін.  Ұлттық  банк  өз  тарапынан  сыртқы  қарыз  алу  көлеміне  ақша-несие  саясаты құралының – ең  төменгі резервтік талаптарының  көмегімен ықпал ете алады.  Қазіргі кезде Ұлттық  банк  Ең  төменгі резервтік талаптар  (ЕРТ)  туралы  ережені бекітті,  ондағы  негізгі өзгерістер  банк  міндеттемелерінің құрылымына,  резервтік  активтер  құрылымына,  ЕРТ-ні  орындау механизміне,  сондай-ақ  нормативтердің  мазмұнына байланысты.  Ұлттық  банктің негізгі мақсаты баға  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету болып табылатынын ескере  отырып,  инфляцияны  реттеу  жөніндегі операциялардың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  Ұлттық  банктің  бұдан  былай  еркін  өзгермелі  айырбас  бағамы  режимін  ұстану  және  өзінің  ішкі  валюта  нарығына  қатысуын  барынша  қысқарту  ойы  бар.

Көп  жағдайда,  Ұлттық  банктің  бұдан  былайғы  саясаты  капиталдың  келу  және  әкетілуі  көлеміне,  ішкі  валюта  нарығында  қатысушылардың  мінез-құлқына,  алыпсатарлық  капиталдың  болу  ықтималдығына,,  доллардың  әлемдік  нарықтағы  позицияларына  және  басқа  да  ішкі  және  сыртқы  нарықтағы  факторларға  тәуелді  болады.  Яғни,  Ұлттық  банктің  бүкіл  қаржы  нарықтың  тұрақсыздануына  әкеліп  соғуы ықтимал  валюта  бағамының  қысқа  мерзімдік  және  алыпсатарлық  ауытқуларының  тұрақсыздық  салдарын  бәсеңдетуге  бағытталған  іс-қимылдары  қабылдау  құқығы  сақталады.  

Макроэкономикалық  саясат  саласында  салық,  бюджет  және  ақша-несие  жүйелерін  реформалау  жолымен  бірқатар  міндетін  шешу  алда  тұр.  Соңғы  жылдары  Қазақстан  экономикасының  дамуына  әсер  ететін  сыртқы  факторлар  едәуір өзгерді. 

       Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің  негізгі стратегиялық мақсаттары: салық, бюджет және ақша-несие  жүйелерін реформалау, ақша-несие  саясаты саласында инфляциялық  үрдістерді реттеу тиімділігін,  бағамдық саясаттың икемділігін  арттыру, валюталық реттеуді сатылап ырықтандыру. Қазіргі кезде инфляция  қарқынын  бәсеңдету және  инфляциялық өсудің  теріс салдарын  азайту  үшін  нақты айырбас бағамының тиісті  икемділігін қолдауға  және  сонымен бірге экономикалық  өсуді ынталандыруға, ең  төменгі  резервтік  талаптарды  есептеу әдістемесін жетілдіруге, компаниялардың жарғылық  капиталындағы  үлесті  шамалы  инвесторлардың,  акционерлердің  және  құрылтайшылардың  құқықтарын  қорғауға  бағытталған  заң  жобасын  әзірлеуге, мемлекеттік  және  жалпы  сыртқы  борышты  басқарудың  тиімді  жүйесін  құруға  бағытталған  міндеттер  қойылды.

Информация о работе Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері