Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
5
1.2
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері
11

2
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
19
2.1
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
19
2.2
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау
30
2.3
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
40
2.4
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
46

3
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
51


ҚОРЫТЫНДЫ
59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
62

Вложенные файлы: 1 файл

Ищанов новый жумыс.docx

— 156.01 Кб (Скачать файл)

                                                                                                         

Көрсеткіштер

2010ж

2011ж

2012ж

өзгерістер

04/03

05/04

Жалпы өтімділік коэффиценті

0,95

0,53

0,54

-0,42

0,01

Абсолютті өтімділік коэффиценті

0,31

0,74

0,04

0,43

-0,71

Жедел өтімділік коэффиценті

0,75

1,96

0,69

1,22

-1,27

Ағымдық өтімділік коэффиценті

1,65

3,47

2,06

1,81

-1,41

Тауарлы-материалдық қорлардың ағымдық активтеріндегі үлесі

0,55

0,43

0,67

-0,12

0,23

Тауарлы-материалдық қорлардың  өтелу коэффиценті

0,72

1,64

0,77

0,92

-0,87

Меншікті айналым қаражаттарымен

 қамтамасыз етілу коэффиценті

0,40

0,71

0,51

0,32

-0,20

Ағымдық міндеттемелердің табыстылық коэффиценті

8,43

20,31

12,13

11,89

-8,19

Ақша-қаражаттардың жеткіліктілік коэффиценті

4,05

3,58

3,09

-0,48

-0,48

Ақша-қаражаттарын

капиталдандыру коэффиценті

2,37

1,74

1,99

-0,63

0,25

*ескертпе - Кесте 2010-2012 жж. «Alser» ЖШС-нің бухгалтерлік балансы бойынша құрастырылған.


 

  • Жалпы өтімділік коэффиценті есепті жылдар аралығында қысқамерзімді міндеттемелерді өтеу үшін қолданылатын қаражаттар кәсіпорында жеткілікті ме деген сұраққа жауап береді. Берілген көрсеткіштің қалыпты мәні ≥0,5 болуы қажет.

Жалпы өтімділік коэффиценті  талданатын уақыт аралығында 0,95; 0,53; 0,54 құрады. Есептелген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын өз міндеттемелерінің  барлық түрлері бойынша өз төлемдерін жүзеге асыра алу қабілетін білдіреді, бірақ бұл қабілет 2011 жылы күр  төмендеді, соныменен де қалыпты  деңгейден сәл жоғары, ал 2012 жылы осы мәннен аз мөлшерде жоғарлады, осыған қарамастан жалпы төлемқабілеттілігін  жоғалтпағанын көрсетеді.

  • Абсолютті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның қысқамерзім аралығында қысқамерзімді қарыздардың қандай бөлігін өтей алу қабілетін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қалыпты мәні ≥0,2-0,5.

Талданып отырған уақыт  аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2010 жылда 0,31-ден 2011 жылы 0,74-ға ұлғайды, осы жылы кәсіпорын төлемқабілетті, бірақ 2012 жылы көрсеткіш мәні 0,04-ке дейін күрт төмендеп, төлемқабілетсіз  болды. Яғни «Alser» ЖШС-нің өзінің шұғыл жүзеге асырылатын активтерінің жеткіліксіздігі нәтижесінде қысқамерзімді  міндеттемелерін өтеу ауыртпалығына  тап болғандығын білдіреді.

  • Жедел өтімділік коэффиценті кәсіпорынның меншікті көздерден қалыптастырылатын жеткілікті еркін ресурстар көлеміне ие екенін білдіреді.  Бұл көрсеткіш қалыпты мәні ≥1.

Талданып отырған уақыт  аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2010 жылы 0,75-тен 2011 жылы 1,96-ға дейін ұлғайды, кейін 2012 жылы алдыңғы жылдарға қарағанда  жедел өтімділік коэффиценті 0,69-ға дейін күрт төмендеді. Бұл кәсіпорынның өзінің шоттары бойынша төлемдерін жүзеге асыра алмау қабілетімен  байланысты жоғары қаржылық тәуекелділік бар екенін көрсетеді.

  • Ағымдық өтімділік коэффиценті қысқамерзімді міндеттемелердің 1 теңгесіне активтердің неше теңгесі келетінін көрсетеді және барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең мерзімде кәсіпорынның күтіліп отырған төлемқабілеттілігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш қалыпты мәні 1-2 аралығында болу қажет.

Талданып отырған уақыт  аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2010 жылы 1,65 мәнінен 2011 жылы 3,47 мәнене дейін  ұлғайды- бұл «Alser» ЖШС-нің өз қаражаттарын рационалды емес салаға салғанын және тиімсіз түрде қолданғанын көрсетеді. Бірақ 2012 жылы ағымдық өтімділік  коэффиценті 2,06 мәніне дейін төмендеді, анықталған көрсеткіш әлі де болса  талданып отырған кәсіпорын үшін тиімсіз, соныменен де қалыпты шамаға таяу.

  • Тауарлық-материалдық қорлардың өтелу коэффиценті матералдық қорлар қандай дәрежеде меншікті қаражаттар арқылы өтелетінін және қарыз қаражаттарына қажеттілік деңгейін көрсетеді. Шаруашылық тәжірибенің статистикалық салыстырмалы мәліметтері негізінде алынған көрсеткіштің қалыпты мәні ≥0,6-0,8 болуы қажет.

Бұл көрсеткіштің мәні «Alser»  ЖШС-да талданып отырған уақыт аралығында 0,72; 1,64; 0,77 болды. Кәсіпорын тауарлық-материалдық  қорлары жеткілікті деңгейде меншікті қаражат көздерінен өтеледі дегенді  білдіреді.

  • Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффицентінің қалыпты мәні ≥0,1 болуы қажет.

Берілген кәсіпорын үшін бұл көрсеткіш талданып отырған  кезеңде қолайлы, яғни 0,4; 0,71; 0,77 көрсетеді.

Сонымен жоғарыда есептелген көрсеткіштер нәтижелеріне сай келесідей  қорытынды жасауға болады:  меншікті айналым капиталы 2010 жылдан 2012 жылға  қарай 51%-ға өскенімен өтімділік  көрсеткіштерінің негізгілері қолайсыз мәндерге ие, әсіресе, шикізат пен  материалдар жабдықтаушылары үшін абсолютті өтімділік көрсеткіші қанағаттандырғысыз дәрежеде; берілген кәсіпорынды несиелендіретін банктер  үшін жедел өтімділік деңгейі  де қанағаттандырғысыз дәрежеде; бірақ  кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын ағымдық  өтімділік коэффиценті бойынша  бағалайтын ұйым акциялары мен облигацияларын сатып алушылар мен ұстаушылары  үшін оның мәні қалыпты деңгейде, соныменен  басқа да өтімділіктің қалған көрсеткіштері кәсіпорын үшін жеткілікті деңгейде орналасқан. Сондықтан өтімділік коэффиценттерінің негізгілері болып табылатын жалпы және ағымдық өтімділік көрсеткіштеріның нәтижелері негізінде «Alser» ЖШС-нің өз қысқа мерзімді қарыздарын өтеу алу қабілетін, және қажетті жағдайда өз материалдық-өндірістік қорларын сатпайтынын білдіреді.

      1. Егер сатудан түскен түсім өндірістің шығындарын толық өтесе, соныменен кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне жеткілікті пайда қалыптастырса, онда мұндай кәсіпорын табысты болып саналады.

 «Alser» ЖШС-нің қаржылық  нәтижелерінің динамикасы мен  деңгейін талдау үшін негізгі  мәліметтер қосымша Ғ-да бейнеленген. 

Кестеден көрініп отырғандай сатудан түскен түсім 2011 жылы 2010 жылға  қарағанда 136 621 мың теңгеге немесе 37,9%-ға , ал өнімнің өзіндік құны 79 855 мың теңгеге немесе 27,6%-ға, кезең шығындары 47 831 мың теңгеге немесе 62,2%-ға, соның ішінде сату шығындары 2 004 мың теңгеге немесе 11,3%-ға  өсті, оған қарамастан 2011 жылы негізгі қызметтен түскен табыс 8 935 мың теңгеге немесе 74,3%-ға ұлғайып, 2010 жылы кәсіпорын қаржылық қызметі шығынды болғандықтан, 2011 жыл таза табыс 7 931 мың теңгеге немесе 174,3%-ға өсті.

Құрылымында 2010 және 2011 жылы кездейсоқ оқығалардан шығын  орын алған жоқ. Бірақ құрылымын  қарастырғанда, 2011 жылға қарай сатудан  түскен табыстың құрамындағы өнімнің  өзіндік құнының үлесі 80%-дан 74%-ға дейін төмендеді, ал жалпы табыс  үлесі 19,9%-дан 25,8%-ға дейін ұлғайды, таза табыс 0,85%-ға дейін өсті.

2012 жылы сатудын түскен  түсім 2011 жылмен салыстырғанда  129 949 мың теңгеге немесе 26,1%-ға , өнімнің өзіндік құны 50 332 мың теңгеге немесе 13,6%-ға, кезең шығындары 55 058 мың теңгеге немесе 44,1%-ғы, соның ішінде сату шығындары 64 585 мың теңгеге немесе 327,4%-ға ұлғайды, ал негізгі қызметтен түскен табыс 24 560 мың теңгеге немесе 644,5%-ға өсті, таза табыс 2 521 мың теңгеге немесе 59,9%-ға кеміді.

Бірақ баланс құрлымында 2012 жылы да кездейсоқ оқиғалардан шығын  орын алған жоқ, сатудан түскен табыстың құрамындағы өнімнің өзіндік  құнының үлесі 2011 жылмен салыстырғанда 66,8%-ды құрады, жалпы табыс 25,8%-дан 33,2%-ға дейін көтерілді, бірақ таза табыс 0,85%-дан 0,27%-ға дейін қысқарды.

Кәсіпорынның табыстылығы  мен экономикалық мақсаттылығы тек  абсолютті көрсеткіштермен ғана емес, сонымен салыстырмалы көрсеткіштер арқылы да бағаланады.

Қаражаттарды салу бағытына, капиталды тарту түріне, есеп мақсатына  байланысты табыстылықтың әртүрлі  коэффиценттерін қолданады. Бұл  көрсеткіштердің жалпы мәні- жүз  теңге салынған қаражаттардан түскен пайда соммасын анықтау. Ол ұйым қызметінің экономикалық тиімділігін анықтайды  және жүз теңге салынған ресурстарға  келетін пайда көлемін көрсетеді. Кәсіпорын  табыстылығын анықтайтын салыстырмалы көрсеткіштер           қосымша Д бейнеленген.

Кәсіпорын қызметінің табыстылығын бейнелейтін көрсеткіштер 2010 жылы теріс  мәнге ие болды, ал 2011 жылы бұл көрсеткіштердің  барлығы оң мәнге ие болды, бірақ 2012 жылы табыстылық көрсеткіштері төмендеді  және бірақ әлі де болса оң мәнге  ие. Олардың негізгілері кәсіпорын  табыстылығы туралы белгілі бір  қорытынды жасауға мүмкіндік  береді.

2010 жылдан 2011 жылға қарай  сату көлемінің табыстылығын  есептеу барысында сатылған өнімнің  әрбір бірлігі әкелген таза  табыстың 30%-ға, ал 2012 жылы 28,4%-ға ұлғайды,  бұл көрсеткіштер өткізілеген  өнім табыстылығына әсер етті: 2011 жылы 182%-ға өсті, 2012 жылы 68,2%-ға  кеміді.

Меншікті капитал табыстылығын есептеу кәсіпорын құрылтайшыларымен  салынған әрбір ақша бірлігі 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 158,2% таза табыс  әкелгендігін, бірақ 2012 жылы ол 61,2%-ға кеміді. Кәсіпорын активтерінің табыстылығы 2011 жылға қарай 172,5%-ға өсті, ал 2012 жылы керісінше 64,5%-ға кеміді. Ұзақмерзімді активтердің табыстылығының нәтижелері арқылы 2011 жылға қарай негізгі  құралдар мен басқа да айналымнан тыс активтердің пайдалану тиімділігі 160,9%-ға ұлғайғандығын, ал 2012 жылы 63%-ға кемігендігін байқаймыз. Негізгі қызметтің  табыстылығы шығынның бір теңгесіне  келетін сатудан түскен пайда 2011 жылы158,2%-ға және 2012 жылы ол 555%-ға көбейді. Сонымен бірге перманентті капитал  табыстылығын есептеу барысында 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда кәсіпорын  қызметіне ұзақ мерзімге салынған капиталды  пайдалану тиімділігі 158,5%-ға жоғарлағаны  мен 2012 жылы 61,2%-ға қысқарғаны анықталды. Нәтижесінде талданып отырған уақыт  мерзімі соңына таман берілген кәсіпорын  қызметінің салыстырмалы табыстылығы 2,5 есе өсті және кісіпорынға салынған меншікті капиталдың толық өтелу  мерзімі- 46 жыл анықталды.    

      1. Кәсіпорын іскерлік белсенділігін талдау бағыттарының бірі оның өсу қарқынын қамтамасыз ету мен кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігінің деңгейі болып табылады. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайтын әртүрлі көрсеткіштер есептелуі мүмкін.

Қосымша Е бойынша келесі қорытындылар жасауға болады. Біріншіден, активтер айналымдылығының жалпы көрсеткіштер тобы бойынша келесіні байқауға болады: капиталдың жалпы айналымдық коэффиценті  активтердің әрбір бірлігі өткізілген өнімнің 2,3-2,2 теңгесін әкелгендігін немесе пайда әкелетін өндіріс және айналыс  циклі бір жылда 2,3-2,2 айналым жасайтынын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің динамикада төмендеуі негізгі құралдардың  әлі де болса тозбағандығы болып  табылады. Айналым қаражаттарының айналу жылдамдығы 2011 жылы 15%-ға және 2012 жылы 0,5%-ға өсті. Айналымнан тыс активтерді пайдалану  тиімділігі 3 жыл аралығында нашарлады, себебі айналым саны 2011 жылы 4,2-ден 3,1-ге дейін кеміді, бірақ 2012 жылы 3,6-ға дейін сәл өсті, оны айналымнан тыс активтердің өзгеру динамикасынан көруге болады. Ол негізгі капиталдың техникалық деңгейінің төмендігінен немесе өнімді өткізу көлемінің қысқарғандығынан орын алуы мүмкін.

Екіншіден, активтерді басқару  көрсеткіштері бойынша, қаржылық көзқарас негізінде, меншікті капитал айналымдылығын есептеу салынған капиталдың айналымдылық жылдамдығы 2010 жылдан 2012 жылға қарай 4,4-тен 7,5-ке дейін ұлғайды. Бұндай көрсеткіштердің  мәні және динамикада олардың өсуі салынған капиталдан сату деңгейінің жоғарлауын білдіреді, ал бұл құрылтайшылардан бұрын кәсіпорын қызметіне кредиторлар  қатысуы орын алатын деңгейдің өсу  мүмкіндігін және несие ресурстарының  өсуін алып келеді. Материалды айналым  капиталының айналымдылығын есептеу 2010 жылы қорлар мен шығындардың айналым  саны 10,2 құрады, ал 2012 жылы 11 құрады, бұл  матералдық қорлардың айналым мерзімін 0,8 күнге қысқаруын 

қамтамасыз етті. Ал ақша-қаражаттардың  айналым көрсеткіштері 2011 жылы 25,7%-ға, 2012 жылы 50,3%-ға өсуі байқалды, ол кәсіпорын  беретін коммерциялық несиелердің  кеңейгендігін, ал осы көрсеткіштің күнмен есептелуі 2010-2012 жылдар аралығында дебиторлық қарыздың ақша-қаражаттарға айналуы шамамен 5,6-дан 2,9-ға дейін  қысқарды. Соның ішінде кредиторлық  қарыздың айналым көрсеткішін есептеу 2011 жылы кәсіпорынға берілетін коммерциялық несиенің 80%ға, 2012 жылы 8%-ға кеңейгендігін  көрсетеді, ал оның күнмен есептелуі  барысында кәсіпорын өнімінің өндірісіне, өткізілуіне және төленуіне 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы шамамен 51 күннен кем уақыт қажет етілетіні  анықталды.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар