ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 10:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Содержание

КІРІСПЕ
І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ..................5
1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері....................................................................................11
1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22
1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37
2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38
2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42
2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

ped_35.doc

— 1.51 Мб (Скачать файл)

 Компьютерлік  графика мен визуалды білім  мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер  дамытылды. Оқыту бағдарламасында  компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады,себебі,оң жарты шармен ойлауды синтетикалық, бейнелі,интуитивті жағдай бойынша қамтамасыз етеді.Бұл вербалды-логикалық сол жарты шармен ойлауды дамыту мен тарихи байланысты дәстүлі оқытудың бір осал нүктесін жеңуге мүмкіндік береді.

Сондықтан жоғары мектеп педагогикасының күрделі  де маңызды бір мәселесі студентті  болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б.

Болашақ мұғалімдерді ақпараттық–компьютерлік  және математикалық модельдеу негізінде даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық  іс - әрекет  барысында пайда болатын мәселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни ақпараттық-компьютерлік  және математикалық модельдеу әдістері туралы кәсіби білім, білік және дағдылар  жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу және бұл білімдерді есептерді  математикалық моделдері бойынша шешу,  ЭЕМ-мен,  оның құрылғыларымен, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен құралдарымен жұмыс істеу және құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арнап бағдарламалау тілдерінің көмегімен бағдарлама  құру және компьютерлік моделін жасау үшін қолдана алады.     

 Замани ақпараттық  жүйелерді қолдану дағдылары және олардың көмегімен кәсіби практикалық есептерді шешу іскерліктері мен практикалық маңызды есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижелерін сауатты интерпретациялау іскерлігі және оның нәтижелерін кәсіби практикалық іс-әрекеттерде қолдану дағдылары болашақ мұғалімнің бойында қалыптастыру басты назарда болады.

Бұл талаптардың  осы көлемде жүзеге асырылуы  болашақ  мұғалімдердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы келтірілген анықтамадан байқайтынымыз АКММ түсінігі «ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық – компьютерлік және математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.        

Ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда болашақ мұғалімдердің ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенларды меңгерумен қатар оларды жасау іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Оларда – университеттерде информатикамен ұштасқан профиль мамандарын информатикаға оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру (Е.Ы.Бидайбеков), жалпы білім беретін орта мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру (С.Қариев), мектептер мен университеттерде  
информатика мен экономиканы біріктіріп оқыту жүйесін жетілдіру  
(Б.Бекзатов), мәліметтердің иерархиялық құрылымдары негізінде компьютерлендірілген оқытуды ұйымдастыру В.В.Гриншкун жан-жақты зерттеледі.

Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын  пайдалану жағдайында оқушылардың  танымдык белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев  компьютерлердің бағдарламалық  және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мұғалімдердің жаңа мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдерін, әдістері мен құралдарын жасау мәселелерін Ж.Ж.Жаңабаев мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенлардың даму жағдайында мамандарды инженерлік-сызба дайындықтарын жетілдіру туралы қарастырған.

Жоғарыда аталған  жұмыстар, елімізде информатиканы және информатикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жұмыстарда болашақ мұғалімдерді мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде кәсіби дайындау жеткілікті зерделенбеген.

Жоғары оқу  орындарының педагог мамандықтарындағы оқу бағдарламалары мен оқулықтарын зерделеу, оқу үдерісіне жасаған талдау да бұл проблеманың бірегей жүйеге келтірілмегендігін, болашақ педагог мамандарының кәсіби білімін ақпараттық-компьютерлік модельдеу арқылы жетілдіру мазмұнының дұрыс жүзеге аспайтындығын дәлелдейді.

 

1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану

 

Қазақстан Республикасының  Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға  аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030»  атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.

Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда жоғары мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық- әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Жоғарғы мектептің алдына қойған ең бірінші мақсаты- қоғамға қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау.

Мамандардың пікірінше  ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл ой және рухани потенциалын барынша  дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады. ХХ ғасыр аяғы мен  ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана кәсіпкер мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.

Жоғары мектептің  маңызды міндеттерінің бірі - мамандарды даярлаудағы фундаментальды орны мен  ролін жоғарылатудан келіп шығатын  білім беруді ізгілендіру. Осындай  даярлықпен шыққан жоғары мектеп түлегі ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.

Қазіргі таңда  Қазақстанда білім беру жүйесін  дамыту стратегиясының мақсаттары мен  міндеттері 2030 жылға дейін білімді  дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын жоғары білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.

Жоғары білімнің мынандай басты мақсаттары мен міндеттері бар:  

- ол адам  құқықтарын, демократия, бейбітшілікті  нығайту мақсатында барлық адамдардың  бүкіл өмір бойы дара дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.  

- ғылым мен  технологияны дамыту жолымен  қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық  дамуына сүбелі үлес қосу;  

- өзі үшін  жауап бере алатын жоғары білікті  мамандарды, азаматтарды даярлауды бір мезгілде жүзеге асыру;  

- тұтас алғанда  қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің  дамуы мен жақсаруына үлес  қосу.

Қазақстан Республикасында  жоғары білім жүйесін реформалау жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыруға, білімнің мазмұнына, сондай-ақ оқыту технологиясына да өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Білім мазмұнын жаңарту жоғары мектеп реформасының негізгі мәселелерінің бірі болып  табылады. Республикамыздың жоғары оқу  орындары үшін мемлекеттік білім  стандартының концепциясын жасауда ол республиканың біртұтас білім кеңістігінің моделін айқын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының міндетін, қажетті білім деңгейінің кепілдігін дүниежүзілік мәдени ағарту кеңістігіне интеграциялануды қамтамасыз ету секілді маңызды проблемаларды шешу болып табылады.  

Білімді дамытудың алғашқы  негіздері: жаңа білім философиясы; қоғам және адам туралы ғылымдар (білім  психологиясы, әлеуметтану және тағы басқалар); тәжірибе теориясы (педагогика білімі менеджменті және жобалау.)

«Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру»-деп атап көрсетілген.

Жаңа ғасырға  қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам  өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың  дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы  даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі  әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық  білім тұжырымдамасы» мен «ҚР  жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп беріледі. Жоғары педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.

ЖОО-ғы педагогтің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.

ҚР-ң жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында «Болашақ маман тек өз пәнін жетік  меңгеріп қана қоймай педагогикалық  процеске қатысушының әрқайсының орнын  көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек» деп атап көрсетілген.

Оқу үдерісіне  жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т.б. талдау жасалып қорытындылану қажет.

Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді.

Қазіргі қоғамдағы қалыптасқан нарықтық қатынастар, ғылым мен  техниканың даму қарқыны, өндіріске шет  елдік  жаңа технологиялар мен әдістердің көптеп  енгізілуі оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастырудың барлық сатысына жоғары талаптар қоюда.

Білім беруді ақпараттандыру үдерісі, компьютерді оқу үдерісінде пайдалануы  - халыққа білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен формасын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуді компьютердің мүмкіндігін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.

Жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін атап айтқанда ғылымның материяға, микродүниеге, материяның элементарлық және өлі табиғатты  зерттеуде, молекулалық, субмолекулалық, атомдық дәрежеге көшуі, ғылымның ең жоғарғы нәтижесінде табиғаттың ғылыми көрінісі айтарлықтай өзгерді.

Ғылыми-техникалық революциямен бірге өмірге келген ақпараттанудың ғылыми салалары, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенлардың дамуындағы ішкі заңдылықтары мен логикасын, оны өндіргіш күшке айналу үдерісін зерттейді.

Жаңа технологияларды  оқу процесінде қолдануда жаңа оқу  пәндерінің пайда болуы, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастыру  бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып  отыр.

Болашақ мұғалім  даярлауда оқыту мазмұны мен  формаларын, оқу құралдары мен әдістерін іріктеуде дидактикада кейінгі кезде айтылып жүрген кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын негізге алудың маңызы зор.

Оқу үдерісінде болашақ мұғалімнің теориялық даярлығын  жетілдіруде кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын ескерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Білім мазмұнын анықтауда, ақпараттық модельдеуге оқыту туралы ғылыми курстарды меңгертуде оқу материалдарының студенттің әдістемелік-кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталып құралған жөн. Осы тұрғыда пәнаралық байланысты жүзеге асырып отырудың рөлі ерекше.

Информация о работе ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ