Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)

3) операциялар патенттелмейді, бірақ  ноу-хауды құрайды. Сондықтан операцияны  өндіруші нарықта сатпай операцияға  монополияны жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар басқа шаруашылық жүргізуші субъекілердің жұмыскерлері бұл операцияны басқа шаруашылық етуші субъектітерден алынған немесе ұрланған операцияның қандай да бір элементтеріне сүйене отырып, өздері-ақ дайындап шығарулары мүмкін. [9]

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары;

- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық, ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа  зертханалық үлгілерін, техниканың  жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны   және бұйымдарды дайындауда ғылыми зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

- өнімнің жаңа түрлерін дайындау  үшін  шикізаттар мен материалдардың  қажетті түрлерін таңдап алу;

- жаңа өнім дайындауда технологиялық  үрдісті әзірлеу;

- қажетті өнімдерді дайындау  үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

- жаңалықтарды іс-жүзіне асыруға  бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық  шешімдерді әзірлеу және енгізу;

- қажетті ақпараттық ресурстарды  және инновацияны ақпаратпен  қамтамасыз етуді зерттеу және  әзірлеу;

- қажетті ғылыми-зерттеу және  конструкциялық жұмыстарды жүргізу  үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық  беру және қызметкерлерді арнайы  әдіспен іріктеу;

- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;

- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру  және маркетингтік зерттеулерді  жүргізу.

 

 

1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы

 

 

Қазіргі жағдайда өндірістің тиімділігін арттыруды жаңа технологиялар, бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлері ретіндегі инновациялық процестер арқылы жүзеге асыруға болады. Инновацияны іздеу мен оны қолдану кәсіпорындардың өзекті мәселесі болып табылады. Жаңа техникалық және ұйымдастырушы-технологиялық шешімдердің дамуы, отандық нарыққа сәйкес басқарудың негізгі қағидаларын жетілдіру кәсіпорынның өндіріс процесін жаңалауға жағдай жасайды және экономикалық өсім үшін қосымша импульс береді. Жалпы инновацияға тек техникалық немесе технологиялық зерттемелер ғана емес, сондай-ақ ғылыми-өндірістік қызмет саласының жақсы өзгерістерін де жатқызамыз. Техника мен технологияның үнемі жаңарып отыруы инновациялық процесті бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі, кәсіпорынның нарықтағы орнын сақтап қалуы мен жаулап алуындағы және өнімділікті жоғарылатудағы, сонымен бірге кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы негізгі шартына айналдырды.

Инновация теориясының негізін салушы болып австрия экономисті Й.Шумпетер саналады. Ол инновацияны (техникалық) пайда табу үшін арналған кәсіпкердің құралы ретінде қарастырады және «динамикалы кәсіпкер» конъюнктуралық ауытқулардың көзі болып табылады деп сипаттаған. Бұл ауытқулардың себептерін талдай келе  Й.Шумпетер экономикалық ғылымда ең алғашқы болып «дамудағы өзгерулердің жаңа құрамдастырымын» ерекшелеп көрсетті және оларға сипаттама берді.

Й.Шумпетер өзгерулердің 5 түрін бөліп көрсетті:

- жаңа қасиеті бар өнімдерді  дайындау;

- өндірістің жаңа әдісін енгізу;

- жаңа өткізу нарығын игеру;

- жаңа шикізат көздерін пайдалану;

- өндірістің сәйкес қайта ұйымдастыруын жүргізу.

30-шы жылдары Й.Шумпетер түсінігінде  «инновация» дегеніміз өндіріс, жабдықтау, өнімді өткізу және  т.б. процестердегі ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық сипаттағы  жаңа немесе жетілген шешімдерді  пайдалану нәтижесінде кездесетін кез келген мүмкін болатын өзгерулер.

П.Ф. Дракер инновацияға бизнестің немесе қызмет көрсетудің жаңа түрін жүзеге асыру үшін өзгерулерді мүмкіндік ретінде қолданатын кәсіпкерлердің ерекше құралы деген анықтама берген.

П.Ф. Дракердің берген анықтамасы Й.Шумпетердің классикалқ анықтамасының мазмұнын толығырақ сипаттайды. Сонымен бірге жаңа тауарды шығарудың тәжірибелік қажеттілігі мен өндірістің тиімді дамуының талабы ретінде кәсіпкерлік факторды атап айтқан.[10]

Халықаралық стандарттарға сай инновация дегеніміз – нарыққа енген жаңа немесе жетілдірілген өнім түріндегі, тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Жалпы дәстүрлі түрде барлық инновациялар 2 негізгі категорияға бөлінеді:

- технологиялық

- технологиялық емес

Зерттеушілердің көпшілігі өндірістің даму қарқындылығын сипаттайтын технологиялық инновацияға көбірек көңіл бөледі. Оларға ғылыми-техникалық прогресті сипаттайтын барлық өзгерулер,  әдістер, өндіріс технологиялары жатады.

Ал технологиялық емес инновацияларға ұйымдастырушылық, басқарушылық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық инновацияларды жатқызамыз.

Өндірістік күштердің дамуының маңыздылығын бағалау бойынша қоғам жаңашылдықтарды келесідей топтарға жіктейді:

Біріншіден, базалық жаңашылдықтар – бұл техникада революциялық төңкерілістің негізі болатын ірі ойлап шығаруларды, олардың жаңа бағыттарын, жаңа салаларын құруды, технологиялық жүйенің  сапалы өзгеруін жүзеге асыратын жаңашылдықтың  түрі. Мұндай инновациялар ұзақ уақыт кезеңін және игеруге үлкен шығындарды талап етеді, бірақ деңгейі мен масштабы бойынша халықшаруашылық эффектті қамтамасыз етеді.

Екіншіден, ірі және принципті жаңашылдықтар – ұсақ ойлап шығарулар рангісінің, ғылыми және техникалық рекомендацияның базасында пайда болған инновациялар. Солардың нәтижесінде берілген бағыт шегінде жаңа техника ауысымы болады немесе бастапқы іргелі ғылыми қағиданы сақтау арқылы жаңа технологиялар пайда болады.

Қосымша зерттеулердің және дайындаулардың артықшылығының нәтижесінде пайда болған жаңа техника мен технологиялар жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерге ие. Аталмыш инновациялар айтарлықтай қысқа уақыт аралығында және аз шығындармен жүзеге асады, бірақ техникалық деңгейдегі секіріс пен тиімділік те біршама аз болады.

Үшіншіден, орташа және құрамдастырмалы жаңашылдықтар – элементтердің конструкторлық бірігуінің әртүрлі үйлесімі. Орта деңгейдегі ойлап шығарулар мен ноу-хауды жүзеге асыра отырып, аталған инновациялар бұрынғы техникалардың жаңа үлгісі мен түрлендіруін игеруге арналған базаны құруға, қолда бар технологияларды жетілдіруге, шығарылатын өнімнің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, ұсақ және құрамдастырмалы жаңашылдықтар -  ұсақ ойлап табулардың, рационализаторлық ұсыныстардың, өндірістік тәжірибенің негізінде пайда болатын жаңашылдықтар. Олар техника мен технологиялардың негізгісінің техника-экономикалық деңгейін демеу немесе қосымша техника-экономикалық параметрлерін жетілдіру үшін қажет. Бұл осы өнімнің параметрлері өнімнің аса тиімді өндірісін немесе оның қолдану тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында инновациялық қызмет мына төменде көрсетілгендерді қамтамасыз етуі керек:

- қажеттіліктерді неғұрлым толық  және уақытылы қанағаттыруды;

- өнім сапасы мен өндіріс  тиімділігін, тұрақтылық арасындағы  балансқа жетуін (дәстүрлі технологияларды  басқару) және жаңа технологияларды  енгізу талпынысы бойынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін. Дәстүрлі өнімді технологияны сақтай отырып, ресурстардың бір бөлігін жаңа технологияларды енгізуге бағыттау қажет;

- жаңашылдық нарығы туралы ақпараттар  жүйесін, баламалар арасынан жобаларды  таңдап алуды және өзара қызығушылық сияқты негізгі факторлар болып табылатын даму жүйесінің ішкі және сыртқы элементтерінің өзара әрекетін ұйымдастыруды. [11]

Қазіргі уақытта көпшілік кәсіпорындардың стратегияларында нақты қайта бағдарлау жүріп жатыр. Яғни әлемдік қолданыстағы ірі масштабты өндірістің экономикалық эффектісінен мақсатты бағытталған инновациялық стратегияларға ауысулар. Жаңашылдық шаруашылық қызметінің, қызмет тиімділігінің және бәсеке қабілеттілігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады. Бәсекелік позиция, кәсіпорын тиімділігі және оның инновациялық потенциалы арасында қатаң тәуелділік бар. Өнім сапасын жоғарылату, ресурстарды үнемдеу саясатын жүргізу, жаңа, бәсекеге қабілетті жобаларды шығару, рентабельді бизнес-жобаларды игеру арқылы кәсіпорын қызметінің тиімділігіне қол жеткізуге болады.

Белгілі инновация теоретигі Б.Твисс «Мәселе тек жаңашылдықтың өзінде ғана емес, сондай-ақ ғылыми-техникалық жаңашылдықтарды басқарудың пайдаға бағытталғандығында» деген. [12] Осыған орай «инновация» жайында айтқанда бұл түсінікті кәсіпорын деңгейінде қарау керек және оны бүкіл кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында сипаттау қажет.

Сөзсіз, инновация қоғамның қажеттілктерін қанағаттандыруға, сонымен қатар жекелеген  ресурстарды  қолданудың тиімділігін арттыруға немесе жекелеген өндірістік бөлімшелердің тиімділігін арттыруға негізделеді. Дегенмен жаңашылдықты енгізу нәтижесінде бүкіл кәсіпорын тиімділігінің жоғарылауы әр кезде бола бермейді. Экономикалық эффект көру немесе кәсіпорын  қызметінің тиімділігінің жоғарлауымен сипатталатын инновацияның соңғы жетістігіне әртүрлі факторлардың (экономикалық, заңдық, техникалық, нарықтық және т.б.) жиынтығы әсер етеді.

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.

Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.

Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:

- еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және  еңбекақы қорының салыстырмалы  ауытқуы;

- материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсіну), материалдық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;

- негізгі өндірістік қорлардың  қор қайтарымының үстелуі (қор  сыйымдылығының төмендеуі), негізгі  өндірістік қорлардың  салыстырмалы  ауытқуы;

- айналым қаражатының, айналым жылдамдығының үстелуі (босатып алу немесе байлау), айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;

- қарқындату есебінен еңбек, материалдық  және қаржы ресурстарын тиімді  пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің  үстелуі;

- пайданың немесе өнімнің өзіндік  құнының үстелуі;

- кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  және қаржы жағдайы көрсеткіштерінің  үстелуі.

Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үнемділігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.

Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау 4 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау. [13]

Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:

- өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;

- қолданыста заңды түрде белгіленген  өндірістік ресурстар (өндірістік  қорлар, еңбек және табиғи) үшін  нормативтік төлемдер;

- қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан  нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;

- банктердің несие берудегі  немесе жеке қаржыларын сақтау  жөніндегі кәсіпорынның тәртібі  мен есеп айырысу мөлшері;

- валюталық түсімдерді қайта  есептеу нормативтері, т.б.

Жалпы түрінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды:

  • экономикалық;
  • ресурстық;
  • техникалық;
  • әлеуметтік.

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде