Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

3. адам жаны («психэ») мен  «космостың жаны» ауа (пневма) арасындағы процестер ұксайтындығын  айтты.

4. құдайларды табиғат  күштеріне және аспан шырағдандарына  теңеді.

Бірде көлеңкелі бақ арасында серуендеп жүргенде шәкірті: А., айтыңызшы, неге күдіктене бересіз. Сіз ұзақ өмір сүрдіңіз, тәжірибелі данасыз, - депті. Сонда А. бірі кіші, бірі үлкен екі  дөңгелек сызып, кішісінің іші сенің  білгенің, үлкеннің іші менің білгенім, ал дөңгелектердің сырты бізге беймәлім, депті.

 

 

 

 

12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.

Фома Аквинский (1225-1274жж.) – орта ғасыр философиясының орталық  фигурасы, көрнекті философ, ортодоксальды  схоластиканы жүйелендіруші, томизм бағытының  негізін қалаушысы. Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі категориясы  болып болмыс табылады. Ол бар және ол ақиқат.

Ф. Аквинский Құдайдың бар  екендігінің онтологиялық дәлелі жеткіліксіз  деп есептеді. Оған дейінгі Аврелий  Августин “ Құдай жаратқан дүниенің болуы – Құдайдың бар екендігіне жеткілікті дәлел ” деп санаған. Соңғы шындық болып Құдай табылады және оның күші үнемі іс-әрекетте.Ф.Аквинский  өз еңбектерінде Құдай болмысының бес  дәлелін құрастырды:1.     Егерде қозғалысты тек механикалық  деп алмай толығымен алса бірінші  қозғаушыға, яғни Құдайға келмеуге болмайды.2. Егерде дүниедегі барлығының себебі болса, онда бірінші себеп  болуы керек, яғни Құдай.3.     Дүниедегі мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтардың көптігінің бәрі қажетті абсолютті  себептілікпен басқарушы керек, яғни Құдаймен.4.     Дүниедегі  барлығының жоғарғы дәрежесін өлшеу  үшін барлық жоғарғылардың абсолютті  өлшемі болуы керек, яғни Құдай.5.     Барлық дүниедегі тіршілік етушілер анық мақсаттылық дәрежесі бар, сондықтан  соңғы және негізгі мақсат Құдай  болуы керек.Ф.Аквинский ілімі  христиан шіркеуімен жоғары бағаланды, ол құдіреттілердің қатарына кірді.

Аврелий Августин Аврелий(354-430)-ежелгі рим философы, христиандық философияның негізін қалаушыларының бірі. Негізгі  еңбектері: “Құдай қаласы туралы”, “Бессмертные души” және т.б. Философиялық көзқарастары.Өзінің “ Құдай қаласы туралы ” атты еңбегінде Августин иондық және италиялық философияны ажырата отырып грек философиясына талдау жасады. Ал “Акадеимктерге қарсы ” атты еңбегінде Орта кезеңдегі Платон Академиясында етек алған салыстырмалы скептицизмді сынайды. Еңбектері өте көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

13. Адамның әлеуметтік  мәні? Осы мәселеге байланысты  философия тарихында орын алған  қандай философтардың концепцияларын  білесіз, мысал келтіріңіз. Адам — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы.  Адам барлық ғылымдардың объектісі болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары — барлық ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: “адам — заттардың өлшемі”, Сократ: “өзіңді өзің танып біл”). Ежелгі  Үнді, Қытай, Грек филос-сында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарас тырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, “кіші әлем”, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Үнді филос-сындағы жанның көшуі туралы ілім тіршілік иелері арасындағы шекараны белгілейді, бірақ тек адам ғана эмпириялық өмір сүру тұсауынан кармасансара заңы арқылы құтылуға ұмтылады. Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғ. (ғылыми-революция ғ-ында) мен 18 ғ. (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классик. филос-сы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19-20 ғ. постклассик. философия (Ницше, Шопенгауэр, Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және тағы сол сияқты адамның ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыс тырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық. факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеум. факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де “табиғи түрде” әрекет ететін биол. факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға.

53. Ақиқаттағы   салыстырмалылық   пен  абсолюттіліктің, нақтылық  пен  абстрактіліктің  арақатынасы   қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.

 Ақиқат  мәселесі, яғни  күмәнсіз, шынайы, адекватты білім  мәселесі Ежелгі Грекияда қойылып  ,пайымдалған. Элеаттар мен софистер  әсіресе сезімдік  қабылдауға  негізделген біздің біліміміз  қоршаған орта туралы шынайы  мәлімет беріп және оны дұрыс  бейнелейтініне күмән келтірген  болатын. Платон мәңгі және  өзгермейтін идеялар туралы білім  ғана  мүмкін, ал сезімдік әлем  туралы мәлімет, пікірлер жалған  деп санады.Сондықтан да объективті  құбылыстар мен білімнің  арасындағы  сәйкестікті бекіту мәселесі  пайда болды. Философияда мұндай  сәйкестік ақиқат деген атауға  ие болды. Аристотель былай  деп жазды: «ажыратылғанды-ажыратылған,байланысқанды  – баййланысқан дер есептейтін  адам шын сөйлейді, ал жалған  сөйлейтін адам- заттардың нақтылығы  туралы кері ойлайтын адам».  Аристотельдің бұл сөздері ақиқаттың  классикалық  концепциясын қалыптастырып,  ол біздің заманымызға дейін  жетті. Бұл концепция бойынша,  ақиқат – бұл объективті құбылыстар  мен үдерістер  және жекелеген  ұғымдар арасындағы сәйкестік  емес, белгілі бір түйіндер, яғни  пікірлер және істің объективті  жағдайы арасындағы сәйкестік  болып табылады.Абсолюттік ақиқат  ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін  және мәңгіге бекітілген  білім  болып табылады. Бірақ бізді қоршаған  объектілер өте күрделі, шексіз  көптеген байланыстар мен қатынастарға  енген, өздері үнемі өзгереді, диалектика заңдары бойынша дамиды  және өзге сапаға өтеді. Осы  жағдайға орай скептиктер және агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін жасайды.Мұндай түйін қате. Біріншіден, объективті ақиқат  көбіне абсолюттік формада емес, салыстырмалы формада болып келеді.Екіншіден, абсолюттік ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе шек ретінде қарастырылуы тиіс. Осы шекке жету жолында біз жаңа салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын тереі танып, оларды синтездеп және осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз. Салыстырмалы және абсолютті ақиқат диалектикасының ерекшелігі, біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылықты терең бейнелеуімен сипатталады.Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер қоршаған  әлем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күмәнділік деңгейін ықтималдылық теориясы мен ықтималдылық  логикасы көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, «есептеуге» және «өлшеуге» болатынын айқындайды. Қазіргі кезде қалыптасқан өте көптеген математикаландырылған теориялар мен формулалар ықтималдылыққа теңестірілген салыстырмалы шындықтардың абсолютті дәл күмәнсіз білімге жақындағанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14.  ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ  ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕРДІҢ, 

ФИЛОСОФИЯНЫҢ  ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН АШЫП КӨРСЕТІҢІЗ.

 

Ислам – бұл тек дінге  сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат – бір құдайға табыну. Мистицизм – нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.

Оңтүстік Қазақстандағы  көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы – Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.

Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан «Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді. Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» — деп түсіндіреді. Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» — деп жалпы анықтама береді. Исламның бастапқы кезінде мұсылмандар жаңадан құрылған үкіметті және жетістіктерді қорғауға соншалықты мән бермеген. Олар Құран тағылымдарына көп көңіл бөлген. Сонымен қатар "Нахв", "Жеңістер тарихы" және "Фикх" пен осыған ұқсас діни ғылымдарға мұсылмандар назар аударды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15. Философияның  негізгі атқаратын қызметтері  қандай?

Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Б.з.д. VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады. Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина ж\е т.б. Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды: • Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды. • Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.Философияның қызметі – философияның мақсат-міндеті мен арнаулы іске асатын негізгі қолдану салалары. Ф.-ның негізгі функциялары мынадай:

  • Дүниетанымдық;
  • Методологиялық;
  • Теориялық;
  • Гносеологиялық;
  • Аксиологиялық;
  • Әлеуметтік;
  • Тәрбиелік-гуманитарлық;
  • Сындарлы;
  • Футурологиялық.

Дүниеге көзқарастық  функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру. 
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды. 
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. 
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді. 
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту. 
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады. 
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады. 
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. 
Сындарлы функция – қоршаған дүниені және білім атаулыны күмән

“елегінен” өткізу, оның жаңа белгілерін, сипатын іздеу, қайшылықтарын  ашу. Түпкі міндеті: таным көкжиегін  кеңейтіп, догмаларды жойып, білімнің қатып-семуін тоқтатып, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейінен жоғарылату.

Болжамдық (футурологиялық) – қоршаған дүние мен адамдар туралы қолда бар философиялық білімдерге, оның жетістіктеріне  сүйене отырып материяның, сананың, таным процестерінің, адам, табиғат, қоғамның даму тенденцияларына болжау жасайды.

Эвристикалық  қызметі - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.  Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.

Информация о работе Философия негіздері