Қылмыстық ізге түсу амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 06:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады: 1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыстык изге тусу амалдары.doc

— 383.00 Кб (Скачать файл)

       Алдын ала тергеу міндетті  қылмыстық істер бойынша кейінге  қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің  тізбесін жасап, оған сараптаманы  қоспағаны туралы көрсетілген.  Тәжірибеде сараптаманың қылмыстық  іс қозғалғаннан кейін жүргізілетін жағдайлары да кездеседі.

       Мысалы, жол-көлік оқиғалары туралы  қылмыстарды тергеу кезінде әдетте  бірнеше сараптама (трассологиялық, сот-медициналық, автотехникалык  және т.б.) жүргізіледі. Сонымен  қатар, осыған заң әдебиеттері  мен қылмыстық істерді тергеу тәжірибесіне жасалған талдау да көрсетеді. Осыған байланысты, автор, ҚР ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігіне кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің тізбесіне сараптаманы қосып белгілеу қажет деп санайды.

       Жұмыста, сондай-ақ, анықтаушының осы қылмыстық істер бойынша іс жүргізушілік дербестігінің тергеушімен салыстырып қарағанда елеулі түрде шекгеулі екені көрсетілген. Ол қылмыстық іс жүргізу занының мынадай ережелерінен айкын көрініп. заң шығарушының қылмыстық, іс жүргізу заңында бекіткен анықтаушы мен анықтау органы бастығынын ерекше қылмыстық-іс жүргізушілік қатынастарымен түсіндіріледі:

      Анықтаушынын. қылмыстық іс бойынша  қабылдаған негізгі іс жүргізу  шешімдері мен тергеу әрекеттерінің  нәтижелері (заң бойынша прокурордың санкциясы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда) аныктау органыньң бастығымен бекітіліп, қол койылуы міндетті. Өйткені басқа жағдайда олардың заңды күші болмайды.

       Егер де тергеуші, прокурордың  санкциясын талап етпейтін жағдайларды  қоспағанда, қылмыстық іс бойынша барлық шешімдерді дербес өзі қабылдайтын болса, анықтаушы көптеген іс жүргізу шешімдерін анықтау органы бастығының келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша қабылдайды.

        Анықтаушының   анықтау    органы    бастығының   берген    нұсқаулары бойынша прокурорға шағымдануы, олардың орындалуын тоқтатпайды. Өйткені аталған  нұсқаулардың  орындалуын ұйымдастыру  үшін  анықтау   органының бастығы тікелей өзі жауап береді. Сондай-ақ, осы істер бойынша қылмыстың саралануы   мен   айыптаудың  көлемі,   айыпталушыны  сотқа   беру   үшін   істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдер бойынша прокурорға шағым жасау тек тергеушінің құзыреті болып табылады.

       Осы    қылмыстық    істер    бойынша    анықтауды    жүргізу     кезінде анықтаушының іс-әрекетгерін анықтау органының бастығы бақылайды. Ал іс  алдын  ала тергеу   органдарына  берілгеннен   кейін,   оның   іс-әрекетіне тергеуші    басшылық    жасайды.    Бұл    ретте,    тергеуші    анықтаушының қылмыстық іс бойынша орындалуы міндетті тапсырмалары меи нұскауларын анықтау органы бастығының атына береді.

       Алдын ала тергеу міндетті  қылмыстық істер бойынша •  анықтауға жүзеге асырылатын  прокурорлық қадағалау да шектелген  болып келеді. Оның қадағалауы анықтау органының осы қылмыстар туралы арыздар немесе хабарлар бойынша есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына, тексеру материалдары бойынша негізделген әрі занды шешімнің қабылдануына және кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің заң талаптарыи бұзбай, жүргүзілуінс, сондай ақ, қылмыстық істің өрі қарай тергелуі үшін уақтылы (бес тәуліктен кейін) тергеушіге берілуін бақылауға бағытталған. Анықтаушы мен анықтау органының бастығы осы қылмыстық істер бойынша тергеудің алғашқы кезеңіне, яғни кылмыстық істің тергеушіге берілгенге дейінгі кезеңге жауап береді. Бұл олардың заңмен белгіленген ерекше құқықтық қатынастарына байланысты. Ал қылмыстық іс тергеушіге берілгеннен кейін анықтау органы тек тергеушінің осы істер бойынша берген тапсырмаларын орындайды. Сол себептен де осы кезден бастап прокурорлық қадағалау алдын ала тергеу органының қызметіне жүзеге асырылады.

        Анықтау органының бастығы тек  тергеушінін берген нұсқауларының  орындалуын ұйымдастырып, бақылайды  және соған жауап береді.

«Анықтау органы бастыгының анықтау органымен тергелетін қыл-мыстық істердің заңдылығы, дер кезділігі мен негізділігі ушін жауапкершілігі» деп аталатын үшінші бөлімшеде анықтау органы бастығының алдын ала тергеу міндетті және алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігі белгіленіп, оны қылмыстық іс жүргізу заңына енгізу жөнінде ұсыныс жасалған.

          Осы мәселені зерделеу барысында  анықтау органы бастығының қылмыстық-іс  жүргізушілік жауапкершілігінің  қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленбегенін көрсетеді. Осыған байланысты диссертацияда аныктау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігі түсінігіне  анықтамасын берген:

       Анықтау органы бастығының қылмыстык-іс  жүргізушілік жауапкершілігі деп - оның қылмыстык сот ісін жүргізу барысында заңмен берілген өкілеттіктерді тиісті түрде жүзеге асырмауы негізінде жіберілген заң бұзушылықтар мен тергеу қателіктгерін жоюға және азаматтардың бұзылған құкықтарын қалпына келтіруге бағытталған институтты айтамыз.

       Бұл ретте қылмыстық-іс жүргізушілік  жауапкершілік тек материалдық-құқықтык  нормалардың орындалуын ғана  емес, сондай-ақ, қылмыстық-іс жүргізушілік  қатынастар негізінде бұзылған  құқықтық институттардың (қылмыстық  іс бойынша объективті шындыққа жету, заңға қайшы әрекет жасағанында айыпталатын тұлғаның құқықтары, бұл тартпау шарасын қолданудың негізділігі және т.б.) қалпына келтірілуін көздейді.

      Жұмыста анықтау органы бастығының  қылмыстық-іс жүргізушілік өкілеттіктерін  талдау негізінде анықтаудың түрлеріне карай оның қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершіліктерінің шегі анықталған.

      Алдын ала тергеу міндетті  қылмыстық істер бойынша анықтауды  жүргізуде анықтау органы бастығының  өкілеттіктері шектеулі болғандықтан, ол осы қылмыстық істерді тергеудің сапасына бөлшектей жауап береді. Ал сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық істердің сапасына анықтау органының бастығы толық жауап береді. Өйткені бұл қылмыстық істерді анықтау органдары басынан аяғына дейін дербес өздері тергеп, аяқтайды және істі сотқа жібереді.

       Анықтау органы бастығының құқыктық  мәртебесінін қылмыстық іс жүргізу  заңында толық белгіленіп, реттелуі  мақсатында, автор, қолданыстағы  ҚР ҚІЖК-нің 66-бабы 3-бөлігінін  3-тармағынан кейін төртінші тармақты енгізіп, онда «.Анықтау органының бастығы осы қылмыстық істер бойынша жүргізілген іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығы, дер кезділігі және негізділігі үшін жауапкершілік атқарады» деген толықтыру жасауды ұсынған. Ал сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық істер бойынша осы Кодекстің 66-бабы 4-бөлігінің 4-тармағынан кейін бесінші тармақты енгізіп, онда «Анықтау органының бастығы осы қылмыстық істердің сапалы тергелуі үшін толық жауап береді» деген толыклгыруды ұсынған.

       Зерттеу барысында қол жеткізген  нәтижелерді түйіндеп, аныктау органы  бастығының қылмыстық іс жүргізу  кызметінің ұйымдасгырушылык және  құкықтык негіздерін одан ері  карай жетілдіруге бағытталған  тұжырымдар мен тәжірибелік ұсынымдарды  жасаған.

        Анықтау органының бастығы деп заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес өз бойына бір-бірімен өзара байланыскан. келісілген ұйымдастыру-баскарушылық және қылмыстық-іс жүргізушілік кызметтері біріктіретін және белгілі бір негіздер болған жағдайда кылмыстык-іс жүргізушілік жауапкершілікті атқаратын мемлекеттік органының немесе мекеменің не олардьң құрылымдык бөлімшелерінің басшысын айтуға болады. Оның қызметі қылмыстық. іс жүргізудегі ерекше құқықтық мәртебесіне сәйкес қосалқы сипатқа ие долады: ұйымдастыру-басқарушылык және қылмыстық.-іс жүргізушілік. Бұл ретте анықтау органы бастығының ұйымдастыру-басқарушылық қызметі -иегізгі, ал қылмыстық-іс жүргізушілік - қосымша қызмет болып табылады.

          Анықтау органы бастығының қылмыстық-іс  жүргізу қызметін құқықтық реттеу   мәселелерін зерттеу  барысында автор заңның бір катар ол қылық тары мен кемшіліктерінің барын анықтаған. Соның нәтижесінде ол қылықтардың орнын толтыру жоне нормалардың бір-біріне қарама-қайшы келуін жою, анықтау органының қызметіне қатысты занда жете зерттелмсген қылмыстық іс жүргізу институттарын қайта қарау қажетгігі туралы және озіне де ұсыныстар мен ұсынымдарды берген.

          Анықтау органы бастығының ведомстволық  бақылау қызметіне тоқтала отырып, оның қылмыстык. істі қозғау  сатысының тергеуге дсйінгі тексеру кезеңіндегі құқықтарының заң жүзінде бекітілмегенін көрсеткеи. Соган сәйкес диссертацияда анықтау органы бастығының тергеуге дейінгі тексеру кезеңіндегі құқыктарын ашып көрсетіп, қылмыстық іс жүргізу заңының тиісті нормасында белгілеу кажетгігі жонінде ұсыныс жасалған. Анықтау органы бастығының ведомстволық бакылауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-іс жүргізушілік өкілеттіктерінің жүйесі, оның осы қызметін «қос бақылау» деп атауға негіз берді.

          Анықтау органы бастығының ведомстволық бақылауы мен прокурорлық кадағалау - адам және азаматгардың құқықтары мен бостандыктарын, заңды мүдделерін корғаудың басты кепілдіктері болып табылады. Автордың пікірінше, прокурорлық қадағалау анықтау органы бастығының ведомстволык, бақылауын ауыстырмайды және бесеңдетпейді, керісінше, осы кепілдіктер жүйесімеи қылмыстык іске қатысушылардың құқықтары мен бостандыктарының жоғары деңгейде қорғалуы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге. аныктау органы бастығының ведомстволық бакылау қызметінің артықшылығы сонда, егер де ол тиісті түрде жүзеге асырылса, прокурорлык кадағалаудың жүргізілуіне негіздер мен себептер туғыздырмайды.

           Алайда қылмыстарды тергеу саласындағы  тәжірибе анықтау органының бастығымен  жүзеге асырылатын всдомстволык  бақылау деңгейінің төмен екенін керсетеді. Онын олай деуінің басты себебі болып сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын кылмыстық істер бойынша іс жүргізу мерзімдерінің бұзылуы, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің тиісті түрде қорғалмауы. сакталмауы табылады. Осы мәселелерді шешуде автор өз ұстанымын алға қоя отырып, ұсыныстар мен ұсынымдар берген. Өз кезегінде, бұл - қылмыстық істер бойынша іс жүргізу мерзімдерін бұзудың негізгі себептері айыпталушыларды құжаттандыру, сараптама қорытындысының уақытында дайын болмауы мәселелерінің қайта қаралуы жөніндегі автордың жұмыста көрсетіп кеткен ұсынымдары. Сонымен қатар, диссертацияда осы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу мерзімін он күннен бір айға ауыстырып, оның одан әрі карай ұзартылмайтыны туралы ұсыныс жасалған.

       Алдын ала тергеу міндетті  және алдын ала тергеу міндетті  емес қылмыстық істердің тергеуін  ұйымдастыруда анықтау органы  бастығының рөлдерін анықтап,  оның осы қызметін бағалаудың  критерийлерін осы заманга сай етіп кайта қарау кажет деп санайды.

      Аныктау органы бастығының қылмыстық-іс  жүргізушілік мертебесінін кылмыстык  іс жүргізу заңында толыққанды  белгіленуі максатында, автор, аныктаудын  түрлеріне қарай оның қылмыстық-іс  жүргізуішлік жауап-кершілігін белгілеп. оны кылмыстық іс жүргізу заңsның соған сәйкес нормасына енгізуді ұсынған.

       Қазақстанның саяси жан-жақты  жаңару жолына түсуіне байланысты  кылмыстык іс жүргізудегі аныктау  институтын әрі қарай реформалаудың  қажеттігін сөз етіп, Батыс елдеріндегі қылмыстық іс жүргізудін континентальдық құрылымына бірте-бірте ауысу керек деп шешеді. Олардың қылмыстық іс жүргізуіңе сәйкес анықтау — алдын ала іздестіру нысаны және міндетті түрде жүргізілетін қызмет түрі болып табылмайды. Ол - қылмыстық қудалауды қозғау туралы мәселені шешу үшін косымша ақпараттарды жинаудан тұратын қылмыстық іс жүргізудін алғашқы кезеңі.

      Анықтаудың қылмыстық іс жүргізудің  осындай алғашқы кезеңі ретінде  болуы, оның қызметін шынайы  әрі атқарған жұмыстары негізінде  бағалануына мүмкіндіктер туғызар еді. Өйткені, біздің қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, анықтау органы мен алдын ала тергеу органының шешетін қылмыстық іс жүргізудің міндеттері мен атқаратын қызметтері бірдей болып табылады. Осыған байланысты, бүгінгі таңда олардың жұмыстарын қол жеткізген жетістіктеріне қарай жекелей әрі әділ бағалануына мүмкіндіктер тумай отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАРАУ 2. АЙЫПТАЛУШЫ  РЕТІНДЕ  ЖАУАПҚА ТАРТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ  РЕТТЕУ

2.1. Айыпталушы  ретінде жауапқа тарту туралы  ұғымы және оның    негіздері  мен тәртібі

 

          Айыптау - бұл басқару өкілеттігі  бар адамның, органның адамды  айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде шағым (апеляциялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйғарымдарында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы.

          Айыптаудың мәні мынада:

         - адамды айыпталушы ретінде жауапқа  тарту алдын ала тергеп, тексеру  сатысындағы басты, орталық әрекет  болып табылады, өйткені бұл кезінде  бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни, нақты адам- кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады.

          Қылмыс жасады деп айыптау  үшін негіз беретін жеткілікті  дәлелдемелер болған кезде адамды  айыпталушы ретінде жауапқа тарту  туралы дәлелді қаулы шығарады [42; 54].

         Тергеуші айыпталушыға айып тағылған  күн туралы хабарлайды және  сонымен бір мезгілде оған  қорғаушыны шақыруы не тергеушіден  қорғаушының қатысуын қамтамасыз  ету туралы өтіну туралы құқығы  түсіндіріледі.

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу амалдары