Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау.doc

— 440.00 Кб (Скачать файл)

1915 жылы 30 мамырда "Хаттамасында" Харгос өзенін - Қазақстандағы Іле  өзенінің бойы Ресей мен Қытай  арасындағы аяқталған шекара  ретінде белгіледі. Әрі қарай  Қазақстан мен Қытай арасындағы 1700 км, Шекара басқа да келісім  шарттармен белгіленді. 1993 жылы Декларацияда былай делінген: "Тараптар бұрын болған шекараға байланысты кеңес-қытай келісімдерімен келіседі және шешілмеген мәселелерді халықаралық құқық нормалары, тең кеңестер өзара түсінушілік арқылы шешеді" /34/.

1994 жылы 26 сәуірде ҚХР мемлекеттік  кеңес төрағасы Ли Пэннің Алматыға сапарында "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге" қол қойды. Келісім 1995 жылы 11 қыркүйекте күшіне енді /35/.

1999 жылы 5 мамырда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай  Халық Республикасы арасында, сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік шекара туралы келісімдерге қол қойды.

Сөйтіп, қазіргі уақытта, Қазақстан  мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық дамуына ешқандай бөгет жоқ деп  айтылады. Шекара мәселесі екі жақты  қатынастардың күн тәртібінен толықтай алынып тасталды. Бұл Қазақстан мен Қытай үшін тарихи оқиға болып табылады.

Шекара мәселесінің ішіне трансшекаралық өзендер мәселесі де кіреді. Бұл  мәселе саяси, экономикалық, гуманитарлық және табиғи аспектілердің жиынтығы болып табылады. Менің ойымша, мәселе сауда экономикалық ынтымақтастық саласында қарастырылуы керек. Себебі, мұнда, трансшекаралық өзендердің ресурстарын бірігіп, немесе рационадды қолдану мәселесі жатыр.

Өзінің дамуында "Шанхай бестігі" алғашында шекаралық мәселелерді шешуге бағытталған, кейіннен көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық ұйымына айналды. Ұйымның даму перспективалары туралы алты жылдық ынтымақтастықтың дамуына қарап айтуға болады /36/.

ҚР, РФ, ҚХР, Қырғызстан Республикаеы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттерінің екі негізгі құжатқа "Шекара бойында әскери салада сенім қадамдарын нығайту туралы келісімге" Шанхайда (Шанхай келісімі) 1996 жылы 26 сәуірде қол қоюға ұсыныстан басталды және "Шекара бойындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге", 1997 ж. 24 сәуірде Мәскеуде (Мәскеу келісімі) қол қойылды. Келісімге байланысты Біріккен Бақылаушы Топ құрылады және осы топ келісімнің сәтті жүзеге асырылуын жүргізеді. Бес мемлекеттің келесі сатысы 1998ж. 3 шілдеде өтті. Кездесу барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды дамыту қажеттілігі туралы айтылды. Сөйтіп, ұйым біріккен қызметі тек қана шекара мәселесін шешуді қарастырған жоқ. 1999 ж.24-25 тамызда Бишкекте мемлекеттер басшыларының төртінші кездесуі өтеді. Онда Бишкек Декларациясы мен Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісуі туралы келісімге қол қойды /37/.

Бес мемлекеттің бірігуінің дамуындағы тағы бір қадам сол жылдың желтоқсанында  Бишкекте "Шанхай бестігінің" қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында ынтымақтастық салаларына мынадай өзекті мәселелер енгізілді: халықаралық терроризммен, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм, қару жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз миграциямен бірігіп күресу. Мемлекет қатысушылардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары арасында ынтымақтастық пен өзара әрекет ету туралы Бишкек меморандумына қол қойылды және оның негізінде "Бишкек тобы" құрылды /38/. "Шанхай бестігі" шеңберіндегі кездесулер эксперттер кездесулерімен аяқталған жоқ.

2000 жыл ішінде-ақ қорғаныс министрлері  мен сыртқы істер министрлері  деңгейіндегі кездесулер болып  өтті. Бүндай кездесулер нәтижесінде,  ынтымақтастық  дамып,  келісімдердің  жүзеге асырылуына бақылау жасалып  "Шанхай бестігінің" тиімді қызмет ету механизмі қарастырылды.

2000 жыл 5 шілде "Шанхай бестігінің" бесінші сатысы Душанбе қаласында  өтеді. Қол қойылған Душанбе  декларациясында "Шанхай бестігін" көпжақты ынтымақтастықты түрлі  салаларда дамытып, аймақтың ұйымына  айналдыру тараптардың мақсаты ретінде белгіленеді. Бұл тек қана қызмет ету ортасының кеңеюімен ғана емес, өткен келісімдердің шеңберінде тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қажет болды. Сонымен қатар, кездесуге Өзбекістан бақылаушы ретінде қатысады .

Душанбе саммитінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресу саласында ынтымақтастықты нығайтуға нақты қадамдар ұсынылды. Қырғызстан Бишкекте Антитеррористік орталық құруды ұсынған болатын. Бұл орталық антитеррористік операцияларды жүргізу және жоспарлау үшін әскери штаб болу керек болатын. Ресей Тәжікстанда 201- ші дивизия негізінде Әскери база құруды үсынды. Барлық инициативалар саммитте ресми қолдау тапты.

Душанбе декларациясынан басқа  Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан  мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктелері туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюмен бірге бес қатысушы- мемлекет арасындағы шекараны занды белгілеу үрдісі аяқталды .

2001 жыл барысында "Шанхай бестігі"  шеңберінде әскери штаб басшылары  мен үлттық координаторының кездесулері болып өтті. Ресей мен Қытай БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің түрақты мүшелері болып табылады. Осы жағдай да қауіпсіздікке әсер етеді.

Көпжақты ынтымақтастықты дамыту ШЫҰ мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Соңғы өткен кездесуде Қазақстан тарабы ұсынған 2001-2010 жж.. белгіленген мемлекет - қатысушылар арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың Жоспарының жобасы талқыланды.

"ШЫҰ- әскери-саяси блок болып  табылмайды",-деп жариялады Қытай.  Осыған байланысты Қытай себептері мынандай: Қытай үкіметі қандай-да бір әскери - саяси институционарланған блоктарға қатыспайды деген сыртқы саяси бағыт ұстануда. Душанбе саммитінде Цзян Цзэминь былай айтқан болатын:"Шанхай бестігі"- одақтастық емес, және конфронтациялық та емес қатынастарға сүйенеді /39/.

Сөйтіп, шанхай бірлестігі өзінің 5 жылдық даму эволюциясында тиімділігін  көрсете білді. Шанхай және Мәскеу келісімдерінің шеңберінде ынтымақтастықты дамыту механизмі қабылданды. Ынтымақтастықтың салаларына экономикалық серіктестік, экстремизм, терроризм, нашақорлық және қару-жарақты бүқпа сатумен бірігіп күресу мәселелері еңгізіледі. Қатысушылардың мүдделерінің үқсастығы - қауымдастықтың болашақ перспективасы болып табыладьі.

ШЫҰ перспективасы туралы ұйымға басқа  мемлекеттердің қатысу еріктерінен көруге болады. Мысалы, Пәкістан, Иран және Монғолия сияқты мемлекеттер мүшелікке байланысты Ұйымға өтініш берген болатын. Қазақстан үшін, бұл Ұйымның мүшесі болуы халықаралық қатынастарда позицияларын күшейту және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуі және күшейтуі орта мерзімді перспективадағы мақсаттардың бірі болып табылады.

Қорытындылай келе, Қазақстан мен  Қытай арасындағы әскери саяси ынтымақтастық  екі мемлекет қатынастарындағы жаңа да өзекті сала болып табылатынын айтып кету керек. Он жыл ішінде бұл қатынастар достық, өзара түсіністік, тату тәтті көршілік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты құрметтеу негізінде жүзеге асты деуге болады.

 

Сілтемелер

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 24 бет.
  2. Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в РК.-Алматы. 199б.-75 с.
  3. Трофимов Д. Центральная Азия: проблемы этно-конфессионалбного развития.- М,: МГИМО. 1994.-55 с.
  4. Штут Р. Борьба за власть и влияние в Центральной Азии/ Іnternatіonal polіtіc (на рус. яз.). 1998. 3. С. 37-4472
  5. Браун Б. Средняя Азия: первый год неожидонной независимости //Оборонная политика-политика обеспечения мира и безопастности. Т. П-Киев.: RAND -AAAS.1993. С.170-182
  6. Бжезинский 3. Великая шахматная доска. Превосходство Америки и его геостратегические императивы.-М: Международные отношения. 1998. —256 с.
  7. Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.44-49.
  8. Лаумулин М.Т. Китайско-центральноазиатские отношения: геополитика и безопасность. Взгляд с запада// Казахстан- Спектр. 2. 1998. с.77.
  9. Касенов У. Центральная Азия: национальные и региональные аспекты безопасности//Казахстан и мировое сообщество. 1996. c/ 21-35.
  10. Сыроежкин К.Л. Китай и Центральная Азия: политические отношения и торгово-экономическое партнерство//Казахстан-Спектр. 1-2. 1997. С. 100-112.
  11. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-85 с.
  12. Сыроежкин К.Л. Китай и Центральная Азия: политические отношения и торгово-экономическое партнерство//Казахстан-Спектр. 1-2. 1997. С. 125-127.
  13. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-98 с.
  14. Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 259 бет
  15. Сыроежкин К.Л., Кривоногов В.М. Синьцзянский производственно-строительный корпус СУАР КНР: настоящее и будущее//Казахстан-Спектр. 1. 1998. С. 42-57.
  16. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-132 с.
  17.   Гумилев Е.Н. Ежелгі Русь және Қиян дала. М.,1989. 674-675 бб
  18. Ежелгі Заманнан қазірге дейінгі Қазақстан тарихы // М.Қ.Қозыбаев. А.,."Қазақстан", 1993, 175-185 бб.
  19. Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 153 бет
  20. Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 58 бет.
  21.   Зиманов С.З. В.И.Ленин және Қазақстандағы кеңесті ұлттық мемлекет. А., 1979.337 б.
  22. Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 105 бет.
  23.   Кто и как формировал и определил. 142-143 бб
  24. Бжезинский 3. Великая шахматная доска. Превосходство Америки и его геостратегические императивы.-М: Международные отношения. 1998. —194 с.
  25. С.Кортунов "Имперское" и национальное в российском сознании // М. Жизнь. 1998. N6. С. 77.
  26. Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 93 бет.
  27. Ежелгі Заманнан қазірге дейінгі Қазақстан тарихы // М.Қ.Қозыбаев. А.,."Қазақстан", 1993, 191б.
  28.   Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в РК.-Алматы. 199б.-103 с.
  29. Мансұров Т. Қазақстан: және Ресей: егемендену, бірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. А., "Қазақстан", 1999. 162 бет
  30. Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.62-64.
  31. Аманжолов Ж.М. Международно-правовое обеспечение национальной безопасности РК. Автореферат.
  32. Казахстан- Китай: 5 лет по пути добрососедства и сотрудничества. Сборник документов и материалов. Пекин, 1997.-7.-176с
  33. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. А.,2000.-256 с.
  34. Что кроется за соглашением о границе с Китаем? Комментарии министра иностранных дел РК// Казахстанская правда. 1998. 15 июля
  35. Àøèìáàåâ Ì.Ñ.“Øàíõàéñêèé ôîðóì“ êàê ôàêòîð áåçîïàñíîñòè â ðåãèîíå//Analytіc. –2000. – № 1.С.19-21.
  36. Êàñåíîâ Ó.Ò. Áåçîïàñíîñòü Öåíòðàëüíîé Àçèè. – Àëìàòû, 1998ã. Ñ. 43.
  37. Казахстан- Китай: 5 лет по пути добрососедства и сотрудничества. Сборник документов и материалов. Пекин, 1997.-150с
  38. Калиева Д.А. Шанхайская Организация Сотрудничества: перспективы и развития // Analіtіc. -2001. – №3. С. 42-45..
  39. Султанов К. Состояние и перспективы казахстанско-китайского сотрудничества//Саясат, 1998, июнь. С.98-101.

 

ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың Орталық Азиядағы жаңа ролі

 

2.1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері

 

КСРО-ның күйреуінен кейін, өз тәуелсіздіктеріне ие блған Орталық Азия мемлекеттері өз даму саясаттарын таңдауға мүмкіндік алып, халықаралық қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. Олар халықаралық аренада өздерінің географиялық жағдайларымен, экономикалық және демографиялық мүмкіншіліктерімен, басқа мемлекеттермен, әсіресе, көрші елдермен арақатынастарын дамытуымен және олардың аймақтық және ғаламдық ұйымдарға қатысуымен халықаралық аренада жаңа рольге ие бола бастады.

Орталық Азия табиғи ресурстарға өте бай аймақ. Қазақстан бұрынғы КСРО-да қола, қорғасын және цинк т.б. өндіруден бірінші орында болатын. Қырғызстан металдық сурьма өндірудің монополисі болды, Түркіменстан стронций түзілетін целестин рудаларының, ал Өзбекстан болса, “ақ алтынның”(мақта) және “сары алтынның” (алтын) ірі тасымалдаушысы болды. Орталық Азияның табиғи ресурстары Ресей үшін өзінің зор мәнін сақтап, бүгінде әлемнің басқа елдерінің де назарын өзіне аудартуда. Тек  табиғи ресурстарға кедей Түркия мен Пәкістан ғана емес, сондай-ақ, жағдайы жақсы Қытай мен Үндістанның және дамыған – Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің де назарын аударады. /1/

КСРО-ның құрамында болған бұрынғы Азия елдерінде көптеген мөлшерде ядролық қару және атом энергиясын дамытатын негізгі шикізат – уран рудасы өндіріледі. Орталық Азия әлемдік уран запасы мөлшері бойынша көрнекті орынға ие. Орталық Азияда уран запасының, мамандар мен технологияның болуы аймақтық ядролық қаруды таратпау мәселесін шешуде үлкен рольге ин екендігін көрсетеді. Аймақтың стратегиялық мәні оның ядролық қаруы бар бес мемлекеттің екеуі - Қытай және Ресеймен шектесіп, Иран мен Ауғанстан арқылы Парсы шығанағы мен Үнді мұхитына шығуға мүмкіндігі бар. Орталық Азия мемлекеттері еуропалық ұйымдардың (ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету ұйымы), Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің (ССАС), Еуропалық даму және қайта құру банкінің) және азиялық (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы - ОЭС), Ислам конференциясы ұйымы, Азия даму банкі, Ислам даму банкі) аймақтық халықаралық ұйымдар мен банктердің мүшелері болып табылады.

Бұл таратудың негізгі мақсаты “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы” мемлекеттердің мүдделерін жеке-жеке қарастыру болғандықтан, бұл бірлестіктегі негізгі скрипканы алатын Қытай мен Ресейдің позицияларына тоқталайық. Өйткені, бұл бірлестіктің негізгі құрылысшылары осы екі мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттердің әрқайсысының болсын бұл ұйымға қатысуының бірден-бір себебі, олардың өздерінің геостратегиялық және экономикалық мүдделерінің бар болуы.

“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” іргетасын қалаушылардың бірі, Орталық Азия елдерімен тарихы көптеген жылдар бойыбір болған Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделерін анықтауға тырысайық.

Ресей Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесіндегі ерекше роынды алады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі Ресей мен Орталық Азияның ара қатынастары қалай дамуда деген сұрақ жиі туындайды. Ресейдің мақсаты бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған Орталық Азия мемлекеттерін орыстың геосаяси кеңістігіне қайта қайтару және оларға өз үстемдігін жүргізу мүддесі бар деп жауап беруге болады.

2001 жылы 15 маусымда құрылған “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” қызметін Ресей эксперттері жоғары бағалайды және оның шеіберіндегі ынтымақтастық Ресейдің стратегиялық мүдделеріне жауап береді деген мәліметтер береді. Олардың пікірлері бойынша, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” – келешегі бар ұйым, бірақ, мүше-мемлекеттердің экономикалық, саяси мүмкіншіліктерін есепке алып қарастыратын болсақ, ол өте әлсіз бірлестік. Ұйымның тиімділігін сақтап және оны нығайту үшін оның дамуының дұрыс жолын таңдап алу керек дейді.

Ресей Федерациясының “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуының бірнеше маңызды себептері бар. Олар /2/.

  • Біріншіден, Азия-Тынық мұхит аймағында өзінің ықпалын нығайту. Бұл контексте “Шанхай ұйымы” Ресей мен Қытай арасындағы әскери және әскери-саяси саладағы қатынастарын белсенділендіреді. Әскери саладағы екі мемлекеттің өзара қатынастары кейінгі кезде жоспарлы негіз алып, біріккен Қытай-Ресей үкіметаралық комиссиясымен координацияланады.

1991 жылдан 2000 жылға дейін Қытай Ресейдің әскери қаруын саып алу үшін 6 милиард доллар шығынданған екен. Соңғы жылдар бойы Ресейдің Қытайға қару-жарақ сатуынан түскен пайдасы 1,3 миллиард доллардан асады. Сонымен қатар, бүгінде Мәскеу мен Пекиннің Вашингтонның аймақта Жапониямен, Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып, ПРО ТВД құрамыз деген жоспарларына қарсы ұқсас позиция ұстанады. Осыған орай, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” Қытай мен Ресейге АҚШ жоспарларына қарсы жеке екеуі ғана емес, бүкіл ұйым атынан қарсылық танытуына мүмкіндік береді.

  • Екіншіден, Ресейдің “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі Қытаймен қатынасы конструктивті қатынастар орнату үшін өте қолайлы. Ресейдің Қиыр Шығыстағы аймағы Қытай жағынан үлкен демографиялық қысым көріп отыр.

Соңғы екі-үш жыл ішінде Ресейдің федералды шекара қызметкерлерінің берген ресми мәліметтері бойынша, Ресейге 1,5 миллион қытайлықтар келіп қоныстанған. Олардың ішінде, тек 237 мыңы ғана ресми түрде тіркелген, қалғандары Ресей территориясындағы орыс халқымен араласып кеткен.

Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау