Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.
КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
2. Құқықтың тарихи типтері. Құқықтың құлиеленушілік типі–бұл құлиеленушілердің толыққұқылығын және құлдардың құқықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін білдіретін, құлиеленуші мемлекет қалыптастырған құқықтық нормалардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны құлиеленуші таптың өмірінің материалдық жағдайларына сәйкес анықталады.
Құқықтың феодалдық
типі– бұл бір сословиелердің
артықшылығын және келесі бір сословиелердің
кемсітілуін бекітетін, феодалдар
табының еркін білдіретін сословиелік-құқықтық
нормалардың жүйесі. Бұл құқықтың
мазмұны феодалдар табының
Құқықтың буржуазиялық типі–бұл капиталистердің еркін білдіретін және олардың мүдделеріне жауап беретін, мемлекетпен қалыптастырылған және қорғалатын жалпыға міндетті нормалардың, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы.
Құқықтың социалистік типі–бұл халықтың еркін б ілдіретін, мемлекетпен қалыптастырылға және қамтамасыз етілетін жалпыға міндеті заң нормаларының жиынтығы.
17 тақырып.
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР
1. Әлеуметтік және техникалық нормалар.
2. Құқық пен моральдың арақатынасы.
3. Құқық және діни нормалар.
4. Құқық және корпоративтік нормалар.
5. Құқық және әдет-ғұрып.
1. Әлеуметтік
және техникалық нормалар. Қоғам
реттеушіліксіз өмір сүре
Техникалық нормалар–бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) «субъектілікң құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.
Әлеуметтік нормалар–бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалары жатады. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол–қоғамдық қатынастар; ә) «субъектілікң құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
2. Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль–бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық–бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамысыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық пен моральдың ортақ белгілері:
1) әлеуметтік
нормалар жүйесінде олар
2)олардың реттеу объектісі біреу–қоғамдық қатынастар;
3) олар түп
негізінде қоғамның өзінен
Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:
1) пайда болуы бойынша:
егер мораль қоғаммен бірге
пайда болса, құқық
2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;
3) әрекет ету саласы
бойынша: мораль барлық
4) күшіне ену мерзімі
бойынша: моральдық нормалар
5) қамтамасыз ету тәсілі
бойынша: моральдық нормалар
6) бағалау негізі бойынша:
моральдық нормалар қоғамдық
қатынастарды жақсылық пен
3. Құқық және діни нормалар. Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырлған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етунің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады.
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.
4. Құқық және
корпоративтік нормалар. Корпоративтік
нормаларға мүшелікке
Қорпоративтік
нормалар мен құқықтық нормалардың
ұқсастығы олардың екеуінің де белгілі
бір ресми тәртіппен
5. Құқық және әдет-ғұрып. Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сақтау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің әдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау әдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.
18 тақырып. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. Құқық жүйесінің түсінігі.
2. Құқықтық реттеу
пәні мен әдісі құқық
3. Құқық саласы.
4. Құқық институты.
1. Құқық жүйесінің
түсінігі. Құқық жүйесі–бұл құқықтың
өзінің құрылымы, оның салаларға,
институттарға бөлінуі.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы
элементі болып құқық
2) оның элементтері
бір-біріне қайшы келмейді, іштей
үйлескен, тығыз байланыстылыққа
ие; бұл құқық жүйесінің
3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;
4) ол объективтік
сипатқа ие, себебі, объективтік
сипаттағы қатынастарға
2. Құқықтық реттеу
пәні мен әдісі құқық
Құқықтық реттеу пәні–бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пәні болып табылады.
Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу әдісі–бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады:
1) императивтік–бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі;
2) диспозитивтік–
рұқсат етуге негізделген,
3) марапаттаушы–белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапттаау әдісі;
4) ұсынушылық–мемлекет
пен қоғам үшін тиімді жүріс-
3. Құқық саласы–
бұл белгілі бір қоғамдық
Құқық саласының белгілері;
әрбір саланың өз пәні болады;
әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;
құқық субъектілерінің
құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар
мен міндеттерді жүзеге асыру
тәсілдерін және құқықтық нормаларды
жүзеге асыруға бағытталған
Құқық салаларының түрлері:
1) негізгі салалар;
бұлар басты құқықтық
2) арнайы салалар;
бұларда құқықтық режимдер
3) кешенді салалар;
бұларға негізгі және арнайы
салалардың әртүрлі
4. Құқық институты–бұл
қоғамдық қатынастардың
Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инстиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады: 1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бірліктерінде жинақталуы.
19 тақырып. ТҰЛҒА, ҚҰҚЫҚ, МЕМЛЕКЕТ
1. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.
2. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.
3. Экономика,
саясат пен құқықтың
1. Тұлғаның құқықтық
мәртебесі–бұл субъектінің
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
құқықтар мен міндеттер;
заңды мүдделер;
құқықсубъектілік;
азаматтық;
заңды жауапкершілік;
құқықтық қағидалар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді. Жалпы мәртебе–бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мәртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке-дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
2. Мемлекет пен
құқықтың арақатынасы.
Біріншісі–этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.
Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:
1) құқықшығармашылық
қызметті жүзеге асырудан. Тура
мағынада бұл мемлекеттің
Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы