Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация
Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
3
1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ
1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................
9
1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25
2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ
2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................
48
2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................
67
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107
Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ поэзиясының көркемдік сипатын бағалауы «Жыл келгендей жаңалық сеземіз» (1960) атты баяндама-мақаласында да дамытыла айтылған. Ғұлама, суреткер Мұхтар Әуезовтің осы баяндамасындағы айтылған ойлары сөзінің нысанына алынған кезеңдегі ақындар арқылы қазақ поэзиясының өсу, өркендеу сипатын да танытты. Ұстаздың бағалауымен «Жас қанат» жинағындағы ақындардың өлеңдерінің (Ізтай Мәмбетовтен «Жайыққа», «Өгей шешем»; Тілеген Шопашевтен «Сарысудағы жас», «Шиелі», «Нартай ақын», «Сырласу»; Тұманбай Молдағалиевтен «Алматы таңы», «Көктем», «Асыл ұстазға», «Немере сыры», «Хат»; Сағи Жиенбаевтан «Партия туралы жыр», «Анама», «Абзал ана»; Қадыр Мырзалиевтен «Жас ақынға», «Жырға симас нұр көрдім», «Еңбек») көркемдік талапқа сәйкес жырланғандығына жоғары баға береді.
Қазақ поэзиясының өскелең талаппен өркендеуі үшін бірқатар өзекті тілектер (көп сөзділікке ұрынбау, ойлылықпен, образбан жырлау, әлеуметтік-халықтық, достық, бейбітшілік тақырыптарын игеру, өзімшілдіктен, күншілдіктен, табысқа мастанудан, асқақтаудан аулақ болу, т.б.) айтты.
Қазақ поэзиясының әлем халықтарының үздік ақындарымен деңгейлес даму деңгейінде болуы үшін үнемі үздіксіз ізденіспен жүрудің тағылымды жолын түсіндірген. ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы аталған ақындар шоғырындағы жақсы көрсеткіштерді де, олқылықтарды да білікті ұстаз көзқарасымен саралай келе қазақ поэзиясының көркемдік болмысын ғылыми-теориялық тұжырымымен түйіндей сипаттайды:
«Жалпы лирика туралы, қорытып айтқанда, біздің әдебиетке мәдениетті ақындар, оқыған ақындар келе бастаған. ... Біздің дәуірімізде оқымысты ақындардың өмірге келгендігінің бір белгісі – қазақ әдебиетінің өзіндегі дәстүрлер ғана емес, айналасын көріп шарлап қалғандығы байқалады. Твордовский, Исаковский, Вургун, Ғамзатов сияқты ақындар қалай жырлайды? Айналаны, есікті түртіне жүргендігі байқалады. Жалғыз қазақ әдебиеті көлемінде өзімен-өзі болып, жалғыз шапқан аттың көдеден, бұтадан озғаны сияқты болу жарамайды. ... Поэзияның тақырыбы шағын болса да өзінің туған жерін, анасының жайын, көктем, күз, қыс, махаббат мәселесін айтқысы келеді. Бұл тақырыптар – бүкіл адамзат тарихи болғаннан бері айтылып келе жатқан тақырыптар. Әрдайым өз үнімен, өзіндік сөзімен, өз күйі, өзге білмеген бір пернені басады. Қазіргі поэзияның, мәдениетті поэзияның өкілдерінің – әрбір ақынның өзінің өзіндік тілі, үні біреудің айтқанын жазу керек емес дегендей талаптарды өздеріңізге өздеріңіз қойып келе жатқандықты байқатады.
Адам поэзия арқылы дүниеде танымағанын танытып, өзінің сезімі, санасы арқылы адамға танытады. Ақын бірқыдыру өзіндік жаңалық тапқысы келеді, өзін-өзі танығысы келеді, өз өмірінің үлкен шындығын, балалығын, анасын айтады. Жарды, жерді айтады махаббат жайын жырлайды» [83, 448-450-бб.].
Бұл – қазақ және әлем халықтары
поэзиясына ортақ поэтикалық ерекшелік.
Көркемдік даму жолындағы қазақ
поэзиясының 50–70-жылдарындағы дамуына
тән жетістіктер мен
ХХ ғасырдың 50-жылдары – қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің жазықсыз жазаланудан ақталып, туған халқымыздың тарихымен мәңгілік қауышып жатқан жылдары болды. Әдебиет әлеміне алғашқы туындыларынан бастап-ақ арманшылдықтың-сыршылдықтың, көркемдік өрнектердің көркем шындықпен, бейнеленген үздік үлгілерін әкелген Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық дәстүрінің қайта оралуы хакім Абай мектебі жолындағы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді. Қазақ және әлем әдебиетіндегі ортақ сарындас шығармалардың көркем шындық өрнектерін тың ізденістермен дәстүр мен жаңашылдық рухымен жырлауына қол жеткізді.
ХХ ғасырдың 50-жылдары – қазақ поэзиясына хакім Абай дәстүріндегі жаңа толқынның мол шоғыры келген кезең. Қазақ поэзиясындағы хакім Абай және оның ақындық мектебінен (Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, т.б.), одан кейінгі Шәңгерей, Мағжан, Бернияз, Сұлтанмахмұт, т.б. тұлғалар жолы жаңа таланттармен жалғасты. Ғафу Қайырбеков, Аманжол Шамкенов, Әбдікәрім Ахметов, Ізтай Мәмбетов, Тоқаш Бердияров, Қуандық Шаңғытбаев, Зейнолла Шүкіров, т.б. [84, 31-б.] таланттар жаңа серпінмен қосылды.
Осы жаңа толқын өкілдерінің қатарындағы Зейнолла Шүкіровтің шығармашылығы да ұлттық сөз өнері рухани қазынасын байытқан сипатымен даралана танылды.
Зейнолла Шүкіровтің (1927–1979) шығармашылық өмір жолы – табиғи дарынды адамның тағдыр тауқыметімен арпалыса жүріп еңбек ерлігін танытудың сирек кездесетін үлгісі. Бастауыш білім алып жүрген балалық шақта кенет душар болған науқастықң салдарынан өмірінің ақырына дейін мүгедек болған ақынның мол әдеби мұра жасағаны – нағыз қаһармандықтың-қайсарлықтың үлгісі. Өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түспей, көркем әдебиеттің поэзия, проза салаларында мол шоғырлы шығармалар жазған талантты қаламгердің ұлағаты – сөз өнері әлеміндегі өзіндік даралық сипатымен ерекшеленеді.
Зейнолла Шүкіровтің шығармашылық өмірбаяны «Менің достарым» (1955) [85] атты тұңғыш өлеңдер жинағынан басталады. Сол алғашқы кітабымен мыңдаған оқырмандарының жүректерінен орын тапқан ақынның шығармалары жарияланған кітаптарымен осы уақытқа дейін жұртшылықтың жан ділі әлемін баураған көркемдік-эстетикалық тағылымын жалғастырып келеді. «Теңіз жыры» (1960) [86], «Арал дәптері» (1962) [87], «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963) [88], «Алау» (1966) [89], «Ізгілік іздері» (1967) [90], «Арал толқындары» (1968) [91], «Жас жесір» (1969) [92], «Сағыныш» (1970) [93], «Жас жесір» (1973) [94], «Адам – Жер – Ана» (1974) [95], «Саршатамыз» (1975) [96], «Солнечно» (1976) [97], «Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар» (1977) [98], «Өткелдер» (1983) [99], «Сыр бойы» (1998) [100] және т.б. кітаптары [101, 111-б.; 102, 560-б.] арқылы ұлттық рухани құндылықтар қазынасы құрамында мәңгілік орын алды.
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ
поэзиясындағы іздену, жетілу, дәстүрді
жаңғырта жырлап тулету құбылысының
қалың ортасында Зейнолла Шүкіров
шығармашылығын да айтамыз. Қазақстандағы
және бүкіл әлемдегі қоғамдық-әлеуметтік
оқиғаларға және ғылыми техникалық прогресс
дәуіріндегі шығармашылық ойлау
еркіндігімен талай ғаламат ерліктер
жасап келе жатқан адамзат ақыл-ойының
жетістіктерін жырлау ақындардың романтизм
мен реализм сарындары
Қазақстан Жазушылары Одағының кезекті V съезіндегі «Көркем әдебиет шығармалары терең де шыншыл болсын» тақырыбымен жасаған баяндамасында ақын Жұбан Молдағалиев 50–70-жылдардағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесін (прозадағы романдарды, повестерді, көркем очерктер мен публицистикалық толғауларды, драматургия дамуын, көркем аударма шығармаларын, әдеби сын еңбектерін, Қазақстандағы туысқан халықтар әдебиеттерін (орыс, ұйғыр, т.б.), баспаларды («Жазушы»), газетті («Қазақ әдебиеті»), журналдарды («Жұлдыз», «Простор»), қазақтың тіл байлығын игеру, т.б. – саналуан мәселелерді саралай бағалайды. Лирикалық және эпикалық поэзиядағы жанрлар, көркемдік сипат туралы жетістіктер мен кемшіліктерге бағалаулар жасап, 50–70-жылдар поэзиясының поэтикалық сипатын жинақтап айқындайды:
«Қазақ көркем сөзінің арғы анасы – «альмаматер» – поэзиямыз үнемі іздену, өсу, ажарлану үстінде. Өлеңіміз өзінің ұлттық бояуын – қанаттылығы мен саздылығын, әсемдігі мен асқақтығын – өркендете отырып, ойшылдана, нақтылана, маңыздана түсті. Егер соның жақсы үлгілерін бүкілодақтық оқырмандарға жұрт қатарлы көрсете алмай жүрсек, бұл өлеңнің кінәсі емес.
Қазақ өлеңі асқақтық, әсірелеу, бояулылық жағынан сорлы болып көрген жоқ. Қайта, сол шешендік, жел сөз, толғау сарыны бізді біраз уақыт дидақтикаға ұрындырып, аяғымызды жерге тигізбей, нақтылықтан, заттылықтан айырып жүрді. Енді өлең ұлттық әдемі бояуларына қоса жаңа өрнектерге ие болды. Олар адам жүрегін ұрандау, дабылдау арқылы емес, сұлу мінез, сезімталдық, мазмұн тереңдігі арқылы баурайды. Ондай сөйлей алатын живопись, тыңдаушыны ұйытатын музыка қасиеті де молығып келеді. ... Тайыр Жароков пен Әбділда Тәжібаевтың бірде романтикалы, бірде нәзік сырлы, бірақ әр уақытта азамат, әр уақытта жүректі поэзиясы, Қалижан Бекхожин мен Хамит Ерғалиевтің үлкен адамгершілік, ақындық жалынмен суарылған есті өлеңдері, Сырбай Мәуленов пен Ғали Ормановтың, Ғафу Қайырбеков пен Зейнолла Шүкіровтің жарқын лирикасы, Сәбит Мұқанов пен Асқар Тоқмағамбетовтің, Дихан Әбілев пен Әбу Сәрсенбаевтың, Сағынғали Сейітов пен Мұзафар Әлімбаевтың, Аманжол Шамкенов пен Ізтай Мәмбетовтің заман үніндей жігерлі жырлары, Қайнекей Жармағамбетовің балладалары, Қуандық Шаңғытбаев пен Нұтфолла Шәкеновтің ән текстері жұртшылыққа бұрыннан белгілі.
Қазіргі қазақ өлеңінің жаңа леп, жаңа жақсы қасиеттер, жан жылуы көбірек көзге түседі. Рубаят, сонет сияқты өлең түрлерінің де дәстүрімізге ене бастауы жырымызды байыту талабынан туған нәрсе. Іздену – қазақ өлеңінің формаларын молықтыру, ырғақ-ұйқастарын жетілдіру саласында да байқалады. Қазір біздің ақындар арасында кәдімгі өзара жарыс, творчестволық бәйге рухы сезіледі» [103, 127-128-бб.].
Демек, Зейнолла Шүкіров – ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ әдебиеті үдерісіндегі көрнекті ақын-жазушылар қатарындағы көрнекті шығармашылық тұлға.
Қазақ поэзиясындағы лирикалық өлеңдердің, лиро-эпикалық (баллада), эпикалық (поэма) шығармалардың романтизм мен реализм көркемдік әдістері тұтастығымен жырлануы қазақ поэзиясының көркемдік жүйесін танытып, сол поэтикалық ерекшеліктерді құрайтын ақындар шығармашылығы әлемінде Зейнолла ақынның да өзіндік үлесі айқындалады.
Ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяндары – сөз өнерінің киесі қонған дара, дана тұлғалар арқылы танылатын адамзат өркениетінің сипаты.
1927 жылдың ақпан айында қазіргі
Арал теңізі маңындағы «
Әсіресе, Аралға жақын жердегі Мырзас елді мекенінде өмір сүрген Нұртуған Кенжеғұлұлының философиялық-дидактикалық сарынды лирикалық өлеңдері, тарихи дастандары сол төңіректегі ақындық, жыршылық, термешілік өнердің берік қалыптасуына, кейінгі толқын ақын-жазушылардың қалыптасуына зор әсер етті. Бұл ойымызды Зейнолла Шүкіров дүниеге келген, шығармашылық әдеби мұрасының ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар қазынасына қосылуына көркемдік негіз болған Арал теңізі төңірегі ақындары мұралары туралы жазылған зерттеулер шоғыры да дәйектейді [104, 105, 106, 107].
Әкесі Әнәпия «халық жауы» деген жаламен Сібірге айдалып кеткен, барлық бала-шағаның ауыртпалығы анасы Набаттың мойнына түскен отбасында мүгедектік тауқыметіне ұшыраған бала Зейнолла тағдыр тәлкегімен өмір бойы арпалысқан. Әуелде сегіз жасында түйеден құлап мертіккен оны білікті маман хирургтерге, невропатолог дәрігер-ғалымдарға көрсетуге көп жанды отбасын асыраумен арпалысып жүрген Набат ананың ешқандай мүмкіндігі болмаған [108, 194-б.].
Жүре алмай қалған Зейнолланы әуелде
әжесі екі жыл мектебіне
Қай-кезде бұл өмірдің ұғып мәнін,
Қай кезде кітап оқып, сыр ұққаным.
Мың алғыс саған, кітап, қағбам болып,
Алдымда жарқыратқан үміт таңын.
Ол кезде сәби едім, сегізде едім,
Білмеймін нені армандап, нені іздедім.
Сартөсек жаттым әлсіз науқас батып,
Өмірден күдерімді тек үзбедім.
Неше іздеп достарымды алаңдағам,
Бала едім ... біреуін де таба алмағам ...
Сол күні қалың тысты ақ кітапты
Әкеліп беріп еді анам маған.
– Оқы, – деп, қойды алдыма асыл анам
Бұл кісі құрыш жүрек, батыр адам.
Тағдыры аямай-ақ азаптапты,
Бірақ ол ешнәрсеге жасымаған.
Өмірдің сонан алғаш ұғып мәнін,
Білдім мен «Құрыш қалай шыныққанын».
... Толқимын қараймын да бұл кітапқа,
Кеудемде сезіп қайта үміт таңын [91, 23-24-бб.].
Адамзат өркениеті тарихында тағдырдың қатал сынағына тап болып, өмір бойы мүгедектік науқасымен арпалысып жүрген күрескер, қайсар рухты адамдардың бар екендігі – өмір шындығының нақты көрсеткіштері. Денесін құрттар жеп жатса да шыдамын, үмітін жоғалтпаған Айуп пайғамбар, темір шынжырмен биік құзға бұғауланып, кеудесін бүркіт шоқыса да адамдарға өмір отын сыйлау жолынан айнымаған Прометей, орнынан тұра алмаса да қазақ фольклортануындағы мифология хақындағы том-том кітаптарын жазып қалдырған Серік Қондыбаев ерлігі, т.б. – күрескер шығармашылық тұлғалар тағылымы адамзат ұрпақтарының мәңгілік жолында жалғасып келеді.
Қазақ поэзиясының тарихындағы дәстүрлі ақын-жыраулардың (Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Сыпыра, Марғасқа, Доспамбет, Жиембет, Үмбетей, Бұқар, Шал, т.б.) барлығы да қарапайым тұрмыс ортасындағы іс-әрекеттерімен, шығармаларымен ұрпақтарға ұлағат жолын қалдырды. Олар жеке бастарының рахатты тіршілігін ойлаған жоқ. Ақыл-ой дамуының жоғары деңгейіндегі алыптар ұлағаты ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы Зейнолла Шүкіров сында қазақ поэзиясына көркем туындылар толқынын әкелген қайсар рухты ақындарымыз арқылы жалғаса дамыды.
Қазақ поэзиясының ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті дәуірлерінде негізі қаланған осындай қайраткерлік пен шығармашылықты тұтастандыра ұстану бағыты ХХ ғасырда да жаңа серпінмен, романтикалық және реалистік поэзия шығармаларымен қуатты ағысқа айналды.
Қазақстанның Халық жазушысы, қазіргі қазақ әдебиеті классиктерінің бірі, Мұзафар Әлімбаев «Қаһарманын халық ұмытпайды» атты естелік-мақаласында Зейнолланың әлем әдебиеті алыптары Тютчевтің махаббат лирикасын, Марк Твен туралы күлдіргі әңгімелерді де жетік білетінін айта келіп, сөз өнері туындыларын жазушы қаламгерлердің азаматтық-шығармашылық парыздарын және оған сабақтас Зейнолла біліктілігіне бағалау жасаған: «Қалың қауымға ілесе білу қаламгерге қанағат емес, біздің заманымызда ол аздық етеді.