Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)



 

 Кесте 2

 Тіркелген салыққа қатысты салық салу мөлшерлемесі

 

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:   

Салық ставкасы республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  және салық кезеңінің бірінші  күні қолданыста болған айлық есептік  көрсеткіш мөлшері негізге алына  отырып айқындалады.

 Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.

 Тіркелген салық  үшін салық кезеңі күнтізбелік  тоқсан болып табылады.

1) Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2)  Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектiлерi айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып  қалған кезде тiркелген салық  айдың жартысы үшiн деп, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша  есептеледі.Тіркелген салыққа қатысты салық салу бірлігінің мөлшерлемесіне тоқтала кетсек:

Кесте 3

Тіркелген салыққа қатысты  салық салу бірлігінің мөлшерлемесі

р/с

Салық салу

объектілерінің атауы

Салық салу бірлігі

Айлық ставкасының мөлшері, (АЕК)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

әрбір ойын автоматына

2,5

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

әрбір ойын автоматына

5

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

әрбір компьютері

2,5

4

Ойын жолы

әрбір

жолға

25

5

Карт

әрбір

картқа

7

6

Бильярд үстелі

әрбір

үстелге

17


 

Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық  салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

Кәсіпкерлік қызметтің  өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органына табыс етіледі.

 

 

1.3  Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың ерекшеліктері

 

 

Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты мемлекет қоғамдық қатынастарды реттейдi.(4 кесте).

Кесте 4

Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар

Аппараттық-бағдарламалық  кешен

мiндеттер кешенiн орындауды автоматтандыруға мүмкiндiк беретiн және электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн техникалық және бағдарламалық құралдар

Бәс тiгу

қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесiн ұйымдастырушымен ұтыс көзделiп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм

Букмекер кеңсесi

ойын бизнесiн ұйымдастырушы  мен қатысушылар арасында ерiктi түрде бәс тiгу жасалатын ойын мекемесi

Заңдастырылған белгiлер

ойын мекемесiнiң кассалары арқылы сатылатын және құмар ойындарға қатысу үшiн ойын мекемелерiнде пайдаланылатын, қолма-қол ақшаны алмастыратын белгiлi бiр номиналдағы фишкалар, жетондар

Казино

құмар ойындарды ұйымдастыру  және өткiзу үшiн ойын үстелдерi пайдаланылатын ойын мекемесi




 

1) аппараттық-бағдарламалық кешен  - мiндеттер кешенiн орындауды  автоматтандыруға мүмкiндiк беретiн  және электрондық ақпараттық  ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң  жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн  техникалық және бағдарламалық  құралдар;

2) бәс тiгу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесiн ұйымдастырушымен ұтыс көзделiп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;

3) букмекер кеңсесi - ойын бизнесiн  ұйымдастырушы мен қатысушылар  арасында ерiктi түрде бәс тiгу жасалатын ойын мекемесi;

4) заңдастырылған белгiлер - ойын  мекемесiнiң кассалары арқылы  сатылатын және құмар ойындарға  қатысу үшiн ойын мекемелерiнде  пайдаланылатын, қолма-қол ақшаны  алмастыратын белгiлi бiр номиналдағы  фишкалар, жетондар; 

5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн ойын үстелдерi пайдаланылатын ойын мекемесi;

6) казиноның немесе ойын автоматтары  залының кассасы - ойын бизнесiн  ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған,  қолма-қол ақшаны заңдастырылған  белгiлерге және заңдастырылған  белгiлердi қолма-қол ақшаға ұсату (айырбастау) бойынша қызметтер көрсететiн ойын мекемесiндегi орын;  

7) құмар ойын - қатысушылардың өз  арасында не ойын бизнесiн ұйымдастырушымен  ұтыс көзделiп, олар қатысатын  оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге  негiзделген келiсiм;   

- құмар ойнына және (немесе) бәс  тiгуге қатысушы - құмар ойнына  және (немесе) бәс тiгуге қатысатын  жеке тұлға;   

- мiндеттi резервтер - ойын бизнесiн  ұйымдастырушыға немесе өтiнiм  берушiге меншiк құқығында тиесiлi, оның iшiнде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейiнгi салым) және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын  салымды беру шарттарымен банктiк салым шарты негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша;

- ойын автоматы - ойын бизнесiн  ұйымдастырушының немесе оның  қызметкерлерiнiң қатысуынсыз, ұтысы  ойын жабдығы корпусының iшiнде  орналасқан құрылғымен кездейсоқ  жағдайда айқындалатын, құмар ойындарын  және (немесе) бәс тiгудi өткiзу  үшiн пайдаланылатын ойын жабдығы (механикалық, электрлi, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);

- ойын автоматтары залы - құмар  ойындарды ұйымдастыру мен өткiзу  үшiн ойын автоматтары ғана  пайдаланылатын ойын мекемесi; 

- ойын бизнесi - құмар ойындарды  және (немесе) бәс тiгудi ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

- ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)     - ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;  

- ойын бизнесiн ұйымдастырушы  - Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгiленген талаптарға сәйкес  берiлген лицензияның негiзiнде  құмар ойындарды (бәс тiгудi) ұйымдастыруды  және өткiзудi жүзеге асыратын тұла;

- ойын жабдығы - құмар ойындар  және (немесе) бәс тiгу өткiзуге  арналған және пайдаланылатын  құрылғылар немесе құралдар;

- ойын мекемесi - ұтыс алуды көздейтiн,  лицензия негiзiнде құмар ойындар  және (немесе) бәс тiгу өтетiн ғимарат,  үй-жай, құрылыс;

- ойын үстелi - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бiр өкiлiнiң  қатысумен құмар ойындар өткiзуге  арналған ойын жабдығы;

- онлайн-казино - Қазақстан Республикасының  аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық  кешендi пайдаланатын және құмар  ойындарды нақты уақыт режимiнде бiр адам пайдалану режимiнде де, бiрнеше адам пайдалану режимiнде де ұйымдастыру және өткiзу мүмкiндiгiн iске асыратын және ұтыстарды алуды көздейтiн ойын мекемесi;

- өтiнiм берушi - Қазақстан Республикасында  ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасаған тұлға;

- ставка - құмар ойнына және (немесе) бәс тiгуге қатысушы ойын бизнесiн  ұйымдастырушыға беретiн және  ойын бизнесiн ұйымдастырушы белгiлеген  ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тiгуге қатысудың негiзгi шарты болып табылатын ақша сомасы;

- тотализатор - ойын бизнесiн  ұйымдастырушының делдалдығы арқылы  қатысушылардың арасында бәс  тiгу жасалатын ойын мекемесi;

- тотализатордың немесе букмекер  кеңсесiнiң кассасы - аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргiзiлетiн орын;

- тотализатордың немесе букмекер  кеңсесiнiң электрондық кассасы  - ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалана отырып, ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргiзiлетiн ақпараттық жүйе;

-  ұтыс - құмар ойынының және (немесе) бәс тiгудiң нәтижесi шыққан кезде құмар ойынының және (немесе) бәс тiгудiң қатысушысына мiндеттi түрде төленуге немесе берiлуге тиiс, ойын бизнесiн ұйымдастырушы белгiлеген ережелерде көзделген, ақша немесе өзге де мүлiк түрiндегi мүлiктiк пайда, соның iшiнде мүлiктiк құқықтар.

Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.   Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.       

1) ойын бизнесiн ұйымдастырушылардың  құқықтық жағдайы мен қызметiнiң  ерекшелiктерiне байланысты;

 2) ойынның өзiн өткiзу және (немесе) бәс тiгу кезiнде ойын бизнесiн ұйымдастырушы мен құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысушылар арасында туындайтын;

  1. ойын бизнесiн ұйымдастырушы мен уәкiлеттi органның арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейдi.

Қазақстан Республикасының ойын бизнесi саласындағы қызметтi мемлекеттiк  реттеудi және бақылауды уәкiлеттi орган  және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Ойын бизнесi саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу нысандары: 
             1) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау; 
        2) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру;

  3) ойын бизнесi саласындағы қызметтi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

 

Ойын бизнесi саласындағы  қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi:


 


 

 

 

 

 

 
           

ойын бизнесiне қатысушылардың                                                 ойын бизнесiн

құқықтары мен заңды                                                                ұйымдастырушылардың

мүдделерiн қорғау                                                                      өз қызметiн жүзеге асыру

                                                                                                 заңдылығын қамтамасыз ету


 

Сурет 8 Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi

 

Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметтiң мынадай түрлерi жүзеге асырылады:

    1. казино;
    2. ойын автоматтары залы;
    3. букмекер кеңсесi;
    4. тотализатор.

Қазақстан Республикасының аумағында:

-онлайн-казино қызметiне;

-ақшадан басқа, өзге де мүлiк түрiнде ставкаларды қабылдауды көздейтiн құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi ұйымдастыруға; 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi.

 Ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
        Ойын бизнесi саласындағы қызмет өтiнiм берушiге әрбiр ойын мекемесiне он жыл мерзiмге берiлетiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады. 
      Лицензиялық алымның мөлшерi, оны есептеу мен төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері