Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.
КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
4. Тәртіптік–еңбек,
оқу, қызметтік, әскери
5. Материалдық–қызметкерлер
мен жұмысшылардың өз
5. Әрекеттің
құқыққа қайшылығын және заңды
жауапкершілікті жоятын
1) есі дұрыс
еместік–тұлғаның өз
2) қажетті қорғаныс–мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қажетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқсан келтірушіліктің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне айқын түрде сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс;
3) аса қажеттілік–мемлекеттің,
қоғамның, тұлғаның мүдделеріне
қауіп төндіруші әрекетті жою
жағдайында мүмкін, қойылатын шарт–бұл
қауіп басқа құралдармен
4) қоғамға аса
қауіптілігі жоқ
5) казус (жағдай) және т.б.
29 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
1. Құқықтық сананың түсінігі және функциялары.
2. Құқықтық сананың құрылымы.
3. Құқықтық сананың түрлері.
4. Құқықтық мәдениеттің түсінігі және құрылымы.
1. Құқықтық сананың
түсінігі және функциялары.
Құқықтық сана мынаны білдіреді:
- құқықтың қажеттігін түсіну және сезіну;
- құқықты бағалау;
- заңнаманың
дамыған жүйесін құру
- қолданыстағы
нормативтік актілерге
құқықты жүзеге асырудың нәтижелері мен процесін қабылдау.
Құқықтық сананың ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
а) ол өмірдің шындықтарын әділеттілік, құқықтық, еркіндік тұрғысынан қабылдайды;
ә) жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды талап етеді;
б) құқықтық пен құқықтық еместіктің, құқыққа сәйкестік пен құқыққа сәйкессіздіктің шектерін көрсетеді;
в) құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.
Құқықтық сананың рөлі оның функцияларынан көрініс табады:
1) танымдық; бұған «құқықтық дайындықң түсінігінен көрініс табатын және ойлану қызметінің нәтижесі болып табылатын заң білімдерінің белгілі бір жиынтығы тән болып келеді;
2) бағалаушылық;
бұл тұлғаның құқықтық өмірдің
әр түрлі жақтары мен
3) реттеуші; ол
құқықтық көзқарастар мен
Құқықтық бағыттылық–бұл тұлғаның заңды мәні бар жағдайларда әрекет ету бағдарламасын тікелей қалыптастыратын құқықтық көзқарастарының жиынтығы.
2. Құқықтық сананың құрылымы екі элементтен құралады: құқықтық психология және құқықтық идеология.
Құқықтық психология–бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылады: а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, тұлғаның мәдениетіне, күнделікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер; ә) тұлғаның өзін-өзі бағалауы, яғни, өз жүіс-тұрысын құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.
Құқықтық идеология–бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құқықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Құқықтық идеология–құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.
3. Құқықтық сананың түрлері. Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:
1) мазмұны бойынша:
- қарапайым
құқықтық сана–бұл тұлғалардың
құқыққа қатысты жалпы
- кәсіби құқықтық сана–бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;
- ғылыми құқықтық
сана–бұл құқықты теориялық
2) субъектілері бойынша:
жеке құқықтық сана;
топтық құқықтық сана;
қоғамдық құқықтық сана.
4. Құқықтық мәдениеттің
түсінігі және құрылымы. Құқықтық
мәдениет құқықтық санамен
1) құқықтық шынлдықты
сезімдік қабылдаудың және
2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;
3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;
4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;
5) құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);
6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).
Бұлардың барлығы жекелік және қоғамдық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті–бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады:
1) психологиялық элемент–құқықтық психология;
2) идеологиялық элемент–құқықтық идеология;
3) жүріс-тұрыстық
элемент–заңды мәні бар жүріс-
Қоғамның құқықтық мәдениеті–бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:
- құқықты шын мәнінде қажетсіну;
- елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;
- қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.
Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:
1) қоғамның құқықтық
санасы мен құқықтық
2) заң нормаларының
даму дәрежесі (құқықтың даму
деңгейі, заң мәтіндерінің
3) заң қызметінің даму дәрежесі (құқықшығарушы, құқыққолданушы және құқыққорғаушы қызметтің мәдениеті).
30 тақырып. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
1. Заңдылықтың түсінігі және қағидалары.
2. Заңдылықтың кепілденуі.
3. Құқықтық тәртіптің түсінігі.
4. Заңдылық пен
құқықтық тәртіптің
1. Заңдылықтың
түсінігі және қағидалары. Заңдылық–бұл
қоғамдық қатынастардың барлық
қатысушыларының құқық
Заңдылық үшін екі жақ тән: а) мазмұнды жағы–бұл құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы; ә) формальды жағы– бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де жеткіліксіз.
Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.
Заңдылықтың қағидалары–бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:
1) заң үстемдігі–барлық
нормативтік және жеке
2) заңдылықтың
тұтастығы–нормативтік
3) заңдылықтың
мақсатқа сәйкестігі–
4) заңдылықтың
шынайылығы–құқықтық
2. Заңдылықтың
кепілденуі–бұл заңдар мен
1) әлеуметтік-экономикалық–бұл
қоғамның экономикалық
2) саяси–бұл
конституциялық құрылымның
3) ұйымдастырушылық–бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокуратура, сот, полиция және т.б.) қызметі;
4) қоғамдық–бұл
заңнаманы бұзумен күресу
5) идеологиялық–бұл
құқықтық сананың дамуының, азаматтар
арасында заң білімдерінің
6) арнайы-заңды–бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар.
3. Құқықтық тәртіптің
түсінігі. Құқықтық тәртіп–бұл
Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:
а) ол құқық нормаларында жоспарланған;
ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;
б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;
г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.
4. Заңдылық пен
құқықтық тәртіптің
1) құқықтық тәртіп
құқықтық тәртіптің мақсаты
2) құқықтық реттеуді жетілдіру
мен заңдылықты қамтамасыз
3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;
4) құқықтық тәртіптің
нақты мазмұны заңдылықтың
31 тақырып. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Құқықтық жүйе–бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.
«Құқықтық жүйең түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:
1. Континенталдық Еуропаның
нормативтік-заңнамалық
2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық
құқықтық жүйелер жанұясы–бұл
Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың,
Австралияның және т.б.
3. Діни-дәстүрлі, идеологиялық
құқықтық жүйелер жанұясы–бұл
мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пәкістан,
Судан және т.б.) және кеңестік
құқық. Бұл құқықтық жүйелерде
ерекше рөлді дін мен
31 тақырып. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы