Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)

Нарықтық қатынастардың даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін, әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі - экономикалық үрдістерге  өзінің оң ықпалын тигізіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі. Дегенмен, қазіргі қолданыстағы ойын бизнесіне салық салу жүйесінде әлде де болса кемшіліктер кездеседі. Соның ішіндегі басты кемшіліктің бірі – бұл мемлекеттің тарапынан қадағалау мүмкіндігінің төмен болуы саналады. Соның негізінде ойын бизнес салығынан түсетін түсім мөлшерінің басқа салықтардың түрлері бойынша түсетін түсімдерден бірнеше есе төмен болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік бюджеттік түсімнің толымдылығына да кедергілер келтіруде.

Ойын бизнесі барынша тиімді пайдалануға ынталандырады. Сондай-ақ, ойын бизнес табыс салығын ойын бизнес табысгілікті деңгейде қолдану салықтың негізгі функциялары – фискалдық, реттеушілік және бақылау қызметтерін айтарлықтай дәрежеде көтеруге мүмкіндік береді және өткен кезеңдерде жасалған капитализацияланған табысқа салық салу объектілерін қоса, табысқа салық салуға толықтауыш қызметін атқарады. Ойын бизнес салығы әлемнің көптеген елдерінде салық жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, жалпы мемлекеттік кірістердің құрамында шамамен 25 -30 пайыз мөлшерінде орын алады және ойын бизнес салығы бюджеттік түсімдер ішінде негізі болып табылады. Олар ойын бизнес салығы қаржы көздерін қалыптастырудың ең негізгі құралы болуымен қатар, кәсіпкерліктің ұлғайып дамуына да оң ықпалын тигізеді.


Ал, Қазақстандық тәжірибеде ойын бизнес салығының реттеушілік және фискалдық қызметтерінің рөлі мен маңызы артқанымен, өз дәрежесінде бағаланбай келеді.   Бұл негізінен жоғарыда қарастырылғандай ойын бизнес салығының мемлекеттік және жергілікті бюджеттердегі үлесінің салыстырмалы түрде төмен болуымен дәлелденіп отыр. Ойын бизнес салығы республикалық бюджеттің құрамын қалыптастырады.

Нарықтық қатынастар, қаржы-бюджет саясаты, салық саясаты, өндіріс  дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі сияқты факторлар ойын бизнес салығы бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізіп отыр.

Өйткені, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану  жолымен қоғамдық өнімнің құнын  бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің  арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. (6 кесте).

Кесте 6

2009 - 2011 жылдар аралығындағы мемлекеттік  бюджеттің салықтық түсімдері                                                                                 (млн. теңге)

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

     2011  жыл

Салықтық түсім

1 984 673 642

2450332912

2591 593 665

КТС

489 393 557,5

688623029

669987991

ЖТС

237 918 033,0

274350244

280585197

Ойын бизнес салығы

28935669,6

37702165,8

8 3865647,3

Әлеуметтік салық

205 246 465,4

221460352

225780517

ҚҚС

531 011 189,2

572296288

657413552

Акциз

51 209 732,0

58625282

56087480

Мүлік салығы

89 388 562,3

98539064

106409277


    

Бұл кестеден бюджет құрылымындағы  республикалық бюджетте жалпы салықтық түсімдер мөлшерінің  жылдан-жылға  өсіп келе жатқанын көруге болады. Жалпы  салықтық түсімдердің көлемі 2009 жылы 1 984 673 642 млн. теңгені құраса, 2010 жылы 2450332912 млн. теңгеге жеткен немесе 308438 (524058 - 215620) теңгеге өскен. 2011 жылы түсім мөлшері 2 591 593 665 млн. теңгені құраса, 2011 жылы  2356040 млн. теңгені құрап отыр. 

Ойын бизнес салығы бойынша да түсімнің жыл сайын артып келе жатқанын байқауға болады.

Атап айтсақ: 2009 жылы түсім  2894 млн теңгені құраса, 2010 жылы 3770 млн. теңгеге жеткен немесе 263,1%7

2009 жылы түсім 6904 млн.  теңгеге дейін жетіп, 2010 жылмен  салыстырғанда 79,7%-ға  өскен,  2010 жылы түсім 115,7%-ға артқан. 2011 жылы түсім 175%-ға немесе 8386 млн. теңгеге жеткен.өскен.

 Қазақстан Республикалық бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін корпорациялық табыс салығы (орта есеппен 31,8%), бұл еліміздегі экономикалық белсенді әрекет етіп отырған кәсіпорындардың санының және олардың кірісінің ұлғаюына байланысты екендігін көрсетеді. ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%),  өзге де салықтары мен төлемдері (19%) және т.б. құрайды.

Салық кодексінде болған өзгерстер шегінде әлеуметтік салық мөлшерлемесінің кемімелі шкаласы енгізілді, қосылған кұн салығының мөлшерлемесі төмендетілді, ғылыми өңдеулер және ақпараттық технологиялар саласындағы арнаулы экономикалық аймақ аумағында қызметін іске асыратын, ұйымдар үшін салық салудың арнаулы режимдері белгіленді, шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың арнаулы ықшамдалған режимін қолдану өрісі кеңейді. 21%-дық еңбек ақыдан тіркелген әлеуметтік салық мөлшерлемесі - кемімелі шкала бойынша өзгерді. Аталып өткен өзгерістер әлеуметтік салық бойынша түсімдердің жылдан-жылға 9,1%; 5,4%; 3,7%-ға артық орындалуына әсер етті. Бұл сурет мәліметтері бойынша салықтардың барлық түрлері бойынша жоспардың артығымен орындалатынын көруге болады.Мысалы, ойын бизнес табыс салығы бойынша жоспар 2009 жылы 2,9%- ға (102,9%-100,0%), 2010 жылы 7,8%- ға, 2011 жылы 103,0%- ға орындалған. Ойын бизнес табыс салығы бойынша жоспардың артық орындалуы жалпы еңбекақы мөлшерінің артуынан туындап отыр. Мүлік салығы бойынша 2009 жылы артық түскен 81369 мың теңге (2052522-1971153) болжамның 3,6%-ға артық орындалуына, 2010 жылы 7,9%-ға, 2011 жылы 103,0%- ға артық орындалуына жеткізді. Жалпы мүлік салығының артық түсуіне әсер еткен жаңа кәсіпорындардың ашылуы, жаңа құрылымдардың, тұрғын үйлердің іске қосылуы және мүлікті бағалау деңгейінің өсуі, салық төлеушілердің санының артуы себеп болды.


  Бюджет экономиканы қаржылық реттеудiң құралы ретiнде көрсетедi. Бiр жағынан, бұл мемлекет, кәсiпорын немесе жанұя қандайда болмасын экономикалық субъектi қарастыратын қаражаттар, қаржы ресурстарының жиынтығы. Басқа жағынан, бюджет – бұл экономикалық субъектiнiң табыстары мен шығыстарының арасындағы байланыс, белгiлi бiр кезең, көбінесе бiр жыл iшiндегi түсімдер мен шығыстардың сәйкестiгiн сипаттайтын ақша қаражаттарының тепе-теңдiгi. Бюджет жүйесi және бюджет экономикалық жүйенiң маңызды бiр элементiн құрайды, яғни экономиканы қаржылық реттеудiң әдістерiн iске асырады.

      Бюджет және бюджеттiк реттеу кез-келген әлеуметтiк-экономикалық жүйеге тән. Бiрақ та, бюджеттiк құрылғының сипаттамасы, бюджеттiң қалыптасу әдістерi, бекiтiлуi, орындалуы ұстанымпаздық  айырмашылықтарға толы. Бұл әсіресе мемлекеттiк бюджетте көрiнiс табады.

      Нарықтық экономикаға бет бұрған елдерде мемлекеттiк жылдық бюджеттiң құрастырылуына, бекiтiлуiне, талдауына және орындалуына баса назар аударылады. Батыс елдерiнiң бiрсыпырасында бюджеттi жалпы мемлекеттiк және муниципалды деңгейлерде қарастырудың белгiлi бiр тәртiбi бекiтiлген және сақталынуда. Бюджет Парламентте және оның комиссиясында шығыстардың барлық баптары бойынша егжей-тегжейлi түрде талқыланады.

      Шаруашылықтың тұрақты түрде дамуы үшін қаржы ағындарын жiтi бақылау, бұл дағдарыс жағдайларын болдырмауға, теңгерiмдiлiк пен тепе-теңдiктi, экономиканың әр түрлі секторлары мен салаларының дамуы мен жүзеге асуын қамтамасыз етуге, бюджеттiң кiрiс және шығыс баптарын мезгiлiмен түзетуге үлкен мән бередi. Бюджет жүйесi экономиканы мемлекеттiк басқарудың алдыңғы бiр буыны ретiнде қалыптасады.

  Бюджет мемлекеттiк тауарөндiрушiлерге әсер етуiнiң қуатты тұтқасы болуы мүмкін, осы арқылы жұмыс күшi, капитал, тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығына да әсер етедi.

      Негiзiнде бюджетте халық пен заңды тұлғалардан мемлекетте қалыптасатын  ақша  қатынастары  көрiнiс  табады. Бұл қатынастар мемлекет ұстанатын экономикалық саясатқа байланысты болады. Мемлекет ел iшiндегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты стратегиялық та, тактикалық та жоспарларды жүзеге асыра алады. Бұл жоспарлар негiзiнен көпшiлiк халықтың мүддесiн көздемеуi де мүмкін, бірақ сырттай алғанда бюджеттiң қалыптасуы барысында олар тартымды болады. Осы тарихи кезеңдегi ең маңыздысы болатын экономикалық салаларда бюджет мемлекеттiң қаржы ресурстарын жұмылдырады. Бірақ мұның барлығы бұл мәселелердiң маңыздылығын және шынымен де бұлардың шешiлуi халық тұрмысының жақсаруы мен экономиканың өсуiне септiгiн тигiзетiнiн кiм анықтайтынына байланысты болады. Осыған байланысты бiрдәуiр проблемалар туындайды, бiр жағынан экономика дамуының шешушi мезетiн анықтау, басқа жағынан бағыттың анықталуы, мұнда бюджет қаражаттарын аса тиiмдi пайдаланылуы мүмкін және бюджет қаражаттарын тиiмдi түрде қайда бағытталуы.

      Егер, бюджет қатынастары – мемлекетпен, халық, мекемелер, кәсiпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бiр жағынан мемлекет кәсiпорындар, мекемелер мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелiгiне жұмылдырады және өзiнiң мемлекеттiк қызметiн орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметiне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсiпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттiк инвестицияларды iске асыру; өнеркәсiптiң қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайта құруына әсер ету. Мұнда кiрiс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдiң халықпен айла-шарғы жасау қаупі туындайды.

  Осыған орай, бюджет саясатының қалыптасуы, оның iске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерiмен ғана байланысты емес, сондай-ақ саяси кеудемсоқтықты көрсетедi.

      Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негiзiнде емес, ал ол көпшiлiк дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесiнде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгеру ұстiнде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесiнде ғана емес, сондай-ақ билiктiң осы немесе өзге саласының жағдаяттық пайымдауынан.

      Макроэкономикалық реттеудiң маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттiк шығындарды өзгерту арқылы iскерлiк белсендiлiк деңгейiне мемлекеттiң әсерiн көрсетедi [31, с.61].

      Бiздiң түсінуiмiз бойынша бюджет саясаты ұдайы өндiрiстiк кезең аяқталуының нәтижесiнде жинақталған, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттiң қаржы саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетедi, олардың мемлекет дамуының әлеуметтiк-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы және бөлiнуi.

  Қаржы ағындарының қозғалысын реттеудiң бастапқы принципi жиынтық тұтынудың өсуiне бағытталған ұдайы өндiрiс үдерiсiнiң барлық қатысушыларының мүдделерiн ымыраға жеткiзуден тұрады. Бюджет бюджет саясатының негiзгi құралы ретiнде мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң барлық буындарын бiрiктiредi. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттiлiгi осыменен шартталған, яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел несиелерi мен инвестициялары елдiң төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнiң қозғалысына бюджет саясатының белсендi әсерi де шартталған [32, с.59].

      Экономикалық теорияда бюджет саясатын жүргiзудiң әр түрлі әдістерi бар. Кейнсиандық бағытты қолдайтындар экономикалық дамудың ынталандырмасы ретiндегi тиiмдi жиынтық сұранысты құрауға дәстүрлі түрде бағдар алады.

  Олар жиынтық сұраныс өсуiнiң негiзгi факторы ретiнде салықтарды тiзбектей қысқартуды қарастырады, осы арқылы өндiрiстiң нақты көлемiнiң өсуiн ынталандырады. Осындай көзқарастың iске асуы экономиканың тұрақтанған кезеңiнде және ұзақ мерзiмдi даму кезеңдерде жүзеге асуы мүмкін. Ал, қысқа мерзiмдi кезеңде бюджет түсімдерiнiң қысқарылуына және бюджет тапшылығының ұлғаюына алып келедi.

      Экономикалық теориядан белгiлi болғандай мемлекеттiң бюджет саясатының бiрнеше тұжырымдамасы бар.

   Бiрiншi тұжырымдама бюджет теңгерiмдiлiгiнiң қажеттiлiгiне негiзделедi. Бірақ та, экономиканың өтпелі кезеңiнде бюджеттiң осындай жағдайы экономикалық дамудың антициклдiк және тұрақтандырылуға бағытталған мемлекеттiң фискалдық саясатының нәтижелiлiгiн белгiлi бiр шамада қысқартады.

  Бюджеттiң теңгерiмдiлiгiне үкіметтiң талпынуы барысында жұмыссыздық пен халық табысының төмендеуi амалсыздан салық ставкаларының жоғарылауына немесе мемлекет шығыстарының қысқаруына алып келедi. Осыған орай жиынтық сұраныс та азаяды.

  Сонымен қатар, жыл сайынғы бюджеттi теңгеруге талпыныс инфляцияны ынталандырады, әсіресе ұлттық валютаның ерiктi түрде құбылмалы айырбас бағамын енгiзумен, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша дер кезiнде берешектi өтеуге байланысты халықтың ақшалай табыстарының ұлғаюынан. Бұл жағдайда бюджет саясаты салық ставкаларының төмендеуiн және салық жеңiлдiктерiн жандандыру, мемлекеттiк шығыстардың өсуiн немесе осы немесе басқа да шаралардың үйлесуiн қарастырады.

      Бюджеттiң теңгерiмдiлiгiне қатысты бюджет құрылымын қайта қарау жолымен және оның кiрiс бөлігiн қысқартуға байланысты оның шығысын қысқарту туралы керi ұғым да бар [46, с.28].

  Бірақ та, бiрде-бiр индустриалды дамыған мемлекет өзiнiң қаржысын осындай қағидамен жоспарламайды. өйткені, мемлекеттiк шығыстардың өсуi халық табысы, жұмыспен қамту және өнімнiң өндiрiлуiн ынталандырады. Экономикалық өсу мен түсімдiк дамуда объективтi түрде кiрiстерден шығыстардың артуының негiзделiнуi болады.

       Бюджет саясатының екiншi тұжырымдамасына сәйкес бюджет  мiндеттi түрде жыл сайын емес, экономикалық кезең барысында теңестiрiледi. Экономикалық дамудың қажеттi тұрақтануы мақсатында және өндiрiстiң құлдырауына керi әсер ету құлдырау кезеңiнде пайда болған және мемлекет шығындарының төмендеуi мен салық жинаудың ұлғаюынан оның оң сальдосын жабуға бюджет тапшылығы кезеңiнiң кезектiлiгiмен iске асады.

  Бюджеттiң теңестiрiлуi жыл сайын емес, уақытылы кезең барысында жүргiзiледi. Бюджет саясатының осы тұжырымдамасын iске асыруда пайда болған ерекше мәселе ол - экономикалық кезеңдегi төмендеулер мен iлгерiлеулер түбегейлiк пен ұзақтылық мерзiмдiлiкке байланысты әр түрлі болып келуi мүмкін. Мысалы, түбегейлiлiк пен ұзақ мерзiмдi құлдырау қысқа кезеңдi әрлеумен ауыстырылуы мүмкін [35, с.18].

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері