Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация
Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
3
1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ
1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................
9
1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25
2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ
2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................
48
2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................
67
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107
Клеопатра!
Цезарды Тәңірідей көрсем бұрын,
Биік тұр онан сенің еңсең бүгін!
Оқыпты ол да намаз етегіңе...
Өзі екен ең сорлының...
Сен сендірдің!
Қаһарлы Антониды арбап алып,
Өз елін қайта шабар семсер қылдың.
Қып-қызыл қан бояды теңіз бетін...
Румды жалғыз өзің теңселдірдің.
Ганибал...
Ер Ескендір...
Кім бар тағы?
Кім биік қол жетпейтін ең сеңгірің?
Клеопатра!
Алмаймын тырнағына сенсең бірін!
Клеопатра!
Клеопатра!
Ерлердей ертеде өткен сен еңіреп,
Төрт бөлдің түн ұйқыңды сен елім деп.
Сенде ақыл,
Сенде көрік, –
Сонан басқа
Досың жоқ, жанашыр жоқ, сенерің жоқ.
... Клеопатра!
Клеопатра!
Сен жүрген бүлікші едің,
Тыныш болдың!
Дұрыс қылдың!
Қайырса сынып кетер құрыш едің [98, 296-294-бб.].
Қазақ поэзиясында Иса Байзақовтың «Клеопатра» атты поэмасы [124, 148-151-бб.] бар. Онда да патша әйелдің өзіндік даралығы тарихилық пен көркем шындық өрнектерімен өрнектелген.
Қазақ поэзиясының қалыптасу, даму
кезеңдеріндегі әдеби жанрлар жүйесінде
антикалық сюжеттердің эпикалық
шығармалардағы жырлануы да орын алып
келеді. Қазақ поэзиясының классик
ақыны хакім Абайдың «Ескендір»
Бұл орайда ХІХ ғасыр әдебиетіндегі
Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»
Қазақ поэзиясындағы эпикалық шығармалардың арқауына ежелгі заманғы сюжеттердің жаңғыртыла алынуы, жырлануы сөз өнері дамуындағы тарихи-поэтикалық сабақтастықты, ұрпақтар дүниетанымы ортақтығы табиғатынан туындайтын көркемдік ойлау ұлағатын аңғартады. Бұл орайда, сөз өнері дамуында фольклорлық-мифологиялық сюжеттердің тарихи даму жолымен үндесе келе, сөз өнері туындыларының да жаңғыртыла, жаңаша авторлық көркемдік шешіммен жырлануы көркемдік дәстүр жалғастығы заңдылығымен айқындалады. Көрнекті ғалым А. Н. Веселовскийдің «Тарихи поэтика» («Историческая поэтика» атты еңбегінің «Сюжет поэтикасы» туралы бөліміндегі ғылыми тұжырымы қазақ поэзиясындағы эпикалық шығармалардағы (қисса-дастандардағы, поэмалардағы) ежелгі дәуір (антикалық) сюжеттердің жаңғыртыла жырлану мәнісін түсінуге бағдарлайды:
«Несмотря не все смешения и наслоения, какие пережила современная нам сказка, она является для нас лучшим образцом такого рода бытового творчества; но те же схемы и типы служили и для творчества мифологического, когда внимание простиралось на явления внечеловеческой, но очеловеченной природы. Сходство очертаний между сказкой и мифом объясняется не их генетической связью, причем сказка являлось бы обескровленным мифом, а в единстве материалов и приемов и схем, только иначе приуроченных. Этот мир образных обобщений, бытовых и мифологических, воспитывал и обязывал целые поколения на их пути и истории. Обособление исторической народности предполагает существование или выделение других, в сопракосновении или борьбе между собою; на этой стадии развития слагается эпическая песня о подвигах и героях, но реальный факт подвига и облик исторического героя усваивается песней сквозь призму тех образов и схематических положений в формах которых привыкла творить фантазия.
Таким образом, сходство сказочных
и мифологических мотивов и сюжетов
протягивалось и на эпос; но происходили
и новые контаминации: старая схема
подавалась, чтобы включить в свои
рамки яркие черты события, взволновавшего
народного чувство, и в этом виде
вступала в дальнейший оборот, обязательный
для поэтики следующих
«Алау» поэмасының желісіне
үнді халқының антикалық
Поэманың сюжеттік-
Поэманың басты кейіпкерлері –
туған қаласын басқыншы жаудан қорғаушылар
және сұлтан Ратан, оның жары – басты
кейіпкер Падма ару. Поэманың сюжеттік-композициялық
желісіндегі қақтығыс арқауы – Падманың
сұлу ажары. Арудың сұлу келбетіне, түр-тұлғасына
ғашық болу – Шығыстың классикалық
поэзиясында ежелден
Шығыс халықтарының фольклоры мен
әдебиетінде мол орын алған адамның
сыртқы келбетіне, түр-тұлғасына әсерлену,
қызығу, ғашық болу сезімінің жырлануында
Жүсіп пайғамбарға ғашық болған
Зылиха тағдырына арналған, әлемге
кең таралған «Жүсіп-Зылиха» дастанын
да айтамыз
...Менің Сізден тілегім жан нәубеті,
Нұр жүзіңнің ыстығы ішіме өтті.
Қанжардай тілді бауырым, нұрлы жүзің,
Суретің, ғажап түрің, лебізің тәтті.
Өзіңдей ешбір адам болмас сірә,
Жан-тәнім сенсіз қарар қалмас сірә,
Фырақыңда өртенді, күйіп ішім,
Мен өзім секілдімін бір мас, сірә.
Һилала сипатындай қастарыңыз,
Тіс-меруерт, қызыққандай достарыңыз.
Өз қолыммен өруге лайықта тұр,
Жұпар сүмбіл секілді шаштарыңыз.
Бойың зида, мәшәк жұпар шашыңыз бар,
Мұхиттың гауһарындай басыңыз бар,
Кірпіктерің өкпеме қадалып тұр,
Неліктен болдың маған хатірің тар?
Қалай шыдап тұрады жүрегіміз,
Алмадай көз тартқан иегіңіз.
Арманым жоқ бір сүйсем тамағыңнан,
Сымға тартқан күмістей сүйегіңіз.
Ақылымнан айырды екі көзің,
Дәртіме дауа болар айтқан сөзің.
Өзіңдей ұл тумайды еш адамнан,
Мақіріп періштедей анық өзің [126, 408-б.].
Ақын Зейнолла Шүкіровтің поэмасында Падма арудың сыртқы келбеті, мүсіні даралана бейнеленуге орын беріле қоймаған. Арудың сұлу ажары эпикалық баяндаулармен сипаттала отырып, оның тұлғасына, келбетіне көруге ынтық Әлледин тұлғасының көңіл-күй құбылыстарын бейнелеуге мән берілген. Бұл – автордың өзіндік көркемдік шешімі. Поэма сюжетінің шиеленісті сәтінде арудың жүзін өз сарайындағы айнаға түсірілген қалпында көрген сұлтанның нәпсіқұмар хайуандық құмарлық, ессіздік билеген көңіл-күйдегі қалпын реалистік суреттеуден психологиялық сипат шындығы да байқалады:
Әрі паң, әрі ұшқалақ, әрі қатпа,
Бұл өзі әмірші емес, әруақ па?
Бес жүз қыз жинаса да бір сарайға,
Біреуге кейпі түзу жарымап па?
Қатып тұр Сұлтан ессіз, күйік қандай
Құша алмай көріп тұрып, сүйіп қанбай.
Айнадан хордың қызы қарайды оған,
Әмірші бар дүниені ұмытқандай.
Балқып нұр қыз көзінен
Аппақ жүз әлде жұмбақ жымиғандай.
Аш бөрі айдалада қозы көрді,
Қызықтап кете беру қиын қандай.
Білмейді өңі, түсін дегдар тұлға,
Айнаға басын соқты сол
Поэмада ару Падманың жары жас раджа Ратан бейнесі де біршама көркем жинақталумен даралана бейнеленген. Падманы он бір жасында жары еткен Ратанның он төрт жастағы кезіне дейін үш жыл бойы аяулысын еркелетумен, жан мен тән құштарлығын қандырумен келе жатқаны («Күн бойы лакшмиін еркелетіп, үйден көп шықпаушы еді селтең етіп; Кейде бір аңға шықса аң сары арып, кеш қайтып көрген емес ерте кетіп. Қуантып бірде сыйлап гүл көркемін, мәз болып мінезіне бірде еркенің..») өмір шындығы өрнегімен берілген.
Арудың жары – сөз өнері шығармаларындағы негізгі кейіпкер. Әлем әдебиеті мұраларында ару қыздың, әйелдің жары нағыз еркектік мінез-құлық даралығымен (адалдық, еңбексүйгіштік, мәрттік, жомарттық, отаншылдық, батылдық, ерлік, т.б.) бейнеленетіні мәлім. Бұл поэмада да Падма арудың жары Ратан нағыз еркектік дағдымен жар төсегіне («Алтыншы ай – күндіз-түні үй көрмейді») де жақындай алмай жүретіні де нанымды. Ел басшысы жас раджа Ратанның тұлғасы да аруын, отбасын, халқын ойлаған даралық тұлғасын айқын көрсетеді:
Батыр ол – Раджстанның мақтанышы,
Халқына жас та болса жаққан ісі.
Бұл күнде арыстандай жауға айбарын,
Читордың етеді аңыз жас-кәрісі.
Күлсе де қап-қара боп кірмей түсі,
Ұсайды бір құпия түйгенге іші.
Ол жігіт, сырға берік, жас болғанмен,
Бұл күнде бір тайпаның билеушісі [91, 273-б.]
Поэмадағы жағымсыз сипаттарымен бейнеленгендер
– Дели сұлтаны Әлледин мен
оның қызметкері алаяқ Марвар. Әлледин
сұлтан – Шығыс елдеріндегі
Күшті екен өзі зордың зорлығы да,
(Қай кезде зордың ісі болды күнә).
Біреудің ақ некесін бұзбақ күшпен,
Ынтықтық емес мынау қорлығы да [91, 271-б.].
Әлледин сұлтан – Шығыс фольклоры мен әдебиет шығармаларындағы көп кездесетін зорлықшыл, басқыншы, нәпсіқұмарлық пиғылдағы азғындаған, топастанған зұлым билеушілер қасиеттері жинақталған бейне. Билігіндегі елді қан қақсатып, құл-құтандарын, қызметшілерін, әскерін тек қана өзінің тойымсыз, ашқарақ көңіліне орайластыруды ғана ойлаған билеушінің іс-әрекеттерін ақын тарихи шындыққа сай жырлаған. Сұлтанның әйелқұмарлық қасиеті де осы поэмаға арқау болған қақтығысқа сәйкес эпикалық баяндаумен бейнелей жырланған:
Жинаса бар сұлуды Үндідегі
Қанағат қылған емес бір жүрегі.
Қашанда қыз жыласа мейірі қанған,
Қашанда жүрген жері сүргін еді.
Күндегі тірлігі де масқара еді:
Нашада бір құмары – сәске болды.
Түс қайта арақ-шарап... онан әрі.
Жасаған аулақ қылсын мас бәлеңді.
Сонан соң әйел керек асқан өңді,
Онда да уылжыған жаста көңлі.
(Кейде бір еріккенде ермек үшін,