Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)

- ұйымның тез арада сұраныс  пен табысын қамтамасыз ету  мақсатында аталмыш кәсіпорынның бұрын соңды өндірмеген, бірақ өткізу нарығында біршама белгілі өнім түрлерінің өндірісін енгізу арқылы өнім номенклатурасын кеңейту.

Өнімдік инновациялар – жаңа технологиялық және жетілдірілген технологиялық өнімдерді дайындау және енгізу.

Технологиялық жаңа өнім -  технологиялық сипаттарымен (функционалдық белгілері, конструкторлық орындаулары, қосымша операциялар, сонымен бірге қолданылатын материалдар мен компоненттердің құрамы) немесе бұрыннан өндірілетін, ұқсас өнімдерден айтарлықтай ерекшеленетін өнім. Мұндай инновациялар принципиалды жаңа технологияларға, не бар технологияларды жаңаша қолданысқа енгізуге, не зерттеулер мен талдамалардың нәтижелерін қолдануға негізделуі мүмкін.

Технологиялық жетілдірілген өнім – бұл аса жоғары тиімді компоненттер немесе материалдарды қолдану, бір немесе бірнеше техникалық қосалқы жүйенің өзгеруі арқылы сапалық көрсеткіштері жақсартылған және өндірістің экономикалық тиімділігі жоғарылатылған бұрыннан бар өнім.

Үрдістік  инновациялар – технологиялық жаңа немесе технологиялық біршама жетілдірілген өнімді өткізу әдістерімен қоса өндірістік әдістерді дайындау және енгізу. Мұндай инновация түрі жаңа өндірістік жабдықтарды, өндірістік процестерді немесе олардың жиынтықтарын ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдануға, сондай-ақ зерттеулер мен дайындаулардың нәтижелерін қолдануға негізделуі мүмкін. Әдетте, бұндай инновациялар өндіріс тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорында бұрыннан бар өнімдерді табыстауға, сонымен бірге өндіруде қарапайым  өндірістік әдістерді қолдана отырып жасалуы мүмкін емес технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді табыстау және өндіруге бағытталған.

Егер сипаттамасы немесе қолану тәсілдері технологиялық тұрғыдан не принципиалды жаңа, не біршама жетілген болса, қызмет көрсету технологиялық инновация болып саналады. Айтарлықтай жетілдірілген өндіріс әдістерін немесе қызмет көрсету тәсілін қолдану да технологиялық инновация болып табылады. Соңғысы жаңа немесе біршама жетілген қызмет көрсетулердің өндірісі немесе табыстауымен байланысты өндірістің жабдықтарындағы немесе ұйымдастыруындағы өзгерістерді қамтиды. Жаңа немесе біршама жетілдірілген қызмет көрсетулерді, оларды өндіру әдістерін енгізу принципиалды жаңа немесе бұрыннан бар технологиялардың жаңа құрамдастырымдарының, не болмаса жаңа білімнің негізінде жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдайда технологиялар жаңа немесе жетілдірілген машиналарға, жабдықтарға, бағдарламалық құралдарға айналуы мүмкін, ал жаңа білім – зерттеулердің, алынған немес қолданылған арнайы біліктіліктер немесе дағдылардың нәтижесі болып табылады. Ұйымдастырушылық инновациялар (ұйымдастырушылық-басқарушылық өзгерістер) – технологиялық инновацияларға  және оны дайындау, жүзеге асырумен байланысты жаңашылдық шегіндегі маркетингтік зерттеулерге немесе өндірістік процестерді ұйымдастыруға қатысы жоқ инновациялардың бір түрі.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық өзгерістер (ұйымдастырушылық инновация) келесі бағыттар бойынша болуы мүмкін:

- ұйымдағы (ұйым топтарындағы) жаңа  немесе біршама өзгертілген корпоративтік (акционерлік) стратегияны дайындау және жүзеге асыру;

- ұйымды басқарудың заманға  сай (технологиялық инновациялар  негізінде) әдістерін енгізу (яғни  бұл жерде бухгалтерлік есеп, кадрлар және басқа да ресурстар  түрлерінің есебі, ұйымның қажеттіліктерін  жоспарлау, ұйымның қаржылық жағдайын талдау және сол сияқты т.б. есептеулерде қолданылатын заманға сай есептеу техникалары мен арнайы бағдарламалық құралдарды айтамыз);

- ұйымдағы жаңа немесе біршама  өзгертілген ұйымдастырушылық құрылымды  дайындау және жүзеге асыру;

- жұмыс уақытының ауысымдық режимін қолданудағы жаңашылдық;

- отандық және шетелдік заманға  сай сапа стандарттарын (мысалы, ISO 9000) пайдалануды қоса, өнім (қызмет) сертификациясының және сапаны  бақылаудың талапқа сай жүйесін  қолдану;

- ұйымдағы еңбекті ұйымдастырудың  жаңа немесе біршама өзгертілген әдістер мен тәсілдерін дайындау;

- заманға сай логистика және  шикізатты, материалдарды т.б. жеткізу («тура уақытында») жүйесін енгізу;

- ғылыми зерттеулер мен дайындауларды, ғылыми-техникалық жетістіктерді  іс жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы бөлімшелерді құру (технологиялық және инжинирингтік орталықтар, шағын инновациялық кәсіпорындар);

- ұйымдағы маркетингтік қызметті  ұйымдастыру және жетілдіру;

- басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық  өзгерістер.

Жоғарыда көрсетілген классификацияларға қарай отырып, жаңашылдықты енгізу процесі күрделі және сипаттары бойынша әртүрлі болатындығын көреміз. Ғылыми-зерттеу институты инновацияның классификацияларын зерттей келе оларды кәсіпорынның қызмет саласына қарай былайша жіктейді:

- технологиялық;

- өндірістік;

- экономикалық;

- саудалық;

- әлеуметтік;

- басқару саласы бойынша. [6]

Жаңартпалар нарығының негізгі тауары ғылыми және ғылыми-техникалық нәтиже, қызмет етуші халықаралық, жергілікті, бірлескен және басқа да заң және нормативті актілерге сай рәсімделген авторлық құқықтар алынатын интеллектуалды қызмет өнімі.

Әлемдік тәжірибеде ғылыми (ғылыми-зерттеулік), ғылыми-техникалық қызметті, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік (тәжірибе-конструкторлық) ажырата білу қалыптасқан. Ғылыми (ғылыми-зерттемелі) қызмет жаңа білімді алу, тарату мен қолдануға бағытталған.

Жаңартпа нарығы ғылыми ұйымдар, уақытша ғылыми топтар, ғылыми қызметкерлердің бірігуін, жеке зертханалар мен бөлімдер, отандық және шетелдік жаңалық табушыларды, кәсіпорындардың ғылыми-зерттемелік ұйымдарын қалыптастырады. 

Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде  ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.

Инновациялық инфрақұрылым (ұлттық инновациялық жүйенің инфрақұрылымы) – табысты инновациялық қызметтің мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін жағдайлардың, ұйымдардың, өнеркәсіптік және басқа да қоғамдық объектілердің жиынтығы.

Инновациялық инфрақұрылым – бұл жаңа білімді және жаңашылдықты шығаратын (тудыратын), оларды жаңа өнім мен қызметке айналдыратын, сонымен бірге нарық жағдайында олардың таралуы мен тұтынылуын қамтамасыз ететін инновациялық қызмет объектілерінің  және олардың арасындағы өзара байланыстың жиынтығы. Инновациялық инфрақұрылым ғылыми зерттеу нәтижелері мен нарықтың, мемлекет пен экономиканың кәсіпкерлік секторының арасын байланыстырушы болып табылады. Ұлттық инновациялық жүйе инфрақұрылымының негізін технологиялардың трансферттерінің орталықтары, инновациялық орталықтар, технопарктер, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды қолдану қорлары, бастамалық және венчурлық қаржыландыру қорлары, маманданған кадрларды даярлау орталықтары және т.б. құрайды.

Инновациялық инфрақұрылым- инновациялық қызметтің жүзеге асуына ықпал ететін ұйымдар (инновациялық-технологиялық орталықтар, технологиялық инкубаторлар, технопарктер және т.б. маманданған ұйымдар).

Инновациялық инфрақұрылым- жаңа немесе жетілдірілген өнімдердің, технологиялық прпоцестерді жасау бойынша қызметтердің өндірісте қолданылуын және іс-жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығы. Инновациялық бағдарлама (инновациялық жоба) – мемлекет аралық, аймақтық, салалық деңгейдегі инновациялық бағдарлама – инновациялық өнімнің тиімді дайындалуын, құрылуын және игерілуін қамтамасыз ететін, ресурстары, орындаушылары және мерзімдері бойынша келісілген, нарық қызығушылығына негізделген шаралар кешені.

Инновациялық бағдарлама – принципиалды жаңа өнім (технология) түрлерін игеру және тарату бойынша тиімді шешімдерді қамтамасыз ететін, ресурстар, орындаушылар және оларды жүзеге асыру мерзімдері бойынша келісілген инновациялық жобалар мен шаралардың кешені.

Инновациялық қызмет – нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім, тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс, сонымен бірге әлеуметтік қызметке жаңа тәсіл бойынша идеялардың трансформациясымен (әдетте ғылыми зерттеулер мен талдамалар немесе басқа да ғылыми-техникалық жетістіктер) байланысты қызмет түрі.

Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық шаралардың кешенін құрайды және дәл осы жиынтық инновациялардың пайда болуына септігін тигізеді.

Инновациялық қызмет –  іздестіру, іргелі және қолданбалы зерттеулерді, жобалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, маркетингтік іс-әрекеттерді қайта өндіріс нәтижелерін инновациялық өнім түрінде жүзеге асырылған азаматтық-құқықтық айналымға тарту мақсатындағы қызмет түрі.

Бұл мемлекеттік және жеке сектордың шегіндегі жалғыз кешенді ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық, инвестициялық, өндірістік және маркетингтік үрдіс. Осылардың қатысуымен идеялар мен технологиялар коммерциялық құндылығы бар (нарықтағы коммерциялық сұраныс пен коммерциялық қолдану) технологиялық инновациялық өнімдер (қызметтер) мен үрдістерге (өндірістің жаңа әдісі), сонымен бірге инновациялық нарықтарды құруда қолда бар инновациялық өнімдер мен қызметтерді қолданудың жаңа бағыттарына түрленеді.

Инновациялық қызметке мына төмендегілер жатады:

- Инновациялық өнімді шығару  бойынша ғылыми-зерттеу, тәжірибе-констркуторлық  немесе технологиялық жұмыстарды орындау;

- Инновациялық өнімді шығару  бойынша кешенді ғылыми-технологиялық, индикативті жоспарлау және мақсатты  бағдарламалау, жұмысты ұйымдастыру  және нормативті-құқықтық қамтамасыз  ету;

- Технологиялық қайта жабдықтау  және инновациялық өнімді (қызметті), технологияны өндіру үшін өндірісті дайындау;

- Инновациялық өнімді сынақтан  өткізу және тұтынушылардың оны  игеруі;

- Технологиялардың коммерциализациялану  үрдісін басқару;

- Өнімде қолданылған интеллектуалды  қызмет нәтижесінің құқықтық  қорғалуын қамтамасыз ете отырып, инновациялық өнімнің ішкі және әлемдік нарықтардағы қозғалысы бойынша қызметтер;

- Инновациялық инфрақұрылымдарды  құру және дамыту;

- Жаңа және жетілдірілген инновациялық  өнімді шығару мен оны жүзеге  асыру бойынша сараптама, кеңестік, ақпараттық, заңдық және басқа да қызметтер көрсету.

Инновациялық қызмет – нарыққа шығарылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімнің, тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістің, сондай-ақ осылармен байланысты қосымша ғылыми зерттеулер мен талдамалардың, аяқталған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің не болмаса басқа ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижелерін жүзеге асыруға бағытталған үрдіс.

Инновациялық қызмет – жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісті, жаңа немесе жетілдірілген өнімді шығару, өндірісте игеру және іс-жүзінде қолданысқа енгізу бойынша қызмет көрсету мен жұмыс атқару.

Инновациялық қызметтің түрлері:

- жаңа өнімдерді, қызметтерді және  оларды жасау әдістерін, жаңа  өндірістік үрдістерді зерттеу және жасау;

- технологиялық инновациялармен  байланысты машиналар, құралдар  алу;

- жаңа технологияларды алу, соның  ішінде патенттерге, ойлап табуларды, пайдалы үлгілерді қолдануға  лицензиялар;

- бағдарламалық құралдарды алу;

- өндірістік жоспарлауда жаңа өнімдерді шығаруға, жаңа қызметтерді немесе оларды жасау әдістерін  ендіруге өндірісті дайындаудың басқа түрлері;

- инновациялармен байланысты персоналды  оқыту және даярлау;

- маркетингтік зерттеулер;

- технологиялық инновацияларға  кететін басқа шығындар. [7]

Сонымен жоғарыда анықталғанды қорыта келе инновациялық қызмет  дегеніміз – бұл жаңа немесе жетілдірілген өнімді шығару және нарыққа енгізу, тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесті, не болмаса қажетті экономикалық және қоғамдық пайданы қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген ұйымдастырушылық-экономикалық форманы шығаруға бағытталған ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық қызметтер жиынтығы.

 

 

    1. Инновация функциялары және инновациялық үрдіс      

 

 

Инновация экономикалық категория ретінде жаңашылдықтың жүзеге асырылуының қатынасын, байланысын, жалпы қасиеттері мен белгілерін бейнелейді. Инновацияның табиғаты оның функцияларында көрінеді. Жаңашылдықтың функциялары оның мемлекеттің экономикалық жүйесіндегі назначениесін және шараушылық үрдісіндегі ролін көрсетеді.

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыруда инновацияның атқаратын рөлі ерекше. Инновация келесідей 3 функцияны атқарады:

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде