Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 10:36, курсовая работа
Зерттеу мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының экономикалық тиімділігі адам ресурсына байланысты – персонал қабілеті, білімі және жұмысқа деген дағдысы. Осыны түсіне келе, қазіргі күні нарықтың әр түрлі секторларындағы көптеген кәсіпорын басшылары адам ресурсына көп инвестиция бөледі: іріктеу, бағалау, оқыту, еңбекке жағдай жасау және қызметкерлерді ынталандыру. Консалтингпен кәсіби айналысатын агенствоға көңіл аударатын (қымбат және қиын болып шығатын) кеңес берушілер, психологтар, персоналды басқару бойынша ұйымдық дамуы біліктілігі жоғары мамандары бар ұйым, осыған ұқсас міндеттердің тууы мүмкін.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1 Адами ресурстарды ұйымдастырудың мәні, негізі, түрлері және функциялары..............................................................................................................4
1.2 Адами ресурстарды қалыптастырудың негізгі бағыттары ..........................12
3 АДАМИ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Адами ресурстарды басқару тетіктері және басқарудың тиімділігін арттыру факторлары..............................................................................................................20
3.2 Адами ресурстарды басқаруда шетел тәжірибесін қолдану.........................33
3.3 Қазақстан Республикасында адами ресурстарды басқару бағыттары.........38
Қорытынды..............................................................................................................44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................46
Басқару ісі – қолданбалы сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен функцияларын жүзеге асыруға, басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануға бағытталған.
Басқару
ісі басқару шешімдерін қабылдап,
іске асыруға бағытталған
Басқару ісі ақпараттық мәнге ие, яғни ең алдымен басқару ақпараттарын қалыптастыру, ой елегінен өткізу, мәселені талдау, бір жүйеге келтіру процестері орындалады. Мемлекеттік басқаруда тек қандай да бір жалпы қоғамдық процесті сипаттайтын, оның жағдайы мен динамикасын, қозғаушы күштерін айқындайтын ақпараттар ғана жарамды болып табылады.
Басқару
ісі сондай-ақ субъектінің ерік-қалауын
білдіретін күрделі әлеуметтік-
Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігіненде, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперацияны талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар. Алайда кейде ұжымдық сипат басқарушылармен дұрыс бағаланбайды, мұндай жағдайда басқарушылық қызмет өзінің потенциалын жоғалтады, басқару тиімділігі төмендейді.
Өзінің көрінуі жағынан басқару ісі сан қырлы құбылыс. Оған адамдар да, білім де, ақпарат та, техникалық құралдар да жатады, олар барлығы біріге келе күрделі кешенді құбылысты құрайды. Көп ақпараттар бола тұрса да, ол білімнің немесе техникалық құралдардың жоқтығынан өңделмеуі мүмкін. Сол сияқты едәуір басқарушылқ ұжым бола тұра, өзінің кәсіби деңгейінің төмендігі салдарынан мемлекеттік орган өкілеттігін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан басқару ісінің барлық элементтерін жан-жақты ойластырып, тепе-тең түрде әрекетке келтіру ғана оған тиімділік пен ұтымдылық бере алады. Сол себепті кешенділік басқару ісінің маңызды, жалпы белгілеріне жатады.
Сонымен қатар басқару ісі белгілері мен уәждеріне, адамдардың кәсіби даярлығы мен белсенділігіне қарамастан, ол мемлекеттік басқаруда заңдық сипатқа, көрініске ие болады. Оны тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік орган құзыретіне сәйкес, ондағы әрбір мемлекеттік лауазымның қызмет түріне сәйкес атқаруға тиіс. Сондықтан да басқару ісінің көптеген элементтері заңды түрде мемлекеттік органдарда тіркеліп, олардың құқықтық мәртебесінде процессуалдық нормалар түрінде бекітіледі. Бұдан басқару ісінің басқару процесінің элементтерімен ұқсастығы туындайды.
Барлық
басқару деңгейлеріндегі
Саяси
және әкімшілік шешімдерді бірінен-бірін
ажырата білген жөн. Саяси шешімдер
саяси басшылықтың
Әкімшілік шешімдер адамдардың өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және мәдени өмірін, жеке ұйымдардың ағымдағы қызметін реттейтін басқарушылық әрекеттер актілері. Әкімшілік шешімдерді шығару атқарушы билік пен басқару органдарының функциясына жатады.
Саяси шешімдер әкімшілік шешімдерге қарағанда нақты қоғамдық топтарға тікелей немес жанама түрде бағытталады, олардың арасындағы қатынастарды реттеу құралы, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарын білдіру, жүзеге асыру тәсілі болып табылады. Олар саяси билік пен саяси басқару субъектілерінің қызметінің нәтижесінде туындайды. Мемлекеттік басқарудағы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси шешімдер әкімшілік-басқарушылық шешімдерге қарағанда артықшылық сипатқа ие.
Мемлекеттік шешім, ең алдымен шешім қабылдайтын субъект – мемлекеттік биліктің басқарушы органымен- алқалы немесе жеке лидермен; шешімді атқарушы субъект – мемлекеттік қызмет аппаратымен; шешім бағытталған объектімен (төмен деңгейдегі басқару органдары, қоғамның әр түрлі сфераларында жұмыспен қамтылған әлеуметтік топтар, саяси және қоғамдық бірлестіктер) сипатталады.
Мемлекеттік
шешімдердің басқа да сипаттамалары
бар: шешім беделі, яғни шешім қабылдаушы
мемлекеттік билік
шешім диапазоны, өзі әрекет ететін саяси кеңістікті және аталған шешім қамтитын міндеттер көлемін сипаттайды; әдетте саяси шешімдер көп мақсатты болып келеді;
шешімдердің ақпаратпен қамтамасыз етілуі, яғни оны қабылдаудың ғылыми және ақпараттық негізі – шешім қабылдаудың технологиясы мен стилі - шешімді әзірлеу мен қабылдау әдіс- тәсілдерінің, шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтау мен қабылдау әдістерінің жиынтығы; жобалардың баламалы нұсқаларын талдау тәртібі мен сипаты, олардың ішіндегі басым бағыттарын айқындау және оларды іске асыру үшін қажетті құралдарды таңдау амалдары, тәсілдері;
шешім қабылдау түрлері – демркратиялық немесе авторитарлық;
шешімдердің тәжірибелік маңыздылығы.
Мемлекеттік шешімдер көптеген белгілер бойынша топтастырылады. Соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субъектілер деңгейіне қарай: жалпы ұлттық, аймақтық және жергілікті органдардың шешімдері; мақсаттар мен міндеттер сипатына қарай – саяси және әкімшілік шешімдер, басқаратын және атқарушы, стратегиялық немес оперативті-тактикалық, жалпымемлекеттік немес мемлекеттік өмірдің жекелеген облыстарына қатысты шешімдер; қоғамның өмір сфералары бойынша – шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік құрылыс және басқару мәселелері бойынша, мәдени құрылыс және т.б. бойынша шешімдер; басқару объектісін қамту масштабына қарай–жалпы жүйелік, жалпысаяси, макроэкономикалыңқ, микроэкономикалық шешімдер; басқару функциялары бойынша – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер.
Саяси шешімдердің мысалы ретінде мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси және әскери – стратегиялық концепцияларды, елдің Парламентімен қабылданған конституциялық сипаттағы заңнамалық актілерді, мемлекет қызметіне қатысты жалпы мәселелер бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын айтуға болады. Әкімшілік-басқарушылық шешімдер қатарына Үкіметтің қаулыларын, министрліктер мен ведомстволардың бұйрығы мен өкімдері жатады.
«Қызмет тиімділігі» түсінігі
кез келген қызмет түріне, оның
ішінде басқарушылық қызметте
де қолданылады. Экономикалық
ғылымда экономикалық
«Қызмет тиімділігі» түсінігі мемлекеттік басқару теориясында жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды қолданылмаған ұғымдардың біріне жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушының, басқарылатындардың басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай нәтиже бергенін білуі қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық ақпаратқа ие болмай және оны өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды бақылау және оны жетілдіру жолдарын анықтау мүмкін емес. Көптеген деректер осындай жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі болып табылатындығын дәлелдейді. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де, көбіне мақсаттар мен жоспарлар орындалмай қалады, күш-жігер орынсыз жұмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылықтарға қол жетпей жатады. Сондықтан басқару тиімділігінің мәселесі аса маңызды, мемлекеттік басқарудың объективтілігімен тікелей байланысты.
Жалпы тиімділік екі жағдайда:
біріншіден, қол жеткен нәтиже
мен шыққан шығындар
Әртүрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының басқару тиімділігі де әрқилы болады. Мысалы, қандай да бір басқарылатын объект белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарылатын объектілердің қызметінің нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мұндай тиіміділігі өндірілген өнім мен оны өндіруге кеткен шығындар арасындағы арақатынасты білідіреді. Ол басқарылатын объект шеңберінде еңбекті ұйымдастырумен байланысты, технологиялық сипатқа ие және нормативтік-құндық-шығын көрсеткіштері бойынша өлшенеді.
Орталықтандырылған жоспарлы
Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайды өзгерттді, бірақ басқарылатын объектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары – өндіріс кезеңінде де, әлеуметтік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке бағыт-бағдар жасайды. Сондықтан оған салыстырмалы экономикалық және әлеуметтік сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді үнемі жетілдіріп отырған жөн.
Нарықтық экономикасы дамыған
елдерде өнімді өндіру
Информация о работе Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру