Дүниетаным және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа

Краткое описание

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofia_Surak_-_Zhauappp_1.docx

— 175.46 Кб (Скачать файл)

39.Сана және бейсаналылық: З. Фрейдтің психоаналитикалық философиясы. Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді. Бейсаналық - саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту.

1.адам мінез-құлқындағы сананың  қатысуынсыз, ойламай, дағдыға  айналған қасиет арқылы әрекет  жасау;

2.Фрейд концепциясындағы психикалық  энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық  адам мен жануарлар арасындағы  ұксастықты, туыстықты аңғартады.

З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер  Фрейд түс көру құпиясын ашты»  деген жазуы бар тақтай іліп қойса  да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түсжору» кітабы жарық  көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты  еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің  қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді  қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар  бар деп санады. Мұндай символдар  ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд  түс көрудегі бейнелерді эмоциалды  сезім күйлерінің деңгейлері ретінде  түсіндірді. Олардың туындау көздері  күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты. 1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн.

40.Экзистенциалистік философиясының  негізгі мәселелері. Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырғн  - 20ғасырдың 20-жылдары қалыптасқан экзистенциолизм болды. Негізгі өкілдері: С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Ж.П..Сартр, Г.Марсель, Л.Шестов, Н.А.Бердяев.т.б. Экзистенциализм өмір сүру, тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С.Кьеркегордың: «Адма-өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекелеген, бірақ құдіретті Құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі» деген ілімінен алады.  Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралады. Біріншісі –Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебептық жалпылығынан туындатынынан  белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Демек болмыс туралы ойлар, айналып келгенде, адам болмысы деген мәселеге ауысады. Екіншісі –К.Ясперстің нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам  болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның Құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады, Үшіншісі – экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі.  Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы «өмір» философиясын қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін «экзистенция» өмір сүрудің қарапайым нақтылығы, «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Өмір сүру дегеніміз-адамдардың біріккен болмысы.Шынайы өмір сүру дегеніміз-күнделіті өмрімен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мұқтаждығының, жиынтығы негізіде іс-әрекет жасаған адамдардың экзистенция ретінде тіршілк етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы –«дүниенің қасында болу». Бұл жердегі «дүние» адамның қамдану өрісі- еңбек әлемі, заттар әлемі, құрал-жабдықтар жиынтығы, ал «болу»-«бірдеңенің қасында» деген мағына береді. Ададм өз ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны әлемнен бөлек қарастыруға болмайды. Адамның шынайы тіршілігі –«уайымдау», Бірақ кез*-келген уайымдау «өмір сүру»емес-ол сырттай өмір сүруі. Ал қорқыныш-адам тіршілігінің негзігі қасиеті, ал оның негізігі құрылымы – қамдану, жеке басының қамын ойлау. Қорқыныштардың ішіндегі өлімнен –қорқу –туа біткенне тән априорлы уайымдау. Ал «өлім» дегеніміз-болашықтың өзі, ол арқылы тіршілк өзіне қайтып келеді. Сөйтіп, болашаққа талпыныс дегеніміз өлімнің бетіне қарау болып шығады. Осыдан келіп тіршіліктің уқытша, тарихи шектеулі сипатта екендігін түсінеміз.

41.Материяның атрибуттары:  қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя- дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз обьективті ақиқат деп қарайтын материалистік дүниетанымның түпқазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым .Бұл ұғым материалистік ағыммен пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Оьбективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеме жоқ. Қозғалыс материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Сонда қозғалыс дегеніміз не. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мысалға жүгінейік: атомның құрамында ядро мен электрондар өзара байланыста болатыны белгілі. Оң зарядты ядроның төңірегінде түрлі энергетикалық деңгейлерде теріс зарядты электрондар қозғалыста болады. Атомдардан молекулалар олардан түрлі заттар құралады. Тірі организмдер өз құрамындағы молекулалардың, клеткалардың және түрлі органдардың байланысы нәтижесінде өмір сүреді. Кез –келген заттардың құбылыстардың процестердің құрамында үнемі өзгерістер жүріп жатады. Құрамдас бір бөлшектер дәл сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатып, басқа сипаттағы оьбектіге айналады. Екінші бірулері жаңадан пайда болып жатады. Байқағанымыздай қозғалыс, жай ғана заттар мен денелердің кеңістіктегі орын ауытыруымен шектелмейтін кең ұғым. Қозғалыс д\з- кез-келген өзара әсер өзара байланыс кез-келген өзгеріс. Кеңістік пен уақытта қозғалыс сияқты материяның ішкі ажырамас атрибуты, қасиеттері, өмір сүру формасы. «кеңістік» пен «уақыт» ұғымдары тек бір қарағанда ғана өзінен өзі түсінікті қарапайым сияқты көрінеді, ал шын мәнінде ол өте күрделі. Сондықтан да бұл ұғымдарға байланысты матриализм мен идеялизмнің диалектика мен метафизиканың арасында ымырасыз күрес жүріп келеді.

42.Онтология болмыс  туралы ілім. Кеңістік пен уақыт  болмыстың маңызды формалары  ретінде. «Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: ontos- болмыс  logos ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин 17ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияды «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс»болып табылады. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуы арқау болған негіздермен юайланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмән келтіріп ортодоксальді ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Әлдебір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған дағдарыстық ахуалды тоқтатуда олардың үстемдігі мен құдіретіне күмән келтіретін әлеуметтік катаклизмдер мен әлеуметтік сілкіністер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі. Қорғаны құдайлармен қалыптасқан нормалар болған өмірлік тіреуден, айырылу, тұрақтылығына ғасырлар бойы адамдар сеніп келген этикалық құндылықтардың салыстырмалылығы мен субьективтілігі сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы көзқарастардың жойылуына әкеледі.

43.Таным және  оның түрлері. Ақыл парасат, сана сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені,табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым қатынасын белгілейді.Таным проблемасы философия мазмұнында түбегейлі орын алатын, үлкен мәнді иеленетін, материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған проблема. Оның басты себебі танымның қайшылыққа толы күрделі процесс екендігіне. Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс бақылау деп аталады. Оның мәні зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс-  эксперимент-ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі - модульдеу. Модульдерді материалдық және идеалдық деп екі түрге бөлінеді. Материалдық модуль зерттелуге тиіс объектімен физикалық жағынан ұқсас болады ал идеалдық модельдер ой шеңберінде құрылып, түрлі белгілер арқылы бейнеленеді.

44.Ғылыми зерттеудің  эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Методология адамның теориялық және практикалық қызметіндегі принциптік жүйелері, ұйымдастыру тәсілі және осылар туралы ілім. Ғылыми таным әдістерінің үш түрі бар: а)эмперикалық зерттеу әдісі ә)теориялық және эмпериалық деңгейде қолданылатын әдістер б)теориялық зерттеу әдісі. 1эмпериалық зерттеу объектіні сезім мүшелерімен приборлармен қабылдау қадағалау. А)бақылау ә)эксперимент б) өлшеу в) салыстыру. Эмпиризм танымның негізгі қайнар көзі бірінші кезекте сезімдік тәжірибе деп есептейтін бағыт. Таным процесінің нәтижесі ілім болып табылады. Шындыққа сәйкес келетін білімді ақиқат деп атайды. Өзінің мазмұны жағынан ақиқат объективті яғни өзін танып білетін субъектіден тәуелсіз болады. Өзінің формасы жағынан ақиқат әрқашан субъективті болып келеді, оның себебі санадан тыс ақиқат өмір сүрмейді. Ақиқат әрқашанда нақты болып келеді, абстракты ақиқат деген болмайды. Философиялық категорияда ақиқаттың өлшемі деп ұғынылатын практика деп аталатын философиялық категория бар. Практика шындықты қайта құруға айналған заттың іс қызмет болып табылады.

45.Адамның дүниеге  танымдық қатынасының ерекшеліктері  (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру  және түсіну, ақиқат және адасу). Таным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс. 
Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады. Ол еңбек құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам еңбек құралдарының көмегімен заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып, әлемнің құпиясына үңіледі. 
Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі. 
Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. 
Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін философия ғылымының бір бөлігі. 
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылымда да болуы мүмкін емес. 
Философия тарихында таным теориясына ерекше мән беріп, оның ерекшеліктерін анықтаған философ Кант. 
Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімінің ретінде өзінің мағынасын сақтайды. 
Философиялық таным теориясының ерекшеліктері оны басқа ғылымдармен салыстырғанда көзге түседі. Таным мәселесін зерттейтін ғылымдардың саны көбейе түсуде. Интуиция дегеніміз – адамның зерттеу нысанын тікелей, бірден толық тану мүмкіндігі. Таным объектісін зерттеу немесе анықтау процесінде адамның оның мәнін, заңдылығын кенеттен тани кетуі. 
Интуиция – ерекше қабілет, оны дәстүрлі тәсідермен түсіндіру қиын. Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді. Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.  Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік қозғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына мұрындық болды. Эфир, жылу тегі идеялары толқындық оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалық ілімнің шығуының алғышарты болды. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулақ болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулақ болу оңай емес, кейде қиындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан құтылу мүмкін емес.

Информация о работе Дүниетаным және оның түрлері