Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі.  Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азияелдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува-да түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына эсер етті. Бұлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

Бір-біріне белгілі бір қатынастағы  әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін  анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды  ережесі тұрмыс пен азап шегуді ұқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі  үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм  адамды өзі туған, өмір сүріп отырған  әлеуметтік шындықтан алшақтатуға  тырысады. Осы орайда, буддизмде  әлеуметтік доктринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.

 

 

5.  Ежелгі Қытай  ойлау дәстүрі: дао мектебі,  заңшылдар мектебі.

Осыдан бес мың жыл  бұрын қалыптасқан қытай өркениеті  өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар  қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді т.б. алғаш рет ойлап  тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. 1. Ежелгі Қытай  философиясының даму барысында алуан  түрлі философиялық мектептер өмір сүріп, өздерінің идеяларын қоғамға  ұсынып отырды. “Алтын ғасыр” (б.д.д. 6-3 ғ.ғ.) кезеңінде 100-ден астам философиялық мектептердің ішінде тек қана алтауы маңызды болып табылады: 1) даосизм; 2) конфуцийшілдік; 3) инь-ян мектебі; 4) моизм; 5) легизм; 6) есімдер мектебі. Олардың  арасында қытай халқының рухани мәдениетінде даосизм мен конфуцийшілдік бастапқы орын алады. Даосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы  болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл  есептеледі. Философия тарихында  ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда  б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы  Конфуцийдің аға замандасы болып  табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың  көзқарастарының бағыттары екі  түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді  қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды. Даосизмнің негізгі  қайнар көзіне “Дао дэ цзин” (“Жол мен  Игілік туралы кітап”) жатады. Сонан  соң “Чжуан-цзы”, “Ле-цзы”, “Хуайнань  цзы” трактаттарын тілге тиек етуге  болады. Қосынды түрде алғанда  даосизм әдебиеті (“Дао цзан”) 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды. Даосизм  философиясының өзекті ұғымдарына дао, дэ және у-вэй жатады. Философиялық тұрғыдан алғанда “дао” ұғымы  екі негізгі мағына білдіреді. Біріншідан, дао әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде танылады. “Дао дэ цзин”  кітабындада оған мынадай сипаттама  берілген: дао заттардың күретамыры, ол - жаратушы, ол- өзгертуші күш болып  табылады. Бұл мағынада даосизм данышпандары даоны көбінесе бос кеңістік ретінде  қарастырған: ол- барлық нәрсені (вмещая) көріктендіретін ” әлем анасының”  жатыры  тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта  оралады. Екіншіден, “дао” сөзі тікелей  “жол” деп аударылады. Адам - өзінің ішкі дүниесінің арқасында ғана - адам. Конфуций, керісінше, адамға сыртқы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы моральдық ережелерді ұсынады. Сондықтан бұл екі мектеп қайшылықтарға тап болды. Дегенімен  олар бірін-бірі толықтырды да. Легизм (заңшылдар немесе Фацзия мектебі) Көне Қытайдың тағы да басқа әлеуметтік ілімі.Легизмнің негізін қалаушы  Шан Ян мен Хан Фэй болған .(390-338 б.э.д) (288-233б.э.д)ЦиньШи Хуа императорының  кезінде (ІІІ ғ б.э.д) Легизм ресми  идеология болды.Легизмнің негізгі  сұрағы: Қоғамда қалай басқару? Легистер заңға сүйенетін мемлекеттік  зорлау арқылы бақару керек дейді.Сонымен,легизм–нақты мемлекеттік биліктің философиясы  болып табылады.Легизмнің негізгі  постулаттары: Адам бастапқыдан қатал  табиғатқа ие адами қылықтардың  қозғаушы күші жеке эгоистік мүдделер болып табылады. Тәртіп бойынша,жеке инвалидтердің мүдделері өзара  қайшы келеді.Тұтас қастықтан, дауласудан қашу керек, қоғамдық қатынастарға мемлекет араласуы қажет.Мемлекет (армия мен  шен ) заңды тыңдаушы азаматтарды  қорғап, заңға бағынбағандарды қатал  жазалауы керек. Көптеген адамдардың заңдық тәртібінің негізгі стимулы –  жазалаудан қорқу болып табылады.Заңды  және заңсыз тәртіптерді шектеудің  негізі заң.Заң барлығына бірдей болуы керек, ал жазалауды бастыққа да, қарапайым адамға да егер ол заңды  бұзсса қолдану. Мемлекеттік аппарат  пен кәсіби мамандардан қалыптасуы қажет.Мемлекет –қоғамды реттейтін  басты механизм, сәйкесінше қоғамдық қатынастарға экономикаға азаматтардың жеке өміріне құқығы бар.      

 

6. КОНФУЦИЙДІҢ  ЭТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

Конфуций (б.з.б. 551– 479 ж.ш.) –  Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік  діні – конфуцийшілдіктің негізін  салушы. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы. Конфуцийдің мектебінде төрт пән  – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет  оқытылды. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік  идеологияға айналған шақта ол “он  мың ұрпақтың ұстазы” деп жариялап, кейін қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций өзіне тән төл  ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық  шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер  кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер  берген. Конфуций ой-пікірінің негізгі  мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып  табылатын қарапайым да ғаламат  зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол  көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның  әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың  кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы  үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен  орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға  негізделген этикалық және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс.

Өз өмір–тіршілігінде  Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

1.Бос қиялға салынбау.

2.«Мен білемін» дегендіктен  аулақ болу.

3.Қасарыстық көрсетпеу.

4.Өзінің жеке басы жайлы  ойламау.

Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәріненде бауырмалдық пен  перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен  үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу  мен ызаны басуға үйрен, білім  мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен  арыл, басқаларды да ағат жолға қадам  басудан сақтандыр», - дейді екен.

Конфуцийдің аса маңызды  өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты және алдымен  әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі. Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты  оқу мен білімге шақыруынан да байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың мінез-құлқына, олардың салт-дәстүрлері мен өзара  қарым-қатынастарына ерекше көңіл  аударуға кеңес береді. «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, мен  жұртты білмеймін деп қынжыл» - бұл  да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз.  Адамгершілік Конфуцийдің  пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен, сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға  деген шексіз махаббатпен астасып  жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз  – адамгершілігі жоғары адамның  иығына өз еркімен артқан қияметі  мол ауыр жүгі. «Әбден жетілген»  адам адал және мінсіз, ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген сөзіне, ісіне  мығым, көзі қарақты болуға тиіс.

 

7. Ежелгі грек  натурфилософиясының (иониялықтар,  пифагоршылдар, элейліктер, атомистер)  қарастырған негізгі мәселелерінің  мәнін ашып көрсетіңіз.

Алғашқы грек даналарын  «стихиялық немесе аңғал материалистер»   деп атауға болады. Өйткені олар бастапқы мән ретінде атаған стихияларға (атомдар, гомеомериялар) материалды сипат  тән. Ал кейбірін  «аңғал идеалистер»  деп атауға болады: олар болмыстың  түпнегізі ретінде идеалды күштерді немесе мәндерді ұсынады.

Ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңіне – натурфилософияға космоцентризм тән. Яғни философияның орталық мәселесі ретінде Космос, оның құрлымы (космология) және шығуы (космогония) қойылды. Космостың шығуы туралы сұрақ болмыстың бастапқы түпнегізі  туралы түсінікпен тікелей байланысты еді.

Алғашқы кезең философиясының еңбектерінен бізге бірде – бір  шығарма толық жеткен жоқ –  кейінгі антикалық авторлар арқылы цитата түрінде жекелеген фрагменттер  ғана белгілі.

Ежелгі грек философиясының пайда болуы мен алғашқы даму кезеңдері Ионияда – Кіші Азияда басталды. Ионияның Батыс пен Шығыс  арасындағы сауда жолдарының қилысында  орналасуы грек философтарының түрлі  Шығыс ілімдерімен танысуына  жағдай тудырды. Ионияны парсылықтар  жаулап алғаннан кейін философия  дамуы тоқтап,  грек философтары  Жерорта теңізінің батыс аудандарына  көшуге  мәжбүр болды.

Философия дамуының екінші географиялық орталығы – ұлы Грекия атанған Оңтүстік Италияның  аудандары  мен  Сицилия аралдары болды. Қазіргі  кезде грек философтарының  алғашқы  кезеңінің барлық философтарын «Сократқа  дейінгілер»  деп атау қабылданған.Ежелгі Грециядағы алғашқы, натурфилософиялық  кезеңіндегі Сократқа дейінгі философиялық мектептер  б.д.д.  VII-Vғасырларда қалыптасу  үстіндегі ежелгі грек полистерінде пайда болды.

Пифагор және пифагореизм

Негізін қалаушысы – Пифагор. Пифагореизмнің кейінгі дамуы –  ежелгі грек философиясының алғашқы  кезеңінде пайда болып, антикалық  дүниенің соңына дейін өмір сүрген пифагорейлік одақтың әрекетімен байланысты болды.Пифагор (б.д.д 580-500) – Иониядағы  Самос аралында туылып, Египет пен  Вавилонда ұзақ өмір сүріп, кейбір деректер бойынша Үндіде болып, содан кейін  Ұлы Грецияға, Кротон қаласына келіп  өз мектебін – Пифагорлік Одақты –  ғылыми –философиялық және саяси  қауымдастықты құрған ежелгі грек философы.Пифагорға  «Пифагор теоремасының»  дәлелін  тапқандығы және математиканы эмпириялық ғылымнан теориялық ғылымға айналдыру 

Философиялық көзқарастары.  Пифагорды Ежелгі Грецияның ең бірінші  идеалисі деп санауға болады.  Өйткені болмыстың түпнегізі  ретінде ол идеалды  мәнді –  сандарды (тұтас натуралды сандарды) атайды. Сандар арасындағы пропорциялар Әлемдік Гармонияны құрайды. Пифагорға  бұл ойдың келуі туралы аңыз бар: бірде шеберхана тұсынан өтіп бара жатқан ол салмағы әртүрлі балғалардың  төске ұрылғанда түрліше дыбыс  шығаратынын байқайды. «Әрбір балғаның көлемі мен салмағы, демек, барлық байланыстар  сандар арқылы өлшенеді. Олай болса  сандар – нәрселер мен заттарға иелік  етеді, сандар дүниені басқарады»  деп шешеді Пифагор.   Сандар геометриялық фигуралармен байланысты. Барлық материалды денелерді құрайтын бес стихия да санмен байланысты. Мысалы, Жер –  кубтық  формадағы бөлшектерден құралады;

 Пифагор философиясында  бұрын мифологияда айтылмаған  бесінші стихия – Эфир туралы  түсінік бірінші пайда болды.  Пифагор Эфир бөлшектері –  додекаэдрлерден  құралғанына  сенді. Орфиктер сияқты, Пифагор  да жанның алмасуына – денеден  денеге көшетініне  сенді.Пифагор  пікірінше, дүниенің ортасында  Жер тұр. Эфирдегі басқа аспан  денелерінің барлығы Жерді айналып  қозғалуда, Эфирдегі әрбір планета  қозғалған сайын монотонды түрде,  өзіне ғана тән, белгілі   дыбыс беріп, ал ғарыштық денелердің  дыбыстары жиналып келіп нәзікте  әуенге сезімтал адамдар ғана  ести алатын мелодия құрайды.Пифагор  құрған Пифагорлік одақ ғылыми- философиялық және саяси бірлестік  болды. Одақ – жабық ұйым, ал оның ілімі – құпия болды. Пифагорлік Одаққа азат адамдар, бірақ  көпжылдық дайындық пен тексеруді сәтті өткендер ғана қабылданған.

Элей мектебіМектеп өзінің ірі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенондар өмір сүріп, ілім насихаттаған Элей қаласының  атымен аталады. Элеаттықтар бірінші  болып дүниені  рационалды түрде, барынша жалпы «болмыс», «бейболмыс»  «қозғалыс» - филосиялық ұғымдарын  қолдана отырып түсіндіруге тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз көзқарастарын  ғана баян еткен болса, элеаттықтар  алғаш болып дүниені рационалды тұрғыдан негіздеп, өз тұжырымдарын дәлелдеуге бет бұрды. Сезімдік, тәндік дүниенің «елес» екндігі, ақиқат еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып  элеаттықтарда туды. «Елес» дүниесіне  – ақылмен ғана танылатын «ақиқат» дүниесі қарсы қойылды.

Информация о работе Философия негіздері