Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24

2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58


Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Оқу іс - әрекеті үлгісі: Қазақстанның жер байлығы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімі: «Қоршаған орта, Экология»

Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс–тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап және ойын

Көрнекі–құралдар: Қазақстанның картасы, рәміздері,қалалардың суреттері, 
Көмір, күріш, бидай, тары, ұн, қант –жер байлықтарын өзін көрсету, мұнай мұнарасы суреті.

Сөздік жұмыс: Кең байтақ, құнарлы, мұнара, көмір, қалалар аттарына тоқталу.

Ұ.о. іс-әрекетін «жақсы» деген ширату ойынымен бастайық.

- Күннің  шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелеу)

Жақсы (алақандарын соғады)

- Желдің  соққаны жақсы ма? (желді бейнелеу)

Жақсы (алақандарын соғады)

- Достарыңмен  жүрген жақсы ма? (бір адым адымдайды)

- Туған  өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)

Жақсы

- Қазақстандық  болған жақсы ма? ( бас бармақтарын көрсетеді)

Жақсы

Тәрбиеші: Қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал, Қазақстандық деп кімді айтуға болады? Бұл біз, мына отырған сендерсіңдер. Себебі біз

- Қазақстанда  тұрамыз. Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Тәуелсіз, егеменді ел.

- Еліміздің  қандай рәміздерін білесіңдер? (елтаңба, әнұран, туымыз)

- Кең  байтақ Қазақстанның астанасы  қай қала? (Астана)

- Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар? (Қарағанды қаласында)

- Сендердің  ата–әжелерің қай қалада тұрады?

«Қала аттары» деген ойын ойнаймыз. Мен допты бір балаға лақтырамын,

ол бала Қазақстанның бір қаласын айтады. Бүгін біз балалар Қазақстанның жерінен өндірілетін байлық түрлерімен танысамыз. Осы байлық қазыналарымыздың қай қаладан шығатынын білу үшін, мына «Қазақстан картасына» назар аударайық.

Картамен жұмыс: Мынау балалар, қазақстанның картасы деп аталады. Мұнда көптеген қалалар көрсетілген. Қазақстан жері әсем, әдемі, жер көлемі үлкен, халықтары өте тату тұрады. Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік. – Біздің тұрып жатқан қала қалай аталады? (картадан көрсетіп тұру)

- Қарағандыда  не өндіреді? (көмір) (буклеттен Қарағандыны көрсету)

- Көмірді  не үшін қолданады? (үйді жылыту үшін)

- Оның  қандай қасиеті бар? Жанама, жанбай ма?(жанады)

- Көмірдің түсі қандай? (қара, жылтыр)

- Қызылорда қаласы туралы айтылады. Күріш сулы жерде өседі.

(Буклеттен  суреті көрсетіледі) Нағыз күріш  көрсетіледі. Күріштің пішіні қандай? (сопақша) Күріштен тамақ жасайды.

- Қостанайда бидай өсіріледі. Бидайдан не жасайды?Бидай пішіні қандай? (дөңгелек) Буклеттен көрсету.

-Атырауда мұнай өндіреді. Мұнай түрі қара болады. Одан парафин, свеча-шамшырақ, жарық сөнгенде пайдаланамыз, торт безендіру үшін қолданатын свечаларда қолданады.Осылардың бәрін мұнайдан алынады.Буклеттен мұнай өндіретін мұнара суреті көрсетіледі.

-Шымкентте мақта өндіреді, картадан көрсетіледі. Нағыз мақтаны көрсетіп, түрі сұралады. Мақтадан не жасайды? (көрпе, жастық т.б)

- Осы Қазақстанның картасына қарап отырып, үлкен мемлекет екенін білдік. Көрдіңдер ме, балалар әр қаланың өз жерінен шығатын байлығы бар екен.

«Табиғатпен сырласу» атты сергіту сәтін жасаймыз.

- Орнымыздан тұрып, көз алдымызға туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетеміз.

-Алдымызда мөп –мөлдір ағып жатқан сулар, гүлер жайнап өсіп тұр.

-Табиғатты тамашалап келе жатсақ, алдымыздан «Бұлақ» кездесті. Сол бұлақтан су ішеміз.Ол үшін алға иілу, аламыз, ішеміз, рахат-ай!

-«Алма ағашы» кездесті. Сол ағаштан алманы алып жейміз. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі, алу, қырт етіп тістеу, тәттісін –ай!

-«Раушан» гүліне кездестік. Алға иілу, аламыз, иіскейміз, қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз.

- Балалар көрдіңдер ме?

 Осыдан мынадай қорытындыға келдік:

 Бұлақ  –денсаулық,

Алма –рухани байлық,

 Гүл–бақыт  құсын сыйлайды,–деп ойынымызды аяқтаймыз.

Балаларға сұрақ –жауап: Кім қане, қай қалаға, ата –әжесіне немесе туған –туыстарыңа бардыңдар? Онда не көрдіңдер, қайда бардыңдар, табиғаты қандай екен? Бір бала шығып, өзінің қай қалаға барғанын картадан көрсетеді, сол қала туралы әңгімелеп береді.

Сол қалаға белгі қояды –жұлдызша немесе жалау. 2 -3 баладан сұралады.

- Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым  келіп тұр. Соның жауабын тапсаңдар, Қарағандының байлығын табасыңдар.

Баласымын даланың

Туғаннан датсыз қарамын

Қыс келсе үйді жылытып

Пештен –пешке жанамын. Ол не? (көмір)

- Жұмбақтың  шешуін тапқан бала, көмір суретін алып картаға қаланың

тұсына қояды.

Алтын, сары тоны бар

Қауызында дәні бар (бидай)

- Қостанайдың  тұсына қояды.

Күнді сүйемін

Күллі жұртқа ырыспын

Алсын деп мол өнім

Ала жаздай су іштім (күріш)

–Қызылорда тұсына қояды.

- Жұмбақты  жақсы шештіңдер.

 Біз сабақтың басынан бастап Қазақстанның қалалары, қазба байлықтары, картасы туралы айтып жатырмыз.

Енді қазір біз, ұжымдық жұмыс қазақстанның картасын түрлі –түсті қағаздан құрастырамыз.

Балалар үш топқа, үш үстелге бөлінеді. Үстел үстінде түрлі –түсті қағаздан қалалар суреті қиылған. Балалар қазақстанның картасына қарап отырып, ватман қағазға жапсырады.

 Тәрбиеші  түсіндіріп тұрады: Ортасына Қарағанды  қаласын жапсырамыз, Қарағандының  үстіне Астана қаласы, картаның  оң жақ, жоғарғы жағына Павлодар  қаласын, Павлодардың астына Алматы  қаласы, сол жақ төменгі жағына  атырау қаласын жапсырамыз деп  математикамен байланыстыру. Болған топтың балалары картаны көтеріп көрсетеді. Қандай қалаларды құрастырғанын айтады.

Қорытынды: Балалар, сендер көп нәрсе үйрендіңдер. Қазақстанның жер байлығымен таныс болдыңдар. Мұның бәрін біз қайдан аламыз? (жерден аламыз) Сондықтан жерді қорғап, аялай білуіміз керек.

Оқу іс - әрекеті үлгісі: Табиғатты аяла

Мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті - күн, жер, су, ауа екенін ұғындыру. Табиғат аясындағы жанды – жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілікпен,  мақтаныш сезімімен қарауға баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Өлі табиғат компоненттері: топырақ, құм, тас – олардың қасиеттерімен таныстыру.  

І. Ұйымдастыру.Тәрбиеші:  Балалар,бізге қонақтар келіп отыр, өзіміздің әдепті, ұғымтал бала екенімізді көсетейік. Енді шеңбер жасап бір-біріміздің  қолымыздан ұстап сәлем берейік.

1 – бала:   Әдепті елдің баласы,

                           Алдымен сәлем береді. 

2 – бала:   Ата – бабамыз айтқандай

                 Алыстан 6 жасар бала келсе, 

                         Алпыстағы қарт адам сәлем берер деген (Ассалаумағалейкум)

Тәрбиеші:  Рахмет, балалар! Орындарыңызға отырыңыздар. Әдептен озбайық.  Өткен тақырыпты қайталаудан бастайық.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса,

Сәлем саған Жер - ана!

Сәлем саған Нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік болсын,  қалайық.

ІІ. Жаңа тақырып. Тәрбиеші:   Енді орындарыңа отырыңдар. Қоршаған ортамен танысу сабағын бастаймыз. 

- Балалар табиғат дегеніміз не? (Бізді қоршаған орта). Оған не жатады?  (Жер,су,күн,аспан,тау,жануар,адам,өсімдік). Өлі табиғатқа нелер жатады? (Күн, су, ауа, тас, жер, құм).Тірі табиғатка нелер  жатады? (Адамдар, жануарлар, құстар, жәндіктер). Жақсы балалар, енді  мен  топқа  келгенде табиғат  бұрышында  мынау әдемі  доп  секілді, шарға ұқсас  нәрсе тұр  екен. Атын  есіме  түсіре  алмай тұрғаным, қане  маған  көмектесіңдерші. (Балалар: Бұл ғаламшар). Тәрбиеші:Ол не  зат?  Мұндағы  түрлі түстер  нені  білдіреді?( Ол жер  әлемі, онда  қалалар,  өзен-көлдер, таулар  түрлі  түспен  бейнеленген). 

ІІІ. Мотивациялық   бөлім. (Осы кезде жарықты  өшіру керек, есік қағылады,  тәрбиеші барып  ашады.  Сиқырлы  қоржынды  (пошташы) әкеліп  береді. Хат  пен  кілемшені  алады. Тәрбиеші  хатты  оқиды. «Балалар, сендерді  өзімнің  әлеміме  саяхатқа  шақырамын.Ұшатын  кілемді  беріп  жібердім, жылдамырақ  келіңдер» деп  жазылыпты.

Қане,  кілемді  жайып  отырайық – деп  кілемді  жаяды. (Кілемнің  шеттері  жанып – сөніп  тұратын  кішкентай  шамшырақпен   көмкерілген). Балалар, қане  жайғасып, шуламай  отырайық.  

Дауыс  естіледі:  Енді  көздеріңді  жұмып  аспан  әлемін  елестетіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, аспанда не бар? (Ай,Күн,Бұлттар,Жұлдыздар).

Балалар, біз аспанда  ұшып  барамыз, ал  төменде  нелер қалды? (Қалалар, өзендер, таулар, көлдер, ормандар).

Дауыс  естіледі: Көздеріңді  ашыңдар, келдіңдер.

Балалар  табиғаттың  төрт  құдіретімен  амандасайық.

Армысың,  қайырлы  қара  жер,

Армысың,  мөлдір  таза  су.

Армысың,  шұғылалы  алтын  күн,

Армысың,  мейірімді  аспан-ата.

Енді  балалар, қазір  мен  сендерге   Ш.Ахметов  ағамыздың «Бұл  қай   кезде  болады?» өлеңін  оқимын, сендер  өлеңде  не  жайында  айтылатынын  зейін  қойып, мұқият  тыңдап  отырыңдар.

Бұлттар  төніп,

Жерге  төгіп,

Дымқыл  тұман  басады.

Шөп  сарғайып,

Өңі  тайып,

Дала  сұры  қашады.

Ойнай  алмай...

Денең  мұздап  тоңады.

Бөбектерім  айтыңдаршы

Бұл  қай  кезде  болады? (Күз  суретін  көрсету).

Тәрбиеші: Күз  мезгілінің  ерекшіліктері  қандай  екен? (Күн  суытады, жапырақтар  жерге  түседі, құстар  жылы  жаққа  кетеді).  Күз  айларын  білесіздер  ме?(қыркүйек, қазан, қараша). Жыл  мезгілдерін  атап  бере  аласыз  ба?(күз, қыс, көктем, жаз).

Жарайсыңдар. Ал  мен  енді  сіздерге  бір  әңгіме  оқып  берейін.

Ерте, ерте  заманда  Апта  есімді  ана  өмір  сүріпті. Көп  жылдар  бойы  бала  армандапты. Күндердін  күнінде  тілегі  орындалып, қатарымен «Жеті ұл» туыпты. Балалары  аман – есен  болып, бақытты өмір сүрсін деп, «Жеті шелпек»  пісіріп  елге  таратыпты, міне, балалар, осыдан  бастап  тарихта  апта  күндері  қалыпты.

Сергіту  сәті: - Енді  апта  күндерін  еске  түсірейік:

Дүйсенбіде – доп  ойнадық  қорада,

Сейсенбіде – серуен  құрдық   далада.

Сәрсенбіде – сурет  салдық   сәндетіп,

Бейсенбіде – би  биледік  әндетіп.

Жұма  күні – жидек  тердік  ағаштан

Сенбі  күні – кино  көрдік  клубтан

Жексенбіде – үйде  болдық  демалдық.

Тәрбиеші: Балалар  су  әлеміне не  жататынын  білу  үшін  жұмбақ  шешуіміз  керек.  Дайынсыздар ма?

Бұйра  жасап  сан  қилы,

Сауық  жазық  шалқиды.(Теңіз)

-Дұрыс  айтасыздар.  Ендеше  «Матростар»  биін  тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Енді бәріміз  «Әрқашан күн сөнбесин!» - деген  өлеңімізбен   аяқтаймыз.

Оқу іс - әрекеті үлгілері:Экологиялық жол

Мақсаты: Балаларды  ойын  арқылы  табиғат  туралы  білімдерін  тиянақтау. Жыл  бойғы  алған  білімдерін  бекіту. Табиғатты  аялауға, күте  білуге,  қорғауға  тәрбиелей  отырып,  отансүйгіштікке тәрбиелеу  негіздерін  қалыптастыру.

- Балалар, бізге  орманшы  ағайдан  хат  келіпті. Ол  кісі  бізді  табиғатқа  қаншалықты  қамқоршы  екенімізді  білгісі  кеп  бізге  "Не  қайда  тұрады?"  ойынын  жіберіпті. Балалар  қараңдаршы  мына  үлкен  құрсауды. Мұнда  жануарлардың,  жәндіктердің,  құстардың  суреттері  бар  екен. Ал  мұнда  қараңдаршы, бұл  көк  түсті  құрсау. Бұған  біз  құстардың  суреттерін  орналастырамыз. Ал  мына  жасыл  құрсау  аңдар. Ал сары құрсауға жәндіктерді  орналастырамыз.

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері