Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 12:57, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі.Қазіргі таңда психология және педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".
КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
1 Бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негіздері
1.1Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалау мәселелерінің зерттелуі.....................................................................5-13
1.2 Оқу процесінде бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.........................................................................................................14- 23
1.3Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалау................24- 30
2 Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық өзгешектерінің мәні
2.1 Оқушылардың оқыту процесінде бағалаудың әдістемелік мәселелері.........................................................................................................31-35
2.2 Мотивация және белсенді оқыту – бағалаудың негізі ретінде.............36-41
2.3 Танымдық іс-әрекеттер ерекшеліктерінің білім сапасын бағалаудағы орны..................................................................................................................42-45
3Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу..............................................................................................................46-73
Қорытынды....................................................................................................74 -77
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп отырған өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Осыған байланысты мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазастан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә. назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге мән беріліп отыр. Яғни мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті.
Ел болашағы-білімді ұрпақта. Ұрпақ білімді болуы қажет. Теориялық білімі терең, ол білімнің қолданбалылығы, біліктілігі, білімнің құзыреттілігін көтеру-ұстаздың басты міндеті. Сондықтан да білім беру курстарынан уақтылы өту, ғылыми жаңалықтардан хабардар болу, ақпараттарымен жұмыс істеу, пәндік баспасөзге жазылу, күнделікті сабаққа дайындалуды мұғалім борышым деп білуі керек. [3. 218]
Оқу процесіндегі қадағалау әртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен.
Оқушыларды жан-жақты дамыту ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен бірліктер жүйесі. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, бірліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады. Оқушылардың білім сапасын жетілдіруде Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп тлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді. Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек. Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді. Сонымен қатар оқушылардың білімін жетілдіру мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Білім берудің мазмұны оқу жоспарлардыңда, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарында, электрондық оқу құралдарында нақтыланады. Сондай-ақ оқушылардың білім сапасын жетілдіруде оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:
Сонымен оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады. Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта құралады. 1990 жылы қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтқан. Ал Г.И. Щукина- күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылатын және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй таптсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) –бұл субьективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік- әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдеріне бақылау жүргізеді.
Жан-жақтылықта- бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас- әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педаогоикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі «5» балдық жүйелер қолданылады.
«5» бағасы- оқу материалын
толық, дәл логикалық,
«4» бағасы- оқу материалын
толық біледі, бірақ болар-болмас
кемшілігі бар жауапқа
«3» -жауабы негізінен
дұрыс, бірақ толық емес, білімінде
кейбір проблемалар еске
«2» бағасы –оқушы
жауабында қателер, білімінде
елеулі кемшіліктер бар
«1» бағасы –тексерілген
оқу материалы бойынша білімі
жоқ, толып жатқан өрескел
Емтихан –оқушылардың білімін қорытынды тексерудің барлық және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1994 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
[3. 214]
2.2 Мотивация және белсенді оқыту - бағалаудың негізі ретінде
Мектеп өміріне бейімделу кезінде кіші мектеп жасындағы балалар үлкен қиындықты бастан кешіреді. Өйткені ол жаңа ережелерді меңгеруге , оқуға , құрбы- құрдастарымен араласуға тиісті. Балдырған өте тез шаршайды. Оның қалыпты қуанышты көңіл-күйін басқа жай күй басады. Оның тула бойын енді мазасыздыққа толы ала құйын көңіл –күй билейді , яғни бұл – психикалық жайсыз күйді бастаған кешу деген сөз . Дені сау адамдар арасында ең көп таралған психикалық жай –күй- невротизм. Оның психикалық ауру – неврозға ауысуы мүмкін.
Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы - баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің адам алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы – сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар мектеп табалдырығын аттасымен оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттын бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу мотивациясы болады. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады.Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым- қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу мотивациясының қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс- әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады. [39.244]
Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі іс- әрекет түрі- оқу іс- әрекеті болып келеді. Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттасымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Бірінші сынып оқушысында
Оқу мотивациясы, басқа
Күнделікті тұрмыстық және де
кәсіби педагогикалық қарым-
Оқушылардың оқу мазмұнына
және оқу әрекетінің өзіне деген
қызығушылығын тудыру үшін қажетті
жағдай бұл- оқу барысында өзбетінше
ойлау қабілетін көрсетуіне мүмкіндік
жасау. Оқыту әдісін неғұрлым белсендірек
болса, соғұрлым оқушыларды онымен қызықтыру
жеңілірек болады. Оқуға деген
тұрақты қызығушылықты
Оқуға деген
қызығушылықты қалыптастыруда