Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 09:01, курсовая работа
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарга негізделген:
1) Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
2) Теңгерілімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Басқарудың біртүтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге жэне де басқа да сипаттамаларына қарай теңгерілімділігін қамтамасыз ету.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
I.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................................................5
Ақша қаражаттарының мәні және түрлері………………………………..5
1.2. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және есептеу әдістері…………………………………………………………………………14
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау…………………20
II. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ……………25
Ақша қаражаттарын басқару……………………………………………25
Ақша қаражаттарын тарту саясаты……………………………….…….27
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары………...……………………………..…33
III.АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ.………………………………………………………….……..37
3.1. Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру………………………..37
3.2.Қазiргi кездегі шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың ақшалай ағындарын тиiмдi басқаруы бойынша инновациялық шешiмдер……....…40
ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................45
Ақша ағымдарын тиімді басқару үшін келесілерді білген жөн:
Кәсіпорынның өтімді ақша қаражаттарының ағымы – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығындағы таза несие ұстанымының өзгерісін білдіреді.
1.2. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде меншікті капиталы болуы керек. Бұл үшін кәсіпорын табысты қызмет атқаруы тиіс. Осы мақсатқа жетуде ең маңыздысы ақша қаражаттарының келіп түсуі мен кетуін тиімі басқару, яғни ақша қаражаттарын мақсатты бағыттарда бөлу.
Ақша қаражаттары транзитті экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады және кәсіпорынның жеңісі көп жағдайда басшылардың қаражаттарын жинақтап оларды тиімді пайдалануында.
Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару кәсіпорын қарекетінің басты бөлігін қамтиды. Олардың қатарына айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын басқару кіреді.
Ақша ағымдарын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жеделдетуді қамтамасыз ететін қаржылық тетік болып табылады. Оған ақша ағымдарын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізілетін өндірістік және қаржылық циклдардың мерзімі азайту және кәсіпорынның шаруашылық қырекетіне қызмет ететін капиталға деген қажеттілікті төмендету әсер етеді. Ақша ағымдарын тиімді басқару арқылы капитал айналымдылығын жеделдету негізінде кәсіпорын пайда сомасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.
Ақша қаражатының ағымы үш түрлі қарекет бойынша бөлінеді:
Қалыпты қызметін жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарда ағымдық қызметіндегі ақша қаражаттарының ағымы инвестициялық және қаржылық қызметке бағытталуы мүмкін. Мысалы, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер мен зайдарды өтеуге, сонымен қатар займдарды берушілерге пайыздарды төлеу.
Негізгі қызмет бойынша ақша қаражатының түсімдері мен шығыстарының негізгі бағыттары:
Түсімдер |
Шығыстар |
|
1. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары бойынша шығыста 2. Еңбекақы төлеу 3.Әлеуметтік сақтандыруға және бюджеттен тыс қорларға аударымдар 4.Салық бойынша бюджетпен есеп айырысу 5. несие бойынша пайыздар төлеу 6. аванстар |
Негізгі қызмет пайданың басты көзі болғандықтан ол ақша қаражаттарының негізгі көзі болуы тиіс.
Негізгі қызмет – кәсіпорынның негізгі кірістерінің көзі болып табылатын қызмет және инвестициямен, қаржымен байланыссыз басқа да қызмет түрлері.
Ақша ағымы -кез-келген кәсіпорынның өмір сүруінің ең бір негізгі элементі болып табылады. Оларды басқару барлық қаржылық ресурстарды басқарудың негізгі бөлігі, яғни кәсіпорынның пайда табуының негізгі мақсаты.
Инвестициялық қызмет ұзақ
мерзімді пайдадан мүлікті
Инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстарының негізгі бағыттары:
түсімдер |
шығыстар |
|
|
Инвестициялық қызмет уақытша ақша қаражатының шығысына алып келеді.
Қаржылық қызмет кәсіпорынның меншікті капиталы мен қарыз құрылымының көлемі мен құрамын өзгертетін қызмет болып табылады /11,97б/.
Кәсіпорын қаржылық қызмет атқарған кезде акционерлерден ресурстарды алады (акция эмиссиясы), акционерлерге ресурстарды қайтарады (дивидендттерді төлеу), несие алады және несие бойынша төлемдер жүргізеді.
+
АҒЫМДЫҚ
ҚЫЗМЕТ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
Сурет 2. Ақша қаражаттарының қозғалу схемасы
Қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстарының негізгі бағыттары
түсімдер |
шығыстар |
|
|
Қаржылық қызмет негізгі және инвестициялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету және ақша қаражатын ұлғайту үшін керек.
Кәсіпорынның негізгі, инвестициялық
және қаржылық қызметтері
Мекеме, егер ол акционерлерден ресурстар алса (акция эмиссисы), акционерлерге ресурстарды қайтарса (үлеспайдаларды төлеу), несие берушілерден ссудалар алса жэне ссуда ретінде алынған сомаларды төлесе, онда ол қаржылық қызметті іске асырып жатыр деп саналады. Қаржылық қызметпен байланысты ақша қаражаты туралы ақпарат мекеме капиталы жеткізушілерінің құқықтары бар ақша қаражатының болашақ көлемін болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірбиеде ақша ағымын есептеудің екі әдісі қолданылады: тікелей және жанама.
Ұзақ мерзімді активтерді алуға
кеткен ақша қаражаттары
Ұзақ мерзімді активтерді
Сурет 3. Кәсіпорынның негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметтері арасындағы байланыс
Тікелей әдіс – экономист-бухгалтерлерге, қаржыгерлерге түсінікті ең қарапайым есеп жүргізу әдісі болып табылады. Бұл бухгалтерлік есеп регистрларымен байланысты (бас кітап, журнал-ордер) және ақша қаражаттарының түсімі мен шығуына бақылау жасау және көрсеткіштерін есептеу үшін қолайлы. «Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы» атты тоқсандық есеп берудің түрі осы тікелей әдіс негізінде құрылған. Осылайша, бүкіл кәсіпорын немесе оның жекелеген қызмет түрлері бойынша түсімдердің төлемдерден артуы ақша қаражаттарының кірісі болып табылады. Ал, төлемдердің түсімерден артуы шығын болады.
Төменде қаражаттарының қолданылуын талдау кестесі көрсетілген. Кесте ай немесе тоқсан бойынша құрылуы мүмкін.
Кесте1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы аналитикалық есептілік
Көрсеткіштер |
Базалық жыл |
Есепті жыл | |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Кезең басына арналған ақша қаражаттарының қалдығы |
= |
= |
І |
Ағымдық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы Өнімді өткізуден түскен түсім(ақшалай және ақшалай емес формада) |
+ |
+ |
2. |
Мүлікті сатудан түскен түсім |
+ |
+ |
3 |
Жеткізушілер шоттары бойынша төлемдер |
- |
- |
4. |
Еңбекақы төлемдері |
- |
- |
5. |
Бюджетке және мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға жарналар |
- |
- |
6. |
Банк ссудалары бойынша пайыздар төлеу |
- |
- |
7. |
Өзге де түсімдер мен төлемдер |
+,- |
+,- |
8. |
Ағымдық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-) |
= |
= |
ІІ |
Инвестициялық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы |
||
9 |
Негізгі құралдарды сатудан түскен түсім |
+ |
+ |
10 |
Негізгі құралдарды алу |
- |
- |
11 |
Өзге де баптар |
+,- |
+,- |
12 |
Инвестициялық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-) |
=(+,-) |
= (+,-) |
ІІІ |
Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы |
||
13 |
Банктік несие |
+ |
+ |
14 |
Бюджеттік несие |
+ |
+ |
15 |
Несиелерді жабу |
- |
- |
16 |
Бағытты қаржыландыру |
+ |
+ |
17 |
Ұзақ мерзімді қаржыландыру |
+ |
+ |
18 |
Өзге де баптар |
+,- |
+,- |
19 |
Қаржылық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-) |
=(+,-) |
=(+,-) |
20 |
Түскен ақша қаражаттары, барлығы |
= |
= |
21 |
Төленген ақша қаражаттары, барлығы |
= |
= |
22 |
БАРЛЫҒЫ, ТҮСІМ (+), ШЫҒЫН (-) ақша қаражаттары |
= |
Ол үшін бас кітапты, журнал-ордерді, аналитикалық есеп көрсеткіштерін есепке ала отырып жасайды. Берілген форма ақша қаражаттарын оперативті басқаруға мүмкіндік беретін тікелей әдіс негізінде жасақталған.
Ұзақ мерзімді қызмет нәтижесінде ақша ағымын тікелей есептеу әдісі кәсіпорынның өтімділік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал оперативті басқаруда тікелей әдісті қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуға ақша қаражаттарының жеткілікті болуына қатысты бақылау жүргізуде қолданылады. Бұл әдіс кемшілігі алынған қаржылық нәтиже мен ақша қаражаттарының абсолютті көлемінің өзгеруі арасындағы байланыстың ескерілмеуі.
Жанама әдіс аналитикалық жағынан қолайлы. Ол алынған пайда мен ақша қаражаттарының арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарын жанама әдіспен есептеу, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша нақты ақша қозғалысын көрсетпейтін таза пайда көрсеткіші бойынша жргізіледі. Сондай-ақ, жанама әдіс қызмет түрлері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын талдауға негізделген және кәсіпорынның пайдасының нақты қайдан келетінін, қайда салыну керектігін көрсетеді.
Жанама әдіспен құрылған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, есепті уақыттың басына және аяғына арналған бухгалтерлік баланстар арасындағы байланыс құралы болып табылады. Себебі, ақша қаражаттараның шоттар бойынша есебі өзгеруінің өзге баланс баптары өзгеруіндегі айырмашылығын ашады.
Пайданың ақша ағымына айналуына бірнеше түзетулер қатары енгізіледі. Шаруашылық операциялар және ақша қаражаттарының қозғалысы жасақталу уақытына ақшалай емес факторлардың және уақытша келеңсіздіктің әсерін азайтады. Ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операциялар мысалы ретінде, материалдық және материалдық емес айналымнан тыс активтерге алмастырылған акция және облигация эмиссиясы жатады, немесе бір капиталдық активтердің екіншісіне ауыстырылуы.
Шетел тәжірибесінде ақшалай емес операциялар ағымдық қызметке қатысты бартерлік келісіммен ұсынылады. Мұндай келісімдерді ақша ағымдарын жанама әдіспен есептеу кезінде түзетулер талдауы жолымен жасақталады. Мұндай түзетулер таза пайда көрсеткішінің өсуіне немесе кемуіне әсер етеді /13-185б./ .
Кәсіпорынның таза пайдасының өсуіне әсер ететін нақты түзетулер келесідей:
Информация о работе Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру