Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 21:43, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
“таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………….........3

1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері …………………................................................................................................6
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі..........…............6
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері................................................................................................12

2. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….....................................21
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны………….……………………………............................21
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ........................……………………………32

Қорытынды .……………………………………………………………..............43
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......45
Қосымшалар ……….……………………………………………………….......48

Вложенные файлы: 1 файл

КЖ-сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің дидактикалық ойындар.doc

— 1.58 Мб (Скачать файл)

Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, білігін және дағдысын тексеру, бағалау-бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде төк қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін-білім сапасын, байымдау сауаттылығы, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмуны анықталады, объективті баға беріледі.

Оқытудың нәтижесі ең алдымен танымдық іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін немесе оның жетеленген элементтерін: ұғымдары, елестері, әртүрлі ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру болып табылады. Бұл танымдық іс-әрекетті тиімді қалыптастыру оқу процесінің тиімділігін дәлелдейді.

Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойында баланың жеке басы дамиды. Оқу және тәрбие әрекетінің жемісі баланың психологиялық жағынан көрінеді.

Ойын әрекет естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орынд алады.

Н.К.Крупская “Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді” – дейді [2, 96].

Бірден-бір оқушылардың сабаққа ынтасын арттыратын құралдың бірі- ойын.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырад дегенді айтады.

Н.Ф. Талызина “Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды  және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте – бірте ойынан кейін оқу әрекеті орын алады.” – деген пікір айтты.

Мұғалім оқушы танымның аса нәтижелі болу жолында есте сақтау дәрежесін үнемі сапалы атқарғаны жөн. Оқушылардың танымы негұрлым жоғары сапада болуы үшін, ұстаз үнемі баланың сенімдері мен қиялына иек сүйеп отыруы керек. Жер бетіндегі байлықты, әсемділік атауын жасайтын адам.

М.Н. Саткин бастауыш сынып оқушуларына берілетін материалдарда проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптаса, В.В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді [3, 79].

Н.К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.

Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетінін дәлелдеді [4, 112].

Психолог А.С.Выготский: “ Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді ” – дейді [5, 150].

Я.А.Каменский “ойынды рухани және дененің даму қозғалысы” – деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты [6, 160].

К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді  – деді [7, 78].

Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухамлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырды.

Павлыш мектебінде кіші жастан жоғары жастағы балалардың танымдық қызығушылығын оятудың жүйесін ойлап тапты. Оқу процесін осылай ұйымдастырғанда оқушылар қызығушылықпен органикалық түрде ғылыми білімдер мен дене еңбегін байланыстыра алады. Соңғы жылдары оқытудың белсенділігін арттыру жолдары толықтырылады және дамыта оқыту, проблемалы оқыту, пән аралық байланыстар мен техникалық оқу құралдарын пайдалану назарға алынды. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша жұмыстары жүргізіп, әр сабаққа идеялық әдістемелік, жоғары дәрежеге жеткізу, оқыту мен тәрбие берудің дамыта оқытудың жолдарын іздестіруінде.

Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:

    1. Танымдық дидактикалық ойындар.
    2. Сұрақ-жауап, тапқырлық клубы, викторина, қызықты математика.
    3. Пәндік олимпиада апталығы.
    4. Көрнекіліктер.
    5. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
    6. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
  1. педагогикалық технологиялар.

Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.

    1. Дидактикалық міндет.
    2. Танымдық қабілетін арттыру.
    3. Оқудын тиімділігін арттыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірбиелерде қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алдады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілеттерін артуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.

  • Сабақтың творчествалық бастамасы;
  • Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы;
  • Сабақтар түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.

Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыруын жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.

  • Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер;
  • Білім мазмұнының көлемі, маңызы;
  • Дайындық мөлшері, таным мүмкіншілігінің дағдылары және оқушылардың күші;
  • Оқу міндетін шешуге кететін уақыты.

Оқушылардың әрбір іс-әрекетіне танымдық қызығушылықтың жойылып кетпеуіне мектептегі педагогикалық ұжым бақылап, есте сақтап, қадағалап отыру қажет.

Сабақ үйрету барысында берілген есеп жаттығуларды жалаң түрде орындаттырамай, әр түрлі ойын элементтерін кіргізіп өткізсе, бала үшін әрі ойын, әрі ойлау қабілетін арттыратын ерекше процесс болар еді. Мысалы: сабақ үстінде кездейсоқ кіргізген Жұмбақбай ата, Қожанасыр, Тазша бала, Дымбілмес, аңдар біріншіден, балаларды таңғалдырады әрі қарай не болар екен деген сұрақтар туғызады. Сонымен қатар әр түрлі сұрақтар, ребус шешу, логикалық тапсырма, компютермен жұмыс, танымдық ойындардың қызығушылығын туғызады.

Білімге деген ынтаны ояту мәселесі дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың білімге деген құштарлығы дамиды. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.

Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы зандылықтарын көрсетеді. Оқыту әдістерінің зерттеуші ғылымдар жалпы алғанда былайша топтайды.

  1. Балалардың оқу – таным әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері.
  2. Оқу – таным әрекеттеріне түрткі жасау әсер ету әдістері.
  3. Оқу – таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.

Бұлардың әрқайсысына жекеленген әдіс кіреді.

  1. – топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер: индуктивтік, дедуктивтік.
  2. – топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері.
  3. – топқа ауызша, жазбаша тексеру.

Өткен ғасырдағы немістің көрнекті педагогы Дистербергтің “Нашар мұғалім шындықты қолға ұстады, жақсы мұғалім оны таба білуге үйретеді” – деген сөзі еріксіз көзге түседі.

Оқушылардың танымдық қызмет белсенділігін арттыру үшін әдіс – тәсілдер сан қилы. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру құралдарының бірі – ойындар болып табылады.

Балалар ойынының көп түрлері бар. Олар оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, есте сақтау және олардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға, мектепте алған жаңа материалды меңгеруге және бекітуге, оқытылатын пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Ойын мұғалімге білім беру, тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға көмегін тигізеді.

В.В. Давыдов “Дұрыс ұйымдастырылған ойын балаға өмірге қажетті көп нәрселерді үйретеді. Ойынның өз ғана уақытында баланың жаңа психологиялық жағдайы өзінің ойын мазмұнына қарай көрінеді” – деген.

Дидактикалық ойындар оқыту формасы ретінде екі мазмұндық сипатқа ие болады, оқу (тану) және ойнау (серігу). Мұғалім ойын барысында бір мезетте әрі мұғалім, әрі ойын мүшесі бола алады. Мұғалім оқыта отырып ойнатады, ал балалар ойнай отырып оқуға мүмкіндік алады [8, 82].

Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде емес, еркін сезінуі керек. Ойын балалар сабақта зерігіп шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген ұғым, түсінік терді берік менгеру мақсатында жүргізіледі. Ойын арқылы оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйретед, ойлау қабілеті дамид, өздігінен қорытынды жасай білуге дағдыланады.

Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттаулар орындап, оқумен жаттығады, және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсармаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қыймылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын кережесі сақталуы керек.

Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.

Я.А. Каменский: «ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз, оларды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойындар жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек» - деп аттап көрсетеді [9, 101].

Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.

Ұлы– классик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар педагогикаға және ұрпаққа қалдырған В.А.Сухомлинский ойынның маңызын былайша түсіндірді: «Ойынның ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңгейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы» [10, 15].

Халқымыздың аяулы азаматы М.Жұмабаев «Педагогика» деген еңбегінде ойын туралы былай дейді. “Баланың қиялы ойынды жарыққа шығарғанда; ойнағанда бала әсерлерді пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді.”

 

1.2 Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын тандауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл әдіс, әсіресе, халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдалануда. Соңғы жылдарға дейін ойын әдісін оқыту процесіне шек қойылып та келді. Қазіргі кезде оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төменгі бағытта қолданылып жүр:

  • оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде, ұғымдарды меңгеру барысында өзіндік технология ретінде;
  • барынша көлемді бір технологияның элементі ретінде ;
  • тұтас ойын сабағы немесе сабақтың кіріспе, жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, жаттығу, тексеру кезеңдерінде қолданылатын оның бөлігі ретінде;
  • сыныптан тыс жұмыстар технологиясы ретінде. "Ойындарды пайдаланудың педагогикалық технологиясы" ұғымы педагогикалық процесті әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде ұйымдастырудың көптеген әдістері мен амалдарын қамтиды. Педагогикалық ойындардың жалпы ойындардан елеулі айырмашылығы – оқытуда алдына белгілі бір педагогикалық нәтиже көздейтін мақсат қойып және оның оқу – танымдық сипат алуында. Ойын арқылы оқыту сабақта оқушыны оқу әрекетіне қызықтырып, ынталандырады.

Сабақта ойындарды пайдалану мынадай негізгі бағыттары бар: дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын арқылы, оны шешу арқылы қойылады: оқушылардың оқу әрекеті ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланады, оқу әрекетіне дидактикалық мақсатты ойынымен алмастыратың, ойын арқылы жүзеге асыратын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі; дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын нәтижесінен көрінеді.

Оқу процесіндегі ойын арқылы оқыту технологиясының орны мен ролін анықтау, ойын мен оқу элементтерін үйлестіре білу көбінесе мұғалімнің ойының атқаратың қызметі мен жіктелуін түсінуіне тікелей байланысты.

Алғашқы кезекте ойындар дене (қозғалмалы) және интелектуалды (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық болып жіктеледі, ал педагогикалық процесс сипатына қарай ойындар төмендегіше топтарға бөлінеді:

Информация о работе Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі