Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 21:43, курсовая работа
Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
“таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
Кіріспе ……………………………………………………………………….........3
1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері …………………................................................................................................6
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі..........…............6
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері................................................................................................12
2. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….....................................21
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны………….……………………………............................21
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ........................……………………………32
Қорытынды .……………………………………………………………..............43
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......45
Қосымшалар ……….……………………………………………………….......48
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Курстық жұмыс
Тақырып: Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі
Орындаған:
______________________________
Тексерген:
_____________________
Қостанай қ., 2012 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ………………………………………………………………………...
1. Дидактикалық ойын технологиялары
негізінде бастауыш сынып оқушылардың
сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің
теориялық негіздері ………………….......................
2. Дидактикалық ойын технологиялары
негізінде бастауыш сынып оқушылардың
сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша
тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….............
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары
негізінде бастауыш сынып оқушылардың
сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша
мұғалім жұмысының мазмұны………….…………………………….......
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары
негізінде бастауыш сынып оқушылардың
сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша
мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау
........................………………
Қорытынды .……………………………………………………………......
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......
Қосымшалар ……….……………………………………………………….....
Курстық жұмысының өзектілігі: Кез келген елдегі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуіне бағытталған, себебі мектеп, жоғары оқу орны болашақта коғамның экономика, мәдениет, саяси өмірі салаларында белсеңді қызмет ететін адамдарды дайындайды. Сондықтан білім берудегі негізгі буын - мектептің pөлі өте маңызды.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіле келіп, "педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен eмес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті,"-делінген.
Дәстурлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажетлігі туындады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде.
Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бip формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А.И.Берг, В.П.Беспалько, Б.С.Блум, M.В.Кларин, И.Я.Лернер, В.Оконь, Б.Скиннер, Н.Ф.Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.С. Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.И.Щукинаның зерттеулерінде, жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.А. Амонашвили, Е.В.Бондаревская, И.С.Якиманская еңбектерінде, жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы А.А.Бударный, Р.Б.Вендровская, А.А. Кирсанов, А.В.Петровский еңбектерінде жан-жақты зерттелген. К.Я. Вазина (ұжымдық ойлау ic-әрекеті), Н.Д.Хмель (ұжымдық танымдық әрекет) сияқты ғалымдар ынтымақтастықты педагогикалық технологияның негізі деп қарастырса, жаңашыл-педагoгтap С.Н.Лысенкова, Е.И.Соседова, В.Ф. Шаталов мұны тәжірибеде жүзеге асырды.
Оқытудың модульдік технологиясы В.М.Монахов, Қ.Қабдықайырулы және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер M.Ж.Арыстанов, Н.К.Ахметов, Б.А.Қойшыбаев, П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров және басқалардың еңбектерінде зерттелген.
Қазіргі кезде қай салада да маңызға ие болып отырған ақппараттық технологияның мәні, мазмұны, қолданылуы және оны оқу процесіне еңгізу мәселесі Б.С. Гершунский, Ж.А. Қараев, Н.М. Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр.
Оқушылардың оқу процесіндегі компьютерлік ойындардың, компьютер негізінде дербес оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері туралы Қ. Аганина, Ж. Сардарова, К. Халықова және басқалардың, мектеп, жоғары оқу орнында математиканы оқыту процесінде Монахов технологиясын қолдану туралы Л. Оразбекова, И.В. Логинова және басқалардың зерттеулері бар.
Қазіргі заманда білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, білім беру жүйесін прогрессивтік және динамикалық бірлікте тұтас, интегративті дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие процесін, жоғары тиімдиліктегі педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Осыған байланысты ipгeлi ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті де зор болашағы бар көкейкесті бағыты Қазақстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ipi өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал, жақын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік процесте алатын орны оның үкіметі мен халқының Қазақстанды материалдық емес, парасат-пайымға негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға беретін ғылым негіздерін олардың болашақ ic-әрекетінің берік негізі әpi тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әді-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыр еңгізуді талап етеді.
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияларды дұрыс пайдалану мүғалімнің шеберлігін көрсетеді. Технологиялардың түрлері көп, соның ішінде біз ойын технологиясын пайдалануды жөн көрдік.
Бүгінгі күні білім мазмұнын жаңарту кезінде білімді жоғары деңгейде меңгеруін, оқушынын психологиялық даму ерекшелігін, олардың ақыл – ойын дамыту, танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігін ескеру, көптеген ғалымдар өздерінің ғылым еңбектерінде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру құралы ретінде ойындарды бөліп көрсетті. (В.С.Мухина, Е.Э.Селецкая, Н.Ф.Талызина т.б.) бастауыш сынып оқушыларының әрекеттеріне қарасақ, олардың әлі де болса ойын балалары екенін көреміз. Сондықтан да бала өмірінде ойының маңызы ерекше. Ойынның балалардың дамуына әсерлі екенін, бала өмірінде алатын орны өз еңбектерінде көрсеткен атақты педагогтар К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов т.б. болды. Жаңашыл педагогтар, Ш.Амонашивили, С.Н.Лысенковалар т.б. ойынның оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы екенін өз іс-тәжірбиесінде дәлелдеді және оның нәтижелігін көрсетті.
Қазіргі қоғамға ақыл – ол кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адамдар керек. Осыған сәйкес жалпы білім беру саласындағы түрлі өзгерістер болашақ ұрпақтарды оқыту, білім сапасын жаңарту, арттыру мәселелерін қарастырды.
Жоғарыда айтылғандардан оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді зерттеуді қажет ететін өзікті мәселелер.
Зерттеу объектісі – дидактикалық ойын технологиясы арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған оқыту процесі.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру дидактикалық ойын технологиясын пайдалану бойынша мұғалім жұмысының мазмұны.
Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
Зерттеудің әдіснамалық негізі: жеке тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, педагогикалық процесс теориясы, мемлекеттік құжаттар.
Зерттеу әдістері: ғылыми – педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау, бақылау әдісі, әңгімелесу, сауалнама, педагогикалық эксперимент.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 Дидактикалық
ойын технологиялары негізінде
бастауыш сынып оқушылардың
1.1 Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі
Оқу – ғылыми танымнан айырмашылығы бола тұра, ол сөзсіз шындықты жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.
Жалпы таным туралы өз ой пікірлерін ортаға салған атақты философтар да жоқ емес. Атап айтсақ: Р. Декарт, Г. Гегель, Г. Лейбниц т.б.
Г. Гегель: “Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің мәні қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйелі ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процессі” – деді.
Педагогикада таным процесі төмендегідей құрылымдардан айқындалған. 1. Қабылдау. 2. Ұғыну. 3. Талдап қорыту. 4. Бекіту.
Оқушының танымдық дербестігі жөнінде мәселе бүгінгі күндері түрлі пікірталастар түдырады. Оқушының танымдық дербестігі мұғалімнің кәсіптік дайындығына байланысты. Бұл оның педагогикалық процесте оқушылармен бірлесіп мақсатты түрде әрекеттерін ұйымдастыра білу, оларды білім негіздерімен, әрекет тәсілдерімен қаруланып, танымдық тапсырмаларды өмірдің жаңа кезеңдеріне сай қолдана білуге үйрету болып табылады.
Таным және адамның танымдық іс - әрекеті мәселелері бұл филологтардың негізгі мәселесі, генеологияның зерттеу пәні мен түйсінуі.
Философия танымының жалпы әдісі дидактиканы қаруландырады. Оқу процесінің методологикалық негізі – таным теориясы.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, белсендіру процесінің қозғаушы күші шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түріне қызығушылық болып табылады.
Зерттеушілер оқушылардың оқу барысындағы танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп керсетеді:
1) Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін шешу арқылы (М.Г. Голант, Б. П. Есипов, М.Н. Скаткин, т.б.);
2) Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Д. Н. Богоявленский, Е.Н. Кабанова-Меллер, Н.А. Менчнская, В.В. Давыдов, Д.В. Эльконин);
3) Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина);
4) Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый);
5) Оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.И.Рувинский).
Адамның іс-әрекеті сан-алуан түрлі болады. Материалдық және рухани өмірге қажеттерінің бәрі болып өмір сүру адам қоршаған дүние жөнінде хабардар болуға, табиғат, қоғам туралы дұрыс түсінігі болуға, айналадағы адамдардың және өткен ұрпақтардың тәжірибелерін игеруге тиіс, оған іздену, ойлау, білу, зерттеу, бір сөзбен айтқанда танымдық іс-әрөкетпен шұғылдану қажет. Сезім органдары мен ми адамға қоршаған дүниені қабылдауға, білгендерін өсінде сақтауға, оны ойына түсіругө, ойлауға т.с.с мүмкіндік береді. Сондықтан психикалық процестер: қабылдау, ес, ойлау, қиял-мұның бәрі адамның танымдық іс-әрекетінің көрінісі.
Педагогикалық тұрғыдан келетін болсақ, таным - «адамның сана-сезіміндегі шындық қубылыстардың бейнесінің ерекше процесі» [1, 131]. Таным процесінде ойлаудың әртүрлі тәсілдері пайдаланылады (талдау, жинақтау, дедукция, индукция, абстрактыдан нақтыға көшу және т.б.). Танымның негізі және білім ақиқатылығының өлшемі - практикалық іс-әрекет.
Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары - танымдық іс-әрекеттің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну-жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімнің, білігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың құбылыстардың адам санасына бейнелеу процөсі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымыза бейнеленуін түйсік деп атайды.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқтылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Білімді, білікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Информация о работе Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі