Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 10:09, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек
КІРІСПЕ
3
1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
5
1.2
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері
11
2
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
19
2.1
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
19
2.2
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау
30
2.3
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
40
2.4
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
46
3
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
51
ҚОРЫТЫНДЫ
59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
62
2.1 «Alser» ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
“Alser” ЖШС (бұдан әрі Компания) 1995 жылдан бері Қазақстан нарығында өзінің компьтерлік қызметін іске асырып келеді. Қәзіргі таңда жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстандағы ең күшті компаниялардың бірі болып есептелдеді. Компанияның ең негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында сенімді компьютерлік техникаларды дамыту болып табылады. ЖШС-ның ең негізгі нысандары: бөлшек саудаға; тендрларға қатысу; өздреінің бредтарына серялық компьтерлерді өндіру. Компанияның орналасқан, тіркелген және қызметін асырып жатқан жері Қазақстан Республикасы. Компанияның заңгерлік мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Абай көшесі 31.
“Alser” ЖШС-сы Республиканың техника нарығында көшбасшы орынды иеленеді. Олардың қатарында дәстүрлі тапсырмалары –кеңсе техникаларын, топтамалық, қосалқы, материалдар шығынымен және бағдарламалық құралдарды сату бойынша дилермен жұмыс істеу болып табылады. Жан жақты даму үстіндегі «Alser Computers» ЖШС-сы Қазақстан бойынша 400 диллер мен 32 қалаға қызмет көрсетеді. Ең негізгілеріне мыналар жатады: ЖШС «Белый Ветер» (Караганда), ЖШС компаниясы «Лайн» (Астана), ЖШС “Com-S” (Уральск) , ЖШС «Marex LTD» (Павлодар), «Артком» (Аксай), «ПлюсМикроНС» (Астана), «Аэлита» (Уральск), «Бытовая техника» (Усть-Каменогорск), «Легион» (Актобе), «Континент» (Тараз), «ПрограмСервис Лимитед» (Павлодар), «Техмаркет Астана» (Астана), «Экси ПВ» (Павлодар), «Уни-Кос» (Актобе), «Тех центр Аверс» (Экибастуз). Сонымен қатар Alser компаниясы өзінің серіктестерімен тығыз байланыста және көптеген басқа қызметтер бар. Компанияның Орталық офисі Қазақстанның елордасы – Астана қаласында орналасқан.
«Alser» ЖШС-гі Қазақстан
республикасы нарығына бәсеке
қабілетті өнім шығаратын
Кәсіпорынның негізгі қызметі─ компьютерлік технология өндірісі. Бұл ұйымның негізгі мақсаты тұтынушыларды табиғи минералды сулар негізінде жасалған сапалы әрі экологиялық таза сусындармен қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорын 1995 жылы Қазақстан Республикасы техникамен айналысатын компания ретінде құрылды. Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыты Көкшетау облысының гидроминералдық ресурстарын іздестіру мен эксплуатация болып табылған. Ал қазіргі кезде, яғни «Alser» ЖШС-гі «Alser» қайта ұйымдастырылды. Бұл өзгеріс кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын, несие сенімділігін жоғарлатты және бағалы қағаздар нарығында мүмкіндіктердің ұлғаюына әкелді.
Кәсіпорын қаржыларын табысты басқару шарты болып оның қаржылық жағдайы болып табылады. Сондықтан «Alser» ЖШС-ның қаржылық тұрақтылық жағдайына талдау жасаудың алдында кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпылама талдау жасалады.
Жұмыстың 1.1 бөлімінде қарастырылып өткендей, дәстүрлі негізде қаржылық жағдайын бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Сонымен, «Alser» ЖШС-ның қаржылық жағдайын жалпылама талдау:
1. «Alser» ЖШС-нің мүліктік
аналитикалық сипаттамасы
Бірақ талданып отырған уақыт мерзімінде кәсіпорын мүлкінің жеке түрлерінің құны бірқалыпты деңгейде өзгерген жоқ, сондықтан оның құрамында құрлымдық өзгерістер пайда болды.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын талдау үшін қосымша Б пайдалану дұрыс болады.
Берілген қосымшада
Кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен құрылымын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданым отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ. Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2011 жылы 5,24%-ға кеміді, 2012 жылы 92,48%-ға ұлғайды, ал материалдық емес бөлігі, яғни ақша-қаражаттар 111,15%-ға ұлғайды, ал 2012 жылға қарай 76,36%-ға кеміді, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық қарыз соммасы 61,3%-ға және 12,8%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді қаржылық салымдар болса, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 3,56%-ға өсіп, 2012 жылы кәсіпорын өз қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ. Бірақ 2010 жылдан 2012 жылға қарай негізгі құралдардың күрт өсуі нәтижесінде басқа баланс активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнында төмендеді: егер негізгі құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2010 жылы 54,64%, 2012 жылы 61,67%-ды құраса, ал тауарлы-материалдық қорлар үлесі 24,89% бен 25,46%, дебиторлық қарыз 11,85% бен 12,10%, қысқамерзімді қаржылық салымдар 6,06% бен 0%, ақша-қаражаттар 2,56% бен 0,72%-ды құрады. Бұл құрлымдық өзгерістерді безендірілген түрде көру үшін сурет 5 қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық
жағдайын тек абсолютті көрсеткіштермен
ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы
көрсеткіштер арқылы да талдауға болады.
Сондықтан «Alser» ЖШС-нің
3-сурет. «Alser» ЖШС активінің құрылымы*
Қосымша В кестесінде көрініп тұрғандай, шаруашылық қаражаттарының соммасы кәсіпорын балансындағы активтердің жалпылама құндық сипаттамасын береді. Жоғарыда айтылып өткендей, активтер құны 2010 жылмен салыстырғанды 2012 жылы 70,29%-ға ұлғайды, ол кәсіпорын мүліктік потенциалының ұлғайғандығын білдіреді. Оны негізгі құралдар актив бөлігінің 2010 және 2012 жылдардағы үлесінен көруге болады: 2010 жылы ол 0,48 теңгені, ал 2012 жылы 0,66 теңгені құрады, яғни 0,19 теңгеге ұлғайды. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффиценті талданып отырған уақыт мерзімі аралығында тек өсу тенденциясына ие болған, ол 2012 жылға қарай 0,08 теңгеге өсті. Ал кәсіпорын активтерінің қозғалыс коэффиценті кәсіпорын баланс валютасындағы ағымдық активтер бөлігінің 2012 жылға қарай 0,07 теңгеге төмендегенін білдіреді. Бұл кәсіпорын үшін жағымсыз жағдай болып табылады, себебі берілген коэффицент мәні 2012 жылы қалыпты жағдайдан төменгі деңгейде орналасқан: 0,38 теңге. Бірақ осы қозғалыстағы активтер мен ұзақмерзімді активтер қатынасының мәні қалыпты деңгейден жоғары орналасқан, сонда да 2010 жылдан 2012 жылға қарай төмендеу тенденциясына ие болды: 2010 жылы- 0,83, ал 2012 жылы- 0,62. Кәсіпорын негізгі құралдарының тозу коэффиценттері жоғарлап, 0,34 теңгені құрады- бұл алдағы кезеңде негізгі құралдардың 34% құны шығыстарға жатқызылады, бұған сәйкесінше жаңару коэффиценті төмендеп, 0,18 теңгені құрады- бұл 2012 жылдың соңына қарай негізгі құралдардың 18% жаңа болып табылады. Істен шығу коэффицентінің мәні кәсіпорын есепті жылдың басында жұмысын бастаған негізгі құралдардың 3% ескергендіктен немесе басқа да себептерден істен шығып қалды.
Мүліктің қалыптастыру
көздерінің құрамы мен
Аналитикалық есеп нәтижелері бойынша талданып отырған уақыт кезеңі ішінде қалыптастыру көздері құрылымында мәнді өзгерістер пайда болды. Пассивтердің жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі төмендеді және 2012 жылы ол 29,72% немесе 82 669,7 мың теңге сомманы құрады. Бұл өзгеріс меншікті капиталдың 2010 жылмен салыстырғандағы 2012 жылда 1,84%-ға өсуімен анықталады. Сәйкесінше, қарыз қаражаттары пассивтер құрылымындағы үлесі ұлғайды және 2012 жылы 70,28% немесе 195 473,3 мың теңге сомманы құрады. Қарыз қаражаттарының ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер негізгі орынды алады, олардың үлесі пассивтердің жалпы құрылымында 2010 жылы 20,54% және 2012 жылы 51,69% болды.
Кәсіпорын мүлкінің қалыптастыру көздерінің жалпы соммасында меншікті капитал үлес салмағының төмендеуі мен ұзақмерзімді міндеттемелер үлес салмағының ұлғаюы кәсіпорын қаржылық жағдайының төмендеу салдары болып табылады.
Төлем қаражаттарының бірінші
бөлімі төлем міндеттемелерін
1- кесте - «Alser» ЖШС-нің өтімділігін сипаттайтын абсолютті көрсеткіштер*
№ |
Актив |
Сомма, мың теңге |
Пассив |
Сомма, мың теңге | ||||
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж | |||
1 |
А1 |
13 446 |
18 219 |
1 992,09 |
П1 |
40 841 |
24 472 |
51 713,21 |
2 |
А2 |
18 479 |
29 811 |
33 646,23 |
П2 |
1 928 |
0 |
0 |
3 |
А3 |
38 826 |
36 635 |
70 538,16 |
П3 |
32 038 |
135 536 |
143 760,09 |
4 |
А4 |
85 236 |
158 301 |
171 687,98 |
П4 |
81 180 |
83 272 |
82 948,24 |
5 |
Барлығы |
155 987 |
242 966 |
277 864 |
Барлығы |
155 987 |
243 280 |
278 422 |
№ |
Актив |
Төлем артықшылығы (+), жетіспеушілік (-), мың теңге | ||
2010ж |
2011ж |
2012ж | ||
1 |
А1 |
-27 395 |
-6 253 |
-49 721,12 |
2 |
А2 |
16 551 |
29 811 |
33 646,23 |
3 |
А3 |
6 788 |
-98 901 |
-73 221,93 |
4 |
А4 |
4 056 |
75 029 |
88 739,74 |
5 |
Барлығы |
|||
* Ескертпе - Кесте 2010-2012 жж. «Alser» ЖШС-нің бухгалтерлік балансы бойынша құрастырылған. |
Баяу жүзеге асырылатын активтер мен ұзақ мерзімді міндеттемелерді салыстыру перспективті өтімділікті бейнелейді және болашақ түсімдер мен төлемдер соммаларын салыстыру негізінде төлемқабілеттілікті болжау болып табылады. Берілген кәсіпорында 2010-2011 жылдар аралығында төлем
қаражаттарының артықшылығы орын алды. 2010 жылы 6 788 мың теңге сомманы құрады. Бірақ 2011 жылы орасан зор төлем құралдарының жетіспеушілігі пайда болды- 98 901 мың теңге. 2012 жылы бұл жетіспеушілік сәл ғана соммаға кеміді- 25 679,07 мың теңгеге, және жалпы соммасы 73 221,93 мың теңге құрады.
Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші топтамасының нәтижесін салыстыру кәсіпорынның өз құрылтайшылары алдындағы қарыздарын өтеу мүмкіндігін көрсетеді, бірақ бұл кәсіпорын таратылған кезде ғана қажет етілетін жағдай. 2010 жылы баланс активі бабының нәтижесі баланс пассиві бабының нәтижесінен 4 056 мың теңгеге, 2011 жылы 75 029 мың теңгеге, 2012 жылы 88 739,74 мың теңгеге жоғары болды. Бұл кәсіпорын қаржылық жағдайының жақсарғандығын білдіреді, себебі өз қызметін үздіксіз жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталына ие.
Бірақ бұл көрсеткіштер қысқа
мерзімді міндеттемелерді өтеу тұрғысынан
кәсіпорынның мүмкіндіктерін толық
ашпайды. Сондықтан, осы көрсеткіштермен
бірге есепті жылдар аралығындағы кәсіпорынның
қысқамерзімді міндеттемелерді
өтеу қабілетін анықтауға мүмкіндік
беретін өтімділік
2 - кесте - «Alser» ЖШС-нің өтімділігін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер*
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар