Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24

2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58


Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Қарлығаш айтады. Сіздерге рахмет достарым. Сіздер күні бойы өздеріңді таныстырдыңдар, достасып та қалдық.

II. Енді қазір «Көктем» ойынын ойнап жіберсек. Ойын шарттарын қарылғаш бастайды.

Тышқан мен торғай егін егеді. Торғай тұмсығымен қазады, тышқан тырнағымен қазады. Аюлар гүл отырғызады, қарлығаш ағаш отырғызады. Барлығын отырғызып болады. Енді мына жерде күн тұр балалар! Күннің шуақтары жоқ. Шуақтарды өзіміз бірігіп шуақ жасайық. Күніміз шуақтанып тұрса, гүлдер, ағаштар, егіндер әдемі болып өседі. Балалар сіздер шаршадыңыздар енді сергіту сәтін жасап серігіп алайық.

III. Ойын «Кім шапшаң» Балалар енді өзенге барып балық аулайық. Кім балықты көп ұстайды? Көк түсті матаны жаямыз. Үстіне балықтарды тастаймыз. Қармақ арқылы балық аулаймыз. Қармақтың, балықтың басына магнит жапсырамыз. Кім балықты көп ұстайды, сол балаға сыйлық береміз. Ұстай алмаған бала айыбын төлейді. Би, тақпақ, жұмбақ айтып өнерін көрсетеді.

-Балалар ойынды өте жақсы ойнадыңдар. Балық аулап, балықты шапшаң ұстадыңдар. Енді өлең айтамыз.

-Бәріміз бірігіп «Көктем, көктем, көктемде» әнін шеңбер жасап, хормен айтамыз.

      Көктем, көктем, көктемде,

      Қарылғаш кеп жеткенде.

Қосылып әнге саламыз,

Көктемді қарсы аламыз.

Көктем, көктем, көктемде,

Сағынып күткен бәрі де

Оянып ұзақ ұйқыдан

Қуанып қалды барлық аң.

Қорытынды: Балалар көктем шуағына арналған өлеңдеріміз, ойындарымыз өте жақсы өтті. Жарайсыңдар! Допты әр балаға лақтыру арқылы сабақты талдау, бағалау. Балаларды мақтау, мадақтау арқылы сабақты қорытындылаймыз.

  

 

2.4 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері

Тәжірибелік-экспериментке алынған балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал ететін әлеуметтік-мәдени кеңістік  айқындалды. Педагогикалық кеңесте экспериментке қойылатын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны талқыланып, экспериментті жүргізетін тәрбиешілер, эксперимент және бақылау топтары айқындалды.

 Тәжірибелік-эксперименттік  жұмысты  ұйымдастыру барысында  төмендегі іс- шаралар  атқарылды:

-қоғамдағы жаңа әлеуметтік даму жағдайы және мектептегі әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағдарламасы жасалды;

-эксперименттік сабақтарды, сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар дайындалды;

-мақсатты нақты айқындаумен балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған формалар мен әдістер  таңдалып алынды және практикаға ендірілді;

-зерттеудің  аралық және қорытынды нәтижелерін айқындау бағытында   бақылау  жүргізілді;

-жинақталған мәліметтер  талданып, салыстырылды;

-негізделген және нақтыланған әдістемелік ұсыныстар  экспериментке енгізілді.

Анықтау эксперименті барысында балалардың ұлттық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриотизмнің  дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайларды білуі, тарихи оқиғалардағы патриотизмнің ерекшеліктерін айқындауы, халық мұрасындағы патриоттық құндылықтарды оқушылардың бағалаудағы көзқарасы, іс-әрекеті, іс-қылығы, өзін-өзі бағалауы бойынша білімдік тәрбиелік өлшемі  алынды.

Анықтау эксперименті кезіңде экспериментке қатысатын балалардың білімдік мен тәрбиелік деңгейлерін айқындаумен  қатар, тәрбиешілердің де отансүйгіштікке тәрбиелеуді ұйымдастыруға қаншалықты бағыттылығы туралы мәліметтер жинақталды.

Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс мiндеттерi:

- оқу-тәрбие жұмысын тұтас  педагогикалық процесс тұрғысынан  қарап, оқу іс-рекетіндегі бiлiм  мазмұнымен отансүйгіштік тәрбие жұмыстарын кiрiктiре отырып, тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;

-ұлттық ерлiк дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан нәр ала  отырып, туған елге,

ана тiлге деген сезiмдерiн, отанcүйгіштікке тәрбиелей отырып, жерге деген сүйiспеншiлiгiн туғызып, дамытып, қалыптастыру;

- ұлттық рәмiздердiң пайда  болуы және олардың шығу  тарихын  бiле отырып, Қазақстан Республикасының  рәміздеріне, туына, елтаңбасына, әнұранына  деген құрметтi қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының  тұтастығын сақтайтын және  халықтар  арасындағы бейбiтшiлiк пен достықты  нығайтатын азамат тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстарды жүргiзуде оқу мен  тәрбие үрдiсiн өзара сабақтастыра және байланыстыра тұтас педагогикалық процесс тұрғысында жүргiзу көзделдi.

Алғашқы анықтау кезеңіндегі эксперименттiк-тәжiрибелiк жұмысты жүргiзер алдындағы байқауда (сауалнамалар, тапсырмалар беру, әңгімелесу, т.б.) отансүйгіштік деңгейiнiң (42 %) бiршама төмен екенi аңғарылды.  

Тәжірибелік-экспериментік жұмыс барысында жүргізілген сауалнамалар, тапсырмалар қорытындысы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің үш деңгейі айқындалды:

1  – жоғары деңгей.  Баланың  ұлттық патриоттық мұраны, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің  дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, жеке  іс-әрекетіне айналған.

  1. – орта деңгей. Баланың ұлттық патриоттық мұраны, олардың дамып,

қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің  дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, бiрақ жеке бас қасиеттерiне айнала қоймаған.

  1. – төменгі деңгей. Мектеп жасына дейінгі баланың ұлттық патриоттық

мұраны, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің  дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы түсiнiктерiнiң жеткіліксiздiгi анықталды.

Осы олқылықты жоюдың жолын қарастырып,  “Қазақстан Республикасы жаңа әлеуметтік даму жағдайында патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы” аясында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдiстемелiк кешенi жасалды.

Оқу-тәрбие әдiстемелiк кешенiнiң құрамында:

  1. Балаларға  патриоттық  тәрбие беруге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан халқына әр жылғы жолдаулары - әлеуметтік дамудың негізгі тірегі»,  “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері арқылы патриоттық құндылықтарын қалыптастыру“ курс  бағдарламалары жасалды;
  2. Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу әдiстемесi даярланды;
  3. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу тәрбиелеуге негізделген оқу-тәрбие фильмдерi, слайдфильм шығарылды;
  4. Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстарды жүргiзiлген балабақша орналасқан аймағына байланысты тарихи-аймақтану саяхаттарының жоспарлары ұсынылды.
  5. Тәрбиешілерге мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қалыптастыру эксперименті кезеңінде оқу-тәрбие әдiстемелiк кешенi бойынша  жүргізілген оқу іс-әрекеттерінде, оқу іс-әрекеттерінен тыс уақытта іс-шаралар баланың жеке   және  жас ерекшелігіне  негізделе  іске асырылды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде олардың жеке  және жас ерекшелігіне байланысты - білімге (білімге деген құштарлық, шығармашылық, танымдық қызығушылықтары, танымдық белсенділігі), қоршаған әлеуметтік ортаға (ата-анасына, балабақшаға, мектепке, адамдарға, тұлғаның азаматтық позициясы), қоршаған табиғатқа (табиғатқа сүйіспеншілік қатынасы, экологиялық білім, экологиялық мәдениет), еңбекке (еңбексүйгіштік, еңбекке деген қызығушылық, еңбектің  қажеттілігі), өзіне деген қатынасы (өзін “тұлғамын” деп қарау, өзіне деген құрмет) қарым-қатынасы арқылы айқындалды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бекіту кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу заңдылықтарына, мақсат-міндеттеріне, принциптері  және ғалымдардың (А.Айталы, С.Л.Рубинштейн, А.А.Аронов, З.Т.Гасанов, т.б.) патриот-азамат тұлғасына берген анықтамаларына, эксперимент жұмыстарының нәтижелеріне  сәйкес бүгінгі Қазақстан Республикасының  әлеуметтік даму жағдайында патриот-азаматтың бейнесін төмендегі модель тұрғысында ұсынып отырмыз (7-сурет).

Балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарының негізгі көрсеткіші төмендегі қасиеттер: Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне, тарихына, дәстүріне, тіліне, дініне құрметпен қарайтын, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға өз үлесін қосатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды менгерген, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот азамат тұрғысынан сараланды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі біздің зерттеу болжамымызды растап, тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға болатынын толықтай дәлелдеді.

Анықтау эксперименті кезінде ересектер тобында жоғары деңгейі  43 % болса, ал бекіту кезінде  67% болды (1-кесте).

1-кесте. Эксперименттік және бақылау топтарындағы білімдік және тәрбиелілік деңгейлері (Бекіту кезеніңде)

 

Ересектер тобы

Төменгі деңгей

Орта деңгей

Жоғары

Эксперименттік топ

        2 %

        31 %

     67 %

Бақылау тобы

 

       17 %

        27 %

     56 %


 

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс  барысында анықтау, қалыптастыру және бекіту кезеңдеріндегі балалардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің өсуі   төмендегі суреттерде көрсетілді (2,3-сурет).

 


 

  

 

1-сурет -  Балалардың тәжірибелік – эксперименттік жұмыс  барысында отансүйгіштік  деңгейінің өсуі (жоғары деңгей)

 

2-сурет. Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша білімдік және тәрбиелік деңгейі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралау төмендегiдей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

ХХ ғасырдың  аяғы мен ХХІ ғасырдың басында Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер  «отансүйгіштік» ұғымын нақтылау мен жетілдіруді қажет етеді. Жаңа әлеуметтік қатынастар, әлемдегі жаһандану үрдісіне сай  патриотизм ұғымы жалпыадамзаттық тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталады.

 Патриотизмнiң дамып, қалыптасуының тарихи алғы шарттарын  айқындай отырып, тұлғаның бойында  Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттiк, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, жүйелілік тұғырлар тұрғысынан  сараланды.  

Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында отансүйгіштік, патриотизм, патриоттық тәрбие ұғымдарына, жалпыадамзаттық және  ұлттық  құндылықтарға ғылыми теориялық тұрғыда талдау жасалды.

Тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық  негіздері және  патриоттық құндылықтар жүйесі, оның факторлары: микрофакторлар, мезофакторлар, макрофакторлар, мегафакторлар, патриотизмнiң әдiснамалық негiзiн айқындауда философияның негiзгi категориялары әлемдiк жалпы (жалпыадамзаттық патриотизм), жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмi)  тұрғыда қарастырылғанда патриот тұлғаны қалыптастыруға болады.

Тұлғаның бойында  патриоттық құндылықтар олардың  білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өзіне қатынасы арқылы көрініс беретіні  тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нақты  нәтижелерімен дәлелденді.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналған оқу-әдістемелік кешен арқылы тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға болатыны тәжірибелік-эксперимент барысында дәлелденді.

Зерттеу бойынша тұтас педагогикалық үрдісте  жүргiзiлген жұмыстарды зерделей келе, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негiзiнде мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу талаптарына сәйкес төмендегiдей  шараларды іске асырудың  қажеттiлiгi туындайды:

1. Алыс және жақын мемлекеттердегі  іс-тәжірибелерге сүйене отырып  Қазақстан Республикасы  азаматтарына  патриоттық тәрбие  беруге арналған  мемлекетттік деңгейде тұжырымдама  қажет.

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері