V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

досова.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану». Дипломдық жұмыста жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістеріне әдеби шолулар жасалынып, жұмыстың нәтижелері №1 Облыстық үш тілде оқытатын мектеп интернатында іске асты.

Жұмыста сабақта көрсетілген нәтижелер бар.

Пәндерді  оқыту  әдістемесінде  саралай және даралай оқыта отырып және желілік - рөлдік ойын ретінде оқушылардың белсенділігін арттыру олардың  оқыту  үрдісінде  құрылымын  басқаша, ескі  үйреншікті  жұмыс  әдістемесін  бұза  отырып  оқудың  нәтижесін елеулі  түрде   жоғарылатуға, оқыту  бағдарламасының   жылдамдығын  арттыруға,  оқушылардың   жеке  басын  дамыту  деңгейін  еселі  түрде  өсіруге  болады.           

Жұмыс кiрiспеден, әдебиеттiк шолудан, педагогикалық эксперимент бөлiмнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

Ғылыми зерттеу жұмысы  75 беттен, соның iшiнде 3 суреттен,  8 кестеден, 11 сызбанұсқадан, 33 пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.....................................................................................................................

4

І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

 

6

1.1. 12 жылдық білім  беру және жаңа мұғалім...................................................

10

1.2.  Жалпы орта білім  беру деңгейінде бейіндік оқытуды  ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

 

20

1.3. Химияны оқыту барысында  оқушылардың ақыл-ойын дамыту................

30

1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................      

34

1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................

38

ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................

39

2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................

39

2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

 

44

2.3. Оқытудың интерактивті  әдісі........................................................................

49

2.4. Сын тұрғысынан ойлау  технологиясын қолдану арқылы  химия пәнінде оқушылардың ойлау  қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

 

59

2.5. «Ойымыз терең, ісіміз  нақты болсын»  желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

 

61

2.6. Химия мұғалімінің  әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

 

66

2.7. Химиядан алған білімді  қорытындылау.......................................................

70

2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................

71

Қорытынды.............................................................................................................

72

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................

73


 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру»  қажеттілігін көрсеткен.  Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне өтуге бағыт алуда.

Демек бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көрсету, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін, таным деңгейін жоғарылату.

Осыған орай жалпы білім беретін мектептердегі өзекті мәселелердің бірі – сабақтың жаңа түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен қолдану – мұғалім шеберлігінің басты мақсаты. Осы аталған дәлелдемелерден келіп әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы зерттеудің мақсаты анықталды.

Жұмыстың мақсаты: инновациялық оқыту технологиясы арқылы сабақ сапасын көрсету, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін, таным деңгейін жоғарылату.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:

1. Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие процесі арқылы оқушыларға терең білім берумен қатар ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

2. Химияны оқыту барысында оқушыларға саралай және даралай оқыту, желілік рольдік ойын әдістемелерін пайдалана отырып, оқушыларды жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттау.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері

 

Жылдан жылға қарыштап дамыған қоғамымызда мұғалім рөлі өсіп келе жатқаны даусыз. Мемлекеттің білім саясатын жүзеге асыратын мектептер десек, ал мұғалім мектептегі ең басты тұлға. Қазіргі мұғалімдердің біліктілігін көрсететін бір өлшемі инновациялық мәдениет.

Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырар болсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткіздік. Ендеше, олардың инновациялық оқыту технологиясы негізінде  химиялық білім беру идеясын қолдап шығатынына сенімдіміз. Оқушылардың қолдауына ие болумен қатар оның қажеттілігіне сене отырып, біз енді нақты қай технология негізінде жүмыс жүргізуді, оның тимділігі қандай болады, қиыншылығы неде деген мәселелер төңірегінде ойлануды жөн көрдік. Инновациялық оқыту технологияларының теориялық негізіне зер салуды, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеуді мақсат еттік [1,2].

«Инновация» ұғымы педагогика ғылымымен бірге жасасып келеді деуге болады. Олай дейтініміз, бұл ұғым ежелгі педагогикалық еңбектерде кездесіп отырады. «Инновация» ұғымы әр елде әр түрлі түсіндіріліп, ғалымдар әр түрлі анықтама берген. Осы ұғымды жан-жақты зерттеген ғалымдар -М.М. Поташник, А.С. Доренсов, В.И. Днепрова, В.С. Лазерева, П.И. Третьякова, Н. Нұрахметов,   Ш. Таубаева, Қ. Құдайбергенова, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. «инновация» ұғымына «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс-тәсілдер» деп түсінік берген. Инновациялық үрдіс дегеніміз -жаңалықтарды жасау, оку-тәрбие үрдісінде қолдану [3,4]. 

Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған [5,6].

Инновация сөзі- қазіргі барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз жаңа, өзгеру, жаңаша деген мағынаны береді және дәл қазіргі жаңа заманға да жаңаша өзгерудің мазмұны терең және анық екендігі белгілі.

Ал осы инновациялық мәдениетті біз қалай түсінеміз?

1. Мұғалім қазіргі таңдағы  болып жатқан жаңалықтардан хабары  болып, өз пәнін жетік біліп  қана қоймай, жаңа озық іс-тәжірибелерден  өз қажетін тауып, оны асқан  шеберлікпен пайдалана білетін  жан.

2.Инновациялық мәдениет  ең алдымен мұғалімнің оқушымен  қарым-қатынасынан көрінеді. Мұғалімнің ойының ұшқырлығы, талап-тілегі, жан-дүниесінің байлығы оқушының мәдениеттілігінен көрініп тұрады.

3.Мұғалім білікті, білімді  болса шәкірт оны тез таниды, сыйлайды. Мұғалім өз шәкіртінің  жай-күйін түсініп, оған көмек  көрсетуге әрқашан дайын тұруы, оның еңбегін әділ бағалауы да мәдениеттілікке жатады.

4.Мұғалімнің өз сабағында  жаңа техниканы қолданып, сабақты  белсенді өтуі, оқушының сабаққа  деген ынтасын арттырады.

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:

-білім мазмұны жаңа  біліктер мен ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

-ақпараттық дәстүрлі  әдістері ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс  қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

-баланың жеке басын  тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің  рухани баюына, азамат, тұлға ретінде  қалыптасуына көңіл бөлінуде.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына мұқият қарау дәуірі. Ал қазіргі басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға терең білім беру мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру [7-12].

Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

ХХІ ғасырда білім беру жүйесін жетілдіріп, оқытудың жаңа жолдарын іздестіру қажет екендігі түсінікті [13]. Кез келген жоғары оқу орнына ғылым мен техникада, экономика мен басқару ісінде өз білімін іскерлікпен пайдалана алатын батыл да жаңашыл, белсенді мамандар даярлау талап етіледі. Жас маманға өзінің кәсіби қызметі саласындағы жобалау, болжам жасау, әрқайсысының даму деңгейін айқындай отырып әріптестерімен қарым-қатынас жасау, шығармашылық ізденіс топтарын ұйымдастыру сияқты жұмыстардың әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасайтын ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінің жолдарын үйрету- оқытушылардың басты міндеті.

 Қазіргі   көп  салалы  білім  беруде  жаңа   ақпараттық   технологялар  оқушыларға,  студенттерге  және  оқытушыларға   пәнді  меңгеру   деңгейін  жоғарылатуға  және   әрбір  студенттің  сапалы  білім   алуына  мүмкіндік  береді.           

Білім   берудегі  басталған   ақпараттандыру  үрдісі  оқу  орындарында  білім  беру  ісінде   химия  пәнін  дербес  компьютерді  пайдалану  үшін  түрлі  бағдарламалау  жұмыстарын   жасауға  алып  келеді.  Бұл  әдеттегі  білім   беру  формасына  қарағанда   бағдарламаландыру  арқылы  оқыту  мүмкіндігіне  қол  жеткізді.            

       Оқытушылардың  квалификациясын  жоғарылату  мен   оқушылардың  білімі   педагогикалық   техналогиялар   мен  оқу  жүйесімен  тікелей  байланысты.  В. Манахов  «Педагогикалық  технология – бұл   оқушылар  мен  мұғалімдерге  мінсіз  жағдай  жасалынуымен  байланыстыра  отырып  оқу  үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру  және  қолданудың  жан–жақты   түбегейлі   ойластырған  нұсқасы»  деп  педагогикалық  техналогияға  нақты  сипаттама  берген.

С.Сполдингтің  сипаттамасына  сүйенер  болсақ,  педагогикалық  техналогия  - бұл  оқу  үрдісін  жоспарлау,  қолдану  және  өз  еңбегін  бағалаудың  жүйелендірілген  әдістемесі  және  оның  адамдық   және  техникалық  ресурстардың  шама –шарқын  ескере  отырып  білімді  бойға  сіңіру  және  білім  берудің  жетістікке  жеткізер  озық  формасы  мен  арақатынасы   болып   табылады. 

Мектептерде  химия  пәнін  оқыту  үрдісінің  арнайы  ерекшеліктерін ескеретін  негізгі  типтері  мына төмендегілер.       

1. Жемістілік,  шығармашылық   ойлау  қабілетін  дамыту  бағытындағы білімгердің  шығармашылық   талпынысы  мен  өзіндік  ізденісі.    

2. Тұлғалық,  шығармашылық   әлеуметтік  үрдіс  арақатынасында  жеке тұлғаның  қалыптасуы.         

3. Мазмұнды - өнімді,  икемділікті   қалыптастыруға   мақсатталған.   

4. Ресми -өнімді,  білім  алуға  себеп  болатын.               

Я.Коменский  әрбір  оқушыны  ұлы  білімпаздыққа  апаратын  бірден-бір тура  жол –сұрау  (талдау),  жаңа  білімді  есте  сақтау  (меңгеру)  және өз  білетінін  өзгелермен  бөлісу  деп  есептейді.         

Оқып  жүрген  студент  қаншалықты   басқаларды  оқыта  отырып  өз  білімін  толықтырар   болса,  онда  оның  жаңа  материалды  меңгеру  сапасы  жоғарылайды.  Бұл  орайда,  оқушы   өз  сыныптастарының  мінез – құлқы мен  санасына  пән  мазмұнының  бағалы  да  маңызды  ақпараттарын  пайдалана  отырып  әсер  ете  алады  және  сол  арқылы  өзіндік  дамуына  қол  жеткізеді.    

Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану