Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........

Вложенные файлы: 1 файл

Франция-Казахстан.doc

— 535.00 Кб (Скачать файл)

Атырау мұнай және газ институты негізінде Француз мұнай институтымен бірігіп «Мұнай операциялары мен жобалары» бағдарламасы бойынша “ҚазФраМұнай” жобасы жүзеге асуда, ол мұнай-газ секторы саласындағы мамандықтар бойынша студенттерге мамандандырылған білім беруге мақсатталған.

Сол жылдың 14 сәуірінде Париж қаласында педагогикалық комитеттің Алғашқы бірлескен отырысы ұйымдастырылды, жиында оқу бағдарламалары құрылымы мен мамандандырылған курстарды басқару; магистрлік диссертация жазу жұмыстарын ұйымдастыру талқыланды. 2003-2004 оқу  жылына арналған жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Қазақстанның Франциямен байланыстарын нығайту мақсатымен Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанынан Француз білім,  ғылым, тіл және мәдениет орталығы ашылды, оның негізгі қызметі шетелдік әріптестерімен кездесу ұйымдастыру, француз тілін үйретудің теориялық және методологиялық деңгейлерін арттыру болып табылады.

2005 жылдың наурызында Париж кітап жәрмеңкесінде париждік «Альбен Мишель» баспасымен бірігіп басылып шығарылған француз тіліндегі  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың  «Сындарлы он жыл» атты кітабының тұсау кесері болды. 2007 жылдың мамырында Канн фестивалында қазақстандық «Ұлжан» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Ал 2007 жылдың майсым айында Парижде жазушы С.Досановтың француз тілінде басып шығарылған «Ақ Аруана» кітабының тұсау кесері болып өтті.

ҚР Шығыстану Институты Франция мұрағаттарында сақталған Қазақстан тарихы туралы парсы шығармаларын іздестіру және қазақ және орыс тілдеріне аудару жұмыстарын жүргізуде.

Франция қоғамын біздің еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен таныстыру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Елшілігі француздық «Парламенттік прессе» басылымымен бірігіп «Жас республиканың жетістіктері» (француз тілінде) атты журналды басып шығарды, оның беттерінде Қазақстандағы қазіргі таңдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер, сондай-ақ екі жақты Қазақстан –Франция қарым-қатынасының жағдайы туралы мәліметтер жарияланған.

Бұл басылымды парақтай отырып, оқырман Қазақстан мен Францияның жетекші саяси қызметкерлерінің сөздерімен таныса алады. Атап айтсақ, журнал Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан басталады. Сондай-ақ француз қоғамының назарына бірқатар қазақстандық министрліктердің басшыларының сөйлеген сөздері ұсынылған. Сонымен қатар журналда француздың фотожурналист Марк Русселлдің қолынан шыққан Қазақстанның жас астанасының фотографияларын орналастырылған. Журналда Қазақстанның қазіргі заманғы жетістіктерін әңгімелеген Францияның қоғамдық-саяси ортасының өкілдерінің сөйлеген сөзлері де назардан тыс қалмаған, олардың ішінде: Сенат төрағасы Кристиан Понсель, сенатор әрі біздің еліміздің үлкен досы Эмери де Монтескью, индустрия жөніндегі министр-делегат Франсуа Лоос, Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі Ален Куанон, «Alcatel Alenia Space» француз компаниясының вице-президенті Жоэль Шене, «Франция-Қазақстан-Лотарингия» достық қоғамының төрағасы Ролан Воробьефф. Бұл басылымның шығарылуы француз қоғамының біздің елімізге деген қызығушылығының артқандығының куәсі, журнал Франция азаматтары үшін біздің жас республикамыздың жетістіктері туралы ақпарат көзіне айналды.

Мәдениет саласы Француз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі екендігін ескере отырып, Франция Қазақстанға мәдени қатысуын арттыруды қалар еді. Француз жағы біздің мектептеріміз бен жоғарғы оқу орындарымызда француз тілінің үйретілуіне, жастардың тәжірибе алмасуының кеңеюіне мүдделі және гуманитарлы салалардағы мамандарды даярлауға жәрдемдесуді жалғастыра бермек.

Қазіргі таңда мәдени ынтымақтастық шеңберінде француз жағының Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарын қайта жаңғырту бойынша бағдарламаларын жүзеге асыру, Түркістан, Тараз қалаларының мерейтойларын тойлау, олардың тарихи және архитектуралық ескерткіштерін қалпына келтіру, сондай-ақ археологиялық зерттеулер жүргізу, Жібек Жолы бойындағы ескерткіштердлі реставрациялау мен мұрадайларға өткізу бойынша жұмыстарға қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Өзінің жеке энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа ашылып жатқан экономикалық перспективаларды ескере отырып, Франция Қазақстан мен Орталық Азия аймағының өзінің сыртқы саяси мүдделер жүйесіндегі маңыздылығын асыра бағалайды. Франция Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы экономикасы қарқынды дамушы, ішкі және сыртқы саясаты саналы жүргізіліп отырған негізгі стратегиялық серіктесі санайды. Франция Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынасын кеңейту курсын жылдын-жылға нық жалғастыруда, атап айтсақ, Франция Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына үміткерлігін қолдады.

Қазақстан өз кезегінде Францияны көпполярлы әлем үшін қозғалыстың көшбасшысы ретінде көреді. Қазақстан үшін Францияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасын дамытудағы «кооперативті» ұстанымы маңызды болып табылады. Париж үшін мемлекетті басқарудың болжамдылығы мен тиімділігі саяси жүйенің заңдылығымен тең. Париж батыс елдері үшін классикалық болып табылатын «ментор» рөлі мен әлемдегі демократиялық үрдістерді айдап салу тәсілдерінен бойын аулақ ұстайды, ол даму модельдерінің әр түрлілігі мен модернизация үрдістерінің біртіндеп орын алуы принциптерін қолдайды. Франция өзінің саяси, экономикалық және әскери потенциалына, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіне сүйене отырып, жалыпеуропалық және халықаралық үрдістердегі өзінің жетекші орнын сақтап қалуға тырысады.

Париж өкілдерінің бірқатар халықаралық ұйымдарда (ДСҰ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, Еуропалық Орталық Банкі және т.б.) басқарушы лауазымдарға ие екендігі де аса маңызды. Бұл қатынаста Қазақстан үшін Францияны әлемдегі өзінің ұлттық мүдделерін қорғау барысындағы тірегі ретінде көру пайдалы.

Қазақстанның сыртқы саясатының француздық векторы бес аса маңызды  аспектілер тұрғысынан приоритетті басымдылықтарға ие:

  • Саяси аспект. Франция Қазақстандағы саяси және конституциялық реформалауды дамытуда, демократиялық институттарды жетілдіруде басты серіктес болып табылады.
  • Экономикалық аспект. Франция экономикасы әлемдегі ең бәсекеге қабілетті экономикалардың бірі. Қазақстанның әлемдегі бәмекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену Стратегиясында қойылған міндеттерді ескерсек, Франция экономикалық даму тәжірибесінің біздің мемлекетіміз үшін қазіргі таңда құндылығы аса зор.
  • Аймақтық аспект. Еуропа, атап айтсақ Францияның Орталық Азиядағы  аймақтық ынтымақтастыққа мүдделілігін Қазақстан ерекше бағалайды.
  • Жаһандық аспект. Бұл жерде бүкіл әлемдік қауымдастық талқылап жатырған мәселелер мен  ғаламдық үндеулер сөз болмақ. Ең алдымен, бұл – экология, ядролық қаруды таратпау, терроризм, халықаралық қылмыс, есірткі контрабандасы, этникалық шиеленістер, заңсыз эмиграция мәселелері. Қазақстан Еуропаны бұл мәселелер бойынша толғанысын біршама деңгейде арттырарлықтай көптеген жолдардың түйісінде орналасқан, әсіресе, наркобизнес, халықаралық терроризм және заңсыз эмиграция.
  • Еуразияшылдықпен байланысты аспект. Бұны келесі түрде түсіндіруге болады: «Барлық еуропалық үрдістер еуроатлантизм ұранымен өтіп жатыр, Қазақстанның еуропалық үрдіске қатысуымен біз оған еуразиялық реңк бермекпіз», - деп атап көрсеткен болатын ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Осылайша Франциямен ынтымақтастықтың Қазақстан республикасы үшін стартегиялық маңызы бар. Ынтымақтастықтың алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақстан- Француз саяси диалогы қарқынды дамуда.

Дипломатиялық қатынастардың орнатылған күнінен бастап екі ел арасындаңы ынтымақтастық жедел дамыды. 1992 жылы Президент Н.Назарбаевтың Францияға сапары барысында қол қойылған «Қазақстан мен Францияның достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімі» екіжақты қарым-қатынастарға негіз салып берді. 90-жылдардың ортасынан бастап қазіргі күнге дейін екі мемлекет басшылары екі жақты шаралар мен халықаралық форумдар шеңберінде оннан астам рет кездескен, бұл екі елдің саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейінің куәсі болып табылады.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Француз Республикасымен ынтымақтастығын екі жақты қарым-қатынастың барлық дерлік салаларында белсенді дамытуда.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Францияның қарым-қатынасын барлық саладағы ынтымақтастықтың жылдан жылға кеңеюі мен әрі қарайғы даму тенденциясына ие сенімді ұзақ мерзімді серіктестік ретінде сипаттауға болады. Елдердің қарым-қатынасының дамуында мемлекет басшылары арасындағы сенімді диалог маңызды рөл ойнайды.

Атап айтсақ, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Францияның жаңа лидері Николя Саркозимен соңғы кездесуі біздің қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңі болып, оның одан әрі тереңдеуіне қуатты импульс берді. 

Қазақстан мен Франция саяси, экономикалық, мәдени салаларда қарқынды ынтымақтамуда екендігін айта кету керек.

Қазақстан мен Франция арасында егемендік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, бір-біріне шабуыл жасамау және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, күш не күш көрсетуді қолданбау, теңдік және өзара ұтымдылық принциптерін жариялайтын саяси келісімдерге қол қойылған.

Саяси ынтымақтастықты жүзеге асыру щеңберінде елдердің парламенттері арасында тығыз ынтымақтастық орнаған. Қазақстан Парламентінің депутаттары өздерінің француз әріптестерімен екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және НАТО, Парламентаралық Одақ шеңберінде өзара әрекет етуді дамытуға ниетті.

Саяси қатынаста Қазақстан мен Франция өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша ұқсас позицияларды ұстанады. Франция өзге ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарында Қазақстанға қауіпсіздік кепілін берді, Француз Республикасы біздің мемлекетімізді аймақтағы тұрақтылықтың кепілі және Еуропа мен Азияны жалғасырушы көпір ретінде көреді. Ресми Париж Қазақсанның «аймақтағы тұрақтылық пен даму тірегі» деп мойындап, оның АӨСШК шақыру, әлемдік және дәстүрлі діндер съездін өткізу, Орталықазиялық мемлекеттер Одағын құру бастамаларына қолдау көрсетеді.

Экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, энергетика, пайдалы қазбаларды игеру, өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер, кадрлар дайындау саласы.

Экономика саласындағы қарым-қатынастың белсенділігін арттыру үшін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы құрылды, олардың отырыстары кезектескен негізде екі мемлекет астаналары Париж бен Астана ұйымдастырылады.

Франция Қазақстанның Еуропа мен әлемдегі перспективті экономикалық серіктестерінің бірі. Екі жақты тауар айналымы 2007 жылы 4,6 млрд. долларды құраған (экспорт – 3,9 млрд., импорт – 0,7 млрд.),  2006 жылы - 3,8 млрд. долл. (экспорт – 3,3 млрд., импорт – 0,5 млрд.), 2005 жылы - 2,9 млрд. долл. (экспорт – 2,6 млрд., импорт – 0,3 млрд.),  2004 жылы - 1,8 млрд. долл. (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 0,3 млрд.) құраған.

Қазақстан Франциямен мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықтың нығаюына ерекше назар аударады. Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы қарым-қатынас 1993 жылғы Мәдениет және өнер саласындағы үкіметаралық Келісім, 1994 жылғы Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясы мен Франция Ұлттық ғылыми зерттеу Орталығы арасындағы Келісімге сәйкес және Алматы мен Ренн қалалары арасындағы ағалық байланыстар негізінде дамуда.

Ынтымақтастықтың алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан- Француз саяси диалогы біршама қарқынды дамуда. Қазіргі таңда Франция Орталық Азияның аймақтық локомотиві және халықаралық аренадағы перспективті серіктес ретінде  біздің мемлекетімізге жаңа көзқарас пен жан-жақты қызығушылық білдіруде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ

 

1.Назарбаев Н. : Моя цель - построить нормальное демократическое  общество //Казахстанская правда. – 2002. - 7 февраля.

2.Токаев К.К. Внешняя политика  Казахстана в условиях глобализации. – Алматы, 2000. –  с.446

3.Договор о дружбе, взаимопонимании и сотрудничестве между Республикой Казахстан и Французской Республикой г. Париж, 23 сентября 1992 г

4. Выступление Президента Н.А.Назарбаева по вопросам внешней политики. 15 февраля 1995 года.

5.Назарбаев Н.А. Стратегия  становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы,1992, 55с.; его же: На пороге 21 века.- Алматы, 1996, 288с.; его же: Евразийский союз: идеи, практика и перспективы. Москва, 1997, 480с.; его же: Эпицентр мира. Алматы, 2001, 294с.; его же: Исторические перспективы постсоветского пространства // Евразия. Народы. Культуры. Религии, 2001, №1-2,с.5-10.; Региональная интеграция и Евразийство // Казахстанская правда, 2004, 2 апреля, с.1.

6. Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан.  - Астана: Елорда, 2001. - 552 с. // Токаев К. Преодоление. Дипломатические очерки.- Алматы: ОАО «САК – НП ПИК «САЙНАР», 2003 – 656 с.

7. Хан Н.Б., Суворов Л.С., Рахметова Г.Б. Внешняя политика Республики Казахстан. -Алматы: КазГЮА,2001 // Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политики Казахстана. Алматы, 1997, 736с.; его же: Внешняя политика Казахстана в условиях глобализаций. – Алматы, 2000.-584с.; его же: Дипломатия Республики Казахстан. Астана, 2001, 584с.; его же: Преодоление. Дипломатические очерки. Алматы, 2003, 656с.

8.Байзакова К.И. «Конституционные реформы в Казахстане: опыт французской республики»

9. Оксикбаев О. Об основных направлениях регионального сотрудничества в сфере обеспечения экономической безопасности в эпоху глобализации // Центральная Азия в системе глобальных отношений. - Алматы, 2002.-254 с.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы