Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация
Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
3
1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ
1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................
9
1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25
2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ
2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................
48
2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................
67
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрл
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 894.342.000.7:82:7.041.7
БЕРДІҚОЖА НАЗГҮЛ БЕРДІҚОЖАҚЫЗЫ
Зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық,
көркемдік ерекшеліктері
6М011700-қазақ тілі мен
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының
Қызылорда, 2013
Нормативтік сілтемелер
Осы диссертациялық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қосылды:
1. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» м-27.07.2007-№
2.Ағымды үлгерімін бақылауды,
білім алушының аралық және
қорытынды аттестациялауын
3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарты 5.04.033-2011. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура.
4. ҚР МЖМБС 7.09.14-2010, 6М0111700- қазақ тілі мен әдебиеті. Магистратура.
5. Қорқыт ата атындағы
ҚМУ ҒМС бекіткен магистрлік
диссертацияға қойылатын
6. Қазақстан Республикасы
жоғары және жоғары оқу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... |
3 | ||
1 |
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ |
||
1.1 |
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және Зейнолла Шүкіров |
9 | |
1.2 |
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері......... |
25 | |
2 |
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ |
||
2.1 |
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы
көркемдік шындық сипаты........................ |
48 | |
2.2 |
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы
көркемдік шешім............... |
67 | |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
103 | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
107 |
кіріспе
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақ поэзиясының тарихи даму кезеңдеріндегі мазмұн мен пішін жүйесін құрайтын поэтикалық сипат үздіксіз жаңғыру, жаңару жолымен келеді. ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы көрнекті ақындардың лирикалық және эпикалық жанрлар жүйесін дамыта, көркемдік-стильдік дәстүр жолын жалғастыра жырлау ерекшеліктері әдеби даму үдерісінің шығармашылық сипатын танытты. Қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындардың романтизм және реализм көркемдік әдістері тұтастығындағы шығармалар жазуы ұлттық сөз өнерінің жалпыәлемдік әдеби үдеріспен сабақтас болмысын айқындай түсті. Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» (1926) атты ғылыми-теориялық іргелі еңбегінде сөз өнерінің рухани құндылық тұғырындағы көркемдік-эстетикалық маңызын атап көрсеткен-ді:
«Өнердің ең алды – сөз өнері деп саналады. Өнері алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ мал баққан, сөз күйттеген халық болып сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шамаларынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» [..., 7-б.].
Қазақ сөз өнерінің тарихындағы көрнекті шығармашылық тұлғалар арқылы осындай ұлағат айқындалуы қазақ поэзиясын романтикалық және реалистік сарынды шығармаларымен мол әдеби мұрасы даралана танылған ақындардың бірі Зейнолла Шүкіровтің осындай әлемдік классикалық поэзия деңгейіндегі лирикалық және эпикалық шығармаларының жанрлық табиғатын, көркемдік сипатындағы өзіндік шеберлік даралығын қазақ поэзиясы дамуы үдерісімен сабақтастыра қарастыру маңыздылығы айқындалды.
Диссертациялық зерттеу жұмысы көрнекті ақын Зейнолла Шүкіров поэзиясының поэтикалық сипатын саралап таныту арқылы қазақ сөз өнеріндегі көркемдік дәстүр жолының шынайы жалғастық табиғатын танытады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ поэзиясында өзіндік дара шығармашылық тұлғасымен даралана танылған Зейнолла Шүкіровтің лирикалық өлеңдері мен эпикалық шығармалары ХХ ғасырдың 50–70-жылда-рындағы қазақ поэзиясының өсу, кемелдену келбетін құрайды. Ақынның лирикалық өлеңдері мен поэмалары аталған жылдарда миллиондаған оқырмандардың көңілдерін баурады. Ақын шығармаларындағы лирикалық қаһарманның тұлғалық бейнеленуінен уақыт пен кеңістіктегі өмір шындығы қозғалыстарындағы адамдардың жан ділі әлеміндегі саналуан сарынды толғаныстардың, тебіреністердің, қуаныш пен қайғыға, үміт пен торығуға, жасу мен жігерленуге және т.б. бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар мен қасиеттердің өзара қатарласқан, шендескен, үндескен поэтикалық сипаты философиялық, психологиялық сарындар тұтасуы жағдайында жырланды. Ақынның азаматтық-отаншылдық, гуманистік дүниетанымы аясында жырланған лирикалық және эпикалық шығармаларындағы мазмұн мен пішін поэтикасын құрайтын ерекшеліктерін арнайы қарастыру арқылы ақынның өзіндік шығармашылық даралығын, сол арқылы қазақ поэзиясының көркемдік дамуына ортақ ерекшеліктер болмысын саралаймыз. Лирикалық және эпикалық шығармаларында өмір шындығы құбылыстары жеке мен жалпы, қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі және т.б. философиялық-психологиялық күрделі поэтикалық сипаты бар Зейнолла Шүкіров поэзиясын арнайы қарастыруы өзектілігі осындай зәру мәселелер аясында айқындалады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ поэзиясының ХХ ғ. 50–70-жылда-рындағы дамуы мәселелеріне арналған шолу еңбектерде аталып өткені болмаса, ақынның поэзиялық мұрасы толық қамтыла арнайы қарастырыла қоймады. Әрине, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған естеліктер, лирикалық өлеңдер, дастандар туралы әдеби-танымдық мақалалар әр жылдары жазылып та келеді.
А. Тоқмағамбетовтің «Жаралы жолбарыс», М. Әлімбаевтың «Құрыш қазақ» дастандары, С. Мәуленовтің «Құрыш жүрек», А. Мекебаевтың «Ақынның қанатты ғұмыры», М. Қаназовтың «Сағыныштың сары жапырақтары», Ж. Түменбаевтың «Алақанда өткен аға», Т. Нұрмағамбетовтің «Теңізден бұрын өлген ақын», Ш. Сариевтің «Теңіз толқынында туған ақын», Ө. Жолымбетовтің «Қайсар қазақ», А. Сәдібекұлының «Содан бері ағып өтті талай жыл», С. Жұбатырұлының «Азабынан абат өсірген тағдыр» және т.б. естелік-очерктерде ақынның ғұмырнамалық-шығармашылық тұлғасы сөз болған.
Зерттеуші ғалымдар Т. С. Тебегеновтің,
Б. Кәрібозұлының зерттеу
Қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындар Қ. Аманжоловтың, Ж. Молдағалиевтің, С. Мәуленовтің, Қ. Мырзалиевтің, Ф. Оңғарсынованың, М. Мақатаевтың, Ә. Абайділдановтың, Т. Молдағалиевтің, Ж. Нәжімеденовтің, М. Шахановтың, Ө. Сүлейменовтің, Т. Медетбековтің, Н. Оразалиннің және т.б. көрнекті ақындар шығармашылығына арналған зерттеулерде де З. Шүкіров поэзиясына қатысты кейбір ортақ мәселелелердің айтылғаны бар. Жинақтап айтқанда, ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ әдебиеті тарихының кезеңінде поэзиясымен, прозасымен елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгер Зейнолла Шүкіровтің лирикалық өлеңдері мен поэмаларын арнайы қарастырған зерттеу жұмысын жазу – уақыт талабының зәру мәселесі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. ХХ ғасырдың 50–70-жылдары қазақ әдебиеті тарихына өзінің елеулі үлесін қосқан көрнекті қаламгер Зейнолла Шүкіровтің лирикалық өлеңдері мен поэмаларының поэтикалық табиғатын саралап бағалау мақсатына арналған зерттеу жұмысында мынадай міндеттерді орындау көзделді:
– Зейнолла Шүкіров лирикасындағы адамзаттық-отаншылдық дүниетаным жырлануын саралау;
– философиялық-дидактикалық өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктерін талдау;
– махаббат лирикасының идеялық-композициялық сипатын бағалау;
– көңіл-күй әуендері жырланған лирикалық өлеңдердегі элегиялық сарындардың психологиялық сипатын айқындау;
– табиғат лирикасын құрайтын өлеңдердегі пейзаждық бейнелеулер мен адам жан ділінің психологиялық егізделу ерекшеліктерін анықтау;
– махаббат лирикасы өлеңдеріндегі романтикалық-элегиялық әуендер тұтастығын жүйелеу;
– сатиралық өлеңдеріндегі сыншыл реалистік көркемдік тәсіл ерекшеліктерін, анықтау;
– лиро-эпикалық балладаларының поэтикалық сипатын айқындау;
– фольклорлық-мифологиялық, антикалық сюжеттер негізіндегі поэмаларының көркемдік шешім ерекшеліктерін қарастыру;
– тарихи шындық негізіндегі поэмаларының көркем шындықпен бейнелену сипатына байыптау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Диссертациялық жұмыстың нысаны – ақын З. Шүкіровтің әр жылдары жарық көрген поэзиялық жинақтары: «Менің достарым» (1955), «Теңіз жыры» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966), «Арал толқындары: Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар» (1968), «Сағыныш» (1970), «Адам – Жер – Ана» (1974), «Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар» (1977).
Зерттеу пәні. З. Шүкіровтің барлық лирикалық өлеңдері мен поэмалары – зерттеу пәні.
Зерттеу теориялық және әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмыстың ғылыми-теориялық методологиялық негізі ретінде әдебиеттің поэзиялық жанрларына байланысты отандық және шетелдік әдебиеттанушылардың еңбектері пайдаланылды. Әбунасыр әл-Фарабидің [2], Ш. Уәлихановтың [3], А. Байтұрсыновтың [1], Х. Досмұхамедұлының [4], С. Сейфуллиннің [5], М. Әуезовтің [6, 7], Ә. Марғұланның [8, 9], С. Мұқанов-тың [10], Қ. Жұмалиевтің [11], Б. Кенжебаевтың [12, 13], Ә. Қоңыратбаевтың [14, 15], М. Қаратаевтың [16], Е. Исмайыловтың [17], Ә. Тәжібаевтың [18], Қ. Бекхожиннің [19], Х. Сүйіншәлиевтің [20], С. Қирабаевтың [21, 22], З. Қабдоловтың [23], Т. Кәкішевтің [24], М. Базарбаевтың [25], З. Ахметовтің [26], Ж. Ысмағұловтың [27], Т. Қожакеевтің [28], Р. Бердібайдың [29, 30], М. Мырзахметұлының [31, 32], Ш. Елеукеновтің [33], М. Жолдабековтыің [34], С. Қасқабасовтың [35], Р. Нұрғалиевтің және т.б. аға буын ғалымдардың [36-43] еңбектері негіз болды.
Сонымен бірге, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы,
қазақ әдебиеттануының соңғы онжылдықтардағы,
ХХІ ғасырдың басындағы іргелі де пайдаланылды.
Қ. Мәшһүр Жүсіпов [44, 45], А. Еспембетовтің
[46],
С. Негимовтің [46], Т. Рахымжановтың [47],
С. Дәуітовтің [48],
Сонымен бірге, орыс ғалымдары Г. Н. Поспеловтің [74], Л. И. Тимофеевтің [75], Г. Л. Абрамовичтің [76], В. В. Бадиковтың [77], В. В. Савельеваның [78], Л. В. Сафронованың [79] және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми ой-пікірлер ескерілді.
Зерттеу әдістері. Қазақ поэзиясындағы романтикалық және реалистік сарындар тұтастығымен жырлаудың жаңашыл үлгілерін танытқан Зейнолла Шүкіровтің поэзиясындағы жанрлық, көркемдік мәселелерін айқындауда жүйелі-кешенді, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Ақынның лирикалық өлеңдері мен поэмаларын талдауда ұлттық және әлемдік әдеби үдеріс сабақтастығы да негізге алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
– көрнекті ақын Зейнолла Шүкіров поэзиясының алғаш рет толық қамтыла арнайы зерттеу нысанына алынып қарастырылуы жұмыстың ең басты жаңалығы болып саналады;
– жұмыста Зейнолла Шүкіровтің лирикалық және эпикалық шығармаларының қазақ және әлем әдебиетіндегі көркемдік жалғастық жүйесіндегі орыны анықталды;
– ақынның лирикалық өлеңдеріндегі азаматтық-отаншылдық сезім мен ұлттық көркемдік ойлауы тұтастығындағы дүниетаным сипаты айқындалды;
– ақынның лирикалары өлеңдеріндегі табиғат құбылыстары мен адам жан ділі болмысының психологиялық егізделген болмысының поэтикалық ерекшеліктері сараланды;
– элегиялық-өлеңдеріндегі романтикалық-философиялық дүниетаным әлемі дәйектелді;
– сатиралық-сыншылдық өлеңдеріндегі адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесіне арналған этнопедагогикалық-дидактикалық көзқарастар сипаты дәлелденді;
– балладаларындағы лирикалық және эпикалық тұтастық құрылымындағы философиялық-психологиялық сипат байыпталды;
– фольклорлық-мифологиялық антикалық сюжеттерге негізделген поэмаларының мазмұны мен пішіні жүйесіндегі кейіпкерді даралау мен көркемдік шешім эстетикасы ғылыми бағаланды;
– тарихи шындық пен аңыздық оқиғаларға негізделген поэмаларындағы көркемдік шындық жинақтауларының ерекшеліктері жүйеленді;
– ақын поэзиясының өзіндік-стильдік ерекшеліктеріне бағалаулар жасалды.
Зерттеудің теориялық-