Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Шағын жинақты мектептердің басты мәселесі-қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы, арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы, кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің жоқтығы. Бүгінде орта мектептердегі бала саны 80-нен жоғары болуы тиіс. Сонда ғана мекеме толыққанды білім ошағы болып саналатыны белгілі. Алайда, соңғы кездері бұл көрсеткіштер күрт азайып, мектептердің басым бөлігі шағын жинақты деп танылып жатыр. Бұл жағдай халықтың тұрмыс жағдайына байланысты қалаларға көшіп, бала санының қысқаруын туындатып отырғаны жасырын емес. Осыдан кейін еліміздегі көптеген мектептер «шағын жинақталған мектептер» деген атауға ие болуда. Осы мәселе, қазір ұстаздар қауымын алаңдатып отыр. Қандай мектеп болмасын, балаларға тиісті деңгейін беруі тиіс. Алайда, мамандардың тапшылығына байланысты бір немесе бірнеше пәннен сабақ беруі қазір өзекті мәселеге айналған.

Шағын жинақталған мектептердің проблемасы көп, бастауыш негізгі мектептердің жағдайы төмен. Материалдық-техникалық базалардың көрнекі құралдары нашар.Арнайы жабдықталған пәндікдәрісханалар да, зертханалар да жоқтың қасы.Интернет желісінің жұмыс істеу сапасы да тіпті шалғай ауылдар желіге қосылмаған, кітап қоры аз, оның ішінде мұғалімдерге қажетті инновациялық технологияға байланысты әдістемелік құралдар мен материалдар қолданыста жоқ деуге де болады. Кадрлар мен мұғалімдер кәсіби біліктерін жетілдіру курстарынан неше жылда бір өтеді. Бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ береді. Оның үстіне бала саны аз болғандықтан, сыныптар топтастырылып сабақ өтеді. Оқушының бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алу мүмкіндіктері аз. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін. Алайда, мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді оқыту қызметімен ұштастыра отыруы тиіс. Өйткені, бұл кезеңде баланң мектеке күнделікті оқун қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, дене және психикалық – физиологиялық дамуы жүріп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейінін үнемі шоғырландыруға қабілеті дамымаған, қозғыш, еліктегіш болады[8,52б].

Шағын кешенді мектептерде негізгі назар, ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. Ауылдық жерлердегі шағын жинақтау мектептерінің білім беру сапасын көтеру – ең өткір мәселелердің бірі. Ол үшін ауылдардағы мектептердегі мұғалімдерді кезең-кезеңмен арнайы курстардан өткізуді қолға алу керек. Бұл ең тиімді жол. Шынында ауылдағы шағын жинақтау мектептеріндегі білім беруді жаңғырту үшін (модернизациялау), мұғалімдердің сапасын арттыру өзекті тақырып. Бұған қоса, шағын жинақтау мектептерінің материалдық базасын жаңа заманға сай жабдықтау – негізгі міндет болып табылады. Және ұстаздар мынадай талаптарға сай болу керек:

Өз пәнін игерудегі білімі өте жоғары деңгейде болу;

Өзінің алға қойған мақсатына жетуде жоғарға жетістіктегі әдістемелерді дер кезінде пайдалана алу;

Өзінің ұстаздық мамандығын қатты сүю және оның ұлы мамандық екендігін қашан да сезіне білу;

Оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, халықтың әрбір баласын тәрбиелеп, білім беріп отырғандығын жадынан шығармау;

Оқушымен қарым – қатынаста ұстамдылық танытып, өзін парасаты, сыпайы ұстау;

Жаңа шығып жатқан әдістемелерді тез игеріп, компьютерді интерактивті тақтаны тиімді пайдалана алу;

Үнемі шығармашылық іздену үстінде, яғни білімін толықтырып отыру;

Өз әріптестерімен тәжірибесін бөлісіп немесе олардың тәжірибесін пайдалана отырып, жан-жақты даму үстінде болу;

Өз отанын шын жүрегімен сүйіп, елінің гүлденуіне үлес қосуға қашанда даяр болып, ынталы түрде қоғамдық, мектепішілдік шараларға белсенді араласу;

Халқының салт-сана, әдет-ғұрпын, тілін терең біліп, ұлттық құндылықтарын бағалай отырып, оны оқушылардың бойына сіңіруге бар ынта жігерін жұмсау.

Бүгінгі күні шағын жинақты мектептердегі біріккен сыныптармен, яғни жастары әртүрлі балалардан тұратын аудиториялармен жұмыс істей алатын мамандардың аздығы – негізгі мәселе. Ол бойынша жұмыстар да істелініп жатыр.

Шағын кешенді мектеп сыныптарындағы оқушылыр санының аздығы сабақ барысында жеке жұмыс жасау, саралап оқыту мүмкіндігін күшейтеді.

Шағын кешенді мектептің біріктірілген сыныптарындағы дамыта оқыту технологиясы негізінде ұйымдастырылатын біртақырыптық сабақты 3 бөлім бойынша өткізуге болады:

Бірінші бөлімде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі. Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.

Екінші бөлімде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Өйткені, шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан, бұл кезеңде тапсырмалар әр сыныптағы оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.

Үшінші бөлімде, екі сыныпқа да тақырыпты бекітугебағытталған ортақ тапсырмалар беріледі. Бұл рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жинаған ұпай санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады.

Мысалы, 9-шы және 11-шы сыныптарда «Механикалық тербелістер. Амплитуда, период, жиілік тербелістері. Механикалық толқын. Толқын ұзындығы (механикалық және электромагниттік толқындар). Дыбыс» тақырыптарын екі сыныпқа қатар өткізуге болады. «Жұмыс және қуат» тақырыптарын 7-ші, 9-шы сыныптарда біріктіріпөткізуге мүмкіндік мол.

Ал 7-ші, 9-шы, 10-шы сыныптарда « Механикалық қозғалыс. Салыстырмалық қозғалыс. Санақ жүйесі. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық» тақырыптарын үш сыныпқа біріктіріп өткізуге болады. 7-ші, 8-ші, 10-шы сыныптарда «Ішкі энергия. Температура. Жылу берілу» тақырыптарын меңгеруге болады.

7-8 сыныптарда көрсетілген  тақырыптар жаңа материал ретінде  өтіледі. Мұғалім, 9-11 сынып оқушыларын, ақыл-кеңесші ретінде жаңа материалдарды игеруді ұйымдастарған кезде бақылау, тереңдету, жалпылау және материалын қайталауда өз ісіне тартуға болады.

Мұғалім, жаңа материалды меңгертуалдында жоғары сынып оқушыларына жұптық (бірін-бірі тексеру) оқыту әдістемесі арқылы тексеріп, содан оқушылармен ортақ жұмыс жүргізеді. Мысалы, «Ауырлық күші» тақырыбын 7-ші сынып оқушылары үшін жаңа тақырыпты меңгерту сабағы ретінде, ал 10-шы сыныптарда қайталау сабақтары ретінде өткізген тиімді.

Оқушылыр өзіндік жұмыс орандағанда жетістікке жетуі үшін: тапсырмалар сараланып іріктелуі, үнемі мұғалімнің бақылауымен орындалуы және туындаған қиындықтарды шешу үшін уақытында көмек көрсетілуі тиіс. Жеке оқыту тұрғысында мұғалім әрбір оқушыға ықыласпен және қамқорлықпен қарайды оқуға деген оң көзқарасты және оқушының жетістігін көтермелейді.

Әр сынып оқушылырының шағын тобында жұмысты дұрыс ұйымдастыру маңызды әдістемелік проблема. Білім көлемі әртүрлі оқушы топтарының болуы дұрыс емес, өйткені, жақсы оқитын оқушы есепті басқалардан бұрын шығарып, оны басқаларға көшіртеді. Егер жақсы оқитын оқушы нашар үлгеретін оқушыға көмектессе, оқу үлгерімін біршама жақсартады.

Ойлау арқылы оқушылар шығармашылыққа ұмтылады, материалды дайын күйінде қабылдамай, оны жеке зерттеу немесе бақылау жүргізе отырып, өз сұрағына жауап таба алады. Сабақта, мұғалім оқушылардың интеллектуалдық дамуына назар аудармай, тұлғалық қасиеттерінің де ұшталуына басшылық жасауы қажет. Оқу – баланы оқуға күштемей, танымдық қызығушылықтарын, талпынысын, ерік-жігерін оқу жұмысына бағыттағанда ғана тиімді болады.

Кез-келген сабақтың өнімділігі, мұғалімнің сабаққа дайындығына байланысты. Біріктірілген сыныпта сабақты жоспарлау жаңа оқу материалын түсіндіретін сыныптан бастау қажет. Бұл сабақ басқа сыныптардың сабағын (олардың жоспарларын) «жинақтайтын» өзек болып табылады. Жинақтаған сыныптарда түзеу, анықтау жұмыстары жүргізіледі. Біріктірілген сыныптардағы сабаққа дайындалғанда, бір сыныпқа жоспарлаған уақыт тиімді пайдаланбаған жағдайда қосымша тапсырмалар дайындаған жөн.

Бірқатар жағдайда сабақтың басты элементтері, мұғалімнің оқушыларға жаңа материалды және жаттығуды түсіндіруі, екіншісінде фактілерді бақылауы салыстыруы, әңгімелесуі,  соның нәтижесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын қалыптастырады және оны қолданумен жаттығады. Кей сабақтарда, оқулық материалдарын меңгеру жиі қолданылады, кейін игерген материалды түсінгенін бақылау мақсатында, әр сыныппен ортақ әңгімелесіп, содан соң жаттығулар жүргізіледі.

Сабақтың мақсаты – білімді берік бекіту, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Оған жұмыстың мақсатын хабарлау, теориялық материалды игерту, тапсырмаларды орындау тәртібі туралы нұсқау беру, жұмыстарын орындағанын тексеру (ішінара немесе түгелдей), үйге тапсырма беру жұмыстары кіреді. Жұмыстың негізгі түрі жаттығуларды ауызша немесе жазбаша түрде жүргізеді.

Міне, осы секілді жұмыстаршағын жинақты мектептің оқу үдерісіндегі сабақты тиімді ұйымдастыруғажағдай жасайды. және білім алушылардың ақпараттық, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға, ойлау, шығармашылық, өзіндік шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға, білімге деген қызығушылығын оятуға тәрбиелейді[9].

 

 

1.3 Шағын жинақталған мектептерде сапалы білім берудегі жаңа технологиялар

 

 

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр[10].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999 ж.) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.

Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердің атқаратын ролі орасан зор.

Соңғы кезде көптеген мұғалімдер оқу үдерісін жандандыру, оқушылар білім сапасының деңгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты деңгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В. П. Беспалько «Педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе,  И. М. Монахов мынадай анықтама береді: «Педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелілік әдісі. Оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара-қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау».

Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі болып табылады. Сондықтан шағын жинақталған мектептің дамуы әдетте соңғы жиырма жылда жалпы мемлекеттік міндет болып жарияланды. ШЖМ алатын орны ерекше, себебі ол білім беру мекемесі болып қана қоймай , сонымен қатар ауыл социумының мәдениетіне көп қырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып қала бермек. Шағын жинақталған мектептер негізінен келешегі бұлыңғыр, қазіргі таңда бала санына ғана байланысты ауыл мектептері екені белгілі. Осыған дейін де, қазір де ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда күрделі мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Әсіресе оқу үрдісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген мәселелер толып жатыр. Соның бірі оқу бағдарламасын қазіргі заман талаптарына сай іске асыру болып табылады.

Қазіргі уақытта, яғни ақпараттық технология заманында, жалпы білім беретін мектептің түріне, типіне, тіпті орналасқан жеріне де қарамастан білім берудің сапасын одан әрі жетілдіру басты, әрі маңызды мәселе болып отыр. Қалалық жердегі бала саны көп және ауылдық жерлердегі бала саны салыстыруға да келмейтін шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептердің алдына қойған талап та, мақсат та бір. Әрине әр істің өз қиындығы, сонымен бірге артықшылығы, жалпы айтқанда кез-келген жағдайдың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.

Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап, оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына, көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді[11].

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері