Шешендік өнер психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89

Вложенные файлы: 1 файл

шешендк онер.doc

— 735.00 Кб (Скачать файл)

Жүсіпбек Аймауытовтан: «Жаялықша жалпиған, жарқанатша қалқиған, жерден жексен шым қора, бейнеуі жоқ сұм қора. Шым қорада жер үйде, желпіндірмес көр үйде, арса-арса болып сүйегі, қалақтай болып иегі, жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақтары шілбиіп, көлеңкедей кілбиіп, бұ жатқан қай аруақ?

Әлсін-әлсін демігіп, тық-тық еткен жөтелі өңменіңнен өткендей, алма еріні кезеріп, Бетпақ кезіп кеткендей, кимешегі қорлқылдап қуыршаққа тіккендей, салтақ-салтақ жастығы, жастық емес кетпендей, сар төсек боп сарғайып-бұ жатқаның қай әйел?

         Білмесеңіз айтайын –Күнікей  ғой бұ жатқан.

         Күзден жатқан Кінікей-жазға жетті  ілініп:

         Күдері ғой жан шіркін,үзілмейтін созылып»

Осы мысалдарда қаншама терең сыр, түнғиық ой қысқа да нұсқалы қалыпта көркем етіп берілген. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, қысқа да нұсқа етіп, сөйлеу, астарлап айту қазақ шешендерінің ежелгі салты [37].

«Ақыл ардың сақтаушысы» деп, адамгершілік жайында Абай жоғары былай бағалаған:

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,

Бұларды керек қылмыс ешкім қалап...

          Терең ой, терең ғылым іздемейді

          Өтірік пен өсекті жүндей сабап,- деп кейбір жастардың іс-әрекетіне  кейістік білдіреді.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым-ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз,-

Деп, ел қамын ойлаған жастардың байында қандай қасиеттердің болуы керектігін көрсетеді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:

        Қазақ прозасы ХХ ғасырда ерекше өркен жайды, шарықтай дамыды. Осынау игілікті іске Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сияқты ұлы қаламгерлер айрықша үлес қосты. Рас, бұлар өз шығармаларын жазап шығарды, яғни әр сөзін, әр сөйлемін ой елегінен өткізе отырып, таңдап, талғап, саралап жазды, би-шешендер сияқты кенеттен суырып салып айтқан жоқ. Дегенмен олардың сөз саптауларында сол би-шешендердің үлгі-өнегесі айқын аңғарылады. Бұндай өнеге-үрдіс әсіресе ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларын ерекше көзге түседі. Ілгеріде заңғар жазушынын «Абай » пьесасынан билердің үлкен дауды саралаудағы сөз сайысын келтірген едік.Ерден мен Шәріптің, төбе би Сыртанның сөздері хатталып сақталмағаны аян. Демек олар кейіпкерлер аузына салған жазушының өз сөзі. «Еңілік-Кебектегі» Қараменде бидің сөзін оқып отырып, қара бидің өз аузынан шыққансөзді естіп отырғандай әсер аласың. Бұл тау суындай сарқырап, күмістей сыңғырап тұрған сөз маржан. Мұндай ырғақ та бар, ұйқас та бар, ұтқыр ой, уытты сөз де бар. Хас шешеннің сөзі осындай-ақ болар. Ырғақты, ұйқасты қара сөз , поэтикалы проза десе лайық.Ұлы Мұхтар мен Жүсіпбекті төкпе шешен еткен қазақ тілінің құдіретті, қазақтың Төле, Қазбек сынды хас шешендердің өнегесі , сөз саптау үрдісі, сөйлеу үлгісі. Қазақ сөзі ғана осылай  төгіліп келмек. Көне заманнан тамыр тартқан қазақ шешендік өнері ғана осылайша түйдек-түйдегімен, лек-легімен ағындай сөйлеу үлгісі қалыптасқан.

                                                       

3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің  қалыптасуы      

                                           

Шешендік өнерді адамның жалпы мәдениетінен бөліп қарауға болмайды. Бұл мәселеге тек шешендік өнердің теоретиктері ғана емес, сонымен бірге шешендік өнердің нағыз шеберлерімен араласұан адамдар да көңіл аударған. Г.Н.Свешников аса білімді, жан-жаұты адам болған. Механика немесе математика саласындағы қажетті бір анықтама алғысы келгендер дереу Георгий Николаевичке телефон соғатын болған, ол кісі толық жауап берген. Кәсіби білімдерінен басқа Г.И.Свешников латын және грек тілдерін, ежелгі дүние мәдениетін, дүниежүзі әдебиетін жақсы білген, сонымен ңқатар француз, неміс, ағылшын, итальян тілдерінде жақсы сөйлеген.

Сөйлеуге   күнделікті   дайындық   шешеннің   іс-әрекетінің әр түрін қамтиды.

Өздігінен білім алу

Бұл,яғни:

- жаңа білімдерді игеру;

- ғылым мен техниканың әрбір  саласынан мәліметтер жинау;

- күнделікті баспасөзден, радио және телехабарлардан ақпарат алу;

-  ғылыми-техникалық, публицистикалың  және көркем әдебиетті оқу.

 Жеке архивін қарастыру

Көпшілік алдына жиі шығатын адамдарға айналасын-дағыларға ыждақатпен қарап, қажет нәрселердің бәрін тізіп отыру қажет.

Өз сөзінде цитата, нақыл сөз, мақал-мәтел қолдану керек пе, т.б. ойластырған жөн. Газет-журналдардан қиындылар, оқыған әдебиеттің қажетті жерлерін көшіріп алу, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді, афоризмдерді жинастыру жөн.

Белгілі лектор-әдіскер Е.А.Адамовтың айтуынша архивсіз лектор - аспабы жоқ музыкантпен тең. Әрине, өмірдің барлық жаңалықтарына алдын ала материалдар жинап қою мүмкін емес, бірақ қажетті түрде жинастыру дайындық жұмыстарын жеңілдетіп, уаңытыңды үнемдеуге мүмкіндік береді [38].

Мұндай архив шешенге келесі сөзге дайындалуға уақыты тығыз болып қалғанда "жедел көмек" береді. Сондықтанда өзіңнің материалдарды жинау және оларды жүйеге келтіру әдісіңді жасап, архивіңді құрастыра бер.

Сөйлеу техникасын меңгеру

Жақсы қойылған дауыс, сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алу, анық дикция, мінсіз дыбыстау шешенге аудиторияның назарын өзіне аударуға, сөйтіп айтайын деген ойын тыңдаушыларға дұрыстап жеткізуге, олардың ақыл-ой, сана-сезіміне ықпал жасауға мүмкіндік береді. Өзінің сөйлеу аппаратын үнемі жұмыс қалпында ұстау үшін шешенге сөйлеу техникасын жақсарту жөніндегі арнаулы жаттығуларды орындау керек.

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру. Күнделікті дайындық ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттырудың негізгі жолы болып табылады. Әсіресе, күнделікті тұрмыста сөйлеу мәдениетін сақтауға машықтанған пайдалы. Әр уақытта дұрыс, дәл, ашық және түсінікті тілмен сөйлеуге жаттығу керек, өз ойыңды бейнелі жөне сезімді тұжырымдай алу - әркімге қажетті біліктілік.

Мысалы, егер адам күнделікті қатынаста бір сөздерді дұрыс айтпай, не оған екпінді тура түсірмей дағдыланса, сол теріс дағды көпшілік алдындағы сөзде де қайталануы мүмкін, сондықтанда әрбір адамның өз сөзінің, әсіресе көпшілік алдында айтылатын сөзінің таза, тура болуына баса назар аударғаны жөн.

Адамның жалпы дамуы, қажетті сөйлеу дағдыларын меңгеру, сөйлеу мәдениетін арттыру үшін, іскерлік әңгімелерге, сабақтарда, пікір-таластарда жиі сөзге шығып түру керек. Ұдайы хат жазып түру шешендікке алғашқы қадам басушылар үшін табылмас мектеп. Хаттарда әр түрлі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылай отырып, хат иелері өздерінің сөз саптау мәнерлерін жетілдіреді, ойын, пікірін жеткізуге машықтанады. Әрине, мұндай хаттарды жазу оңай емес. Ол үшін ықылас, уақыт жөне табандылық керек. Бірақ, ұлы Цицеронның: "Қалам - көркем сөздің ең жақсы, ең тамаша жасампазы, әрі ұстазы" - деген нақыл сөзін ұмытпайық.

 Көпшілікке арналған сөздерді сынап-талдау.Шешендік шеберлікті шыңдай түсуге көпшілікке арналған сөздерге сын көзімен қарап, талдаудың да тигізетін пайдасы өте көп. Шешендердің радио, теледидар арқылы сөйлеген сөздерін тыңдай отырып, әр түрлі мәжіліс, жиналыс, кеңестерге, кепшілікке арналған дәрістерге қатыса жүріп, сөздердің мазмұнына ғана емес, сонымен бірге шешеннің сөзінде не ұнады, не ұнамады, өз пікіріңше қандай тәсілдер, қимылдар, сөз оралымдары сәтті болды, керісінше, қайсылары сәтсіз болды, осының бәрін зерделі түрде бақылап отыру керек. Әсіресе, шешеннің аудиторияда қалай жұмыс істейтіндігіне, тыңдаушылармен қалай байланыс орнатқандығына, сөйлеу барысында кенет пайда болған жағдайдарда өзін қалай ұстайтындығына мұқият қараған жөн.

Уақыт өткен сайын адам тәжірибе жинай бастайды, өзгенің ғана емес, өзінің де жетістіктері мен кем-кетіктерін байқап, талдау жасауға мүмкіндік алады. Шешен сөзінің күшті де, осал да жақтарын біліп, соларды талдау негізінде сөйлеу шеберлігін арттыра түсу керек.

 Көпшілік алдында сөйлеу тәсілін меңгеру.

Күнделікті дайындықтың бір бөлігі - ол шешендік өнер саласындағы әдістемелік білімдерді меңгеру болып табылады. Шешеннің іс-әрекеті қандай кезеңдерден құралады, тыңдаушылармен кездесуге қалай дайындалу керек, сөзді қалай құру керек, аудиторияны меңгерудің қандай тәсілдерін қолданған пайдалы екендігін білу аса маңызды.

Шешендік өнердің тарихы атақты шешендердің қалай жұмыс істеп, сөзге қалай дайындалғандықтары туралы көптеген деректерді сақтаған.

Сонымен, күнделікті дайындық- бұл шешеннің өзінің шеберлігін арттыру жолындағы үздіксіз, қажымай-талмай жұмыс істеуі. Мұндай жұмыс шешеннің кәсіби дәрежесін арттырып, көпшілік алдындағы сөйлеудің негізін қалайды.

Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу

Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу, ең алдымен, оның тақырыбына, сөйлеушінің алдына қойған міндет-мақсаттарына және ауызша сөздің түріне, оның ерекшеліктеріне, тыңдаушылардың құрамына, т.б. байланысты. Мұның барлығын нақтылы сөз сөйлеуге дайындың барысында ескерген жөн.

Ауызша сөзді дайындау кезеңдері

1. Сөздің тақырыбын анықтау

Кез келген сөзге дайындық оның тақырыбын анық-таудан басталады. Мұның өзінде де әр түрлі жағдаяттар болуы мүмкін. Кейде белгілі бір тақырыпқа сөйлеуді ұсынады, яғни сөз тақырыбы алдын ала белгіленген болады. Бұл жағдайда шешенге оны нақтап, анықтау қажет. Бірақ көбінесе тақырыпты өзің таңдап алатын жағдайлар жиі кездеседі. Тақырып таңдағанда өз өмір тәжірибеңді және таңдаған тақырыбың туралы қаншалықты хабардар екеніңді естен шығармау керек. Оның бергі жағында таңдаған тақырыбыңыз тыңдаушыларға қызық болғаны жөн.

2. Тақырыптың аты

Таңырыпты таңдап алғаннан соң, оны қалай атау керек екендігін жақсылап ойланған жөн. Тақырыптың аты барынша қысқа, түсінікті, анық болуы керек. Ол сөздің мазмұнын алдын ала білдіріп, тыңдаушыларды қызықтыратындай болғаны дұрыс. Тақырыптың аты сәтті болса, аудитория оған қызығып, ықыласпен тыңдайды.

Ұзын тіркестер, таныс емес сөздерден тұратын аттар тыңдаушыларға жағымсыз әсер етеді, болашақ сөзге олардың тарапынан жағымсыз көз-қарас пайда болады. Өте жалпылама атта онша ұнамайды. Мысалы, дәрістің тақырыбын "Болашаққа қамқорлық" деп алсақ, бірнеше сұрақ тууы мүмкін. Ең алдымен кімнің қамқорлығы туралы сөз болғалы отыр? Мемлекеттің бе, отбасының ба, денсаулық сақтау орындарының ба? Екінші сұрақ - лектор кімдердің болашағына қамқорлық туралы айтпақшы? - оқушылардың ба, жұмысшылардың ба, мемлекеттің бе, қаланың ба, т.б? Сондықтанда нақтылау ат берген жөн. Мысалы: "Сақтандыру - денсаулық кепілі", т.б.

Сөйлеген сөзінің тақырыбын тұжырымдай алу тек шешендер үшін ғана емес, сонымен бірге мекеме басшыларына, менеджерлерге, қызметкерлерге аса қажетті біліктілік.

 

3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз сөйлеуге психологиялық дайындық                                                                                       

 

Тақырыбы табылғаннан кейін әдетте алдағы сөйленетін сөздің түрі анықталады.

Аудитория мен шешеннің өзара қатынастарының сипатына қарай ауызша сөздің монологтың және диалогтың түрлері ажыратылады. Монологта негізінен шешен сөйлейді де, тыңдаушылар "үнсіз топ" рөлін атқарады. Тыңдаушылар белсенді түрде сөзге араласып, сөйлеушіге сұрақтар беріп, онымен пікірталасқа түссе монолог диалогқа айналады.

Ауызша сөздің монологтың турлерінің ішінен мыналар жиі кездеседі:

Дәріс - материалды белгілі мақсатқа сай баяндау (мысалы, банк салымдарының түрлері туралы дәріс).

Хабарлама — (ақпараттау) — тыңдаушыларға әр-түрлі оқиғалар, жағдаяттар туралы жедел ақпарат беру, аудиторияға басқа деректерден белгілі ақпараттарға түсініктеме беру, өндірісте, мекемеде жедел өндірістік жиындар өткізу, т.б.

Әңгімелесу — бірнеше оқиға мен фактіні біріктіретін хабарламадан айырмашылығы - бір фактіні, не оқиғаны баяндайды. Әңгіменің тұлғалың сипаты оны қызықты етіп, эмоциялық тартымдылық береді. (Мысалы, экскурсия жүргізушінің музейдегі суреттің жазылу тарихы туралы әңгімесі).

Шолу - аудиторияға бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаланы біртіндеп, егжей-тегжейлі түсіндіріп, шолу жасау.

Баяндама - адамдарға толық жан-жақты ақпарат берудің кең тараған түрі, белгілі бір тақырыпқа, оқиғаны талдауға, белгілі бір міндеттерді тұжырымдауға (фирма басшысының жарты жылдық жұмыс қорытындысы туралы баяндамасы) арналады.

Презентация - өзіне, фирмаға, идеяға, тауарға, қызметке, жобаға, т.б. көңіл аудару үшін, бір нәрсеге сендіру үшін айтылатын сөздер.

Іскерлік ауызша сөйлеудің диалогтың турлерінің көбірек тараған түрлері:

Әңгіме - жүргізушінің басшылығымен әр түрлі мәселелерді белгілі мақсатпен сұрақ-жауап түрінде ұжымдық талқылаудың түрі. Әңгіме жеке, көзбе-көз (2 кісі), немесе топтық (8-10 кісі), ұжымдың (25-30 кісі) болуы мүмкін. Іскерлік әңгіменің жеке түрлері - әңгімелесу (жұмысқа қабылдау, конкурс өткізу кездерінде), сұхбат (мұндайды көбінесе журналистер жүргізеді).

Жиналыс - әр түрлі мәселелерді талқылаудың ұжымдық түрі (өндірістік жиналыс, кәсіподак; жиналысы, т.б.).

Келіссөздер - белгілі бір мақсатқа жету үшін мақсатты және бағдарлы диалог түрінде өткізілетін іскерлік қатынас түрі.

Диспут - пікірталас түрінде өткізілетін көпшілік талқылауы. Диспуттың мақсаты - шындыққа жету. Диспутқа қатысушылар бірыңғай көзқарас қалыптаспаған және жауабы күні бұрын дайындалмаған мәселелерді талқылайды.

Дискуссия - бір мәселені баяндамадан кейін талқыау, пікір алмасу.

Информация о работе Шешендік өнер психологиясы