Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
5
1.2
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері
11

2
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
19
2.1
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
19
2.2
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау
30
2.3
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
40
2.4
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
46

3
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
51


ҚОРЫТЫНДЫ
59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
62

Вложенные файлы: 1 файл

Ищанов новый жумыс.docx

— 156.01 Кб (Скачать файл)

                                             МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

3

   

  1

КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

5

1.1

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы

5

1.2

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың  әдістері

11

     

2

«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

19

2.1

“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама

19

2.2

«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау

30

2.3

Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары

40

2.4

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  әсер етуші факторлар

46

     

3

«ALSER» АҚ – НЫҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ  КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ  ЖӘНЕ АУДИТІ

51

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ

59

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР  ТІЗІМІ

62




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек

Қәзіргі экономика  жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды  заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.

Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді  орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды өзекті мәселе туады

Әрбір кәсіпорын  үшін өзінің қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.

Қәзіргі  жағдайда кәсіпорынның тұрақтылығының негізі, оның қаржылық тұрақтылығы болып келеді. Ол, кәсіпорын  өз қаражатын еркін басқарып, оны  тиімді пайдалану арқасында, өнімді өңдірудің және өткізудің үздіксіздігін  қамтамассыз ететін, қаржылық ресурстардың жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, ең алдымен оның қаржылық жағдайына талдау жасау керек. Қаржылық жағдай, қаржы ресурстарын пайдалануын, орналастыруын және барын көрсететін қаржылық көрсеткіштердің жиынтығы болып келеді.

Қаржылық талдаудың мақсаты, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және де оның жағдайын жақсартуға  бағытталған жұмыстарды жүргізу болып табылады. Сонымен қоса бұл жұмыстардың нақты қай бағытта жүргізілу керек екендігі көрсетіледі.

Осымен қоса қаржылық жағдай – бұл кәсіпорынның сыртқы ортадағы қызметіне маңызды мінездеме. Ол кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін болашағын  аңықтайды. Сондықтанда ұсынылатын көрсеткіштер жүйесінің мақсаты, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығынкөрсету болып  табылады. Нарықтық қатынастар дамыған  сайын оның қаржылық жағдайы туралы мәлімет алғысы келетін тұлғалар көбейе түседі.

 Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты, кәсіпорынның өңдірістік -               шаруашылық басқару шешімдерін қабылдау үшін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін талдай отырып, кәсіпорынның қаржылық – тұрақтылығынбағалау болып табылады.

Дипломдық  жұмыста  байланыс  қызметін  ұсынатын   «Alser» ЖШС  – ның бухгалтерлік балансы негізінде  қаржылық – жай күйіне баға берілді.   Осы мақсатқа жету үшін, біз дипломдық  жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың мәнін және мағынасын, онымен қатар,  қаржылық талдау кезіңде қолданылатын әдістерді қарастырдым.

Екінші бөлімде, компанияның  қызметіне қысқаша сипаттама  беріледі және онда келесі :

  • өтімділік коэффициенті
  • іскерлік белсенділік коэффициенті
  • табыстылық коэффициенті
  • қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін қолдану арқылы компанияның қаржылық жай – күйіне талдау жүргізіледі.

 Одан әрі компанияның  банкрот болу ықтималдылығы қарастырылады.  Мұнда Альтманның  Z коэффициенті қолданылды.

Ал үшінші бөлімде «Alser»  ЖШС – ның  қаржылық тұрақтылығын бағалау әдістерінің кемшіліктері және оны шешу жолдары туралы қарастырдық.

Теориялық және әдістемелік  негіздері. Дипломдық жұмысының пәні-

кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына  байланысты  экономикалық қатынастар.

Диплом жұмысының  міндеттері:

  • кәсіпорынның қызметін  қысқаша сипаттау
  • кәсіпорынның тұрақтылығын бағалау;
  • ЖШС «Alser» қаржылық тұрақтылығын талдау;

 

 

 

 

 

 

 

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

    1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы

 

Нарықтық қатынастары  жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл  кәсіпорындардың тәуелсіздікке  ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер  және де басқа контрагенттер алдында  өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте  болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас  бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз  немесе "қаржылық тұрақтылық" дегеніміз  не, соны анықтап алған жөн. Соңғы  жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны  тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және мін-деттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

 Кәсіпорынның қаржылық  жағдайы қаржы ресурстарын жасау,  тарату және пайдаланумен сипатталады.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да  қызмет түрлері үшін қажетті  қаржы ресурстармен қамтамассыз  етілуімен және оларды мақсатқа  сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен  қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу  қабілеттілігі және қаржылық  тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның  уақтылы төлеу мүмкіндігі оның  қаржьлық жағдайының жақсылығын  көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы  осы кәсіпорынның белгілі бір  кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін  уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен  қамтамассыз етілуін көрсетеді.

А.И. Ковалев және В.П. Привалов  қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай  - бұл қаржы  ресурстарының қолда барын, үлестіріліп  таратылуы және пайдалануын сипаттайтын  көрсеткіштер жиынтығы».

Профессор  И.Т. Балабанов  «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы  - бұл  оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несиеге қабілеттілігі) қаржы ресуртары мен капиталды  пайдалану, мемлекет алдында және басқа  да шаруашылық субъектілерінің алдында  өз міңдеттемелерін орындау».

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл  сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше  түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамассыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық  меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан  табыстық шығынның артуының өзіне тән  айнасы қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану аркылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін  қамтамассыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды  кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорьнның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.

Қаржылық тұрақтылық - бұл  табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды  қамтамассыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі  процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы  қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен  әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамассыз  ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін  табыстың тұрақтылығын талап етеді  және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықгаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен  және тағы басқалармен есеп айырысу  үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті  дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік ретінде дәрежеде табыс  қалуы қажет.

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен  B.C. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен  шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамассыз етілуі деп түсіндіреді. 
Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына етумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.

Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радинова келесідей түрлерге жіктейді.

1) пайда болу орнына  байланысты - ішкі  және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына  байланысты - негізгі және негізгі  емес;

3) құрылысы бойынша - қарапайым  және күрделі;

4) әрекет ету уақыты  бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын  еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды  қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы  ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қьізметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін  өнім және өндіріс технологиясымен  тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің  тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері  кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын  қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың  ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы  мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы  сезіне алады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша  жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын  ақша қаражаттарын қаншалықты көп тар-татын  болса, оның қаржылық мүмкіндіктері  де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен  бірге қаржылық тәуекелділік те өседі,  яғни кәсіпорын өз кредиторларымен  уақытында есептесе ала ма, жоқ  па? -деген қауіп туады. Және де бұл  жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепіліні бір түрі ретінде  резервтерге үлкен рөл берілген.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар