Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Педагогикалық технологияларды тиімді қолдану адамның қайталанбайтындығын  қолдаумен бірге тұлғаның дамуын алдын ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс.

Технология – бұл әдістеме емес, одан күрделілірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.

Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекет стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу – тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде. Қазіргі кезде мектептің оқу- тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.

Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Бастауыш жоғарғы сыныптарда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады. Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс – әрекеттік – компоненттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді[12].

Шағын жинақталған мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. сонымен бірге қазіргі білім беру саласындағы жеке тұлғаға бағытталған, жан-жақты тәрбиелі тұлға қалыптастыруға ұмтылған тенденцияғаорай оқыту мәселесіне ерекше мән беріле бастады. Дифференциялап оқыту дегеніміз оқушының дара ерекшелігіне қарай, дифференциалды өзіндік жұмыс, үйге тапсырма беру, өзін – өзі бағалауға үйрету деп ойлаймыз.

Дифференциалды өзіндік жұмысты карточкамен және перфокартамен жұмыс, дифференциалды тест тапсырмалары арқылы ұйымдастыруға болады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады. І-кезең – оқып үйрену; ІІ-кезең – меңгеру; ІІІ-кезең өмірге сендіру; ІV –кезең – дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет.

Оқушылардың оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оның ғылыми – әдістемелік, оқыту – әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде басшылыққа алу қажет.

Соңғы жылдары әр мектептің өз мүмкіндіктеріне орай математиканы оқытуда компьютерлік оқыту да кеңінен қолданыла бастады. Ал жаппай ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге балаларды дайындау үшін төртінші сыныптың соңына қарай микрокалькуляторды пайдаланып, есептеулер жүргізуге машықтандыруға арналған арнайы сабақтар өткізіледі. Оның алғашқы сабағында микрокалькулятор, оның құрылысымен таныстырып, түрлері қарастырылады. Оқушылар өмірден оның бірнеше түрлерін көрген, кейбіреулері оны пайдалануы да мүмкін. Мұғалімдердің мақсаты – оқушыларға микрокалькулятормен үлкен сандармен есептеулер жүргізуде әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға болатынын түсіндіру.

Физика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық  қайта құру негізіндегі  технологиялар  қатарын білімінің  дидактикалық  бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуга болдады .Білімінің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста  қатар оқыту деген сөз . Теріс емес бүтін сандардың нумерациясың оларга амалдар қолдану, сандарды салыстыру , санға көбейту және бөлу мәселелерін оқытып – үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады.

Дамыта оқыту - оқу процесін  жеке тұлғаның потенциялдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау.

Дамыта оқыту үрдісі кезіндегі шағын жинақталған мектеп мұғалімінің негізгі міндеті – оқушылардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыруға қабілеттерінің дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс – әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерінің ұйымдастыру.

Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару: бәр объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшелігін, ұқсастығын ажырату: бағытталған құбылыстарды, жалпылап белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайда қолдану.

Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайында енгізу ,мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне мән берілетін көрсетеді.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге мүмкіндік беретін танымдық іс – әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелкй байланысты . Сондықтан инновациялық әдіс – тәсілдері оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс – әрекеттер  түрлерінің мазмұнын , белгілі бір деңгейде белсенділігін көздейді . Осы екі үдерістің өзара сапалы  нәтижесінде  оқушының өз ісіне  сенімділігін, жауапкершілігін сезімін, шығармашылық сезімін ,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрі анықталады.

Оқу - тәртіп үдерісінде қолданып жақсы нәтиже беріп жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта оқыту әдістемелігі Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин , өзара отырып оқыту  С. Лесенкова, іс – әрекеттерді бағалау Ш.Амонашвили, В. Волков, тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту – В.Шаталов.

Қай салада болмасын, ондағы жұмыстын нәтижесі сапасымен өлшенеді.Мектептегі сан – салалы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын рухани мұраны сақтайтын , ұрпақты – ұрпақа сабақтастыратын құрал.Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни  халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриялы дамыған, толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ өз тілегін, өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамытады.

Қазіргі кезде кез келген ауыл мектебімен шағын жинақталған мектептерде компьютермен, т.б техникалық құралдармен ішінара болса да жабдықталған.Интернет жүйесі іске қосылған, басқа да ақпараттық құралдар , әдістемелік баспасөз құралдары: газет, журналдар, олармен байланыс бар. Дегенмен, ауылдын шағын жинақталған мектептерінде баланың толыққанды, жан – жақты дамуына әлі де кедергі болатын жағдайлар өте көп. Мәселен, оқушыларды қабілетіне қарай дамытатын ешқандай жағдай жоқ: мұғалім болса, кабинет жетіспейді, кабинет болса, тиісті құрал – жабдықтар жоқ, мектептің материалдық – техникалық базаны нығайтуды талап етеді. Немесе топтар құруға бала жетіспейді, сондықтан үйірмелердің бірен – сараны ғана жұмыс жасай алады. Бір сөзбен айтқанда ауыл мектеп оқушыларының оқуын одан әрі жалғастыруға қажетті кәсіптік бағдарланған  білім алуға қиынға түсуде. Осыған байланысты шағын жинақталған ауыл мектептерінде  оқушы саны аз сыныптарды оқыту үрдісі туралы  педагогикалық – психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар  қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар осындай сыныптарда жаңа педагогикалық технологияларды, өзге елдің оңтайлы озық тәжірбиелерін қалай тиімді қолданып, білім деңгейін әлемдік стандартқа сай болуына қалай қол жеткізуге болады деген сауал қазіргі жағдайда шағын жинақталған ауыл мектептерін ғана емес бүкіл еліміздің білім беру жүйесінің басты да, маңызды  мәселесі болмақ. Өйткені жалпы орта білім беретін мектептердің басты бөлігі ауылдарда орналасқан. Ал мектептегі білім беру сапасы әрине, мұғалімнің қолында. Шағын жинақталған мектепте сабақ беретін  мұғалімдердің қолында нақты көмек бере алатындай бірде – бір әдістемелік құрал жоқ. Сондықтан мұғалім пәнді оқытудың күнтізбелік – тақырыптық жоспарынан бастап әр сабағын шағын жинақталған мектептің өзіндік ерекшеліктеріне бейімдеп мұқиат жоспарлау керек. Осындай өзекті мәселелерді ұстаздар қауымымен бірлесе отырып шешуді күн тәртібінен түсірмеу біздің басты мұратымыз болып табылады[13,56б].

 

 

1.4 Мектеп және мұғалім шығармашылығының рөлі

 

 

 Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында қазіргі шағын жинақталған ауыл мектебінің моделін жетілдіру мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінген.Яғни, ауыл мектептері оқушыларының білім алу деңгейінің көтерілуіне жағдай жасауды қамтамасыз ету және мектеп түлектерінің бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім алу мүмкіндіктерінің арттыру көзделуде.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ( 1 – бап, 58 тармақ) шағын жинақталған мектепке « сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп» деген анықтама берілген [14,63б.].

Ауылдық шағын жинақталған мектептерде – де білім беруді модирнизациялау оның нормативтік құқықтық, ұйымдастыру – басқарушылық, ғылыми – әдістемелік, қаржы – материалдық базасын құру және тиісті дәрежеде көңіл бөлу және оны дамыту талап етілуде. Бұл олардың тиімді жұмыс істеуінде жағдай туғызуға, осы типтегі метептердің тиянақты дамуына және оқушылардың білім алу деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар мектеп түлектерінің бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім алу мүмкіндіктерін арттырады.

Алайда шағын жинақталған мектептерді оқытудың әлі де болса бір жүйеге түсірілмеген, шешілмеген проблемалары жеткілікті. Бұл мәселелердің ішіндегі ең негізгісі қазақ ұлтының болашақ ұрпағы тәрбиеленіп отырған ауыл мектептерінде қазақ тілін оқытуды қазіргі заман талабына сай жетілдіру, олардың ана тіліне шебер сөйлеп, өз ойларын жүйелі әрі тиянақты жеткізу дағдыларын жаңа дәрежеге көтеру болып отыр. Өйткені ұлттық білім – болмыс, халықтың рухани қазынасы тіл арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп сақталып отырады. Осы тұрғыдан ұлт ұрпағын өз ана тілінде дұрыс сөйлеп, жазуға үйрету мәселесі қиын да күрделі жұмыс екені анық. Демек, шағын жинақталған мектептегі балаларының коммуникативті белсенділігін арттырып, қарым – қатынас шеңберін кеңейту үшін өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, оқушы тілін дамытуға қолайлы, қолайсыз жағдайын анықтаудан басталады.

Әлеуметтік кедергілер:

  • баланың сөйлеу тілінің дамуына қолайлы әсер ететін тілдік ортаның жоқтығы; қарым – қатынас шеңберінің тарлығы; араласатын құрбыларының аздығы; баланың сүйікті ісімен айналыса алмауы; әлеуметтік жағдайларының (кинотеатр, балалар кітапханасы, түрлі үйірмелер т.с.с болмауы жатады.)

Психологиялық кедергілер:

  • бала санының аздығы; қарым – қатынастың аздығы; сабақтың бір сарындылығы; көңілсіздігі; уақытының аздығы;

Педагогикалық кедергілер:

  • шағын жинақталған бастауыш сыныптардың өзіне арналған оқу бағдарламасы мен оқулықтардың жасалып шығарылмауы, қолданыста жүргендердің бір типі мектептердің ерекшеліктеріне сай келмеуі; арнайы жазылған көмекші құралдардың, дидактикалық материалдардың, көрнекіліктердің, техникалық құралдарың жетіспеушілігі; сабақ құрлысының тиімді түрлерінің жазылмауы, әдіс – тәсілдердің нақтыланбауы.

Бұл кедергілер шағын жинақталған бастауыш сынып оқушылырының сабақ барысында кемшіліктер мен олқылықтардың орын алуына жол берді. Мұндай келеңсіздіктердің орын толтыру үшін, жинақтың құрамындағы сыныптарды бір – бірімен оқшау ұстамай, ең болмағанда сабақтың бір бөлігінде қарым – қатынас шеңберін кеңейтіп, әртүрлі жастағы балалардың араласып, сабақ барысында барлығы ұйымдасып, бірлесе жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып, келесі бөлігінде мұндай мектептерде уақыттың жетіспеушілігі салдарынан өзіндік жұмыстар, көбінесе жазбаша түрде орындалатындықтан, жазбаша жұмыстары балаларды қызықтыратындай етіп, түрлендіріліп берілуі тиіс[15,258б.].

Шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін әрбір мұғалім оқыту және тәрбие беру жұмысының әдіс – тәсілдерін барынша жетілдіре отырып, оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуын қамтамасыз ету керек. Ал, жалпы алғанда, шағын жинақталған мектептерді балалардың өзара қарым – қатынасының шектеулілігі мен олардың аздығы сабақ түрлерін байытып, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді. Бұл жерде мұғалім еңбегінің орны ерекше.

Ал, біздің жағдайда, ауыл мектептерін, оның ішінде шағын жинақталған мектептерді мұғалім мамандармен қамтамасыз етуде әлі де елеулі қиындықтар бар. Содай – ақ, шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде жоғарғы оқу орының түлектері бара бермейді, олар барған жағдайда көбі ауылда тұрақтап қалмайды. Бұл өз кезінде оқыту мен тәрбиелеуде кемшіліктер туғызады. Олардың бастысы – ауылдық жерлерде мұғалімдердің өз жұмыстарын тастап, басқа салаға кетуі жиі байқалатындығы.

Шағын жинақталған мектептің көпшілік бөлігін бастауыш мектеп оқушылылары құрайды. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне байланысты оларды отбасынан алшақ әкетуге болмайды. Бұның әртүрлі себептері бар. Өйткені шағын шаруашылық орталықтарындағы балаларға білім беру тек осындай мектептер арқылы ғана жүзеге асады.

Сондықтан ауыл мектебі бірнеше пәндерді оқыту әдістемесін, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс –тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды меңгерген шығармашыл – мұғалімдерді қажетсінеді.

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері