Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси және экономикалық құрылысты қайта құру процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және жер реформасын жүргізу қажеттігін туғызды. Елбасының Жарлығымен 1991 жылы қолға алынған жер реформасы жер қатынастарын қайта құру және жерге қатысты түрлі нысандардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай туғызу, сонымен қатар, жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекшеліктеріне, жер нарығын жетілдірудегі азаматтық және жер заңдарын одан әрі дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін органдардың қызметін жетілдіру мәселелері еліміздің егемендік алғаннан кейінгі ең өзекті проблемалардың біріне айналған болатын.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелері
11
1.1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
11
1.2
Жерді пайдаланудың теориялық мәнi мен маңызы
13
1.3
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу механизмі және оны жүзеге асырудың жолдары
21
2
Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес жер нарығын құқықтық реттеу аспектілері
29
2.1
Жер нарығын құқықтық реттеудің теориялық негіздері мен басым бағыттары және жер нарығын реформалау мәселелері
29
2.2
Қазақстан Республикасындағы жер нарығын құқықтық реттеудегі меншік қатынастары мен жер нарығында жасалатын мәмілелердің маңыздылығы
35
3
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері
47
3.1
Жерге жеке меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
47
3.2
Жер учаскелерінің сервитуты
56
3.3
Жерге жеке меншік құқығының тоқтату негіздері
66

Қорытынды
75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Өтебаева жер нарығы.doc

— 557.50 Кб (Скачать файл)

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алуға негiз болып табылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының аталған жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтадан меншiкке немесе жер пайдалануға алуға құқығы бар. Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет меншiгiне түстi деп тану туралы шешiм қабылдай алады.

Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады.

Кепiлге берушiнiң өтiнiшi бойынша сот дәлелдi себептер болған кезде (дүлей апат және өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кепiлге салынған жағдайда, кепiлге салынған жер учаскесiнен (жер пайдалану құқығынан) өндiрiп алу туралы шешiмде оның сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы.

Меншiк иелерi жер пайдалану құқығын сатып алған болса, жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн олардан алып қою Жер кодекске, ал онымен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес сатып алу тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешiм қабылдаған орган жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға бұл жөнiнде учаскенi сатып алудан кемiнде бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының осындай хабарлама алған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн жер учаскесiн сатып алуға меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен ғана жол берiледi.

Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алынуға тиiстi жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы сатып алу туралы шешiм қабылданған кезден бастап, учаскенiң бағасы туралы келiсiм жасалғанға немесе учаскенi сатып алу туралы сот шешiмi қабылданғанға дейiн жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы және учаскенi оның мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығын шығаруы мүмкiн. Бұл ретте меншiк иесi немесе жер пайдаланушы аталған кезеңде жер учаскесiндегi жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) кеңейтуге немесе қайта жаңғыртуға байланысты шығындар мен залалды өздерiне алуға тәуекел етедi. Егер жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы жер учаскесiнiң бөлiгi алып қойылғаннан кейiн қалған бөлiгiн бұрынғы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкiл жер учаскесi сатып алынады.

Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алынатын жер учаскесiне төленетiн баға, сатып алудың мерзiмi мен басқа да жағдайлары меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен айқындалады. Меншiк иесi мемлекеттен сатып алған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң және мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасы (шығынды есептемегенде) мемлекетке төленген сома мөлшерiнде айқындалады.

Мемлекет төлеу мерзiмiн ұзартып сатқан жер учаскесi үшiн сома толық төленбеген кезде (шығынды есептемегенде) және оны мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алу кезiнде, жер учаскесiнiң бағасы мемлекетке төленген соманың мөлшерiнде айқындалады.

Сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасын айқындау кезiнде оған жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың, онда орналасқан жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны, сондай-ақ үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты өздерi шеккен шығындарды қоса алғанда, жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген барлық шығын қосылады.

Меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен келiсiм бойынша мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алынатын жер учаскесiнiң орнына осы жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың құнын бағаға шығарып есептей отырып, оған басқа жер учаскесi берiлуi мүмкiн. Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алынатын жер учаскесi немесе оған құқық мемлекеттен сатып алынуға тиiстi болып, бiрақ сатып алу жүргiзiлмеген жағдайларда, жер учаскесiнiң нарықтық құны бағаға қосылмайды, жер пайдаланушымен келiсiм бойынша оның орнына оған басқа жер учаскесi берiлуi мүмкiн.

Егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өздерiнен жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесi үшiн төленетiн баға немесе сатып алудың басқа да жағдайлары туралы онымен келiсiмге қол жеткiзiлмесе, сатып алу туралар шешiм қабылдаған атқарушы орган сотқа жер учаскесiн сатып алу туралы талап-арыз бере алады.

Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның бiржақты шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Мұндай шешiмге жоғары тұрған органға не сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. Шағым беру алып қою туралы шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.

Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бағдарындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорының жерлерiн алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалардың кен орнының табылуына, жол, электр тарату желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды жүргiзуге, сондай-ақ мемлекеттiк маңызы зор объектiлердi салып, оларды орналастырудың басқа да мүмкiн нұсқалары болмауына байланысты ерекше жағдайларда ғана жол берiледi.

Дүлей апаттар, соғыс жағдайындағы режим, авариялар, эпидемиялар, iндеттер жағдайында және өзге де төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға олардың шеккен шығыны өтеле отырып, олардан қоғам мүддесi үшiн уақытша алып қойылуы мүмкiн. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының шеккен шығынын өтеу бағасы сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн. Төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесi меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) қайтарылуға тиiс және дау туындаған жағдайда ол сот тәртiбiмен оның қайтарылуын талап етуге құқылы.

Жер учаскесiн меншiк иесiне қайтару мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледi. Жер учаскесiн уақытша алып қойған кезде мүлiктi, соның iшiнде жылжымайтын мүлiктi реквизициялау тәртiбi Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормалары бойынша жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе, бiр жыл iшiнде тиiстi мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесi тәртiппен меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн. Бұл кезеңге учаскенi игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi.

Егер учаскенi пайдалану Жер кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген жердi ұтымды пайдалану ережелерiн өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жерi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едәуiр нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн жер учаскесi меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн.

Меншiк иелерiнен жер учаскесiн алып қою жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы учаскенi мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.

Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана және осы мерзiм iшiнде меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн.

Егер меншiк иесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскенi нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган учаскенiң меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өтiнiшi бойынша жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе бойынша учаске орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар жіберуге мiндеттi. Бұл жағдайда учаскенiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешiлмеген кезде ғана талап-арыз берiлуi мүмкiн.

Сатудан түскен сома, учаскенi алып қою шығыстары шегерiле отырып, бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейiн ондай жер учаскесiн немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi сот тәртiбiмен санкция түрiнде өтеусiз алып қойылуы мүмкiн.

Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында көзделген тiзбеге сәйкес тәркiленбеуге тиiс.

Тәркiленген жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкке қайтарылады. Тәркiлеу объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатылуы немесе одан әрі пайдаланылуы мүмкiн. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы нарықтық құны бойынша бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында жаңа тәжірибе ие болған табиғаттың негізгі байлығы – жер туралы құқықтық қатынастар бірінші рет ғылыми түрде зерттеліп отыр. Жер құқық қатынастары дегеніміз - Қазақстан Республикасының табиғат байлығы - жерге мемлекеттік меншік құқығының негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген және пайда болатын қатынастар немесе жер құқық нормаларының іс жүзіндегі көрінісі. Олар өзінің мазмұнымен басқа құқықтық қатынастардан ерекшеленеді.

Жер учаскелерінің адамзаттық айналымда болғанымен, оның табиғи объетілерінің қасиеттері жоғалмайды. Сонымен бірге оның табиғи қасиеттері жердің азаматтық айналымда болуына тікелей әсер етеді.

Жер – заттық құқықтық объетісі болғанымен, оның құқықтық қатынастармен бірдей деуге болмайды. Жер – мүліктік қатынастардың азаматтың құқықтық қатынастарға жатпайтын өзіне тән құқықтық қатынастар жүйесі бар.

Барлық құқықтық жүйелер өзінің реттейтін құқықтық қатынастардың аясымен бір-бірінн өзгешеленеді. Бірақ құқықтық қатынастар арасындағы қойылған және қорғауға жататын шек жоқ және болуы да мімкін емес. Себебі барлық құқық қатынастар шынжыр сияқты бір – бірмен жалғасып, құрамдасып жатады. Олардың арасын тек қатынастар аясына қарай ажыратуға болмайды.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде маңызды іске айналып отырған жер мәселесі, ауыл шаруашылық жерлерінің санын азайту және сапасын арттыру біз үшін де, келер үрпақ үшінде маңызы зор. Ауыл шаруашылықтарында жерді пайдалану өте маңызды роль атқарады, ол экономиканың аграрлық секторында өндіріс құралы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан жер туралы заңдарындағы шектеулерді алып, орнына жеке меншік құқыгын енгізу туралы мәселе үлкен дау тудырып отыр.

Батыс және басқа да дамыған мемлекеттерде жерді пайдалану істеріне мемлекеттің араласып отырғанын байқауға болады, экономикалық даму жоғары елдер жер қатынастарын реттеу қатаң жолға қойылған. Көптеген мемлекеттер жерге жеке меншік қүқығынан бас тартқан.

Қазіргі кездегі шет мемлекеттердегі жерге меншік қатынастарын реттейтін зандар - ол үзаққа созылған эволюцияның нәтижесі, оның барысында қоғамның болашағы үшін жеке меншік иелерінің қүқықтары шектелген. Осылайша жерге жеке меншік құқығын беруден бас тартқан, әсіресе ауыл шаруашылықтарында.

Қазақстан үлкен жердің потенциалына ие. Ол басқа елдердің қателіктерін өзінің басынан өткізу тиіс емес. Қазақстанда жер қатынастарын мемлекеттік реттеу Жер кодекске байланысты іске асырылады. Жер заңдар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен қатар мемлекеттік емес заңды түлғаларға, шетел азаматына, азаматтығы жоқ түлғаға берілуі мүмкін. Сонымен қатар "Жекешелендіру туралы" заң бойынша, жер учаскелерін жекешелендіру объектісі ретінде, соның ішінде мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелерінің жер учаскелерін де жеке меншікке беруі мүмкін. Шетел азаматы мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемесінің мүлкін ала отырып сонымен қатар сол мекеменің ауыл шаруашылық жерін де жеке меншікке алады.

Жоғарыда айтылғандарды алып қарасақ Қазақстан Республикасы қолданып жүрген заңдарда үлкен қарама-қайшылықтардың бар екені көрініп түр. Олар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ түлғалардың пайдасына шешілмек. Біздің ойымызша бүл маңызды сұрақтар, олар жақын арада өз шешімін табуы керек.

Информация о работе Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері