Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
• өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
• шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
• арақ ішпе, темекі тартпа;
• аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
• қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
• денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
• бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
• адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
• жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
• ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
• ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
• іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады. [ 13 ]
Оқытудың мақсаттары: оқушылардың денсаулығын нығайту; дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру себептерін белсенді ету.
Оқыту мен үйретудің міндеттері:
- өмірлік
маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс
белсенділігін арттыруды
- қимыл-қозғалыс
мәдениетін қалыптастыру мен
денсаулықты нығайтуға
- уақыт пен кеңістікте қозғалыс әрекеттерін басқаруға деген ізденісті (творчестволық) қабілеттерді оқушыларда дамыту үшін жағдай туғызу;
- дене
жаттығулары және спортпен
"Дене шынықтыру" оқу пәнінің мазмұнын таңдаудың негізгі өлшемдеріне жататындар:
1) қоғамның дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға қажеттілігі;
2) дене тәрбиесінің мазмұнын
әрі қарай жетілдіру және
3) мектептің бастапқы
Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың бастыларына жататындар:
1) теориялық дайындық – дене шынықтыру және қозғалыс іскерліктері мен дағдыларының базалық негіздерін қалыптастыру заңдылықтары туралы бастапқы теориялық білімдер;
2) практикалық дайындық –
Бағдарламаның айрықша ерекшеліктеріне жататындар:
1) оқушылардың қозғалыс
2) дене шынықтыру сабақтарының қозғалыс мектебі (жүгіру, жүру, секіру, тепе-теңдік жаттығулары, өрмелеу), жалпы дамытатын жаттығулар, қозғалыс ойындары, танымдық қозғалыс қызметі (дене жаттығуларының түрі және оларды орындау тәсілдері); оқу бағдарламасына енбеген дене жаттығулары секілді құрылымдық мазмұнының аралас болуы;
3) оқу материалын іріктеп алуда
оқушылардың қажеттілігін
4) дене жаттығуларымен
5) қозғалыс тәжірибесін
Осы бағдарламаның негізін құрайтын жеке тұлғаға бағытталған ерекшеліктерге мынадай әдістемелік тәсілдер жатады:
- дене жаттығуларымен айналысуға оқушылардың қызығушылығын қалыптастырудың жекелеген ерекшеліктерін қарастыратын жеке тұлғаға қатысты себептер;
- дене жаттығуларының
әр түрі бойынша сараланған
тапсырмаларды іріктеп алу
- дене жаттығуларының
жекелеген бөліктерін дербес
игеру біліктілігін
- бағдарламаның
талаптарына сәйкес
''Дене шынықтыру" пәні бойынша
оқыту мазмұнына жеке тұлғаға
бағытталған тұрғыда келу
- пән
бойынша бағдарламаны оқушылард
- табиғи
қозғалыс дағдыларын
Жоғарыда айтылғандар осы бағдарламаны білім беру кезеңдеріне (циклға) бөлуді қарастырады, олар:
- дене жаттығуларының негізгі түрлері;
- дене жаттығулары және салауатты өмір салты;
- мүсінді
дұрыс қалыптастыру мен
- дене жаттығуларымен
айналысудың жекелеген түрлері
мен күн тәртібі (осы бөлім
мектептен тыс уақытта дене
жаттығуларымен топпен және
Ескерту:
1) жүзу сабақтары мектепте арнайы мүмкіндіктер болған жағдайда жүргізіледі;
2) денсаулық күндері демалыс уақытында жылына үш-төрт рет өткізіледі.
[ 15 ]
2.2. Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері.
Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру ойындарын қызықты етіп ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушылардың ұйымшылдық қабілетін дамыту, ізденіске жетелеу, белсенділіктерін ояту, оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оқушылардың ептілік, жылдамдық, иілгіштік, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыруда эстафеталық ойын сабағын ұйымдастыру – белгілі бір дәрежеде нәтиже беріп жүр.
Сабақтың көрнекілігіне доп, эстафеталық таяқ, жалауша, «Дені саудың жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың», «Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі», «Ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелеп отырып, ұлтты тәрбиелейміз» (Платон) т.б. нақыл сөздерді плакатқа жазып, іліп қоюға болады.
Дене тәрбие сабағының басқа сабақтардан үлкен айырмашылығы бар. Барлық пәндерге тән сабақ барысы бірінші, ұйымдастыру кезеңі, екінші, үй тапсырмасы деп екіге бөлінсе, денешынықтыру сабағында ұйымдастыру кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді. Себебі, оқушылар үй тапсырмасын айтпастан бұрын мұғалім оқушыларға сәлем бермейді. Керісінше оқушылар сыныпты қабылдап алу туралы мұғалімге сынып секторы рапорт береді. Сонан кейін ғана пән мұғалімі оқушылармен сәлемдесіп, мәліметін қабылдайды. Сонымен бірге сабақтың негізгі бөлімінде «Допты бастан асырып беру», «Өз орныңды тап», «Кім шапшаң?», «Нысанаға дәл тигіз», «Әркім өз жалаушасына» деген сияқты ойын түрлерін бір сабақ көлемінде жүргізуге да болады. Бірақ бұл оқушылардың қабілет қарымына қарап жүргізіледі. Біз осы ойын түрлерінің ішінен «Әркім өз жалаушасына» деген ойынның әдіс- тәсілдерін ғана көрсетпекпіз. Сондықтан да сабақтың негізгі ұйымдастыру бөлімдерін ғана көрсетіп отырмыз.
Сабақтың кіріспе бөлімі: Мұнда саптағы жаттығулар оңға бұрыл, солға бұрыл, кері бұрыл, алға қадам бас т.б. Жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, ішкі және сыртқы қырымен жүру. Жүгіру, оң жақ, сол жақ жанымен, артымен бір бағытымен жылдамдықты өзгерте жүгіру.
Дайындық бөлімі: Жалпы дене қимыл жаттығуларын қатарда және шеңберде жасату. Қолға жасайтын жаттығулар. Иыққа жасайтын жаттығулар. Тізеге, аяққа жасайтын жаттығулар. Сабақтың тақырыбына жасайтын жаттығулар. Негізгі бөлім: «Әркім өз жалаушасына» деген ойын түрі бойынша.
Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенім артып, оның бойында ойлау, тапқырлық, шешімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, ұйымдастырушылық, жан-жағын пайымдаушылық секілді қабілет-қасиеттері қалыптасады. Сондықтан қандай бір қозғалыс ойынын ұйымдастырсақ та оны әуелі ой таразысынан өткізіп алған жөн. Ол сонда ғана бала көңіліне ізгі әсер етіп, есінде ұзақ сақталады. Әуелі ойынды ұйымдастырмас бұрын, оған ең алдымен ойын өтетін орынды, керекті құралдарды даярлап алу керек. Егер ойын сабақ үстінде ұйымдастырылатын болса, оған сынып кезекшісі, денешынықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы, сондай-ақ арнайы бөлінген оқушылар жәрдем етеді. Мысалы, дене тәрбие сабағы басталмас бұрын үзіліс кезінде-ақ дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне сынып кезекшісі, спорт секторы және жәрдемші оқушылар келіп, болатын сабаққа не керек екендігін алдын-ала біліп алады.
Екіншіден, ойынды түсіндіргенде оқушыларға өте нанымды, жеңіл тілмен ұғынықты, тұжырымды етіп қызықтырып жеткізсе, қатысушылардың кезекті ойынға деген қызығушылығы, ықыласы мен ынтасы арта түседі.
Мысалы: Балалар, сендердің бүгінгі үйренетін ойындарыңның аты «Әркім өз жалаушасына» деп аталады. Ол үшін 4 командаға бөлінеміз.
Тұрыңдар. (Егер, барлық балалар отырған болса) Сапқа түзеліңдер.
Тік тұр! Бірден төртке дейін санал! Бірінші нөмір орнында, екінші нөмір бір қадам, үшінші нөмір екі қадам, төртінші нөмір үш қадам, кәне жаса! – деп бұйрық беріп, командаға бөлеміз.
Әр команда өзінше шеңбер жасау керек. Команда да бір-бір оқушы қолына жалауша ұстап, шеңбердің ішінде тұрады. Шеңбердің ішіне кірген оқушыға әр түсті жалауша беріледі.
- Енді тыңдаңдар! Ойын қалай ойналады, - деп қысқаша оның ережесін түсіндіреміз. Бірінші берген белгі бойынша біріңді-бірің ұстап, оң жаққа қозғаласыңдар! Ал екінші белгі берілгенде қолдарыңды жіберсеңдер де алаңда жүгіріп, секіріп ойнап жүресіңдер. Ал үшінші берілген белгіде әрқайсың өз орныңда қандай қимыл жасап жатсаңдар, сол күйлеріңде қозғалмастан, көзді жұмып тұрып қалуларың керек.
Мысалы, тағы да белгі естігенде жүгіріп бара жатса, бір аяғын алға, екінші аяғы артта жерге тимей тұрып қалады. Қол да қалай қимылдап бара жатса, сол қалпында қалады, - деп өзіміз де бір қимылда қалай тоқтайтынын көрсетеміз. Сондай-ақ, осындай жансыз, көз жұмулы тұрған мезгілде әр команданың жалауша ұстаған ойыншысы білдірмей орындарын ауыстырып, тұра қалуы керек. Тағы да белгі берген кезде көзді жұмып жансыз тұрғандарға жан бітіп, өз жалаушасын тауып алуға қайтадан шеңбер жасауға асығулары керек. Егер қай команда соны тез тауып, тез шеңбер жасап тұрса, сол команданың жеңіске жеткендігін түсіндіреміз. Міне, содан кейін барып, ойын басталады. Мұғалімнің міндеті ойынға барлық сынып оқушыларын қатыстыру. Сынып ішіндегі жүгіруге, секіруге жарамайтын, денсаулығы нашар балалар болса, оларды төрешілікке, жәрдемшілікке тағайындайды. Сонда ойынға денсаулығына байланысты қатыса алмаған оқушылардың бойында «сынып қажетін өтедім» деген жақсы сенім туады. Сөйтіп көңілдері көтеріліп қалады. Ойынды қызықты және тартымды өткізу үшін команданың ішіндегі бір оқушыға жалауша беріп, ойын басқарушысын сайлап қою керек. Осындай жауапкершілікті сезінген оқушы ойынды қызықты етіп өткізуге, әрбір ісіне есеп беруге ұмтылады. Егер ойын бұрыннан таныс болса, онда оны аздап қана ойға түсіргеннің артықшылығы жоқ. Тіпті «Қалай ойналатын еді?», - деп балалармен бірігіп қайталап қойса, ол қызықты да, тартымды болуы мүмкін. Кейде оқушылардың өздеріне осындай ойынды «Өздерің ойнап көріңдерші» деп сенім артуға болады. Ол үшін оқушылардың ішінен жауапкершілігі күшті біреуін басшы етіп сайлап қою керек. Ол жәрдемшілерін өзі таңдап алады да, солардың көмегімен ойынды өткізуге дайындалады. Сонымен қатар, төреші ойын басқарушысын, оқушыларды алаңға орналастыруды және ойынға керекті құралдарды да даярлап алады. Содан кейін жауапты оқушы мұғалімге келіп ойын өткізуге бәрінің дайын екендігін баяндайды. Мұғалім барлығын көзімен көріп, байқағаннан кейін ойнауға рұқсат етеді. Оқушыларға баға ойынды дұрыс ұйымдастырғанына қарап қояды. Ойын өте қызықты өту үшін әр команда оқушылары күш жағынан қимыл-қабілеті жағынан тепе-тең болғаны жөн. Ойын бастамас бұрын командаға бөлінгенде осы жағын дұрыс қадағалау керек. Сондай-ақ команда капитандарын мұғалім оқушылармен келісіп отырып сайлап алады. Командалық ойындар барлық командаға қойылатын талап бірдей болуы керек. Олар қолданатын құралға және де алаңда орын ауыстыру кезінде мерзіміне сәйкес көптеген ойындарға жетекші сайланады. Мұндай жағдайда олардың тез түсінгіш, айтқанды тез қабылдаған қолынан бәрі келетін қабілеттілігі ескеріледі. Егер жаңадан үйреніп жатқан болса, ондай жағдайда басқарушылық қабілеті бар баланы сайлаған дұрыс. Ойынның қызықты өтуі ойын басқарушыға тікелей байланысты екенін естен шығармауымыз керек. Ал ойын сабақ сайын ойналып жүрген болса, онда ойын жетекшілігі балалардың кез-келгенін сайлай беруге болады. Мысалы, «Табан балық және шортан балық» деген ойында шортан болып кім көп уақыт ойында ұстатпаса соны сайлай беруге болады.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру