Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)

Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау қажет.

Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын мынадай негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:

  • ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
  • ғылыми әлеует мыналарды қамтиды:
  • мемлекеттiк ғылыми ұйым - ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
  • ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
  • жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
  • ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
  • ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
  • материалдық-техникалық база.

Бүгiнгi күнi елдің ғылыми әлеуетi Білiм және ғылым министрлiгiнiң, салалық министрлiктердiң ғылыми ұйымдарымен, жеке ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, шаруашылық жүргiзу құқығындағы сәйкес бейiмдi институттарының қызметiн үйлестіретiн ғылыми зерттеулер бағыттары жөнiндегi зерттеу орталықтарымен, сондай-ақ ұлттық компанияның қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарымен (бұдан әрi - ҒЗИ) танымал.

Инновациялық кәсiпкерлiк ғылыми-техникалық және өндiрiстiк салалар арасындағы (делдалдық) рөлдердi байланыстыратын дамуды көздейдi. Инновациялық кәсiпкерлiктiң түпкі мақсаты жаңа буынның рыноктың ағымдағы конъюнктуралық ахуалына жедел ден қоюға және бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдi сериялық өндiрудi және әлемдiк стандарттар деңгейiндегi жоғарғы сұранысты жолға қоюға қабiлеттiк кәсiпорындарды дамыту болып табылады;

Инновациялық кәсiпкерлiк мыналарды қамтиды:

  • бизнес-серілер;
  • кәсiпорындар;
  • инновациялық менеджерлер;
  • инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым.

Инновациялық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:

  • ұлттық технологиялық парктер;
  • өңiрлiк технологиялық парктер;
  • технологиялық бизнес-инкубаторлар;
  • ғылым қалашықтары; және с.с.

«Инновация» термині ХІХ ғасыр мәдениеттанушыларының зерттеулерінде алғаш пайда болған. ХХ ғасырдың басында философ-экономист Йозеф Шумпетер инновация ұғымын макроэкономикалық талдауда қолдана бастады. Шумпетердің айтуы бойынша: «Инновациялық фактор – экономикалық дағдарыстан шығатын жол», ал философтар Э.Тофлер, Д.Белл, Э.Гидденстер: «Инновация – болашақтың фундаментальды ұғымы», - деген. П.Лемерель: «Инновация – ғылымдағы, экономикадағы, басқарудағы жаңалық, жаңа өнім және оны өндіру әдісі»,-деген.

Инновация термині латынның «innovation», яғни жаңалық, жаңашылдық деген сөзінен шыққан. Қазіргі кезде бұл сөз өзінің қолданысын тауып отыр. Бұл ұғымның өзінде кең мағына жатыр: жаңаның болуы, жүзеге асуы және қолданылуы. Ал «in» деген сөздің алдында қойылған қосымшаның өзі бұл ұғымның тәжірибелік жағын, технологиялық бағытын көрсетеді. [2]

С.И.Ожегов инновацияға келесідей анықтама берген: «Инновация – жаңа, алғаш жасалған, жуықта пайда болған, алдыңғының орнына келген, жақын бұрынғыға жататын немесе қазіргі кезде көп біле бермейтін, аз таныс нәрсе». С.И.Ожегов жаңалық сөзіне 3 түрлі анықтама береді:

1) бірінші рет шыққан, жасалған  немесе жаңадан пайда болған;

2) бұрынғының орнын басатын, алғаш  ашылған;

3) бұрыннан таныс емес енгізілген  жаңалық.

Неміс ғалымдарының ішінен инновация теориясының бастапқы негізін салушылар В.Замбарт, В.В.Мейтчерлих. Бұлардың көзқарастары австриялық ғалым Й.Шумпетердің көзқарастарымен ұқсас. Инновациялық үрдісті Й.Шумпетер 1911 жылы экономика саласында «жаңа комбинациялар» ретінде қолданып, кейін «инновация» терминімен алмастырды. Ғалым зерттеулерінде «Инновация – сұраныс тауарларының жаңа түрлерін өндірістің, транспорттың жаңа құралдарын ендіру мен пайдалану мақсатындағы өзгерістер», - деп түсіндіреді.

 «Инновация» түсінігі  «innovation» деген ағылшын сөзі болып табылады. Ағылшын тілінен дәлме-дәл аударымы «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» дегенді білдіреді. «Жаңалық» дегеніміз жаңа тәртіп, жаңа дәстүр, жаңа әдіс, жаңа құбылыс, ойлап шығару. «Жаңалық енгізу» сөз тіркесі жаңалықты пайдалану процесін білдіреді. Осылайша жаңашылдықты тарату кезеңінен бастап «жаңартпа» (инновация) бола бастайды.

Күнделікті тәжірибеде жаңалық, енгізілген жаңалық, жаңалық енгізу және жаңарпа сөздерінің мәндері теңестіріледі. Әртүрлі өнер табыстары, жаңа құбылыстар, қызмет түрлері немесе әдістері таратуға қабылданған кезде (коммерилизациялау) ғана жалпы халықтық құптауға ие болады және олар жаңа сапада «жаңартпа» (инновация) ретінде саналады. Инновация түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі.

Инновация – жаңа техниканы, технологияны, ғылыми зерттеулерді дайындауға қаржы салу, жаңашылдықты инвестициялау.

Инновация - өндірістік жүйенің тиімділігінің сапалы түрде артуын қамтамасыз етуші, ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға негізделген, техника, технология, еңбекті ұйымдастыру немесе басқару салаларындағы жаңашылдықтар.

Инновация – (латын тілінде ionatio «жаңару», iovare «жаңарту») 1) қандай да бір жаңартуды енгізу; жақсартылған зат; модернизация; реформа; 2) жаңа технологияға, еңбек және басқаруды ұйымдастырудың жаңа формаларына бағытталған экономикалық қаржы салымдары.

Инновация (жаңашылдық) – нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім, әлеуметтік қызмет көрсетудегі жаңа тәсіл не тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Инновация (жаңашылдық, инновациялық өнім) – бұрынғы өнім немесе ұйымдастырушылық-экономикалық формамен салыстырғанда қосымша экономикалық (шығындарды үнемдеу немесе қосымша табыс табу) және қоғамдық пайданы қамтамасыз ететін, жобалауда, өндірісте, өткізуде, өнімдерді тұтыну мен утилизацияда қолданылатын сапалық көрсеткіштерге ие жаңа өнім, қызмет, технология немесе жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық форма түріндегі инновациялық қызмет нәтижесі.

Отандық тәжірибеде инновацияны инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі, ал шетелде – қызмет, өзгеріс процесі деп қарастырады.

Инновация (жаңашылдық) – нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім, тәжірибеде қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс, сондай-ақ қажетті экономикалық және қоғамдық пайданы қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген ұйымдастырушылық-экономикалық формадағы инновациялық қызметтің нәтижесі.

Инноавация түсінігі  енгізілген жаңалықтарды жаңа технологиялар, өнім мен қызмет түрінде, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, әкімшілік және басқа да түрдегі ұйымдастырушы-техникалық, әлеуметтік-экономикалық шешімдер ретінде кірісті пайдалануды білдіреді.

Кәсіпорындағы кез келген технологиялық үрдістегі немесе шығарылатын өнімдегі өзгерістердің бәрін инновация деп қарастыруға болмайды.

Инновацияның ең басты қасиеті болып ғылыми-техникалық жаңашылдық табылады. Сондықтан да инновацияны өнімнің және технологиялық процестің мардымсыз ғана өзгертілген түрлерінен (түсінің, формасыны және сол сияқты т.б. өзгерулер) өнімнің техникалық немесе сыртқы сәл ғана өзгерістерін, сондай-ақ нарықта белгілі болып үлгерген, кәсіпорында бұрын шығарылмаған, өндірісті игеру арқылы кеңейтілген өнім номенклатурасынан ажырата білу қажет.

Инновацияның «жаңашылдығы» технологиялық параметрлер, сонымен бірге нарықтық позиция бойынша  бағаланады. Бүгінде технологиялық инновацияның анықтамасы 1992 ж. Осло қаласында қабылданған  халықаралық стандарттарға сай негізделген. Бұл стандарттар  жаңа өнімдерді және жаңа процестерді, сондай-ақ олардың айтарлықтай технологиялық өзгерістерін қамтиды.

Инновацияны жасау, игеру және тарату процесі инновациялық қызмет немесе инновациялық үрдіс деп аталады.

Инновациялық қызметтің нәтижесін инновациялық өнім деп аталады.

Инновация (жаңашылдық) – нарыққа шығарылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім және тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген  технологиялық үрдіс түрінде жүзеге асырылған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

«Инновация» термині «ойлап шығару» және «жаңалық ашу» түсініктерімен тығыз байланысты.

«Ойлап шығару» түсінігіне адамның жасап шығарған жаңа құралдар, механизмдер, жабдықтар жатады.

«Жаңалық ашу» түсінігіне бұрын соңды белгісіз болған мағлұматтарды табу немесе бұрын соңды белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын бақылау процесі жатады. Инновацияға қарағанда открытие, әдетте, пайда табуды көздемейді.[4]

Инновацияның анықталған белгілері бойынша нақты топтарға жіктелуін инновация классификациясы деп аталады.

Инновацияның негізгі 2 тұрпаты ажыратылады:

  1. өнімділік;
  2. үдерістік.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Үрдістік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

Инновацияны басқару тәжірибесінде инновацияның әртүрлі классификаторларын пайдаланады:

  1. технологиялық параметрлеріне қарай инновациялар өнімдік және процестік болып жіктеледі.

- өнімдік инновацияларға жаңа  материалдарды, жартылай дайын фабрикаттар  мен комплектующийларды қолдану, принципиалды жаңа өнімдерді  шығару жатады.

- үрдістік инновациялар дегеніміз - өндірістің ұйымдастырудың жаңа  әдістері (жаңа технологиялар).

  1. нарықтағы жаңашылдық түрлері бойынша инновациялар келесідей топтарға бөлінеді:
  • әлемдік салалар үшін жаңашылдықтар;
  • мемлекеттік салалар үшін жаңашылдықтар;
  • аталмыш кәсіпорын үшін жаңашылдықтар.
  1. пайда болу стимулы бойынша:
  • ғылым мен техниканың дамуынан туындаған инновациялар;
  • өндірістің қажеттіліктерінен туындаған инновациялар;
  • нарық қажеттіліктерінен пайда болған инновациялар.
  1. жүйедегі орны бойынша (кәсіпорында, фирмада) былайша жіктейміз:
  • кәсіпорынға кіргендегі инновациялар (шикізат, жабдық, ақпарат және т.б.);
  • кәсіпорыннан шығардағы жаңашылдықтар (бұйымдар, қызметтер, технологиялар, ақпарат және т.б.);
  • кәсіпорынның құрылымдық жүйесіндегі жаңашылдықтар (басқарушылық, өндірістік).
  1. енгізілген өзгерулердің маңыздылығы бойынша:
  • радикалды  (базистік) инновациялар – ірі ойлап шығаруларды жүзеге асырады және техниканы дамытудағы жаңа бағыттарды құрайды;
  • жетілдіретін жаңашылдықтар – ұсақ ойлап шығаруларды  жүзеге асырады, ғылыми-техникалық циклда тұрақты дамуын қамтамасыз етеді;
  • модификационды инновациялар – техника мен технологиялардың ескіріп қалғандарын ішінара жетілдіруге бағытталған.

Технологиялық инновациялар – инновацияны дайындау және енгізумен байланысты қызмет. Соның ішінде өнеркәсіпте технологиялық жаңа өнім  мен үрдістер, сонымен қатар айтарлықтай технологиялық жетілдірілген өнім мен үрдістер, қызмет көрсету сферасы саласындағы жаңа немесе неғұрлым жетілдірілген өндірістік әдістер мен қызмет көрсетулер. [5]

Жаңа немесе айтарлықтай жетілдірілген қызмет көрсетулердің немесе оларды өндіру әдістерінің енгізуге тікелей қатысы болмаса, олар технологиялық инновацияның қызмет түріне жатпайды. Атап айтқанда:

- басқарудың алдыңғы қатарлы әдістеріне ауысуды, ұйымдастырушылық құрылымға енгізілген айтарлықтай өзгерулерді, кәсіпорынның экономикалық стратегиясының жаңа немесе біршама өзгертілген бағыттарын жүзеге асыруды қосқандағы ұйымдастырушылық және басқарушылық өзгерулер;

- сапа стандарттарын енгізу;

Өнеркәсіпте технологиялық инновацияларға мына төмендегі өзгерулер жатпайды:

- өнімдегі эстетикалық өзгерулер (түсі, дизайны және т.с.с.);

- кострукторлық құрылымы өзгеріссіз  қалған, бұйымның (өнімнің) құнына, қасиетіне, параметрлеріне, сонымен қатар құрамына енетін материалдар мен компоненттерге жеткілікті түрде ықпал етпейтін өнімдегі айтарлықтай емес техникалық немесе сыртқы өзгерістер;

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде